Турекешова Айнұр Қазақ әдебиеті



Дата19.12.2016
өлшемі85,56 Kb.
#4155

Турекешова Айнұр

Қазақ әдебиеті

7 «Б» сынып

С.Мұратбеков «Жусан иісі»

10.04.14

Сілтеме

Оқу бағдарламасы, Жалпы білім беретін мектептің 7-сыныбына арналған оқулық.Қазақ әдебиеті Р.Құтқожина,Қ.Бітібаева,Е.Арын. Алматы «Атамұра» Алматы 2012 жыл

Интерактивті тақта. MicrosoftPowerPoint



Мақсаты

Жазушының өмірі мен шығармашылығы туралы білімдерін кеңейту. Шығарманың мазмұнын ұғындыру

Оқыту нәтижелері

Әңгімені түсініп, өз ойын еркін жеткізіп, жан-жақты талдайды. Әңгіменің мазмұнын ұғынып, өзгеге түсіндіре алады.

Негізгі идеялар

Оқушылардың шағын топтарда жұмыс істеуі арқылы бірін-бірі

оқытуын қалыптастыру, тапсырмаларды орындауда өмірдегі білімі мен білетініне сүйену, өз бетімен білім алушылық қабілетін қалыптастыру, пәнге қызығушылығын арттыру, білім- білік дағдыларының жетілуіне, әлеуметтенуіне жағдай жасау.



Тапсырма

Сұрақтарға жауап беру, салыстыру, постер салу, рефлексия жасау.

Оқыту әдістері

1.Бірлесіп ойлау,қарам –қатынасты ынталандыру үшін топтағы жұмыс.

2.«Миға шабуыл» стратегиясы. Постер қорғау.

3.Тірек сөздер.

4. «Джигсо»

5.Бірге ойлаймыз.

6.Венн диаграммасы

7.Топтастыру стратегиясы

8.БҮҮ стратегиясы

9. «Уақыт шеңбері»

10. Оқушыларды формативті бағалау

11.Жиынтық бағалау


Дерек көздері

С.Мұратбеков шығармалар жинғы, слайдтар, бейнероликтер,





Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары

Уақыты

Мұғалімнің іс- әрекеті

Оқушының

іс -әрекеті



І. Ұйымдастыру. Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу

3 мин

1.Психологиялық дайындық.

-Қазір оқушылар, бәріміз көзімізді жұмып, әдемі әуенмен ішімізден жақындарымызға, достарымызға, жанымызға жақын адамдарға денсаулық тілейік.

-Көзімізді ашамыз. Енді бұл тілекті жасырын ұстаймыз. Бұл тілектің орындалуын тілейміз.

-Қазір бір-бірімізге мақтау айтып, жақсы денсаулық жолдаймыз.

Мысалы мен: «Сіз бүгін сондай сүйкімді болып тұрсыз. Жүзіңнен күлкі кетпесін. Достарың көп болсын. ...»

Оқушылар сәлемдесіп, орындарынан тұрып, жақсы сөздер айтады.



Негізгі бөлім

Үй тапсырмасын тексеру.



3 мин

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

Өткен тақырып бойынша оқушылар білімдерін саралады



1 сұрақ:

Туған халқының сөз өнерінің төрінде «өртке тиген дауылдай» жырларымен мәңгі орын тепкен ақынды ата.

а) Ә.Тәжібаев

б) Қ.Аманжолов

в) Б.Бұлқышев

г) Қ.Мырзалиев

2 сұрақ

«Ел анасы –менің анам»... Кімнің қай өлеңінен үзінді?



а) Ә.Тәжібаев «Сырдария»

б) Қ.Аманжолов «Өзім туралы»

в) Б.Бұлқышев «Шығыс ұлына хат»

г) Қ.Мырзалиев «Кәрі қыран»



3 сұрақ

Кенжекүл, Ахмет, Жуанқұл, Дадабай, Қабасақал қай шығарманың кейіпкерлері?

а) Қ.Ысқақ «Қоңыр күз еді»

б) Ш.Мұртаза « Жүз жылдық жара»

в) Т.Ахтанов «Окоп үстіндегі айқас»

г) Б.Бұлқышев «Шығыс ұлына хат»

4 сұрақ

«Ақсақ Темір мен ақын» балладасының авторы кім?



а) Т.Ахтанов

б) Ш.Мұртаза

в) Қ Бекқожин

г) Б.Бұлқышев



5 сұрақ

Б.Бұлқышевтің «Шығыс ұлына хат» публицистикалық очергіндегі Шығыс ұлы деп атағаны кім?

а) Баубектің інісі

б) Баубек Бұлқышевтің бауыры.

в) Жауынгер жалғыз досы

г) Шығыс халықтары, ұлдары


Топтар сұрақтардың жауаптарын өзара,талқылап жауаптарын жазады






Жаңа сабақты ашу

7 мин

III. Жаңа сабақты меңгерту.

Блум токсономиясы бойынша

1.Білу: Қызығушылығын ояту:

«Миға шабуыл» стратегиясы. Конверттерге жусан өсімдігі таратылады.Бірнеше ашық сұрақтар қойылып оқушылардың сыни ойлауына жағдай жасалады.

Сұрақтар: Жусан кандай өсімдік?

Жусанға қатысты қандай аңыздар мен оқиғаларды білесіңдер?

Жусан өсімдігі туралы постер қорғалады.

Оқушылар сыни ойлау арқылы ашық сұрақтарға жауап береді.


Жаңа сабақ бойынша тапсырмалар.

7 мин

12мин


2.Түсіну: Мағынаны тану.

Тірек сөздер. (Жетімдік. Соғыс. Қайсарлық. Төзімділік. Қара қағаз. Ертегі.Жусан. Повесть.)

Тірексөздерді пайдаланып оқушыларды сыни ойлату арқылы жаңа сабақтың тақырыбы анықталады.

Жусан өсімдігіне қатысты шығарма жазған жазушыСайын Мұратбеков туралы ақпарат беріледі. Оның туған жылы, туған жері мен шығармалары туралы слайд арқылы таныстырылым жасалады.

Повестен үзіндінің қысқаша фабуласына тоқталмас бұрын ұлы отан соғысы жылдарындағы қайғы -қасірет туралы , жас балалар мен аналардың жетімдік пен жесірліктің тақсіретін тартқандығы туралы суреттер мен бейнебаяндар көрсетіледі.

Қазіргі таңдағы бейбіт замандағы жетімдердің тағдыры жөнінде ой қозғау мақсатында бейнебаян көрсетіледі.

Повестің қысқаша фабуласымен таныстырылады.



Повесть - баяндау арқылы қара сөзбен жазылған көлемі орташа ұзақ әңгіме
3.Қолдану. ЖИГСО I әдісі арқылы топтағы оқушылыр

  • Тайм- кипер

  • Бақылаушы

  • Бағалаушы

  • Хатшы

  • Басшы

  • Жүргізуші рөлдерін өзара келісіп бөліседі.

3 топқа арнайы сұрақтар беріліп топ ішінде талқыланады.

  • Оқулықпен жұмыс.

1 топқа тапсырма.

  • 1.Мәтін кім туралы? Оқиға қай кезде болған?

  • 2.Аян қандай бала еді?

  • 3.Аянның әжесі өлгендегі көңіл-күйін кітаптан оқыңдар.(192-бет)

  • 4.Балалардың «Әжесі өлгенде неге жыламайды, ей?!» деген сөзіне Аян неге назар аудармады? Қалай түсінесіңдер?

2 топқа тапсырма.

  • 1.Соғыс жылдарындағы ауыл балаларының тағдыры мен тауқыметі қандай болған?

  • 2.Аянның бақытты сәті туралы кітаптан оқыңдар. (Әкесі туралы түс көруі) 195-бет.

  • 3.Аян ауыл шетіндегі ат қораға не үшін барды? Өз ойларыңды айтыңдар.

  • 4.Ауыл балаларының Аянды жақсы көрулерінің себебі не деп ойлайсыңдар?

3 топқа тапсырма.

  • 1.Автор повесті неге «Жусан иісі» деп атайды?

  • 2.Жусан иісі арқылы жазушы оқырманға қандай ой тастайды?

  • 3.Ертегілерінің «Бір жетім бала болыпты» деп басталуының себебі неде?

  • 4.Аян мен әңгімеші баланың бойынан қандай адамгершілік қасиеттерді байқадыңдар

Рөлдерін өзара келісіп бөліседі. Арнайы сұрақтарға жауап іздейді.

Сұрақтарды топ ішінде

талқылайды.

Топтағы сұрақтар топ ішінде талқыланғаннан соң әр топтағы жүргізуші рөліндегі оқушыкелесі топтарға барып өз сұрақтарының шешімдері бойынша түсіндіреді.

Қалған рөлдегі оқушылар орындарында отырып келесі топтан келген жүргізушінің

мәліметтерімен танысып, міндеттерін атқарады.
ЖИГСО I әдісі арқылы оқушылар мәтіннің мазмұнымен танысады. Бірін- бірі формативті бағалайды.





5 мин

ІV. Талдау.

ІІІ топқа тапсырма

1-топ: Аян мен әңгімелеуші баланың бейнесін салыстырады. Екекуінің ұқсастығы мен айырмашылығын көрсетіп, топтастырды.

2-топ: Оқушылар шығарманы «БілетнімҮйренгенімҮйренгім келеді» стратегиясы бойыша топтастырды.

3-топ: Сайын Мұратбеков туралы алған мағлұматтарын топтастыру арқылы айтады.

Берілген тапсырмалар бойынша постер қорғайды




4 мин

V. Жинақтау

6. «Уақыт шеңбері» Үдеріске барлық оқушы қатысады.




Оқушылар шеңбер жасай отырып тақырыпқа қатысты білгендерін, түсінгендерін бір сөйлем арқылы кезектесіп айтады

Бағалау

2 мин

VІ.Бағалау.

Сабақ соңында бағалау өлшемдері белгіленген кестеге сәйкес оқушыларды жиынтық бағалаймын.

Бағалау:


  1. Критерий бойынша бағалау.

2. Жиынтық бағалау

Топ басшысы бағалап отырады.



Кері байланыс







Стикер тарату

Сабақ қорытындысы ретінде рефлексия жасаймын.



Бүгінгі сабақта

Оқушылар сабақтан алған әсерлерін жазады



Үйге тапсырма:

2 мин

1.Шығарманы оқу

2.«Туған жерге сағыныш» тақырыбына эссе жазу.






Каталог: ld
ld -> Шпаргалка на казахском языке по истории Казахстана 100 м қашықтыққа ұшатын, орақ тәрәздә құрал-бумеранг
ld -> Қош келдіңіздер!
ld -> Қазақ әдебиет пәніне тест сұрақтары
ld -> Сабақ: ана тілі Тақырыбы: Ахмет Байтұрсынұлы «Әліпенің атасы»
ld -> Қазақстан тарихы бойынша Ұбт шпаргалкалары а а. Иманов көтерiлiс отрядтарын қаруландыру үшiн – қару-жарақ шығаруды ұйымдастырды
ld -> Ақтқбе облысы Байғанин ауданы №3 Қарауылкелді орта мектебі
ld -> Сабақтың тақырыбы: Ы. Алтынсарин "Өзен" Мұғалімі: 3 "
ld -> Әнші- ақындар шығармашылығы
ld -> Есмағамбет Ысмайлов Баласы Қожағұлдың Біржан салмын, Адамға зияным жоқ жүрген жанмын
ld -> Өмірбаяны Хронология Қорытынды пайдаланған әдебиеттер


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет