Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2017 жылғы 27 шілдедегі
№ 352 бұйрығына 165- қосымша
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2013 жылғы 3 сәуірдегі
№ 115 бұйрығына 383-қосымша
Орташа ақыл-ой кемістігі бар білім алушыларға арналған негізгі орта білім беру деңгейінің 5-9 сыныптары үшін «Психомотрика мен сенсорлық үдерістерін дамыту» пәнінен үлгілік оқу бағдарламасы
1 - тарау. Түсінік хат
1. Оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы
23 тамыздағы № 1080 қаулысымен бекітілген Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес және орташа ақыл-ой кемістігі бар білім алушылардың ерекше білім алу қажеттіліктерін ескере отырып әзірленген.
2. Оқу пәнінің мақсаты – білім алушылардың одан әрі сенсомоторлық дамуы және қоршаған болмыс туралы адекватты түсініктерін қалыптастыру үшін қолайлы жағдай жасау.
3. Оқу пәнінің міндеттері:
1) әрбір білім алушының танымдық әрекетінің дамуы ерекшеліктері мен мәселелерін анықтау;
2) әрбір білім алушының сенсорлық аясын байыту және сенсорлық-перцептивтік әрекетін дамыту:
әртүрлі модальдылық түйсіктерді белсендіру;
қабылдаудың барлық түрлерін дамыту;
3) кеңістіктік-мезгілдік бағдарларды қалыптастыру және графикалық дағдыларды дамыту;
4) білім алушының танымдық белсенділігін және дербестігін жоғарылату.
4. Орташа ақыл-ой кемістігі бар білім алушыларға бәсеңділік, қабылдаудың шектеулігі мен сараланбаған, моторлық ыңғайсыздық,
қимыл-қозғалыс үйлесімділігінің бұзылуы, талдау-синтетикалық әрекеттің бұзылуы тән, олар тек қана оқу процесін ғана емес, сондай-ақ қоршаған ортаға бейімделуде де қиналады.
5. Оқу жүктемесінің көлемі:
1) 5-сынып – аптасына 2 сағат, оқу жылында 68 сағат;
2) 6-сынып – аптасына 1 сағат, оқу жылында 34 сағат;
3) 7-сынып – аптасына 1 сағат, оқу жылында 34 сағат;
4) 8-сынып – аптасына 1 сағат, оқу жылында 34 сағат;
5) 9-сынып – аптасына 1 сағат, оқу жылында 34 сағат.
6. Бағдарлама шоғырлану қағидасына сәйкес құрылған, ол бағдарламаның әрбір тарауында қалыптасатын әрекеттердің дағдылары мен әдістерін үздіксіз қайталауға, бекітуге және жетілдіруге мүмкіндік береді.
7. Бағдарлама келесі тарауларда түзету жұмыстарының болжалды мазмұнын анықтайды: «Сенсорлық үдерістердің дамуы», «Кеңістікте бағдарлау дағдыларының дамуы», «Уақытты қабылдаудың дамуы», «Ұсақ қимыл мен графикалық дағдылардың дамуы». Бағдарлама ұсынбалы сипатта және ақыл-ой дамуы орташа деңгейде бұзылған білім алушыны оқытудың жеке бағдарламасының негізі болып табылады.
8. «Психомотрика және сенсорлық үдерістерін дамыту» курсының мазмұны тек қарастырылатын пән бойынша сабақтарда ғана емес «Бейнелеу», «Оқу, жазу және тіл дамыту», «Санау», «Айналадағы әлем», «Адам мен әлем», «Әлеуметтік-тұрмыстық бағдар», «Әлеуметтік бейімдеу және еңбекке дайындық» пәндер сабақтарында арнайы түзете дамыту әдістемелерді, дамыту жаттығуларын қолдануды талап етеді.
9. Сағаттарды бағдарламаның тараулары бойынша бөлу болжалды сипатта болады. Педагог білім алушының оқудағы арнайы қажеттіліктерін есепке ала отырып, сағаттарды қайта бөлуге құқылы.
10. Білім алушылардың жетістіктерін бағалағанда сипаттамалық бағалау қолданылады. Нәтижелер әрбір білім алушының психологиялық-педагогикалық кешенді зерттеу арқылы анықталады.
Достарыңызбен бөлісу: |