БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ ТАНЫМДЫЛЫҚ БЕЛСЕНДІЛІГІН ЭЛЕКТРОНДЫҚ ОҚУЛЫҚТАРДЫ ПАЙДАЛАНУ АРҚЫЛЫ АРТТЫРУ
Дуйсембиев М.Ж., Хуанган Н.
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университеті., Астана қ., Қазақстан
m.duisembiev @mail ru
Бүгінгі таңда мектеп пәндерін компьютер көмегімен оқыту нәтижелерін зерттеудегі ғылыми ахуальды шешу ең басты орын алады. Бұған себеп оқыту үдерісіндегі туындайтын компьютерлендірудің педагогикалық психологиялық жаңа проблемалары әлі толық шешілмегені.Білім беру жүйесін ақпаратандыру қазақстандық білім беру үшін үлкен мәселелерді ашады. Соңғы жылдары компьютерлік, коммуникациялық техника мен технологиялардың қоғам өміріндегі рөлі мен орнында түбегейлі өзгерістер болды. Ақпараттық технологияларды игеру қазіргі заманда әрбір жеке тұлға үшін оқу және жазу қабілеті сияқты сапалармен бір қатарға және әрбір адам үшін қажетті шартқа айналды. Алынған білім мен дағдылар бұдан әрі көптеген жағдайда қоғамның даму жолдарын анықтайды. Ақпаратандыру және бұқаралық коммуникацияларды ғаламдастыру кезеңінде қазіргі қоғам ақпараты нақты тұтынушының ұсыныстары мен қызығуына сай ақпарат ағынын қалыптастыруға, ақпаратқа көлем және жылдамдық жағынан шектеусіз қол жеткізуді, сондай-ақ кез келген қашықтықтағы ақпарат көзіне, оның ішінде оқу ақпаратына назар аударуды қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін әлемдік ақпараттық орта жағдайында ақпараты қоғамдық өнім ретінде белсенді пайдаланумен сипатталады. Ақпарат ағымының ұдайы молаюы мен жаңаруына байланысты, қоғамды ақпараттандыру кезеңінде оқу-тәрбие үрдісіне, оның мазмұны, әдістері, ұйымдастыру формалары мен басқару түрлеріне сапалық тұрғыдан жаңа талаптар қойылады. Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында орта білім беруді ақпараттандырудың екінші кезеңіне оқу үрдісі жүруде, ол мазмұндық тұрғыда болады және компьютерлік сауаттылықтан жеке тұлғаның ақпараттық мәдениетін қалыптастыруға көшумен сипатталады [1: 33].
Мұнда әрбір оқушының қазіргі ақпараттық техника мен технологиялар негізін меңгеріп қана қоймай, оны тиімді қолдана білуі, интернет, яғни ғаламдық ақпарат жемісін өзінің танымындық ізденістеріне пайдалана білуі көзделген. Алайда, бұл іргелі ғылыми зерттеулерді қажет ететін күрделі мәселе. Жеткіншектерге қазіргі қоғам талабына сай сапалы білім беру және оларды бәсекеге қабілетті етіп оқыту мен тәрбиелеу педагогика ғылымы саласында жаңа әдіснамалық негіздегі ғылыми зерттеулерді талап етіп отыр. Өйткені, дәстүрлі оқыту мазмұны мен әдістері мұндай нәтижеге жетуге кепілдік беретінін күнделікті іс - тәжірибе көрсетіп отыр. Мәселенің шешімі – оқу үрдісіне жаңа педагогикалық және ақпараттық технологияларды ендіруде жатыр. Педагогикалық технология оқу үрдісінің қойылған мақсатқа жетуіне кепілдік береді.Оқытудың компьютерлік технологиясы педагогикалық оқыту технологиясының құрамды бөлігі болып табылады. Компьютерлік технология белгілі бір педагогикалық технологияның оқу үрдісіне енгізілуіне қолайлы жағдай жасайды, оқушылардың оқуға деген ынтасын арттыруға, оқу үрдісін тиімді пайдалануға мүмкіндік береді. Сол себепті, қазіргі кезде танымдық белсенділікті компьютерлік технологияны пайдалану арқылы арттыру педагогика ғылымы мен практикасының жаңа болашағы мол бағыты болып табылады. Оқытуда компьютерлік технологияны қолдану өз бетімен іздену негізінде шығармашылық негіздегі іскерлікті қалыптастырады. Болашақта әр оқушыға компьютерлік технология негізінде интернет, қашықтықтан оқыту, электрондық пошта арқылы дүниежүзілік білім әлеміне еніп, онда өзінің қажетін өтейтін білімді толығымен алуға, қажетті ақпараттық мәліметтерді ғылым саласына байланысты озық тәжірибелерді, ізделіп отырған мәселенің шет елдегі жағдаймен танысуына толық мүмкіндік туады [2: 25].Бұл өскелең ұрпақты ақпараттық қоғаммен зиялы қарым-қатынасқа оқытып, тәрбиелеуге және ақпараттық мәдениетін қалыптастыруға жағдай жасайды.«Мультимедиа» термині латын тілінің «multy» (көп) және «media» (орта) сөздерінің бірігуінен құралған.Мультимедиалық жүйеге арналған оқулықтарды, ғылыми еңбектерді саралай келе мультимедиа терминіне «ақпараттық орта» деген мағына беруге болады. Ал, «ақпараттық орта» түсінігін белгілі бір ортада ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы ақпаратты ұсыну мен өңдеуге бағытталған арнайы ұйым-дастырылған процесс деп қабыл-дауымызға болады.Мультимедиа-компьютерлік графикамен, суреттермен, қозғалыстағы бейнеқаптармен, анимациямен, мәтін дермен, жоғары сапалы дыбыстармен жұмыс істеуді қаматамасыз ететін итерактивті жүйе.Ғылым мен техниканың даму қарқыны оқу-ағарту саласының оқыту үрдісіне жаңа технологиялық әдістер мен қондырғыларды кең көлемде қолдануды қажет етеді. Білім беру саласында электрондық байланыс жүйелерінде ақпарат алмасу интернет, электрондық пошта, теле-конференция, видео-конференция, телекоммуникациялық жүйелер арқылы іске асырылуда.Заман ағымына қарай күнделікті сабаққа видео, аудио қондырғылары мен теледидарды, компьютерді қодану айтарлықтай нәтижелер беруде. Кез-келген сабақта электрондық оқулықты пайдалану оқушылардың танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай, логикалық ойлау жүйесін қалыптастыруға, шығармашылықпен еңбек етуіне жағдай жасайды. Дәстүрлі оқулықтың оның электрондық нұсқасына оңай айналдыруға болады.Бұл нұсқаның жетістігі, оны компьютер жадында сақтау мүмкіндігі, оны компьютерлік желілер арқылы тарату болып табылады.Ақпараттық технологияларды пайдаланудың ғылыми-педагогикалық, әдістемелік негіздері шындалу үстінде.«Қазіргі таңда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүделі жаңа білім беру өте қажет» деп, Елбасы атап көрсеткендей жас ұрпаққа білім беру жолында ақпараттық технологияны оқу үрдісінде оңтайландыру мен тиімділігін арттырудың маңызы зор.Ақпараттық технология құралдары тек ғылыми зерттеулер мен әр түрлі әлеуметтік, экономикалық және саяси процестерді басқаруда ғана емес, білім жүйесінде де кең қолданыла бастады. Ақпараттық технологиямен компьютерлік желілерді пайдалану арқылы жүргізілетін оқытудың жаңа формаларының ауқымы кеңейіп келеді.Ақпараттық технологияның қазіргі оқыту жүйесінде кеңінен пайдалану кезеңінде білім мәселелері негізінде білікті мамандардан ақпараттық құралдар кешенінен, құжаттар, айналымынан, мәліметтер базасынан және басқа да ақпараттық қаматамасыз ету элементтерінен тұратын біртұтас жүйе қажеттілігі туындайды. Осындай жүйе құру кезінде бір жағынан, уақыт барысында тұрақты өзгеріп отыратын объект екенін, екінші жағынан мұндай жүйе білім мекемесінің барлық түрлерін сүйемелдеуді қамтамасыз ете алатынын есепке алып отыру керек [3: 22].Ақпараттық технологияны білім жүйесінде пайдаланғанда, есепке алынатын ең негізгі мәселе қоғам болуы тиіс. Жоғары білім жүйесіндегі (қазіргі кезеңдегі) оқыту үрдісіне ақпараттық технологияларды енгізу мынадай мәселелерді есепке ала отырып жүргізіледі:Қолданбалы программалар: WordPad, MS Word, MS Excel, Paint т.б. мектептерде білім беру ошақтарында пайдалану тиімді. Қазіргі қоғам сұранысына сай оқушылардың білімін, жан-жақты, шығармашылық қабілетін дамытуда тек ғана қолданбалы бағдарламаны меңгеру жеткіліксіз.Біз бүкіл елімізде әлемдік стандарттар деңгейінде сапалы білім беру қызметіне қол жеткізіп іске асыруда көп еңбектенуіміз керек. Осы міндетті басшылыққа ала отырып оқушылардың бәсекеге қабілетті жан-жақты болуын арман етеміз.Бүгінгі таңда білім беру жүйесінің барлық саласында жаңа ақпараттық технологияны жоспарлы түрде енгізіп, жүйелік интегралды өткізу немесе қамтамасыз ету қажеттілігі туындап отыр.Қазіргі замандағы ақпараттық технология әрбір оқушының білім алу үрдісінде шығармашылық қабілетін дамытуға айқын мүмкіндіктер беріп отыр. Дәл осы ақпараттық технология мен әрбір оқушының өзіндік білім алу мүмкіндігін таңдауына жол беретін анық білім беру жүйесін құруды, оқу бағдарламаларының іске асырылуына және өзгермелі бейімделінуі есебінен оқу үрдісінің біртұтастығын сақтай отырып, оны дараландыруға мүмкіндік беретін компьютердің маңызды дидактикалық қасиеті негізінде оқушылардың оқу үрдісінде танымдық қызметін тиімді ұйымдастыру арқылы жаңа білім алу технологиясын түбегейлі өзгертуді тығыз байланыстырады. Электронды оқулық қазіргі саладағы -мультимедиялық оқулық, сондықтан электронды оқулықтың құрылымы сапалы жаңа деңгейде болуы көпшіліктің барлығын ойландырады. Электрондық оқулық оқушының уақытын үнемдейді, оқу материалдарын іздеуге көп уақыт кетірмей, өтілген сабақтарды және оқушылардың естен шығып қалған материалдарын еске түсіруге зор ықпал етеді..Электрондық оқыту мәселелері бейне, аудио, мультимедиа технологиясы мен олардың әр түрлі комбинацияларын сабақ үрдісі кезінде енгізуге байланысты болып отыр.Оқушылардың танымдық қабілетін қалыптастыруда электронды оқытудың негізгі мәселелері ақпараттық-коммуникативтік технология негізінде ақпараттық білім беру ортасын құру және оны тиімді пайдалану болып қаралып отыр. Оқушылардың танымдық қабілетін қалыптастыруда электрондық оқулықтардың тиімді жағдайларын айтуымызға болады, кері байланыспен лезде қамтамасыз ете алады; гипермәтіндік түсініктемелердің көп рет қолданған кезде уақытты үнемдейді; белгілі бір бөлім бойынша білімді тексереді; қысқа мәтінмен көрсете алады, және де модельдей алады [4: 18]. Оқушылардың танымдық қабілетін қалыптастыруда электрондық оқулық пен оқытудың негізгі мақсаты деп оқыту үрдісін үздіксіз және толық деңгейін бақылай отырып, сонымен қатар ақпараттық ізденіс қабілетін дамыту болып табылады. Қазіргі уақытта білім берудің кез келген саласында электрондық оқулыктарды пайдалану окушылардың танымдық белсенділігін арттырып қана коймай ойлау жүйесін калыптастыруға шығармашылықпен еңбек етуіне жағдай жасайды.Оқушыларға сапалы білім беру аясында оқыту үрдісінде оқыту әдістерін тиімді пайдалану, білім беру жүйесінде тұтастай ақпараттандыру арқылы жаңа оқыту технологиясын енгізу, оқыту үрдісінің толыққанды дамуына мүмкіндік жасап отыр. Оқушыларға сапалы білім беру барысында оқыту үрдісінде компьютерге негізделген жеке әдістемелер оқу мақсаттары мен жағдайларына байланысты тиімді қолданулары қажет етілуде.Оқытудың тиімділігі оқытудың жеке тұлғалық стиліне, яғни, оқушыға оқу материалын тиімді сипаттайтындай қабылдау механизміне тәуелді болуды қажет етуде. Оқушыларға сапалы білім беруге байланысты оқу іс-әрекетін тиімді қамтамасыз ету бәрінен бұрын оқушылардың өзіндік іс-әрекетін, оқытушының әрбір оқушымен жеке тұлғалық оқу іс-әрекетін сүйемелдеуді және жобалар мен оқу жұмыстарын оқытушылармен бірге ұйымдастыруды жобалап іске асырады..Осылайша ақпараттық технологиялардың дамуы жаңа әдіс-тәсілдердің пайда болуына және сонымен бірге оның сапасын жоғарылатады.
Әдебиеттер
1. Жұмаділова Р. Жаңа буын оқулықтар кешені. ─ Химия мектепте; 2008 жыл, № 6, 21-30 беттер.
2. Нұрахметов Н., Сарманов К., Жексимбина К. “Химия” 8-сынып оқулығы; Мектеп баспасы, 2004 жыл.
3.Наренова С.М.,Сейлова Ш.А. Эффективность использования информационных компьютерных технологий в процессе преподавания химии в 8классе.- .//Химия мектепте ғылыми-педагогикалық журналы-2012 ж-№3
4.Наренова С.М.,Сейлова Ш.А. Химия пәнін оқытуда ақпараттық технологияны пайдалана отырып оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру.//Білім журналы –кезектен тыс шығарылымы-2012ж
Достарыңызбен бөлісу: |