Бірінші мамыр жалпы орта білім беретін мектебі Бастауыш Түзету-дамыту сынып мұғалімі: Байшенов А. Н баяндама тақырыбы: Ерекше балалармен жүргізілетін түзету – дамыту жұмыстары. Жаңа көзқарас. Мақсаты



бет1/4
Дата26.12.2022
өлшемі23,59 Kb.
#164426
  1   2   3   4
Байланысты:
Байшенов А.Н инклюзив баяндама
График проведения Нұржан крп, Игровая деятельность детей, Ресурс 7.5 Елдердің әлеуметтік-экономикалық даму деңгейінің көрсеткіштері., демо 4, 7.2.1.2- географиялық номенклатура нысандарын картадан көрсетеді 7 сынып ҚМЖ, 9.12, 9.11 Каз. орографиялык нысандары, 9.15, Геог. және Жарат. 3-күн, Ресурс 7.3 Әлемдік экономиканың кеңістіктік модельдері, Ресурс 6.3 Географиялық кеңістік, Ш.Уәлиханов «Ыстықкөл күнделігі», экология өмір қауіпсіздігі, оқушылардың физиологиялық және психологиялық дамуы

Бірінші мамыр жалпы орта білім беретін мектебі
Бастауыш Түзету-дамыту сынып мұғалімі: Байшенов А.Н
Баяндама тақырыбы: Ерекше балалармен жүргізілетін түзету – дамыту жұмыстары. Жаңа көзқарас.
Мақсаты: Психикалық дамыуы тежелген және тіл мүкістігі бар балалармен түзету жұмыстарын жүргізу, әлуметтік ортаға бейімдеу, қоршаған ортаның және ата аналардың көз қарасын оңарту


Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында «Білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау; оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» делінген.  Осыған байланысты қоғам алдында оқушының жеке басын үйлесімді дамытуға бағытталған міндеттер қойылып отыр.Еліміздің әрбір болашақ азаматын жан-жақты тәрбиелеп, білім беру арқылы дамыту ең жауапты іс.
Жалпы орта білім беретін мектептерде үлгерімі төмен балалар тобында психикалық дамуы тежелген (ПДТ) балалар кездеседі. Осы жайында жалпы түсінік бере кетсем...
Психикалық дамудың тежелуі – бұл баланың интеллектуалды қабілетінің жасына сәйкес келмеуі. Баланың психикалық дамуының тежелуінің негізгі себептері түрлі болуы мүмкін. Бұл жағдайдың негізгі себебі бала миының әлсіз түрдегі органикалық зақымдануы немесе іштен туа біткен, туылу кезінде және өмірінің бастапқы кезеңдерінде болған жағдайлар, негізгі әлеуметтік жағдайы, нашар көруі, құлақ ауруы тағы да басқа себептерден болуы мүмкін.
Психикалық дамуы тежелген балалар дегеніміз – оқу бағдарламасын меңгеруде қиындықтарға кездесетін үлгермеуші балалар. Мұндай балалар білімі мен дағдыларына, тұлғалық жетімділігіне мінез-құлқына байланысты мектепте оқуды бастауға дайын емес. Олар оқуда көп қиыншылықтар көреді: мектепте орнатылған тәртіп нормаларын сақтау оларға аса қиын, соның салдарынан олар тез шаршайды, жұмысқа қабілеті төмендейді, бастаған жұмысын аяқтамайды. Бұл балалардың оқу үлгерімі ерекшеліктеріне келетін болсақ, бұл балалардың оқуға үлгермеушілігі 1-сыныптан бастап көріне бастайды. Бірақ анық белгілері 2-3 сыныпта белгілі болады.

берілген тапсырманы мұғалімнің көмегінсіз орындай алмайды;




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет