Аты-жөні: Бегалина Райхан Тоқсанбайқызы
Туған жылы, күні, айы: 1965жыл 12 ақпан
Білімі: Жоғары.
Бітірген оқу орындары: 1983 жылы Көкшетау қаласындағы Шоқан Уәлиханов атындағы педагогикалық институттың филология факультетінің қазақ тілі, әдебиеті бөлімне түсіп, 1988 жылы тамамдадым.
Кәсіби біліктілігі мен кәсіби тәжірибесі: Жоғары санатты, І (ілгері)деңгей бағдарламасын оқып, сертификат алдым.
Тілдік дағдылары: қазақша, орысша
Компьютерлік сауаттылығы:АКТ технологиялары, MS Windows, MS Office, электрондық пошта, интернет сервистері саласы.
Жеке қасиеттері: Әрқашан ізденісте жүріп, жаңашылдықты ұнатамын. Жауапкершілігім жоғары, ойыма алған істі аяқтамайынша тағат таппаймын. Адамдармен қарым-қатынаста жеңілмін, тез тіл табыса аламын, кикілжің туатын жағдайларда сабыр сақтап, ұстамдылық танытамын. Әр жұмысты белгілі мақсатта бастап, бейбіт түрде шешіп, келісімін таба аламын. Ұйымдастырушылық қабілетім жоғары, оқу ісінің меңгерушісі болып жұмыс істегенмін. Іс-қағазға ұқыптымын.
Қызығушылығы: табиғатты ұнататындықтан саяхатқа шығуға әуестігім бар, адамның танымын, ой-өрісін кеңейтетіндіктен кітап оқуды ұнатамын, компьютерде әр-түрлі бағдарламалармен жұмыс жасағанды ұнатамын мысалы фотошоп, тест құрастыру т.б.)
Қосымша ақпараттар: 2015 жылы І деңгей бағдарламасын бітірген, сертификат, 2012 жылы ІІ Халықаралық әлеуметтік - педагогикалық инновациялар Жәрмеңкесінде "Алтын сертификат" иегері, 2016 ж. ҮІ Халықаралық педагогикалық ярмарка "Білім саласына қосқан үлесі" номинациясы бойынша грамота, 2016 ж. республикалық "Педагогика. KZ" оқу-кеңес орталығы І дәрежелі Диплом, 2014 ж. "Менің иновациялық сабағым" атты І Халықаралық оқытушылар сайысы ІІ орын, 2015 ж. ІҮ Халықаралық оқытушылар сайысы Диплом - І орын, "ZIAT" Ғылыми әдістемелік орталығы, 2014 ж Халықаралық "Сократ" ғылыми жұмыстар сайысы, 2 оқушы жүлдегер атанғаны үшін Диплом, 2014 ж. Сертификат (оқушыларды тестілеу жүйесі бақылау-өлшеу материалдарының сарапшысы) 2014 оқу жылы2 оқушы "Алтын белгі" иегері, сынып жетекшісі, 3 методикалық оқулықтың авторы : "Оқушылардың дарындылығы мен шығармашылық қабілеттерін арттыру жолы- жобалау технологиясы", Қазақ әдебиеті оқулық - тест, Элективтік курсқа арналған Ежелгі дәуір әдебиетінен әдістемелік оқулық, 2011 жылы республикалық Қазақ тілі мен әдебиеті журналында "Батыр Баян" поэмасы бойынша дебат сабақ, 2013 жылы Жобалау технологиясы бойынша іс- тәжірибемен бөлісу мақалам жарық көрді.
Достарыңызбен бөлісу: |