Бір өлшемді массив



Дата11.05.2022
өлшемі13,96 Kb.
#142329
түріСабақ
Байланысты:
document name (1)



Автор: Молдабекова Дина Карлыбаевна
Пән: Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар/Информатика
Сынып: 9-класс
Бөлім: Python (пайтон) программалау тіліндегі алгоритмдерді программалау
Тақырып: Бір өлшемді массив

Бір өлшемді массив

Барлық оқушылар: Python тілінде деректер типін,түрін,операторлар қызметін білу Басым оқушылар: программаны өңдеудің кіріктірілген ортасында бір өлшемді массивті қолдана отырып программаны құрастыру Кейбір оқушылар: массивтерді тәжірибеде қолдана алу

Сабақ барысы


Сабақ кезеңдері

Жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Бір өлшемді массив

Сабақ жоспарлау үлгісі Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы Мектеп:Шұбарқұдық гимназиясы Күні:Мұғалімнің аты-жөні: Молдабекова Дина Қарлыбайқызы Сынып: 9 Қатысқандар: 12 Қатыспағандар:0 Сабақтың тақырыбы: Бір өлшемді массивтер Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары(оқу бағдарламасына сілтеме) 9.3.3.1.программаны өңдеудің кіріктірілген ортасында бір өлшемді массивті қолдана отырып программаны құрастыру Сабақтың мақсаты: Барлық оқушылар: Python тілінде деректер типін,түрін,операторлар қызметін білу Басым оқушылар: программаны өңдеудің кіріктірілген ортасында бір өлшемді массивті қолдана отырып программаны құрастыру Кейбір оқушылар: массивтерді тәжірибеде қолдана алу Бағалау критерийі -бір өлшемді массивті қолдана отырып программаны құрастырады - Python тілінде деректер типін,түрін,операторлар қызметін біледі Тілдік мақсаттар Пәнге тән лексика және терминология: Массив,Индекс,Деректер типі,шарт,егер-онда-әйтпесе,если-то-иначе,if-then-else . цб,цс,сабақ,жол,тізім-список-list Бірөлшемді массив-одномерный массив -one dimensional array Құндылықтарға баулу Тарихтың, мәдениет пен тілдің біртұтастығы. Барлық ұлттың тілдерін дамыту үшін жағдай жасау, үштілділік қағидатын енгізу Пәнаралық байланыс Математика-есеп шығару,физика-Жол тақырыбы Ағылшын тілі-ағылшын тілінде терминнің айтылуы,орыс тілі – орыс тіліндегі терминнің айтылуы Алдыңғы білім Массив ,бір өлшемді массив,екі өлшемді массивке мысалдар көрсете алады Сабақ барысы Сабақтың жоспарланған кезеңдері Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері Ресурстар Сабақтың басы 4 минут Топқа бөлу.Түстер тренингін жасай отырып,Геометриялық фигуралар кеспесі арқылы топқа бөлу.Фигуралардың артында бір-бір сұрақ жазылған. Үй жұмысын пысықтау. Мақсаты:ауызбіршілікте болу,өз ойларын қорыта жеткізу Нұсқаулық: Фигуралардың артындағы сұрақтарға жеке-жеке жауап береді,3 топқа бөлініп отырады. Қалыптастырушы бағалау. Жарайсыңдар Түрлі түсті геометриялық фигуралар кеспесі Сабақтың ортасы 5 минут (5 минуттан 15минут) 3 минут 5 минут 5 минут Жаңа сабаққа кіріспе. Массив,Индекс ,Деректер типі. Саралау тапсырмалары: Массив тақырыпшасы...айтылым Индекс тақырыпшасы...айтылым Деректер типі тақырыпшасы...айтылым Топтық жұмыс Мақсаты:Әр топ өздеріне берілген тақырыпшасын ашып,постер қорғау.(топтық жұмыс) Қалыптастырушы бағалау. Үш шапалақ әдісі. Сергіту сәті Масаны ұру. Мақсаты:Әр топтан бір оқушы тақтадағы масаның суретін ұру арқылы мұғалімнің айтқан қазақша сөздің орысша,ағылшынша терминін айтып жарысу. Қалыптастырушы бағалау. Бес саусақ әдісі Ойлан-жұптас-бөліс Жұптық жұмыс.Әр топтың өзі екі жұппен жұптасып жауап береді.Кеспе түрінде -Массив деген не? -Массив қалай жарияланады,қалай форматталады? -массивтің қандай типтері бар? -индекс және массив арасындағы байланыс -массивтердің берілуі қысқаша қалай сипатталады -бірөлшемді массив пен екі өлшемді массивтің айырмашылығы Түртіп алайық әдісі .Тапсырманы дәптерге орындау.Жеке жұмыс. Array массивінде операцияны орындаңдар: 10 элементтің саны бар load типтегі массивті жариялап және оған нөлдік бастапқы мәндерді тағайындаңдар. Нұсқаулық : Дәптерге орындап болған соң тақтадағы жауаппен салыстыру. (Оқушылардың ақпаратпен жұмыс істеу дағдыларын дамыту белсенді оқу әдісі) Ой қорытайық жұмысы. Семантикалық карта. Нұсқаулық:Барлық оқушылар картаны толтыру керек. (сабақты түсінгенін, түсінбегенін анықтауға болады) Қалыптастырушы бағалау.От шашу әдісі А3 форматы,маркерлер,стикерлер,шапалақ, (Білім лендтен ссылка алуға болады) суреті Сабақтың соңы 2 минут Кері байланыс түрі-Блоб ағашы Мақсаты:Оқушылар бүгінгі сабақты қай деңгейде түсінгені туралы белгі беру Нұсқаулық :Ағаштағы адамдарды санмен белгілеп,оқушылар өздері осы ағаштың қай жерінде тұрғанын айтып беру Үйге тапсырма : « Массивтерді тәжірибеде қолдану»интернетті пайдаланып слайд жасау Саралау – Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз? Критериалды бағалау - Тапсырма тәсілі(Оқушылардың қажеттіліктеріне қарай (көмек керек пе, әлде күрделі тапсырмалар беру керек пе) түрлі кестелерді немесе жаттығулар мен тапсырмаларды жасауі) - Диалог және қолдау көрсету тәсілі( кейбір оқушыға тапсырманы орындау барысында жан-жақты әрі нақты көмек қажет болады.Бұл әдісті қолдану барысында сөзбен қолдау көрсету және ынталандыру да маңызды роль атқарады.) -Жіктеу тәсілі (-Джигсо топтары -ұйымшыл топ ) -Бағалау тәсілі(-оқушылар үнемі бағаланып отырады,осылайша педагогикалық қызметпен саралаудың басқа да түрлері оқушылардың қажеттіліктеріне қарай үнемі түзетіліп отырылуы мүмкін).Осы тәсілдерді қолдану арқылы біз пәнді оқытудан оқушыны оқытуға жылжи аламыз. Дискриптор: -массив,массив типтерін қолдана алады -бір өлшемді массивті екі өлшемді массивтен айыра алады. -массивтерді практикада қолдана алады. Бағалау парағы (әр топ басшысына беріледі)


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет