Мақсаты: Балаларға «Жеті қазынаның бірі» ертегісінің мазмұнын түсіндіру. Сұрақтарға толық жауап беру арқылы тілдерін дамыту. Жеті санының киелі екенін және жеті қазынаға не жататынын түсіндіру арқылы халқымыздың осындай таным түсініктері көптігін айтып, олардың тәрбиелік мәнін ұғындыру.
Жаңа сөздер: Жеті қазына, қыран бүркіт, берен мылтық.
Көрнекілік: Жеті қазынаның суреті интеративті тақта.
Армысыз, қайырымды Аспан ата!
Армысыз ,мейірімді Жер-Ана!
Армысыз ,шұғылалы Алтын күн!
Қуан, шаттан алақай!
Қайырлы таң,қайырлы күн!
Бәріміз күндей жарқырайықІ
Бәріміз дос болайық!
Дүйсенбіде қуана келдік мектепке,
Сейсенбіде серуен құрдық далада.
Сәрсенбіде сурет салдық сәнді етіп,
Бисенбіде би биледік әндетіп.
Жұма күні шелпек жедік дәмді етіп,
Сенбі күні сейілдедік жарықта.
Жексенбіде үйде жаттым дем алдық.
Сонымен жалғасады әр апта.
1. Ер жігіт.
«Ер ел қорғаны» дейді дана халқымыз. Кең байтақ жерімізді, өзен, көл, орманымызды, көгілдір тауларымызды жаудан қорғап, кейінгі ұрпаққа аманат етіп
қалдырған ер бабаларымыз өте көп болған, ол Қаракерей Қабанбай,
7.Неге итті “жеті қазынаның бірі” деп айтады екенбіз?
8. Осы ертегіде арыстан, ит және түлкінің не айтқанын кім қайталап береді?
Мінсең-желдей жүйткиді,
Көңілің таудай өседі,
Алып ұшар алысқа
«Ер қанаты» деседі (жылқы)
Адамға серік,
Күзетке берік (ит)
Тілі бар, үні жоқ,
Өзін адам түсінген
Жүрегі бар дақаны жоқ
Сөйлеп тұрған ішінен. (кітап)
Бес қаруы белінде,
Самғап жүреді көгімде. (бүркіт)
Томпаңдап ойнап жүреді
Кішкентай ғана күшігім.
Өзгелерге үреді,
Жолын тосып кісінің.
Енді жеті қазынаның бірі –
ақыл білім
екенін білдік.
Ал білімді болу үшін біз
нені оқимыз?
Кітапты.
Ал, олай болса біз қазір ойын ойнаймыз
Суретке қарап қызықты ертегі, әңгімені ойдан құрастыру. Әңгіме, ертегілер кейіпкерлерінің суретін көрсете отырып, балалар сол сурет бойынша ретімен өз ойларыңша ертегіні өзгертіп, қияли түрде құрастыру қажет. Бірінші топ басын бастаса, келесі топ жалғастырады,үшінші топ аяқтайды. Талдау: 1. Ертегіні жалғастырып,аяқтау қиын болды ма? 2. Жан - жануарлардың бір - бірімен тату болғанын қалайсыңдар ма?