Білім беру бағдарламасы инновациялық Әдістер мен интербелсенді жана педагогикалық технологияларды тиімді пайдалану қостанай,2016



Дата18.03.2017
өлшемі399,06 Kb.
#12015
түріБілім беру бағдарламасы

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

А.байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті РМК




Бекітемін

О жәнеТЖ проректоры

__________ А.Абсадыков

_______________ 2016 ж.




БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫ
ИННОВАЦИЯЛЫҚ ӘДІСТЕР МЕН ИНТЕРБЕЛСЕНДІ ЖАНА ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ

Қостанай,2016



Бағдарламаның жетекшілері:

Практикалық лингвистика кафедрасының меңгерушісі ф.ғ.к. Журсиналина Г.К.

Практикалық лингвистика кафедрасының аға оқытушысы Шаматова Б.А.

А. Байтұрсынов атындағы ҚМУ ТДО оқу-әдістемелік кеңесінде 01.10. 2016 ж. № 4 хаттамасы бойынша қарастырыған және ұсынылған.
Бағдарлама туралы мәлімет

Жаңа заман ағымына байланысты жаңа ғасыр табалдырығын басқан әлемге әйгілі тәуелсіз Қазақстанның болашағы – білім мен ғылымда. Білім мен ғылымды дамытуда сапалы серпілістер жасалып жатыр. Білім беру парадигмасы өзгерді. Білім берудің мазмұны жаңарып, жаңа көзқарас, жаңаша қарым-қатынас пайда болды. Қазіргі кезең білім берудің жаңа парадигмасын өмірде жүзеге асыру үшін оқытушының инновациялық дайындығын қажет етіп отыр. Жаңа әдіс-тәсілдерді, технологияларды, құралдарды, қолдану деген ұғымды білдіреді.

Инновациялық даярлығы қалыптасқан оқытушы педагогикалық іс-әрекетті кәсіби тұрғыдан қарап, оны әдістемелік жағынан түрлендіріп, өзінің шығармашылығын тереңдей отырып, жоғары деңгейде жүзеге асатын технологиялық операцияларды жүйелеп, инновациялық іс-әрекеттің жетістіктерін зерттеп, өзінің іс-тәжірибесінен туындаған инновациялық технологияны ғылыми тұрғыдан негіздеп, ұдайы ғылыми-ізденушілік іс-әрекеттік бағытта болады. Осы ұсынылып отырған оқу семинарының бағдарламасы әр оқытушының инновациялық даярлығының қалыптасуына көмек, кеңес ретінде үлкен үлес қосады деген сенімдеміз.



Бағдарлама мақсаты:
Жаңа ағымға сай білікті мамандар дайындау, кәсіптік оқытудың сапасын жоғары көтеру мақсатында оқытушылардың кәсіби мамандыққа негізделген білім беруін, оқытудағы педагогика саласындағы әдіс-тәсілдерді және жаңа инновациялық технологияларды меңгерту.

Әр ұстаздың алдына қойылған мақсаты сабақ сапасын арттырып, білім алушылардың сабаққа деген қызығушылығын, белсенділігін дамытып, жүйелі тәрбие беру, танымдық қабілетін дамыту арқылы ізденімпаздыққа, белсенділікке жетелей отырып, өз бетінше шығармашылық және ғылыми жұмыстарға ынталандыра білу.




Бағдарлама міндеті:

Оқытушыға өзінің жаңа рөлін сезінуге көмектеседі, тек сабақ беруші ғана емес, нағыз кәсіпқой болуға ынталандырады; оқытушының білімін толассыз жетілдіру қызметін жандандырады.

Курсты аяқтаған тыңдаушы жоба қорғайды, соның нәтижесінде тындаушыларға сертификат беріледі.
Контингент: ЖОО оқытушылары, өз кәсіби деңгейін арттыруды қалаушылар қатыса алады.

Өткізілетін уақыты: Аптасына екі рет, сағат 16.30 -18.30.
Бағдарламаны меңгерген тыңдаушы:
Білуі керек:

• белсенді оқыту формалары мен әдістерін қолдану;

• оқу пәндерінің мазмұнын өңдеу және жаңарту;

• сабақтардың барлық түрлерін өткізудің тиімділігін арттыру, әдістемесін

жетілдіру;
Үйренуі керек:

• ғылымның жаңашыл талаптарына, педагогика және психологияның талаптарына сай келетін әдістемелік оқу-материалдарын дайындау;

• оқу және тәрбие жұмыстарының бар әдістерін жетілдіріп, жаңа әдістер енгізу, оқу процесіне жаңа технологияларды енгізу;

• оқу пәндерінің оқу-әдістемелік және материалдық-техникалық қамтамасыздануын жетілдіру.


Меңгеріу керек:

• оқу үрдісінде инновациялық әдістерді тиімді қолдану.



Бағдарламаны меңгеру нәтижелерінің талаптары
Бағдарламаны меңгерген тыңдаушы:

• жаңа білім беру технологиясын;

• интеграциялық білім беру принциптерін енгізудегі инновациялық әдістерін тиімді қолдану.

Игеру:

• ғылымның жаңашыл талаптарына сай келетін әдістемелік оқу-материалдары- мен танысып, тәжірибеге енгізу;

• оқу процесіне жаңа технологияларды енгізу;

• тиімді әдіс-тәсілдерді тәжірибеде қолдану;.


Істей білу:

• педагогикалық жағдайларды талдау, педагогикалық міндеттер деңгейіне ауыс-

тыру және оларды тиімді шешу;

• ЖОО-дағы тәрбие процесін оптимизациялау мақсатында психолого-педагоги-

калық диагностика әдістерін қолдану;

• заманауи білім беру технологиялардың қолдана отырып, білім беру процесін жобалау;

• құзырлық тәсілдеме негізіндегі кәсіби міндеттерді шешудің өзіндік тәжірибесінің дамуын рефлекстеу және оған талдау жасау мен өздігінен білім алу қызметінің жоспарын құрастыру.
Білу:

• әдістемелік дидактикалық материалдарды жасау бойынша жобалау қызметінің негіздерін;

• оқыту мен тәрбиенің заманауи, білім беру технологияларын қолдану.

Бағдарламаның мазмұны


Күні

Оқу сабақтарының тақырыбы

Мазмұны


Сағат

Дәріс жүргізушінің

аты- жөні, тегі

Инновациялық әдістер мен интербелсенді жаңа технологияларды

тиімді пайдалану

Қазан

Қазіргі білім беру парадигмасының жүзеге асыруда оқытудың әдістері.

Білім беру парадигмасы және жаңа оқытудың әдістері.

2

Беркенова Г.С.

пед.ғ.к., доцент



Қазан

Білім алушылардың құзіреттілігін қалыптастырудағы оқыту

технологиялары.



Оқыту технология- лардың негізгі ой-тұжырымдары, оларға сипаттама. Технологияның пайдалану талап- тары.

2

Беркенова Г.С.

пед.ғ.к., доцент



Қазан

Әдістеменің психологиямен байланысы.

Әдістеменің психологиямен байланысы, оның ерекшелігі, көмегі.

2

Урдабаева Л.Е.

тар.ғ.к., магистр



Қараша

Интеграциялық оқу және оқытудың негіздері мен принциптері.

Интеграциялық оқыту негіздері мен принциптері.


2

Журсиналина Г.К.

ф.ғ.к., аға оқытушы



Қараша

Білім алушының коммуникативтік дағдысын интеграциялық принциптер арқылы қалыптастыру.

Шәкірттің оқу-танымдық әрекетін жандандыру, оқытушының кәсіби қызметін жаңғырту арқылы алға қойған мақсатқа толықтай қол жеткізу.

2

Журсиналина Г.К.

ф.ғ.к., аға оқытушы





Қараша

Тілді оқытудың интербелсенді әдістері

Интербелсенді әдіс- терінің жіктелуі: жоба әдісі, кластер, миды ояту әдісі т.б.

2

Нұрбекова А.Ж.

Тілдерді дамыту басқармасының оқытушысы



Қараша

Тарих сабағында студенттердің белсенділігін арттыру әдістері.

Белсенді әдіс түрлері, қолдану жолдары, нәтиже -сін анықтау түрлері.

2

Орынбаева К.Е.

аға оқытушы




Желтоқсан

Оқу орындарында қазақ тілін кәсіби мамандыққа сәйкес оқытуда жаңа технологияларды қолдану.

Кәсіби мамандыққа сәйкес оқытуда жаңа технология - ларды қолдану жолдары және тиімділігі.

2

Абильбекова Б.Т.

аға оқытушы



Желтоқсан

Особенности методики преподавания русского языка в казахских группах.

Методика препода - вания русского языка в казахских группах.

2

Нурсеитова А.К.

пед.ғ.к.


Желтоқсан

Компьютерлік технологиялар арқылы сөздік қорды молайту жолдары.

Жаңа сөздермен жұмыс және оларды игеруде компьютерлік технологияларды қолдану.

2

Сарманова Ф.Т.

Қаңтар

Мамандыққа байланысты термин дерді меңгертудің тиімді әдіс-тәсілде- рі.

Сөз мағынасын ашуда қолданыла -тын әдіс-тәсілдер


2

Нұрсейітова А.А.

аға оқытушы, ф.ғ.магистрі



Қаңтар

Текст как высшая единица обучения.

Использование текста при обучении языку и речи в профессио - нальном русском языке.

2

Нурсеитова А.К.

пед.ғ.к., университет профессоры



Қаңтар

Кәсіби тілдегі мәтінді меңгерту- дегі әдіс-тәсілдер.

Мәтінді меңгертудегі әдіс-тәсілдерді қолдану жолдары.

2

Шаматова Б.А.

аға оқытушы



Ақпан

Мәтінді оқыту барысында интербелсенді тақтаны пайдалану мүмкіндігі.

Студенттің белсенді әрекетін туғызу жолдары

2

Алтыбаева А.Б.

ф.ғ.магистрі, аға оқытушы



Ақпан

Білім алушының коммуникативтік дағдысын мәтін арқылы қалыптас- тыру.

Қарым-қатынас әдісі. Өз ортасымен қазақ тілінде қарым-қатынас жасай білу.

2

Абильбекова Б.Т.

аға оқытушы



Наурыз

Чтение профессионально-ориентированной литературы.

Обучение стратегиям чтения профессиональных текстов на ИЯ.

2

Никифорова Э.Ш.

ф.ғ.к., аға оқытушы



Наурыз

Қазақ топтарындағы орыс тілі сабақтарында студенттердің тілдік қызметін жетілдіру тәсілі.

Приемы активиза - ции речевой деятельности студентов на уроках русского языка в казахских группах.

2

Баяхметова А.А.

ф.ғ.к., аға оқытушы



Наурыз

Мәтіндерді меңгертуге арналған тест тапсырмалары.

Оқыту үрдісінде тестілеу әдісін қолдану.

2

Шаматова Б.А.

аға оқытушы



сәуір

Кәсіптік маман тілін оқытуда грамматикалық жаттығулардың тақырыптарды меңгертудегі орны.

Кәсіптік тіл мәтіндеріндегі грамматика. Оны меңгертудегі қолданылатын технологиялардың тиімді әдістері.

2

Нурсеитова А.А.

ф.ғ. магистрі, аға оқытушы



Сәуір

Сабақ барысында проблемалық жаттығуларды қолданудың әдіс-тәсілдері.

Білім алушының жан-жақты ойлану және өз бетінше мәселені шешудегі проблемалық жаттығулардың орны жайлы және оны құрастыру жолдары.

2

Абильбекова Б.Т.

аға оқытушы




Сәуір

Формирование профессиональной коммуникативной компетенции на ИЯ для неязыковых специальностей в вузе.

Обучение тому, как правильно построить процесс общения на ИЯ на профессиональные темы.

2

Никифорова Э.Ш.

ф.ғ.к., аға оқытушы



Мамыр

Ақпараттық техно- логиялар негізінде студенттердің өзіндік жұмыстар- ын ұйымдастыру.

Студенттердің өздік жұмыстарын ұйымдастыруда ақпараттық техно- логия әдістерін қолдану.

2

Сарманова Ф.Т.

аға оқытушы, университет доценті



Мамыр

Интерактивный режим организации самостоятельной работы по русскому языку студентов неязыковых факуль тетов университета.

Организации самостоятельной работы по русскому языку студентов неязыковых факультетов

2

Нурсеитова А.К.

пед.ғ.к., университет профессоры



Мамыр

Электронды интербелсенді тапсырмалар жасау.

Тыңдаушылармен электронды интер - белсенді тапсырма лар жасау қолдану.

2

Сатмагамбетова Ж.,

аға оқытушы



Барлығы:__48'>Барлығы:

48




Тыңдаушылардың өздік жұмысының мазмұны.

Қаңтар

Дәрісті дайындау мен жүргізу әдістері.

Дәріс курсының үлгісі негізінде.

ЖОО дәріс курстарына қойыла тын талаптар. Дәріс оқытуда қолданыла тын инновациялық әдістер.

4

Оқу семинарынң тыңдаушылары

Ақпан

Семинар сабақтарын дайындау мен жүргізу әдістері.

Семинар сабағының үлгісі негізінде.

Семинар сабағына қойлатын талап-тар. Интербелсенді және әр түрлі әдіс- тер арқылы семи -нар сабақтарын жүргізу жолдары.

5

Оқу семинарынң тыңдаушылары

Наурыз

Тәжірибе сабақтар ын дайындау мен жүргізу әдістері

Тәжірибе сабағы- ның үлгісі негізінде.

Тәжірибе абағына қойлатын талап-тар. Сабақта қолданылатын белсенді және жаңа технология әдістері, тәсілдері.

5

Оқу семинарынң тыңдаушылары

Сәуір

Зертханалық сабақтарды дайындау мен жүргізу әдістері.

Зертханалық сабағының үлгісі негізінде.

Зертханалық сабақтардың түрлері, сабаққа қойлатын талаптар және жаңа оқыту технологиялары

ның түрлі әдістерін

тиімді пайдалану.


5

Оқу семинарынң тыңдаушылары

Мамыр

Студенттердің өздік жұмыстарын ұйымдастыру әдісі.

Тәжірибе алмасу.

СӨЖ-ның басқа оқу түрлерінен ерекшелігі. Оның ұйымдастырушы-

лық және әдістеме-

лік тәсілдері, әдістері.


5

Оқу семинарынң тыңдаушылары

Барлығы:

24




Жалпы сағат саны:

72






Тыңдаушылырдың қорғайтын жобаларына қойылатын талаптар:
Тыңдаушы жоба жасап, қорғауға міндетті.Тыңдаушылар жеке және бірігіп жоба жасай алады. Ғылыми алаяқтық (плагиат, бөтен адамдың зерттеулерін пайдалану немесе тұсаукесер рәсімінде пайдалану т.с.с.), Конкурстың кез келген кезеңінде басқа қатысушыларға лайықсыз мінез көрсетуге тиым салынады.
1. Зерттеу жұмыстарды рәсімдеуге қойылатын талаптары:

1.1 жұмыс мәтіні компьютерде басылып, презентация түрінде қорғау барысында төменгідей рәсімделуі қажет:

титулдық бет;

•-мазмұны;

• абстракт (андатпа) қазақ немесе орыс тілінде (жоба жазылған тілде);

• кіріспе;

• зерттеу бөлімі (негізгі бөлім);

• қорытынды;

• пайдаланған әдебиеттің тізімі;



1.2 титулдық бетінде болу қажет:

• жоба әзірленген мекеменің толық атауы;

• автордың (бірлескен автор) аты-жөні, лауазымы;

• жұмыстың атауы;

• жұмыстың бағыты;

• қала, жылы;



1.3 абстракт (андатпа) ( 250 сөзден астам емес)

• жобаның қысқаша мазмұны:

зерттеудің мақсаты;

• тәжірибенің әдістемесі;

• зерттеудің жаңашылдығы және дербестік деңгейі;

• жұмыс нәтижесі мен қорытындысын;

• нәтиженің практикалық пайдалану саласын анықтап көрсету қажет.

1.4 кіріспеде (2 беттен артық емес) төмендегі мәселелер қамтылу керек:

• ерттеу тақырыбының көкейкестігі,

• жұмыстың мақсаты (міндеті);

• қойылған міндеттін шешу әдістері;



1.5 жоба (негізгі) бөлігі дербес тараудан (параграф) тұруы мүмкін және онда қамтылатын:

• таңдалған тақырыптан белгілі нәтижелер қорытындыларына шолу, осы жобаның қажеттілігі мен мақсатын (міндетін) дәлелдеу үшін;

• қойылған міндетті шешетін әдістемелерді баяндау;

• жұмыс нәтижелері және оларға сипаттама;


• суреттеме материалдары (сызбалар, графиктер, фотографиялар, суреттер)
болуы қажет;

1.6 пайдаланған әдебиетке сілтемелерді квадрат жақша ішіне жазу. Сілтемелердің нөмірі текстте кездескен ретімен орналасуы қажет;

1.7 қорытындыда (1 беттен артық болмауы керек) жұмыстың негізгі нәтижесі, осыған байланысты жасалған тұжырымдар және оны ғылым мен іс жүзінде пайдалануы;

1.8 пайдаланған әдебиет жұмыстың аяғында жалпы тізіммен төмендегі ретпен беріледі:

• автордың аты- жөні,тегі;

• мақаламен журнал атауы ( журналдағы мақалалар үшін);

• журнал мен кітаптың атауы;

• баспаның мекен-жайы мен басылымы;

• басылып шыққан жылы, нөмірі, беті.



 
Каталог: images -> LIOT
images -> БАҒдарламасы қазақ филологиясы кафедрасы Орал-2014
images -> АҚПараттық хат қҰрметті әріптестер!
images -> Абай Құнанбайұлы (1845—1904)
images -> Автобиография кандидата в депутаты районного маслихата по избирательному округу №5
images -> «Қазақстан тарихы» пәнінен «6М020300-тарих» мамандығына арналған жазбаша емтихан сұрақтары 1 блок
images -> Мазмұны Қазақстандағы жоғары білім, Ғылым және МӘдениет
images -> Үлгілік оқу жоспары
images -> Сембі Жансая Хасанқызы Қазақ тілі мен әдебиеті
LIOT -> Білім беру бағдарламасы кәсіби қазақ тілі қостанай, 2016


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет