Білім беру бағдарламасы (мамандану) «5В020500 Филология Қазақ тілі»



бет1/3
Дата23.07.2022
өлшемі68,85 Kb.
#147701
түріБілім беру бағдарламасы
  1   2   3
Байланысты:
Жеке жұмыс жоспары К.Елдана
9 а сынып новый



ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ


ФИЛОЛОГИЯ ЖӘНЕ ӘЛЕМ ТІЛДЕРІ ФАКУЛЬТЕТІ







«Келісілді»
Қазақ тіл білімі
кафедрасының меңгерушісі,ф.ғ. д, профессор



«Бекітілді»
Филология факультетінің
деканы, ф.ғ.д,
профессор

Салқынбай А.Б.___________



Джолдасбекова Б.У.__________

«_______» ___________2022 ж.

«_______» ________ 2022 ж.

СТУДЕНТТІҢ ЖЕКЕ ОҚУ ЖОСПАРЫ


(Өндірістік тәжірибеден өту: Қазақстан Республикасы, Алматы қ.,
24.01.2022-02.04.2022 аралығында)

Студенттің аты-жөні: Кәдірхан Елдана Жомартқызы





Білім беру бағдарламасы (мамандану)

«5В020500 – Филология Қазақ тілі»

Кафедрасы

Қазақ тіл білімі

Білім алу кезеңі

2018-2022 жж.

Тәжірибе жетекші

ф.ғ.к, доцент Жусанбаева С. Б.

Өндірістік тәжірибе жетекшісі

ф.ғ.д, профессор Фазылжан А. М.



Алматы


2022
СТУДЕНТТІҢ ЖЕКЕ ОҚУ ЖОСПАРЫ


Өндірістік тәжірибеден өту: Қазақстан Республикасы, Алматы қ., 24.01.2022-02.04.2022 аралығында





Жұмыстың түрі

Орындалу уақыты

1

Бүгін өндірістік практиканың алғашқы күні. Елімізде болып жатқан жағдайларға байланысты тәжірибемізді офлайн форматында тек аптаның екі - үш күнінде баратындығымыз ескертілді. Практиканы А.Байтұрсынов атындағы тіл білімі институтында өтеміз. Зум арқылы байлынысқа шығып, алдағы практикалық жоспарлармен таныстық. Жетекшілеріміз тағайындалды.



24.01.2022 ж.

2

Практика барысында тіл білімі институтын тарапынан маған жауапты жетекші Фазылжан Анар апай тағайындалды. Жетекшімізбен жоспарымызды талқылай отырып, алдағы міндеттермен танысып, жұмысымызды бастадық.



25.01.2022 ж.

3

Бізге белгілі бір тапсырма ұсынылмастан бұрын, Анар апайымызбен қазақ тілімізге қатысты мәселелер, ой толғамдар, мақала және видеоматериалдармен танысып, өз пікірімізбен бөлістік. Пікір - талас өте тартысты әрі қызықты болды.



26.012022 ж.

4

Бүгін біз сырттай қарағанда байқалмайтын, алайда, қазақ халқының, тілінің, дінінің тағдырына қатысты бірталай ақпараттарды білдік. Мәселен латын әліпбиіне ауысу жөнін алсам, қазір алфавитті алмастырсақ, ештеңеден ұтылмаймыз, бірақ, болашақта ұтылатын дүниелеріміз баршылық екен. Үйге кішігірім тапсырма ретінде өзіміздің пікірімізді нақтылай қағаз бетіне түсіру бұйырылды.



27.01.2022 ж.

5

Кешегі көтерілген мәселе бойынша бүгін өз ойымызбен бөлісе отырып, жалпы біздің маман иелерінің, тіл жанашырларының бойында табылуы керек негізгі қасиет - патриот жайын сөз еттік. Қазақ тілінің том - томдық түсіндірме сөздіктерін қарай отырып еліңе тәнті боласың. Осыдан бөлек тағы бір мән беруіміз керек жайт: мектептегі оқушы мәселесі. Мұғалімі ретінде тек оқушыға ғана емес, ата анамен де тілдесіп, сөйлесу, бала жайын, күйін түсіну, оқушының өзіндік қасиетін даралауға олардың да қандай да бір үлесі қосылуы керек екенін жеткізу.



28.01.2022 ж.

6



Бізге жетекшіміз Анар апайдың үйретуі бойынша кеше қандай тақырыпта мәселе қозғалды, сол бойынша өзіміздің кішігірім пікірімізді жазып ала келуіміз қажет. Сол дәстүр бойынша менің ата – ана мен мұғалім және оқушы арасындағы қарым – қатынас үшін арнайы шаралар жасалуы қажет. Мәселен, орыс тілінде сөйлейтін отбасы балаларын қазақ тілді сыныпқа береді. Оның алдын алу үшін мектепте қандай да бір шара ұйымдастырылса екен деймін.



31.01.2022 ж.



7

«Бүгінгі күні еліміздің солтүстігі мен шығысында қазақ тілінде сөйлейтін қауымдастықтың саны азайып барады. Қазақ тілінің жанашырлары ретінде біздің бұл мәселеге ұсынарымыз не? Оның бастауы қайда жатыр?» деген Анар апайымыздың сауалына бүгін жауапты өз бетімізше қарап көрдік.



01.02.2022ж.

8

Кешегі мәселелерді қозғап, сөз етіп қою бір бөлек, ал оны болдырмау, түзету, алдын алу жолы бір бөлек. Оның бастауы әр бір адамның өзінде жатыр деп ойлаймын. Әр Қазақстандық тілімізді ұлттық қазақ тілі деп емес, Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі деп қарап, сыйлап - құрметтеуінде, сақтауында жатыр деген пікірді қолдайтын едім.



02.02.2022ж.

9

Бүгінгі талқылайтын тақырыбымыз халық мен билік арасындағы тіл қандай тіл? Қазір шүкір, есеп беру қазақ тілінде өткізілуі жөнінде бұйрықтар орындалуда. Алайда сөз қазақ тілінікі болса да, толығымен сөйлем құдды біздікіндей емес секілді түсініксіз. Біздің пайымдаумызша билік өзі әлі қабылдамаған, түсінбеген тілде сөйлесіп отыр. Өзі түсінбеген дүниені халық қалай түсінер екен? Бұл жерде біздің айтпағымыз, тіл мамандарының тарапынан қандай да бір ұсыныс тағайындап, жеткізу. Және ол шара жедел емес, ұзақ мерзімді жоспар болса екен.



03.02.2022ж.

10

Коммуникацияның негізгі құралы - тіл. Бұны бәріміз білеміз, алайда саналы түрде қабылдай алмай жатқанқанымыз байқалады. Мысалы Ф.Анар апайымыздың айтуы бойынша дәрігерге қаралуға ауылдан қарт ақсақалымыз келеді. Емін сұрап, не істеу керек екенін сұрағанында, дәрігеріміз тек ғылыми термендермен, тіркестермен түсіндіріп, өз ойын ашық жеткізе алмай қалатын жайттар орын алып жатады. Мұнда кінәләні табу емес, осы мәселенің алдын алу шарасы жайында әңгімелесу.



04.02.2022ж.

11

Кешегі тақырып бойынша мемлекеттік тілдің кәсіби біліктілігі жайындағы менің ойым: әрине, ғылыми терминді қарапайым түсінікті сөзбен алмастыра ойды жеткізу дейтін едім. Және одан бөлек әр түрлі ғылым салаларына, болашақ маман иелерінің оқыту жүйесіне кәсіби біліктілігінің бір компоненті ретінде «мемлекеттік тіл» деген үйірмесі деген секілді соған ұқсас қандай да бір шара ұсыну. Яғни бұл шара болашақта кәсібіңді мемлекеттік тілде дұрыс қолдана алуға баулуға тиіс.



05.02.2022ж.

12

Бүгінгі қозғалатын кішігірім пікір – талас әңгімеміз - жасөспірімдер жайы болмақ. Мектепке дейінгі балаларға арналған кітап, мультфильм немесе тағы басқа телеарналар жұмыс жасап жатқанын білеміз. Бірақ мектеп кезінде санасы әлі қалыптасу барысындағы жасөспірімдерге ғылыми бағытта не ұсына аламыз? Ғылыми сананы қалыптастыру үшін теледидарларда ұсынылып жүрген бағдарламалар неге балаларға қызық емес?



06.02.2022ж.

13

Жоғарыда қойылған сауалдарға жауапта әр қайсысымыз әртүрлі пікірде болдық. Біреу қолдар, біреу қарсы болар, менің ойым - берілмеу дер едім. Бүгінде жоқ емес, осы саланы дамыту үшін тер төгіп жүрген мамандар бар. Оның жұмысын біз байқауымыз үшін бар мүмкіндікті пайдалану, кез келген идеяны сынап көру. Себебі, қазіргі уақытта қарапайым әрі тез, оңай, жылдам, ыңғайлы форматты ұсыныстар алға шығуда. Ал бұл нәтижеге жету үшін үлкен тәжірибе керек. Ал тәжірибе сол жүрген жол мен қателіктерден алынбақ.



07.02.2022ж.

14

Практикамыздың алдағы аптасына қойылған жоспар бойынша ендігі аптада қазақ тілінің сөздігімен жұмыс жасау. Мұндағы кеткен қателіктерді түзеп, бір жүйеге біріктіру.



08.02.2022ж.

15

Сөздікпен жұмыс жасау өзінше бір қызық. Өмірге келгелі қазақпын, тек қазақ тілінде сөйлесемін, қазақ тілінде оқимын, ойлаймын десек та біз білмейтін қаншама сөз анықтамасы бар. Тіл байлығың дамып, сөздік қорың кеңейеді. Одан бөлек осыншама сөз қамтылған тілің үшін мақтанып, ішіңде патриоттық отың ойнай түседі.



09.02.2022ж.

16

Бүгіндікке мен үшін жаңалық болған мәлімет «қаһуа» сөзі болды. Шыны керек таң қалдым. Мен естімеген сөздердің ішіндегі ең ерекшесі осы сөз болды. «Кофе» сөзінің қазақша баламасы. «Қаһуахана» дегені де бар, яғни «кофехана». Менде тіпті кофе сөзінің қазақша атауы бар ма? деген ойда туындамаған екен. Бүгіннен бастап өз сөздік қолданысыма енгізіп, білмегендерге түсіндіре жүремін.



10.02.2022ж.

17

Тілдімізге басқа шет ел тілдерінің жапсармаласып қолданылуы мүлдем қате деп ойлаушы едім. Бүгінгі сабақтан кейін ол ойымды өзгерттім. Өйткені тіл өздігімен басқа тілмен араласпай жатса дами алмайды. Ол басқа тілдегі сөздерді көріп, салыстырып, алмастырып, араластырып, әр түрлі сынақтар арқылы жаһандану, даму жолына түседі. Дәл адам санасының даму жолы секілді.



11.02.2022ж.

18

Бүгін практикадан сөздікпен жұмысты аяқтап, келесі қызықты тапсырмаларымызды да алдық. Бізге берілген тапсырма бүгінгі ұлттық тіліміздің хал ахуалы қандай, болашақта қазақ тілінің қолдану аясы қалай болмақ? деген секілді сауалдарға өз бетімізше жауап іздеп, практиттар арасында кішігірім пікірталас алаңына дайындалу керектігі айтылды.



14.02.2022ж.

19

Үйге берілген сауалдарға жауабымызды бүкін ортақ талқыға салып, өз білген ақпараттарымызбен бөлісіп қайттық. Қазақ тіліміз 6000-нан астам тілдер ішіндегі актив қолданылатын 100- діктің ішіне 2021 – жылға санақ бойынша 89 – шы орында тұр екен. Бұл дегеніміз қысқа емес ұзақ мерзімді тенденция. Яғни біздің ұлттық тіліміздің ішкі әлеуеті мықты. Болашақтағы қолданысы кеңеймесе, тарылмайды.



15.02.2022ж.

20

Сленг туралы ойымыз қалай? Бұл пікірге келгенде екі түрлі ой дамыды. Бірі келіссе, бірі қарсы. Иә таяқтың екі ұшы бар демекші, зияны мен қатар өзімізге аларымыз да бар. Мәселен, сленг тілде болған, бол береді де. Ол тілдің қаншалылықты өзге тілдермен жарыса қолданылатындығынан, қаншалықты деңгейде дамығандығынан хабар береді.



16.02.2022ж.

21

Кезекті тапсырма өте қызықты, әре салмақты ізденісті қажет ететтін тәжірибе болды. Өйткені қазақ тілімізге енген жаңа сөздер легі сырттай байқалмағаны мен мемлекетімізде болып жатқан өзгерістер мен қоғам өмірі ағысына қарай әртүрлі сөздерді кезіктірдік.



17.02.2022ж.

22

Жаңа сөздердің кейбірі таныс, бұрыннан қолданысты бар болса да сөздікке енді енетінін байқадық. Немесе керісінше мүлдем таңсық сөздерді біліп, анықтамасын қызыға оқып, жарыса ізденістік.



18.02.2022ж.

23

Жалпы бүгін осы соңғы тапсырмадан түсінгенім бойынша жаңа сөздер шет тілден алынып қана қоймады. Бұл сөздер халықтың көз алдына елестейтін қысқаша картиналары, үзік үзік кескіндері.



21.02.2022ж.

24

Қазақ тілінің сөйлермен саны көбейген сайын тіл заңдылығына байланысты сан бар жерде сапа болады. Ауыз толтырып айтарлықтай адам көп болмаса да 6000 тілдің ішіндегі 250 ден астамы ғана белгілі бір мемлекеттік тіл мәртебесі бар. Осы тілдердің ішіне қазақ тілі де бар. Бұл дегеніміз үлкен мәртебе деп ойлаймын.



22.02.2022ж.

25

Әлемдегі тілдердің 70 пайызы сырқан тілдерге жатады. Сырқат тілдер дегеніміз сыртқы тілдерді игеріп алудың механизмдерін жойып алған тілдерге жатады. Яғни белгілі бір тілдегі сөздерге жалғанатын жұрнақ жалғаулар өзге тілден алынады. Ал біздің ұлттық тілімізді мен бұл тұрғыдан салауатты тіл дер едім.



23.02.2022ж.

26

«Қазақ тілінде орыс тілдерінен енетін сөздерді өзгертпей алу үрдісі шамамен 70 жылдай дәурен құрды. Бірақ бұл 70 жыл қазақ тілінің жалпы даму мерзімімен салыстыра қарасақ, бұл өте қысқа уақыт» дейді Анар Фазылжан Мұратқызы. Қазақ тілі тамыры өте терең тңл. Қазақтың лексикалық қорында түркілік сөздік қор ең үлкен пайызды құрайды. Ос тақырып төңірегінде бізге тапсырма берілді.



24.02.2022ж.

27

Ежелде үндіеуропа бір тілден тараған қауымдастықтың тілінің грамматикасы транскрит деп аталады. Осы транскриттің өзінде біздің қазақ тіліміздегі сөздер табылған бұл дегеніміз тіліміздің тарихы қазақ хандығы құрылған заманнан басталған жоқ, оның тарихы тереңде деп кешегі күнгі дәріске талдау жасадым.



25.02.2022ж.

28

Өндірістік тәжәрибеде жетекшімсіз Анар апай «1941 – жылы ғалым Е.Маловтың мақаласы шығады. Мұнда ғалым қазақ тілін моналитті тіл деп көрсетеді. Моналитті тіл деп оңтүстігі мен шығысы, батысы мен солтүстігі бірін бірі еркін түсінетін, әдеби нормасы жалпыхалықтық тіл негізінде дамыған, біртұтас тіл. Және қазақ тілін жас тіл деп көрсетеді.» дей келе осы пікірлер бойынша шағын ойтолғамымызды жеткізуді тапсырды.



28.02.2022ж.

29

Бүгін өткен дәріс бойынша пікірталас алаңын ұйымдастырдық. Қазақ тілінде жас процестер өте көп. Қазақ тілінде жаңа қалыптасып келе жатқан үрдістер өте көп деген біржақты ойға келдік. Тапсырма өз ойымызды күнделікке толтыру.



01.03.2022ж.

30

Меніңше қазақ тілінің тек осал тұсын айта беріп, оның бітер соңын күтпей, керісінше тереңірек зерттеп, еңсесін көтерсек екен, әлемге паш етуді мақсат етіп, сөйленім сапасыын сақтап қалсақ екен.



02.03.2022ж.

31

Бүгін осы күнге дейін жасаған ғылыми жұмыстарымыз жайлы сөз қозғап, жан жақты талдау жасадық. Және жұмысымыз жайлы әр студенттен бір екі пікір алып, қате кем кетік тұстарын ортаға салдық. Бұл дегеніміз дипломдық жұмысымызды қорғауға даайындықтың бастамасы деп ұқтым.



03.03.2022ж.

32

Кешегі өз шығармашылық жұмыс немесе ғылыми мәтіндерімізге талду жасап, сыни пікірлер алу арқылы біз өзімізді сынаққа, пікірге машықталдық деп ойлаймын. Қатемен жұмыс жасау арқылы дипломдық жұмысымыздың кенм кетігін анықтадық.



04.03.2022ж.

33

Менің дипломдық жұмысым фонетикаға, сингармологияға қатысты болғандықтан, мен бүгін фонетика бөлімінде біраз практикалық жұмыс артқардым.



05.03.2022ж.

34

Бүгін де кешегі тапсырма бойынша әр студент өз дипломдық жұмысына байланысты тіл білімі институтындағы бөлімдерге, салаларға барып, білімін жетілдіру, қажетті мәлімет немесе ақпарат бойынша материал сұрап тапсырма алу бұйырылды,



06.03.2022ж.

35

Өндірістік тапсырманың бүгінгі күні бізге кітапхана есігі ашылды. Дипломдық жұмысымызға қатысты әдебиеттермен танысып, керек тұсын алып, мәлімет жинадық. Және үйге берілген тапсырма күнділікке қазақ тілі жөнінде аталған тақырып бойынша өз ойтолғамымызды жазып келу.



07.03.2022ж.

36

Жалпы біз осы жылғы тәжірибемізді тіл білімі институтында өткізгеніміз бізге тек жақсы жағынан болды деп сенімді айта алар едім. Сеебебі мүнда әр студент өз ғылыми жұмысына байланысты кітапханадан ақпараттар жинай алады. Немесе бөлім бойынша салаларға барып көзбе көз практиканы көреді.



08.03.2022ж.

37

Өндірістік тәжірибені тіл білімі институтында өткізгеніміздің оң жағынан болғанына тағы бір мысал – ізденіс. Студент ғылыми жұмысына бөлек өз бетінше қызықтырған тақырыбы бойынша жұмыстар қарастырып, білімін жетілдіре алады.



09.03.2022ж.

38

Қазір балабақшаларда тілі дұрыс шықпаған балаларды логопетке апарсақ, логопеттердің көпшілігі орыс тілі негізінде оқыған. Яғни қазақ тілді логопет тапшы. Біздің бүгінгі талданатын тақырып осы жайт төңірегінде болмақ.



10.03.2022ж.

39

Осы күнге дейін әртүрлі қазақ тілінің мәселелерін талдап жүріп, тартысты пікірталастар көрдік. Бірақ мен үшін ең қызықты тақырыптардың бірі осы мәселе болды. Расында, мәселе көп, тілдің мәселесі ғана емес бұл жайт, бұл үлкен мемлекет құрушының ортақ мәселесі.



11.03.2022ж.

40

«Дүниенің тілдік бейнесі деген нәрсе бәрәмәзге мәлім болар. Дүниенің бейнесін тіл арқылы сыртқа шығаруды дүниенің тілдік бейнесі дейміз» дейді Анар Фазылжан Мұратқызы. Осы дәріс бойынша үйге мысал қарастыру тапсырмасы берілді.



12.03.2022ж.

41

Қазақ тілінде сөздер қалай жазылса, солай оқыла бермейді. Көп ретте оларды қалыптасқан орфоэпиялық жүйеге келтіріп сөйлеуді талап етеді. «Қазақ тілінің орфоэпиялық сөздігінен» қ,х дыбыстары сөз ішінде кездесетін сөздерді жинақтадым.Мысалы,рақмет,сұхбат.



13.03.2022ж.

42

«Қазақ тілінің орфоэпиялық сөздігінен» қ,х дыбыстары сөз ішінде кездесетін сөздерді жинақтадым.Мысалы,рахат,жалқау.



14.03.2022ж.

43

«Қазақ тілінің орфоэпиялық сөздігінен» сөз ішінде нг,нғ тіркескен сөздерді жинақтадым.Мысалы,жауынгер,жыңғыл.



15.03.2022ж.

44

Мезгіл,себеп қимыл-сын бағыныңқылы сабақтас сөйлемдердің екі компоненті екі синтагма құрап,алдыңғысының интонациясы аяқталмағандықты білдіріп,соңына қарай жоғарғы деңгейде көтеріңкі әуенмен сипатталып,соңғысы төмендеп аяқталғандықты білдіретін интонациямен бітетіні мысалдар арқылы меңгердім.



16.03.2022ж.

45

Мақсат,шартты,қарсылықты бағыныңқылы сабақтас сөйлемдердің екі компоненті екі синтагма құрап,алдыңғысының интонациясы аяқталмағандықты білдіріп,соңына қарай жоғарғы деңгейде көтеріңкі әуенмен сипатталып,соңғысы төмендеп аяқталғандықты білдіретін интонациямен бітетіні мысалдар арқылы меңгердім.



17.03.2022ж.

46

Салыстырмалы бағыныңқылы сабақтас сөйлемдердің екі компоненті екі синтагма құрап,алдыңғысының интонациясы аяқталмағандықты білдіріп,соңына қарай жоғарғы деңгейде көтеріңкі әуенмен сипатталып,соңғысы төмендеп аяқталғандықты білдіретін интонациямен бітетіні мысалдар арқылы меңгердім.



18.03.2022ж.

47

Ахмет Байтұрсынов атындағы Тіл білім институтының ғылыми қызметкері Айсауле Аманбаеваның «Интонациялық бірліктердің прагмалингвистикалық сипаты» атты эксперименттік-фонетикалық зерттеу еңбегімен жұмыс жасадым. Аталған зерттеу еңбегіндегі фонема туралы түсінік,фонеманың айырым белгілері,әлді және әлсіз позициясын қарастырдым.



21.03.2022ж.

48

«Интонациялық бірліктердің прагмалингвистикалық сипаты» атты эксперименттік-фонетикалық зерттеу еңбегімен жұмыс жасадым. Аталған зерттеу еңбегіндегі поэтикалық мәтіннің интонациялық ерекшеліктерімен таныстым.



22.03.2022ж.

49

Кіші формалы тақпақтардың интонациялық ерекшеліктері және көлемді формалы өлеңдердің,толғаулардың,жырлардың интонациялық ерекшеліктері қызықтырды.



23.03.2022ж.

50

Көптеген сөздердің жазылуы мен айтылуындағы айырмашылықтарды меңгеру үшін екі сөз жігіндегі,сөз ішіндегі дыбыстардың орфоэпиялық белгіленімін кестеге түсірдім.

24.03.2022ж.

51

Жіңішке буын + я,жуан юуын + ю,жіңішке буын+ю,И+ю,Й+ю,Р+жуан,Р+жіңішке тіркестерінің жазылуын,айтылуын,фонетикалық алгоритмдерді кестеге түсірдім.

25.03.2022ж.

52

Филология ғылымдарының докторы,профессор Әлімхан Жүнісбек жазған "Қазақ грамматикасындағы" Фонетика бөліміндегі төл сызбалар мен кестелерге тоқталдық.

28.03.2022ж.

53

"Қазақ грамматикасы" қазіргі қазақ әдеби тілінің грамматикалық және дыбыстық құрылысы сипатталған еңбекті талқыладық.Ғылыми еңбектің Фонетика, Фонлогия, Интонология бөлімдеріне жіті тоқталдым.

29.03.2022ж.

54

Интонацияның бірліктері мен компонеттері,функциялары мен синтаксиске қатысы қарастырдық.Зейнеп Мүслімқызы Базарбаеваның «Қазақ тілі: интонология, фонология» еңбегін басты назарға алдым.

30.03.2022ж.

55

Сөз бен сөз аралығындағы,түбір ішіндегі,сөз бен қосымша аралығындағы қайталама дыбыстарды қарастырдым,сызбаға түсіріп,кестеге салдым.

31.03.2022ж.

56

Өндірістік тәжірибенің соңғы күні студенттің оқу жоспары және есебі бойынша құжаттарымызды түгендеп, тапсырмаларымызды аяқтап, тіл білімі институты атынан мінездеме алдық. Тәжірибе барысында жақында қорғайтын дипломдық жұмысымызға байланысты кітапханадан әртүрлі құнды материалдармен таныстық. Практика барысы тек ғылыми жұмыс үшін ақпар алу орталығы емес, жалпы қызығы мен шышығы мол студенттік шақ болды.



01.04.2022ж.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет