Сабақтың нөмірі: 11 Сабақтың тақырыбы: Қазақстанның басты орографиялық нысандары Қазақ оронимдері



бет1/2
Дата26.12.2022
өлшемі0,8 Mb.
#164416
түріСабақ
  1   2
Байланысты:
9.11 Каз. орографиялык нысандары
График проведения Нұржан крп, Игровая деятельность детей, Ресурс 7.5 Елдердің әлеуметтік-экономикалық даму деңгейінің көрсеткіштері., демо 4, 7.2.1.2- географиялық номенклатура нысандарын картадан көрсетеді 7 сынып ҚМЖ, 9.12, 9.15, Геог. және Жарат. 3-күн, Ресурс 7.3 Әлемдік экономиканың кеңістіктік модельдері, Ресурс 6.3 Географиялық кеңістік, Байшенов А.Н инклюзив баяндама, Ш.Уәлиханов «Ыстықкөл күнделігі», экология өмір қауіпсіздігі, оқушылардың физиологиялық және психологиялық дамуы

География пәні бойынша 9 - сынып оқушысының өзіндік жұмысының жоспары
I тоқсан
Сабақтың нөмірі: 11
Сабақтың тақырыбы: Қазақстанның басты орографиялық нысандары
Қазақ оронимдері
Мақсаты: 9.3.1.2 басты орографиялық нысандарды сипаттайды
9.3.1.3 қазақ оронимдерін жіктеп, мағынасын түсіндіреді және транслитерациясын үш тілде ұсынады

Қысқаша конспект


Орография (грек. oros-тау, grafo-жазамын) жер бедерінің ірі формаларының, олардың географиялық жағдайының аумағы мен абсолюттік және салыстырмалы биіктіктерінің, беткі жағдайының сипаттамасы.
Орографиялық жағынан қазақстан территориясының оңтүстік-шығыс бөлігінде орта және биік тау жүйелері (Тянь-Шань, Сауыр-Тарбағатай, Алтай), орталық бөлігін аласа таулы, ұсақ шоқылы денудациялық жербедер (Сарыарқа, Шу-Іле таулары), оңтүстік-батысы мен батыс бөліктерін ойпатты жазықтар (Каспий маңы, Тұран ойпаттары), солтүстігі мен солтүстік-шығысын жазықтар (Батыс Сібір жазығы) алып жатыр. Жаратылысы, көнелігі, қалыптасуы жөнінен бір-бірінен өзгеше болып келетін орографиялық бірліктердегі жер бедері де алуан түрлі болады. Біздің елімізде және Қытай мен Қырғызстаннның түйіскен жерінде Хан Тәңірі шыңы орналасқан (6995м). Қазақстанның оңтүстік батысында Қарақия ойысы(-132 м) созылып жатыр.
Жазықтар республика жерінің 85%, 15 % таулар алып жатыр. Таулар ел аумағының 1/10 бөлігін алып жатыр. (Тянь-Шань, Жетісу Алатауы, Алтай, Сауыр және Тарбағатай)
Еліміздің жер бедерінің ерекшеліктері:

  • Елімізде барлық биік сатылары-ойпаттардан тауларға дейін бар;

  • Аумағы бойынша жазықтар басым;

  • Еліміздің жер беті оңтүстіктен солтүстікке, шығыстан батысқа қарай еңіс;

  • Жер бедерінің маңызды элементтерін-ірі тауаралық ойыстар-Балқаш-Алакөл, Жайсаң, Іле ойыстары құрайды.

Ороним-жер бедеріндегі кез келген нысанның өзіндік атауы. Қазақ оронимдері ұлттық географиялық терминдерге индикатор сөзді жалғау арқылы пайда болды. Индикатор болса, нысанның елеулі белгілерін анықтайды.
Қазақ оронимдері тілдік ғылымдар тұрғысынан арнайы зерттелген; орографиялық терминдерге географ ғалымдар Ғ.Қоңқашбаев, Г.Ц.Медоев, Э.М.Мурзаев еңбектерінде көрнекті орын берілген.

Қарқара (Каркара, Karkara)

Әйелдердің шашақты бас киімі-халықтың географиялық термині. Қара сөзі жалғыз төбе, тау деген мағына

Бетпақдала (Бетпакдала, Betpakdala)

Табиғат жағдайының қолайсыз болуына байланысты аталған

Үстірт (Устирт, Ustirt)

«үст»-тегіс, жайпақ, «үрт»-жазық

Белуха (Белуха, Belukha)

Мәңгі қар мен мұз жамылғысы көмкергендіктен атаған. Алтайдың шыңы

Сораң (Вершина, Soran)

Шың. Сарыарқаның батыс бөлігіндегі орналасқан биік тау.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет