Білім беру саласы. Таным Қатынас Шығармашылық Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетті. Сөйлеуді дамыту Тақырыбы: «Менің ойыншығым»



бет1/5
Дата07.02.2022
өлшемі17,26 Kb.
#88043
түріСабақ
  1   2   3   4   5
Байланысты:
амина
Инф 1.1, ПО 2022 қорытынды, ПО 2022 қорытынды 2, Презентация Microsoft PowerPoint (3)



Білім беру саласы. Таным Қатынас Шығармашылық
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетті. Сөйлеуді дамыту
Тақырыбы: «Менің ойыншығым»
Мақсаты: Балаларды ойыншықтардың түрімен түсімен таныстыру,тақпақтар айтқызу,сөздік қорын молайту,тіл байлығын дамыту,есте сақтау қабілетін жетілдіру,ойын арқылы сабаққа деген қызығушылықтарын арттыру.
Қажетті көрнекі құралдар:ойыншықтар,үлестірмелі материалдар
Көптілділік компонент:ойыншық-игрушка, машина-көлік
Сөздік: Ағаш, шүберек, резеңке.
Шаттық шеңбері:
Күннің көзі ашылып
Көкке шуақ шашылып
Құтты қонақ келіпті
Төрімізге еніпті,
Амандасу үлкенге
Тәрбиенің басы ғой
Ал кәнекей бәріміз
Сәлем дейік үлкеге
Сәлеметсіздерме
Здраствуйте
Тәрбиеші: Балалар сендер немен ойнайсыңдар? 
Балалар: Ойыншықпен
Тәрбиеші: Қане, балалар сүйікті ойыншығымызды атайықшы.
Балалар: Қуыршақ, машина, доп т.б. Онда мына ойыншықтарымызға мұқият қарайықшы. Ойыншықтардың мынадай түрлері бар екен. Ойыншықтардың түрлерімен таныстырып кетейін.
1. пластмассалы
2. резиналы
3. матадан
4. ағаштан
Балалар сендер енді өздеріңнің ойыншықтарыңды неден жасалатынын білдіңдер ме?
Осы ойыншықтарға байланысты ойындар ойнайық.Ойынымыздың аты «Көбелек гүлге қонады».
Ойын шарты: Сендер гүлсіңдер, сол гүлге көбелек ұшып келіп қонады. Көбелек қай балаға қонса сол бала менің сұрағыма жауап береді.
Сұрақтар: 
1.Сүйікті ойыншығың бар ма?
2.Қандай ойыншығың бар?
3.Немен ойнайсыңдар?
4.Қандай ойыншықпен ойнағанды жақсы көресің?
Ия балалар ойынды жақсы ойнадық, бүгін біз сендермен сүйікті ойыншықтарымыз жайлы айтамыз.
Қараңдаршы, біздің тобымызда ойыншықтар көп екен.Мұндай түрлі ойыншықтар бізге ойнау үшін керек. Қане мына ойыншықты ұстап көрейікші. Қандай екен?


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет