Өздерің еңбектің қандай түрлерімен айналысқанды ұнатасыңдар?
Адамға өмір сүру үшін ең алдымен не қажет деп ойлайсыңдар?
Ауа, су, тағам. Ауа, су – табиғаттың адамға берген сыйы. Ал тағам дегенде бірден еске түсетіні – нан. Нан еңбекпен келеді. Осы тағамнан басқасы да адамның өмір сүруіне қажетті киім, білім, үй, оның ішін заттармен толтыру, денсаулығын сақтау бәрі, бәрі, бәрі де еңбекпен келеді.
Тапсырма. Суреттерге қарап, еңбектің түрін анықтау.