Білім беру саласы: Қатынас Оқу іс-әрекет түрі: Тіл дамыту



Дата25.12.2016
өлшемі12,17 Kb.
#4637
  • Білім беру саласы: Қатынас
  • Оқу іс-әрекет түрі: Тіл дамыту
  • Тақырыбы: «Жеті қазынаның бірі» ертегісі.
  • Мақсаты: Балаларға «Жеті қазынаның бірі» ертегісінің мазмұнын түсіндіру. Сұрақтарға толық жауап беру арқылы тілдерін дамыту. Жеті санының киелі екенін және жеті қазынаға не жататынын түсіндіру арқылы халқымыздың осындай таным түсініктері көптігін айтып, олардың тәрбиелік мәнін ұғындыру.
  • Жаңа сөздер: Жеті қазына, қыран бүркіт, берен мылтық.
  • Көрнекілік: Жеті қазынаның суреті интеративті тақта.
  • Армысыз, қайырымды Аспан ата!
  • Армысыз ,мейірімді Жер-Ана!
  • Армысыз ,шұғылалы Алтын күн!
  • Қуан, шаттан алақай!
  • Қайырлы таң,қайырлы күн!
  • Бәріміз күндей жарқырайықІ
  • Бәріміз дос болайық!
  • Дүйсенбіде қуана келдік мектепке,
  • Сейсенбіде серуен құрдық далада.
  • Сәрсенбіде сурет салдық сәнді етіп,
  • Бисенбіде би биледік әндетіп.
  • Жұма күні шелпек жедік дәмді етіп,
  • Сенбі күні сейілдедік жарықта.
  • Жексенбіде үйде жаттым дем алдық.
  • Сонымен жалғасады әр апта.
  • 1. Ер жігіт.
  • «Ер  ел  қорғаны»  дейді  дана  халқымыз. Кең  байтақ  жерімізді,  өзен,  көл,  орманымызды,  көгілдір  тауларымызды  жаудан  қорғап, кейінгі  ұрпаққа  аманат  етіп 
  • қалдырған  ер  бабаларымыз  өте көп болған,  ол  Қаракерей  Қабанбай, 
  • Қанжығалы  Бөгенбай, Шапырашты 
  • Наурызбай,  Райымбек  батыр
  • Жәнібек  батыр  т.б.
  • 2. Әйел.
  • Әйел  -ол  ана,  жар,  апа,  қарындас. 
  • Ажарына  ақылы  сай,  мінезге 
  • бай,  еріне  сүйеу  бола  білген, 
  • үйдегі  балаларын  мәпелеп,  тәрбиелеп  өсірген.  Жақсы әйел  - әрбір  отбасының  ұйтқысы, 
  • ырыс-берекесі.
  •       «Ілім – білім»
  • Адам  баласы  пайда  болға
  • лы  ілім-білімге  ұмтылып 
  • келеді.  Осының  арқасында 
  • машина,  трактор,  радио, 
  • теледидар,ұшақтар, 
  • компьютер  дүниеге  келді. 
  • Сондықтан  ілім білім, 
  • ғылымды  игерсең  еш қор 
  • болмайсыңдар.
  • 4. Жүйрік ат.
  • «Ер  қанаты  ат»  деген қанатты  сөз  бар. Халқымыз  төрт  түлік  малдың  ішінде  жылқыны 
  • ерекше  бағалаған.  Жылқының  етін,  қазы-қартасын  жеп,  қымызын  ішкен,  терісін  пайдалан
  • ған.  Жау  шапса, бір-бір  атқа  мініп,  дұшпанына 
  • тойтарыс  берген.
  • 5. Берен мылтық.
  • Ертеде  аталарымыздың  үйінде 
  • найза,  айбалта,  қылыш,  мылтық болған.  Дұшпандарын  мылтык-
  • пен  жеңген.  Батырларымыз жау-
  • ға  осы  қару – жарақпен  шыққан.
  • 6.Қыран бүркіт.
  • Қыран  бүркітті  ата-бабаларымыз  балапан  кезінен  баулап,  аң  аулауға  үйреткен.  Қанаты  қатайғанда  қасқыр,  түлкіге  салған.  Ал  қасқыр,  түлкінің  терісінен  тымақ,  ішек,  тон  жасап 
  • киген.
  • 7.Жүйрік тазы (ит).
  • Тазы – иттің  бір  тұқымы.  Тазы  итпен  ата-бабаларымыз  аң  аулаған. Тазы – артық  қырым  еті  жоқ  ит.  Онымен 
  • қасқыр,  түлкі,  қарсақ  ұстаған.  Ит 
  • адамға  қолқанат  болып,  мал  күзеткен
  • Сергіту сәті: 1 де тұрайық,
  • 2,3,4- алақанды соғайық.
  • Оң жақа бұрылып,
  • Сол жақа бұрылып,
  • Біз шынығып алайық.
  • “Жеті қазынаның
  • бірі ”ертегісін айтып немесе оқып беруге болады.
  • Балаларға сұрақтар қойылады.
  • Ертегі қалай аталады?
  • Ертегі қандай сойлеммен басталады?
  • Арыстан өзі туралы не белгісі келеді?
  • Түлкі арыстанды қалай мақтады?
  • Арыстан итке не деді? (Ал, сонда дүниедегі
  • ең қайратты, ең ақылды, әділ әрі епті кім?)
  • 6. Ит арыстанға қандай жауап қайтарды?
  • (Мен үшін дүниедегі қайратты әрі ақылды ,
  • ол тек-адамзат).
  • Осы сөздерді балалармен 2-3 рет қайталау.
  • 7.Неге итті “жеті қазынаның бірі” деп айтады екенбіз?
  • 8. Осы ертегіде арыстан, ит және түлкінің не айтқанын кім қайталап береді?
  • Мінсең-желдей жүйткиді,
  • Көңілің таудай өседі,
  • Алып ұшар алысқа
  • «Ер қанаты» деседі (жылқы)
  • Адамға серік,
  • Күзетке берік (ит)
  • Тілі бар, үні жоқ,
  • Өзін адам түсінген
  • Жүрегі бар дақаны жоқ
  • Сөйлеп тұрған ішінен. (кітап)
  • Бес қаруы белінде,
  • Самғап жүреді көгімде. (бүркіт)
  • Томпаңдап ойнап жүреді
  • Кішкентай ғана күшігім.
  • Өзгелерге үреді,
  • Жолын тосып кісінің.
  • Енді жеті қазынаның бірі –
  • ақыл білім
  • екенін білдік.
  • Ал білімді болу үшін біз
  • нені оқимыз?
  • Кітапты.
  • Ал, олай болса біз қазір ойын ойнаймыз
  • Суретке қарап қызықты ертегі, әңгімені ойдан құрастыру. Әңгіме, ертегілер кейіпкерлерінің суретін көрсете отырып, балалар сол сурет бойынша ретімен өз ойларыңша ертегіні өзгертіп, қияли түрде құрастыру қажет. Бірінші топ басын бастаса, келесі топ жалғастырады,үшінші топ аяқтайды. Талдау: 1. Ертегіні жалғастырып,аяқтау қиын болды ма? 2. Жан - жануарлардың бір - бірімен тату болғанын қалайсыңдар ма?
  • НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА
  • РАХМЕТ!


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет