Білім беру бағдарламасы МҰҒалімге арналған нұСҚаулық Баспаға «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дббұ



Pdf көрінісі
бет1/8
Дата01.11.2019
өлшемі0,99 Mb.
#50969
түріБілім беру бағдарламасы
  1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
2 Бастауыш Муғалімге арналған нускаулық (1)
2 Бастауыш Муғалімге арналған нускаулық (1), 2 Бастауыш Муғалімге арналған нускаулық (1), 8888, антип ұлжан, Логистика. Транспорт и склад в цепи поставок товаров (Курганов В.М.) (z-lib.org), СРМП 15неделя, тестъ, филосоия, Уродливая любовь, doc16095991 472547029-1

Бастауыш сынып пәндері бойынша педагог кадрлардың 

біліктілігін арттыру курсының 

білім беру бағдарламасы 

МҰҒАЛІМГЕ АРНАЛҒАН 

НҰСҚАУЛЫҚ 

Баспаға «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ 

Педагогикалық шеберлік орталығының  

Әдістемелік кеңесі ұсынған 

© «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ 

Педагогикалық шеберлік орталығы, 201

Барлық  құқықтар  қорғалған.  Осы  басылымды  кез  келген  түрінде  және  кез  келген 



құралдармен, фотокөшірмені және кез келген электронды нұсқаны қоса алғанда, авторлық 

құқық иесінің жазбаша рұқсатынсыз толық немесе ішінара басып шығаруға немесе таратуға 

тыйым салынады. 




МАЗМҰНЫ 

КІРІСПЕ 


ҚАЗАҚСТАНДА БІЛІМ БЕРУ МАЗМҰНЫН ЖАҢАРТУДЫҢ АЛҒЫШАРТТАРЫ 

ЖАҢАРТЫЛҒАН ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ БАСЫМДЫҚТАРЫ 



БАСТАУЫШ СЫНЫП ПӘНДЕРІ БОЙЫНША ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ 

ҚҰРЫЛЫМЫ 

БАСТАУЫШ СЫНЫП ПӘНДЕРІН ОҚЫТУДА ҚОЛДАНЫЛАТЫН ПЕДАГОГИКАЛЫҚ 



ТӘСІЛДЕР 

19 


ОҚУ ҮДЕРІСІН ҰЙЫМДАСТЫРУ 

33 


КРИТЕРИАЛДЫ БАҒАЛАУ  

36 


ОҚУЛЫҚПЕН ЖӘНЕ ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІМЕН ЖҰМЫС 

40 


ЖҮЙЕЛІ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНМЕН ЖҰМЫС 

44 


ОҚУ ЖОСПАРЫ 

46 


ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТ 

48 


ГЛОССАРИЙ 

52 


 

КІРІСПЕ 

Мұғалімге арналған нұсқаулық (бұдан әрі - Нұсқаулық) Қазақстан Республикасында орта 

білім беру мазмұнын жаңарту аясында бастауыш сынып пәндері бойынша педагог кадрлардың 

біліктілігін  арттыру  курсының  білім  беру  бағдарламасы  (бұдан  әрі  -  Бағдарлама)  негізінде 

әзірленген әдістемелік оқу құралы болып табылады және біліктілікті арттыру курсында және 

курстан кейін де қолдануға арналған.  

Нұсқаулықта  жаңартылған  оқу  бағдарламасының  негізгі  аспектілері  туралы  ақпарат, 

мұғалімдерге  сабақ  жоспарлау  және  сабақ  беруге  көмектесетін  ресурстар,  оқулықтар  мен 

пәндердің  оқу-әдістемелік  кешенін  қолдану,  жүйелі-әдістемелік  кешенді  пайдалану  және 

критериалды бағалау жүйесін қолдану бойынша ақпарат қамтылған. 

Біліктілікті  арттыру  курсындағы  ықшамсабақ  үдерісінде  мұғалімдер  Нұсқаулықты 

пайдаланады.  Ықшамсабақ  арқылы  мұғалімдердің  Бағдарлама  материалдарын  өз 

тәжірибесінде  сынап  көруге  және  оны  ой  елегінен  өткізіп,  рефлексия  жасауға,  сондай-ақ 

оқушыларға  барынша  қолдау  көрсетуге  бағытталған  жаттығу  мен  тапсырма  әзірлеуге 

мүмкіндігі болады. 



 

Бағдарламаның мақсаты: 

Бастауыш  сынып  пәндері  бойынша  оқу  бағдарламасын  жаңарту  және  критериалды 

бағалау жүйесін енгізу тұрғысынан мұғалімдердің педагогикалық шеберлігін жетілдіру. 

Бағдарламаның міндеттері: 

мұғалімдердің  бастауыш  сынып  пәндері  бойынша  Оқу  бағдарламасының 



мазмұнын білуін қамтамасыз ету; 

бастауыш сынып пәндері бойынша Оқу бағдарламасына сәйкес педагогикалық 



тәсілдер мен оқу материалдарын қолдануды үйрету; 

бастауыш  сынып  пәндері  бойынша  Оқу  бағдарламасына  сәйкес  оқу 



мақсаттарына  қол  жеткізу  үшін  критериалды  бағалау  жүйесін  қолдануды 

үйрету. 


Оқу нәтижелері: 

мұғалімдер бастауыш сынып пәндері бойынша Оқу бағдарламасының мақсатын, 



міндеттерін, құрылымын және мазмұнын біледі және түсінеді; 

бастауыш сынып пәндері бойынша Оқу бағдарламасына сәйкес педагогикалық 



тәсілдерді, оқу материалдарын қолдана біледі. 

бастауыш  сынып  пәндері  бойынша  Оқу  бағдарламасына  сәйкес  оқу 



мақсаттарына  қол  жеткізу  үшін  критериалды  бағалау  жүйесін  түсінеді  және 

қолдана біледі. 



 

Біліктілікті арттыру курсы аясындағы бағамдау 

Мұғалімдердің біліктілігін арттыру курсы барысында мұғалімнің күтілетін нәтижелерге 

қол жеткізу деңгейін бағамдау қарастырылған. Біліктілікті арттыру курсының оқу жоспарына 

сәйкес  біліктілікті  арттырудан  күтілетін  нәтижелерге  қол  жеткізу  деңгейін  бағамдауға 

арналған  жаттығулар  барысында  тренер  мұғалімдердің  идеяларын  тыңдайды,  белгілі  бір 

мәселелерге  қатысты  бағамдау  аспектілері  тұрғысынан  мұғалімдерді  бағамдайды. 

Мұғалімдерді  бағамдау  аспектілері  бастауыш  сынып  пәндерін  оқыту  үшін  талап  етілетін 

белгілі  бір  дағдылармен  байланысты  салаларға  бөлінген.  Әр  сала  төрт  деңгей  бойынша 

бағамдалады:  бастапқы  деңгей,  қалыптасу  деңгейі,  қалыптасқан  деңгей,  жетілген  деңгей. 

Дескрипторларға қарап мұғалімнің кәсіби дамудың қандай деңгейінде екенін анықтау қиынға 

түспейді. Мұғалімдер бағаланатын барлық аспектілер бойынша бір деңгейде болуы шарт емес. 

Курс  барысында  бағамдау  қалай  жүретіні  түсіндіріліп,  мұғалімдерге  ол  аспектілерді 

меңгеруде қолдау көрсетілетін болады. 

 

 



 

ҚАЗАҚСТАНДА БІЛІМ БЕРУ МАЗМҰНЫН ЖАҢАРТУДЫҢ АЛҒЫШАРТТАРЫ 

 

 

 



Оқу бағдарламасына өзгеріс енгізудің маңызы 

Технология,  коммуникация  мен  ғылым  салалардағы  елеулі  өзгерістер  әлемдік 

экономикаға айтарлықтай ықпал ете отырып, әрбір азаматқа ХХІ ғасырда табысты болу үшін 

қажетті  білім  мен  дағдыларды  алға  тартады.  Сонымен  қатар,  қарқынды  жаһандану  ұлттық 

экономикаға да ықпал етуде, оның үстіне қазіргі уақытта экономикалық дамуды қамтамасыз 

етуге  бағытталған  халықаралық  бәсекелестік  артып  отыр.  Женевадағы  Халықаралық  еңбек 

ұйымының (2006) баяндамасы мұның жеке азаматтар үшін маңыздылығын көрсетті: «... көлік 

және  коммуникация  саласындағы  елеулі  жетістіктермен  қатар,  сауда  мен  капитал  ағымын 

ырықтандыру:  өз  еңбегінің  жемісін  сату  үшін  әлемдік  нарықта  өзара  бәсекелестіктегі 

жұмысшылар  мен  жұмыс  берушілердің  саны  күннен-күнге  артып  келе  жатқандығын 

көрсетеді» (VII б.). Жаһандану тек жұмыс орындарына әсер етіп қана қоймай, сонымен қатар, 

оның  қолжетімді  жұмыс  түрлеріне  және  сәйкесінше,  жұмыс  табу  үшін  қажетті  білім  мен 

дағдыға да әсері артып келеді.  

Гриффин  және  басқа  авторлардың  (Griffin,  P.,  McGaw,  B.  and  Care,  E.,  2012)  айтуы 

бойынша:  «...экономикасы  дамыған  елдерде  өнеркәсіптік  өндірістен  ақпараттық  қызмет 

көрсету және байланыс қызметін көрсетуге ауысып жатқаны айтарлықтай байқалды» (17-б.). 

Білім беру жүйесін жаңартуға арналған бұл экономикалық дәлелдерге қоса, қазіргі жиырма 

бірінші  ғасырда  басқа  да  негіздер  бар:  өзара  қарым-қатынастың  арттыру;  әлеуметтік 

өзгерістер; ауа райының өзгеруімен байланысты проблемалар; бүкіл әлемдегі халық санының 

қарқынды  өсуі;  шектеулі  ресурстарға  деген  сұраныстың  өсуі;  осылардың  барлығы  мектеп 

оқушылары қазіргі заманда және келешекте табысқа қол жеткізу үшін бұрынғыға қарағанда 

анағұрлым көп дағдыларды меңгеруі қажет екенін көрсетеді.  

Білім –  елдердің бәсекелестікке қабілетті болуын қамтамасыз ететін ең тиімді әрі ұзақ 

мерзімді  стратегия.  Көптеген  авторлар,  соның  ішінде  Виллем  Те  Вельде  (Willem  te  Velde, 

2005) жаһанданудың қазіргі кезеңінде жоғары сапалы білімнің қажеттігі туралы өз пікірлерін 

айтты.  Қазіргі  таңда  экономикалық  өсу  және  азаматтардың  әл-ауқаты  үшін  білімнің 

айтарлықтай  маңызды  екенін  бүкіл  әлем  мойындауда.  Муршед  және  басқа  авторлар 

(Mourshed,  M.  et  al,  2010)  жоғарыда  аталған  мәселелерді  шешу  мақсатында  өзгеріс  енгізу 

«Адамзатқа  және  қоғамға  орасан  зор  проблема  әкелетін  жаһандану  мен 

жаңғыртудың  әсерінен  айналадағы  әлем  түбегейлі  өзгеріске  ұшырауда.  Мектептер 

оқушыларды  түрлі  мәдениет  өкілдерімен  әріптестік  қарым-қатынас  жасауды,  алуан 

түрлі  идеяларды,  көзқарастар  мен  құндылықтарды  ескеруді,  адамдар  өздерінің  алуан 

түрлілігіне  қарамастан,  технологиялардың  көмегімен  кеңістік  пен  уақыт  кедергілерін 

жеңе отырып, бір-біріне сенім білдіруін және әріптестікте жұмыс істеуін қажет ететін 

әлемде,  адамдардың  өмірі  ұлттық  шекаралар  аумағынан  тыс  мәселелерге  байланысты 

болатын  әлемде  өмір  сүруге  және  жұмыс  істеуге  дайындауы  керек.  ХХІ  ғасырдың 

мектептері  оқушыларды  өмірде,  жұмыста  және  азаматтық  ұстанымында  өзгелермен 

ынтымақтастықта  өмір  сүруге  дайындай  отырып,  ұлттық  және  жаһандық  пікір 

алуандығының  шынайылығын  ұғына  отырып,  өзіндік  дербестігі  мен  ерекшелігін 

дамытуға көмектесуі керек». 



Андреас Шлейхер,  

Білім беру және кәсіби дайындау басқармасы директорының  

және Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы  

Бас хатшысының білім беру саясаты бойынша  

арнайы кеңесшісі міндетін атқарушы (Schleicher, A., 2014) 

 

үдерісіне  қатысатын  жүйелердің  саны  артып  отырғанын,  білім  беруді  реформалаудың 



қарқынды артып келе жатқанын атап көрсетті. 

Бүкіл  әлемде  білім  беру  жүйелерінің  келешек  ұрпаққа  қандай  білім  беретіні  туралы 

мәселе қайта қаралуда. Осы мәселе аясында «Балалар ХХІ ғасырда табысты болу үшін нені 

үйренуі  керек?»  және  «Оқытудың  тиімді  әдістері  қандай?»  деген  сияқты  негізгі  сауалдар 

туындайды.  Бұл  сауалдар  оқу  бағдарламасымен  және  оқу  бағдарламасын  жүзеге  асыруда 

пайдаланылатын педагогикалық тәсілдермен тығыз байланысты. 

Қазіргі кезде Қазақстанда жоғарыда сипатталған жаһандық проблемаларға жауап бере 

алатындай 

деңгейдегі 

жұмыстар 

республикалық 

деңгейде 

жүргізілуде. 

Оқу 


бағдарламасындағы  ұлттық  стандарттарға,  бағалауға,  оқулықтар  мен  оқыту  әдістеріне 

қатысты білім беру саласындағы өзекті құндылықтар мен мақсаттар мектеп оқушыларының 

жалпы  үлгерімін  арттыруды,  сондай-ақ  инновация  мен  көшбасшылықты  енгізу  үшін  талап 

етілетін дағдыларды дамытуды, мектеп мәнмәтіні арқылы ұлттық сананы қалыптастырып, іске 

асыруды және ауқымды халықаралық тәжірибемен өзара әрекеттесуді көздейді. Жаңартылған 

оқу бағдарламасы мен  критериалды бағалау жүйесін енгізу аталған міндеттерді шешу үшін 

қабылданған шаралардың бірі болып табылады. 

Бастауыш білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартын бекіту, жаңартылған 

оқу  бағдарламасын  әзірлеу,  сынақтан  өткізу  және  2016-2017  оқу  жылынан  бастап  1-

сыныптарда енгізу аталған процестің бір бөлігі болып табылады. Жаңартылған мазмұн түрлі 

проблемаларды  шешудің  дағдыларын  дамытуға,  зерттеуге  және  түрлі  дереккөздеріндегі 

ақпаратты зерделеуге бағытталған. Білім алушылар білімдерін әрі қарай басқа да жағдайларда 

жинақтап, қолдана алу мақсатында бастауыш сыныптың оқу бағдарламасына және әрбір білім 

беру  саласындағы  пәндерді  негізге  ала  отырып,  түсініктерін  қалыптастырады.  Сондықтан 

оқушылар өз білімдерін кез келген жағдайға бейімдей алуға және болашақта оларға кездесуі 

мүмкін кез келген күрделі міндеттерді шешуге үйренеді. 

Бастауыш  сынып  пәндерін  табысты  оқыту  ұстаздың  кәсіби  тәжірибесі  мен  құзыретіне 

байланысты болады. Қазақстан Республикасының орта білім беру мазмұнын жаңарту аясында 

бастауыш  сынып  мұғалімдерінің  біліктілігін  арттыру  курстары  жаңартылған  оқу 

бағдарламаларын іске асыру үшін мұғалімнің кәсібилігін жетілдіруге бағытталған.  

 

 


 

ЖАҢАРТЫЛҒАН ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ БАСЫМДЫҚТАРЫ 

 

 

 



 

 

 



 

 

Қазіргі кезде табысты болу үшін оқушыларға білім қандай қажет болса, дағды да сондай 



қажет деген ойдың жақтастары көбейіп келеді. Бұл оқушылардың ақпаратты есте сақтап, алған 

білімдерін  ұғынуын,  түсінуін  және  әртүрлі  салада  қолдана  білуін  талап  етеді.  Білімді  дәл 

осылай  қолдану  оқушыларға  «ХХІ  ғасыр  дағдысы»  деп  жиі  айтылып  жүрген  кең  ауқымды 

құзыреттілікті меңгеруге мүмкіндік береді. 

ХХІ  ғасыр  дағдылары  деген  ұғымның  бірнеше  анықтамасы  бар.  Бұл  Бағдарламада 

Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (ЭЫДҰ) әзірлеген Құзыреттерді  анықтау 

және іріктеу жобасының шеңберінде жасалған құрылым пайдаланылады. Бұл ретте құзырет 

«жай ғана білім мен дағдыдан анағұрлым күрделі. Ол белгілі бір жағдайларда психологиялық 

ресурстарды  (оның  ішінде  дағдылар  мен  өмірлік  ұстанымдарын)  жұмылдыра  және  соған 

сүйене  отырып,  күрделі  міндеттерді  шеше  білу  қабілетін  қамтиды.  Мысалы,  тиімді  қарым-

қатынас  құру  қабілеті  жеке  адамның  тіл  білуіне,  ақпараттық  технологиялар  саласындағы 

тәжірибелік  дағдыларына  және  оның  өзгелермен  қарым-қатынас  құра  алуына  сүйенетін 

құзырет болып табылады». 

Жаңартылған оқу бағдарламаларында оқушылардың бойында қалыптастыру көзделетін 

төмендегідей құндылықтар мен дағдылар анықталған (1-кесте): 

1-кесте. Құндылықтар мен дағдылар 

Құндылықтар 

Дағдылар 

- шығармашылық және сын тұрғысынан 

ойлау; 

- қарым-қатынас жасау қабілеті; 



- өзгелердің мәдениетіне және 

көзқарастарына құрметпен қарау; 

- жауапкершілік; 

- денсаулық, достық және айналадағыларға 

қамқорлық көрсету; 

- өмір бойы оқуға дайын болу. 

- сын тұрғысынан ойлау; 

- білімді шығармашылық тұрғыда қолдана 

білу қабілеті; 

- проблемаларды шешу қабілеті; 

- ғылыми-зерттеу дағдылары; 

- қарым-қатынас дағдылары (тілдік 

дағдыларды қоса алғанда); 

- жеке және топпен жұмыс істей білу 

қабілеті; 

- АКТ саласындағы дағдылар. 

Пән бойынша білім, дағдылар мен құзыреттіліктерді анықтайтын оқу бағдарламаларын 

әзірлеу барысында жоғарыда келтірілген құндылықтар мен дағдылар  ескерілген. Мұны осы 

құндылықтар  мен  дағдылардың  барлығы  қарастырылған  бастауыш  сынып  пәндерінің  оқу 

бағдарламасынан көруге болады.  

 

 

 



Гриффин  және  басқа  авторлар  (Griffin,  P.,  McGaw,  B.  and  Care,  E.,  2012)  оқу 

бағдарламаларын реформалау барысында білім беру саласындағы стандарттарға негізделген 

өзгерістер  анағұрлым  анық  әрі  айқын  бола  түскенін  айтады.  Англия,  Германия,  Норвегия, 

Халықаралық  зерттеу  барысында  оқу  бағдарламасы  мен  бағалау  оқыту  үдерісінен 

күтілетін нәтижелерді тұжырымдауда маңызды рөл атқаратындығы анықталды.  

Гриффин және басқалар (



Griffin, P.et al, 

2012)


 

«Біздің  міндетіміз  –  білім  беруді  экономикалық  өсудің  жаңа  моделінің  орталық 

буынына  айналдыру.  Оқу  бағдарламаларын  сыни  ойлау  қабілетін  және  өз  бетімен 

іздену дағдыларын дамытуға бағыттау қажет.» 



«Қазақстанның  Үшінші  жаңғыруы:  жаһандық  бәсекеге  қабілеттілік»  2017 

жылғы  31  қаңтардағы  Қазақстан  Республикасы  Президенті  Н.Назарбаевтың 

Қазақстан халқына жолдауы.

 

 



 

Сингапур және Австралия сияқты елдерде оқу бағдарламасында мұғалімдер мен оқушылардан 



күтілетін  нәтижелер  нақты  белгіленген.  Қазақстанның  барлық  мектептерінен  күтілетін 

нәтижелерді белгілеу барысында да осы тәсіл пайдаланылды. Оқушылардың нені білуі және 

істей  алуы  керектігін  анықтаудағы  мұндай  нақтылық  бүкіл  Қазақстан  бойынша  барлық 

оқушылардан жоғары нәтиже күтілуін қамтамасыз етуге көмектеседі және мұғалімдердің оқу 

бағдарламасын тиімді іске асыруына мүмкіндік береді.  

Жаңартылған оқу бағдарламаларының мазмұндық ерекшеліктері 

-  пән  мазмұнын  жобалаудың  спиральділік  ұстанымы,  яғни  білім  мен  біліктерді 

арттыруда  оқу  материалын  тігінен,  сондай-ақ  көлденеңінен  біртіндеп  кеңейту  (білімді 

тақырыптар бойынша және сыныптар бойынша күрделендіру); 

-  таным заңдылығы мен пәндік операциялардың неғұрлым маңызды түрлері бойынша 

ойлау дағдысының деңгейлік жіктелімдеріне негізделген Блум таксономиясы бойынша оқыту 

мақсаттарының иерерахиясы; 

-  білім беру деңгейлері және тұтас оқыту курсы бойынша педагогикалық мақсаттардың 

пәнішілік байланыстарды барынша ескеруге мүмкіндік беру; 

-  бір  білім  саласы  пәндері  арасында,  сондай-ақ  пәнаралық  байланысты  жүзеге  асыру 

барысында «ортақ тақырыптардың» болуы;  

-  бөлімдер  мен  ұсынылған  тақырыптар  мазмұнының  уақыт  талабына  сәйкес  болуы, 

әлеуметтік дағдылардың қалыптасуына назар аудару;  

-  оқу  үдерісін  ұзақ  мерзімді,  орта  мерзімді,  қысқа  мерзімді  жоспар  түрінде 

технологияландыру болып табылады. 



Оқу бағдарламасының үйлесімділігі 

Жоғары  көрсеткіштерге  жеткен  білім  беру  жүйелеріне  жасалған  талдау  оқу 

бағдарламасының «үйлесімділігі» бүкіл елдегі білім беру стандарттарын жетілдіру үшін аса 

маңызды болып табылатынын көрсетіп отыр (Schmidt and Prawat, 2006). Оқу бағдарламасын 

жаңарту тұрғысынан  «үйлесімділік» оқу бағдарламасы қалай қабылданып, қалай іс жүзінде 

орындалатынына  қатысы  бар  барлық  компоненттер  бірлесіп  әрекет  етіп,  бір-бірін 

толықтырып,  нығайтады  дегенді  білдіреді  (Oates,  2010).  Демек,  оқу  бағдарламасының 

мазмұны, педагогикалық тәсілдер және бағалау тәсілдері бір мақсатқа жұмылдырылуы тиіс 

(Roach et al., 2008). Мұны төмендегі сызбадан көруге болады (1-сурет): 

 

 



 

1-сурет. Оқу бағдарламасының үйлесімділігі 

Үйлесімділік  оқу  бағдарламасы  мен  бағалау  модельдері  әзірленетін жүйе  деңгейінде 

ғана  емес,  әр  сыныпта,  әр  сабақта  қолданылады.  Мұғалімдер  өздерінің  оқыту  қызметі  оқу 

бағдарламасының  іске  асырылуына  қолдау  көрсететініне,  ал  бағалау  оқушыларға  қажетті 

ақпаратты жеткізуге және олардың жетістіктеріне қолдау көрсетуге көмектесетініне сенімді 

болуы керек. Бұл мұғалімдердің тиімді оқытудың түйінді үш компоненті – оқу бағдарламасы, 

педагогикалық  тәсілдер  мен  бағалау  жүйесінің  оқушылар  үшін  бірлесіп  қалай  тиімді 

қолданылатынын толық түйсінуінің маңызды болып табылатынына назар аудартады. 



 

БАСТАУЫШ СЫНЫП ПӘНДЕРІ БОЙЫНША ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ 



ҚҰРЫЛЫМЫ 

Бастапқы  кезеңде  оқушыларға  оқудың  біртіндеп  тереңдеуін  сақтай  отырып,  кеңінен, 

бірақ  логикалық  тұрғыдан  байланысты  және  үйлесімді  негізде  үйренуге  мүмкіндік  берілуі 

керек (Harnett & Vinney, 2007). Жан-жақты және үйлестірілген оқу бағдарламасын жоспарлау, 

ұйымдастыру  және  басқару  –  оқушылар  үлгерімінің  жоғары  болуының  негізгі  тетігі 

(Alexander,  2002).  Жан-жақты  оқу  бағдарламасы  оқушыларға  бірқатар  теориялық, 

тәжірибелік,  шығармашылық  және  әлеуметтік  дағдыларды  меңгеруге,  сондай-ақ  негізгі 

дағдыларды  жетілдіруге  мүмкіндік  береді  (Primary  education  in  England,  1978).  Алға 

ілгерілеуіне  қарай  оқушылар  оқудың  әртүрлі  бағыттарын  байланыстыра  отырып,  оларды 

зерттеп, осылайша анағұрлым терең түсінік қалыптастыратын болады. Бұл ретте оқушыларда 

толыққанды түсінік қалыптастыру үшін бастауыш сынып пәндері мен бағыттары арасындағы 

байланыс  анық,  нақты болуы  керек  (Ewing,  2012).  Оқушылар  нені  үйреніп  жатқандарының 

мәнін  нақты  ұғынып,  сонымен  бірге,  бұл  олардың  қазіргі  және  болашақ  өмірімен  қалай 

байланысатынын түсінуі керек. 

 

«Сауат  ашу»,  «Қазақ  тілі»,  «Әдебиеттік  оқу»  пәндері  бойынша  оқу 

бағдарламасының бөлімдері - тыңдалым және айтылым, , оқылым, жазылым. 

Бастауыш  мектептегі  тілдік  пәндердің  («Қазақ  тілі»,  «Сауат  ашу»  және  «дебиеттік 

оқу»)  оқу  бағдарламаларының  мақсаты  –  қазақ  тілін  үйренуге  негіз  қалау,  оқушылардың 

функционалды  сауаттылығы  негізін  қалыптастыру,  тілдік  дағдыларды  дамыту.  Бұл  әртүрлі 

қарым-қатынас  салалары  мен  жағдайлары,  стилистикалық  ресурстар,  дұрыс  дыбыстау, 

орфографиялық  және  орфоэпиялық  нормалар,  сондай-ақ  жанрлар  мен  стильдерді  білуге 

қатысты құрылым мен функцияларды қамтиды.  

«Сауат ашу» - жалпы білімнің негізін құрайтын аса маңызды пәндердің бірі. Пәнді оқу 

барысында  оқу  мен  жазуға  қатысты  жұмысты  интеграциялау  арқылы  жүзеге  асады  (Оқу 

бағдарламасы). 

«Сауат ашу» пәні – «Қазақ тілі», «Әдебиеттік оқу» пәндерінің құрамдас бөлігі, тіл және 

әдебиет  туралы  білім  жүйесіне  дайындық  болып  табылады.  «Сауат  ашу»  пәнінің 

маңыздылығы – оқушылардың өмірінде жаңа пайда болған «жетекші әрекет» – оқу әрекетіне 

бейімдеу,  тұрақты  зейіні  мен  жадын,  логикалық  ойлауы  мен  білім  алуға  деген 

қызығушылығын қалыптастырып, ой-өрiсiн жетiлдiру, сөздік қорын молайтып, байланыстыра 

сөйлеуге  үйрету  міндеттерін  жүзеге  асыруында.  Сонымен  қатар,  сөйлеу  әрекетінің 



тыңдалым,  айтылым,  оқылым  және  жазылым  түрлерін  дамыту  арқылы  басқа  пәндерді 

меңгертуге негіз болуында. 

«Сауат ашу» пәні оқушылардың: 

 

1)  қазақ  тілі  фонетикасы,  лексикасы,  грамматикасы  мен  пунктуациясы  туралы 



бастапқы білім негіздерін игеруіне; 

2) оқу мен жазуға деген қызығушылығының оянуына; 

3) айтылым, тыңдалым, жазылым және оқылым дағдыларын қалыптастыруға; 

4)  жұппен,  топпен,  ұжыммен  жұмыс  жасауға  дағдылануына  және  түрлі  рөлді 

(көшбасшы, орындаушы) орындауға үйренуіне; өз ұлтының, Қазақстанда тұрып жатқан басқа 

да халықтардың мәдениетіне ізгілік және құрмет сезімінің қалыптасуына негіз қалаушы пән 

болып табылады. 

«Сауат  ашу»  пәнінің  мақсаты  –  айтылым,  тыңдалым,  жазылым  және  оқылым 

дағдыларын  қалыптастыру  үдерісі  арқылы  функционалды  сауаттылығының  негізін  қалап, 

білім алуға ынталы жеке тұлғаның дамуына мүмкіндік жасау. 

«Қазақ тілі» пәні бастауыш мектепте гуманитарлық білім берудің бастапқы өзегі болып 

табылады: оқушылардың дүниетанымы мен ұлттық болмысын қалыптастыру үшін ана тілінің 

мүмкіндіктері мен сөз өнерінің әлеуеттерін терең меңгеруіне көмектеседі.  «Қазақ тілі» пәні 


10 

 

бастауыш сынып оқушыларының таным кеңістігін ана тілі арқылы кеңейте отырып, өз елінің 



тарихы мен рухани-мәдени мұраларын құрметтеуге, өз Отанын мақтан етіп, халқына қызмет 

етуге ынталандырады. 

Бастауыш  мектепте  «Қазақ  тілі»  пәнін  оқыту  мақсаты  –  сөйлеу  әрекетінің  түрлерін: 

тыңдалым,  айтылым,  оқылым,  жазылымды  дамыту  арқылы  тіл  туралы  бастапқы  білімді 

меңгерту  және  оны  тілдік  нормаларды  сақтай  отырып  оқу  әрекеті  мен  күнделікті  өмірде 

қолдану. Пәннің оқу бағдарламасының мазмұны оқушының сөйлеу және ойлау әрекетін, түрлі 

сала мен қарым-қатынас жағдайында тілді еркін игеруді қамтамасыз ететін коммуникативтік 

іскерліктер мен дағдыларды қалыптастыруға бағытталған. 

Оқу  бағдарламасының  мазмұны  мәтін  түрлері,  көркем  шығармалар  мен  аутентті 

материалдар  арқылы  оқушылардың  сөздік  қорын  жаңа  сөздермен  толықтыруды,  оқығаны 

бойынша  пікір  білдіруді  және  оны  дәлелдеуді,  белгілі  бір  тақырыпқа  байланысты  өз  ойын 

толық,  жүйелі,  түсінікті  етіп  ауызша  және  жазбаша  жеткізе  білуге  дағдыландыруды,  мәтін 

бойынша  сұрақтар  құрастырып,  мүмкін  болатын  жауаптарды  болжап,  өзін-өзі  бағалауды, 

мәтін бөлімдері арасында мағыналық байланыс орнатуды, жоспар құруды, сөйлеу мәдениетін 

қалыптастыруды қамтиды. 

«Әдебиеттік  оқу»  пәні  –  бастауыш  сынып  оқушыларының  оқырмандық  және 

қатысымдық дағдыларын қалыптастыруға, олардың адамгершілік және әдеби-эстетикалық 

құндылықтар жөнінде түсініктерін кеңейтуге, сөйлеу мәдениетін қалыптастырып, сөз өнерін 

сезінуге,  көркем  шығарманы  оқуға  деген  қызығушылығын  арттыруға  мүмкіндік  беретін 

негізгі пәндердің бірі. 

«Әдебиеттік  оқу»  пәнінің  мақсаты  –  бастауыш  сынып  оқушыларының  көркем 

шығарманы сезіммен қабылдауы, түсінуі, санасында қайта жаңғырта алуы және шығармадан 

қабылдағанын  өзінің  шығармашылық  әрекетінде  жүзеге  асыруға  ұмтылуы  арқылы 

функционалдық  сауаттылығын  қалыптастыру.  Оқу  бағдарламасының  мазмұны  көркем 

шығармалар  арқылы  оқушылардың  сөздік  қорын  жаңа  сөздермен  байытуды,  көркем 

туындылардағы  айтылған  ойларға  пікірін  білдіруді  және  оны  дәлелдеуді,  белгілі  бір 

тақырыпқа байланысты өз ойын толық, жүйелі, түсінікті етіп ауызша және жазбаша жеткізе 

білуге дағдыландыруды, шығарма кейіпкерлерінің іс-әрекетіне баға беруді, мәтін бойынша 

өздігінен  сұрақтар  құрастырып,  мүмкін  болатын  жауаптарды  болжап,  өзін-өзі  бақылауды, 

өзін-өзі бағалауды, шығармадағы негізгі ойды өз бетінше тұжырымдауды, мәтін бөлімдері 

арасында  мағыналық  байланыс  орнатуды,  жоспар  құруды;  сөйлеу  мәдениетін 

қалыптастыруды,  көркем  шығармаларды  басқа  өнер  түрлерімен  салыстыруды,  көркем 

шығармалардың элементтерін ажыратуды қамтиды. 

Жалпы білім беру ұйымдары (мектеп, гимназия, лицей) оқу үдерісінде «білім алу жолын» 

білетін,  ынталы,  қызығушылығы  жоғары,  өзіне  сенімді,  жауапкершілігі  мол,  зияткерлік 

тұрғыдан дамыған тұлғаны қалыптастыру қағидасын ұстанады 

Оқушылардың  бойында  бұл  қасиеттерді  қалыптастыруда  мұғалімдер  түрлі 

педагогикалық тәсілдемелер мен қолдана алады. Атап айтқанда, олар: 

1) оқытудың коммуникативтік (қарым-қатынастық) тәсілдемесі (тыңдалым, айтылым, 

оқылым, жазылым); 

2)  зерттеушілік  тәсілдеме  (оқушылар  «не  білемін?  нені  білгім  келеді?  нені  білдім?» 

тұрғысынан өз әрекетін талдауға үйренеді); 

3)  жүйелі-әрекеттік  тәсілдеме  (оқушылар  оқу  әрекетінде  меңгерген  жаңа  білімінің 

болашақта қажеттілігін түсінеді); 

4) дамыта оқыту технологиясы (оқушылар өзінің іс-әрекетін жоспарлау және басқару 

жолын үйренеді);  

5) уәждеу, қызықтыра оқыту (оқушының оқуға деген қызығушылығын арттыру үшін 

«оқыту үшін бағалау» арқылы қолдау жасау); 

6)  оқушылардың  оқу  әрекетін  жеке,  топтық  және  ұжымдық  формада  ұйымдастыру 


11 

 

(оқушылар бірін-бірі өзара оқытуға, бірін-бірі бағалауға, пікір алмасуға үйренеді); 



7)  саралап  оқыту  технологиясы  (оқушыларды  деңгейіне,  мүмкіндігіне  қарай  оқыту, 

қалыптастырушы баға арқылы қолдау). 

 

Төмендегі кестеде (2-кеста) әрбір тілдік бағыт үшін талап етілетін мазмұн, білім мен 



дағдылар көрсетілген: 



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет