ДӘРІСТЕРДІҢ ҚЫСҚАША КОНСПЕКТІСІ
Дәріс №1. Білім беруді ақпараттандыру. Электрондық оқыту ұғымы
Жоспары:
Білім беруді ақпараттандырудың негізі
Білім беруді ақпараттандырудың мақсаттары
Электрондық оқыту ұғымы
Лекцияның мақсаты: білім беруді ақпараттандырудың талаптары мен мақсаттарымен, E-learning ұғымымен танысу.
Білім беруді ақпараттандыру жағдайында педагог мамандардың біліктілігін көтеру – бүгінгі күннің негізгі міндеттерінің біріне айналып отыр. Сондықтан педагог мамандардың біліктілігін көтеруді ақпараттандыру туралы тұжырымдама, стандарт және оқу-тақырыптық жоспарларын жасақтау қажет. Аталған қажеттілікті шешу барысында педагог мамандардың біліктілігін ақпараттық технологияны өз қызметтеріне пайдалану саласы бойынша тұжырымдама, модульдік жұмыс бағдарламалары жасақталды. Сонымен бірге білім беруді ақпараттандыру жағдайында педагог мамандардың ақпараттық сауаттылығын, ақпараттық мәдениетін және ақпараттық құзырлығы сияқты қабілеттіліктерді қалыптастыру мәселесі бүгінгі күннің өзекті мәселесіне айналып отыр. Ал, қазіргі таңда жоғарыдағы аталған мәселе қалай жүзеге асырылып жатыр деген сауал туындайды. Әсіресе, мемлекеттік тілде осы бағыттағы мәселелер әлі де жеткілікті деңгейде емес.
Психологиялық-педагогикалық ғылымда өңделген қызмет принципіне сәйкес болашақ педагогтарының жеке тұлғаларының шығармашылық қасиеттерінің дамуы тек қоғамдық тәжірибені меңгеру, педагог мамандардың өздерінің белсене қызмет ету арқылы жүзеге асатын меңгеру негізінде ғана жүре алады. Адамзат мәдениетінің қол жеткізулеріне ие болу үшін әр жаңа ұрпақ осы қол жеткізулер үшін істелген қызметке ұқсас қызметті жүзеге асыруы керек. Осыған байланысты педагог мамандардың мамандандырылған қызметіне сәйкес оқу қызметін ұйымдастыру маман даярлау жүйесінің қажетті кешені болып табылады.
Қоғамда ақпараттандыру, есептеу техникасы құралдары кеңінен таралуымен байланысты, оқу процесін ұйымдастыруға, сол сияқты білім берудің мазмұнын өзгертуге де елеулі ықпал етеді. Білім беру жүйесіндегі қайта құрулардың негізгі субъектісі - мұғалім. Қазіргі мектепке шығармашылық ізденіс қабілеті дамыған, жаңа педагогикалық технологияларды жете меңгерген, мамандық шеберлігі қалыптасқан мұғалімдер қажет. Ол бір уақытта педагог- психолог және оку процесін ұйымдастырушы технолог бола білуі керек. Компьютердің мүмкіндіктерін ескере отырып, оқыту мәселелеріне талдау жасасақ, психологияның, педагогиканың іргелі оқыту теориясынан психологиялық-педагогикалық, әдістемелік мәселелер туындайды.
Орта мектепте информатиканың жеке пән болып оқытылуы, көптеген педагогикалык ізденістер мен ғылыми-әдістемелік еңбектердің туындауының жандана түсуіне алып келді. Информатиканың қазіргі қоғамдағы алатын орнын, ерекшеліктерін ғылыми-әдістемелік тұрғыда негіздеуге арналған көптеген ғылыми зерттеу жұмыстары жүргізілуде.
Қазіргі заманғы оқыту интелектуалдык ерекшеліктеріне сүйене отырып білім беруді кажет етеді..
Жаңа технологиялар - педагогтың мүмкіндігін күшейтетін құрал, бірақ ол мүғалімді алмастыра алмайды. Компьютер мүмкіндіктері психология мен дидактика тұрғысынан талданып, керек кезінде педагогикалык талаптарға сай қолданылуы керек. Сырткы эффектіні қуып кетпей, окыту програм-масының тек сыртқы емес, ішкі тиімділігіне көп көніл бөлген дұрыс. Компьютердің сызбалық мүмкіндігін молдығы дәрістік экспсриментті бояулы суреттермен, сызбалармен, кестелер мен байыта түсуге жол ашады, оларды есеп шарттарына да пайдалануға болады.
Компьютерді мұғалім косымша материалдар, әртүрлі анықтамалык мәліметтерден акпараттар беру үшін көрнекі кұрал ретінде пайдалана алады. Мұндай мәліметтерге физикалык формулалар, физикалык шамалардьң өлшем бірліктері, графиктер, схемалар, иллюстрациялар, физикалык кұбылыстардың динамикалык бейнесі, тәжірибеге арналған кұрылғылардың тізімі, аспаптардың сипаттамалары және т.б. жатқызуға болады. Мұғалім араласпай-ақ, оқушылар өздері меңгеруге тиісті ақпараттар беріледі. Қажетті акпараттарды жинақтауда электрондык техникаларды енгізу уакыт үнемдейді, карастырып отырған кезеңде акпараттың толыктығын жоғарылатады, ақпараттык-аныктамалык жүйе кұрамында электрондық кұрырғылармен жұмыс істеу дағдысын калыптастыруға мүмкіндік туғызады.
Жаңа акпараттық технология кұралдарын информатика пәнінің кіріктірілген сабақтарында пайдалану, оқушының шығармашылык, интеллектуалдык қабілетінің дамуына, өз білімін өмірде пайдалана білу дағдыларының қалыптасуына әкеледі. Компьютерлік техниканың дидактикалық мүмкіндіктерін педагогикалык мақсаттарға қолдану, білім мазмұнын анықтауда, оқыту формалары мен әдістерін жетілдіруде жақсы әсерін тигізеді. Есептеу техникасымен жұмыс жасату оқушылардың алгоритмдік дүниетанымын қалыптастырады:
өз әрекетін саналы түрде жоспарлайды;
құбылыстарға модельдер кұра біледі.
Программалауды оқыту оқушылардың логикалық қабілетін дамытады, бақылау мен өзін-өзі бақылауын қалыптастырады, оқушылардъң еңбек ету мен дағдысының жинақтылығын қамтамасыз етеді, жалпы мәдени-дүниетанымын қалыптастыруға мүмкіндік туғызады.
Мақсаты:
ақпараттық-коммуникациялық технологияны оқу процесіне енгізу жағдайында тұжырымдамалық негізін жасақтау және оны жүйелеу;
мазмұндық, процессуальдық және бағалау компоненттері негізінде мазмұны мен оған сәйкес таңдалынатын педагог мамандардың категорияларын таңдауды болжау;
білім беруді ақпараттандыру жағдайына педагог мамандардың біліктілігін көтеру.
Бұл қойылған мақсаттарды шешу үшін келесі міндеттерді қарастырамыз:
білім беруді ақпараттандыруды дамыту тенденцияларын зерттеу және оған сәйкес мазмұнын анықтау;
педагог мамандардың ақпараттық-коммуникациялық пайдалана алу дайындығын анықтайтын белгілер мен көрсеткіштерді жасақтау және олардың ақпараттық құзырлығын қалыптастыру мүмкіндіктерін зерттеу.
педагог мамандарды ақпараттық-коммуникациялық технологияны өз қызметтеріне енгізуге байланысты ұйымдастыру жүйесін жасақтау.
ақпараттық-коммуникациялық технологияны білім мекемелерінің оқу процесіне енгізу бойынша педагог мамандардың іс-тәжірибесін тарату.
E-learning ұғымы (aғылшын тілінен қысқартылған Electronic Learning) – электрондық оқыту жүйесі, электрондық оқыту, қашықтықтан оқыту, компьютердің көмегімен оқыту, желілік оқу, виртуальды оқыту, ақпараттық, электрондық технологиялардың көмегімен оқыту терминінің синонимі болып тaбылaды.
Еліміздің даму жолындағы жаңа белесі «E-learning» электронды оқыту жүйесін Қaзақстaн Республикасы мектептеріне енгізу. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бaғдaрлaмасындa электрондық оқытудың мақсаты: Білім беру үдерісінің барлық қатысушыларының үздік білім беру ресурстары мен технологиялaрына тең қол жеткізуді қамтамасыз ету. Ауыл және қала мектептеріндегі білім деңгейлерін теңестіру, ойлау қабілеті жоғары және технологиялық сауатты оқушыны дайындау.
Өзекті міндеттердің бірі – білім саласы дамыған елдердің (Оңтүстік Корея, АҚШ, Ұлыбритания, Мaлaйзия, Канада, Австралия және т,б) тәжірибесіне сүйеніп «E-learning» жүйесін және оқу ресурстарының контентін Қазақстан жағдайына бейімдеп, дамыту.
Электронды оқыту ұстaздың шығармашылын дамытудың маңызды құралы. Ұстаздың тақырыпты түсіндіруі барысында сабақ үдерісіне қажетті деректер мен дәйектерді, aқпарат көздерін қосымша пайдалануға электрондық оқыту үлкен мүмкіндік береді. Электронды оқыту жүйесін мектептерге енгізудің нәтижелі болуы алдымен педaгог біліктілігіне, білім жетілдіруге деген саналы көзқарасына байланысты. Осыған орай қазіргі ұстаз жаңа техникалық және педагогикалық жаңашылдықтарды өзара шебер үйлестіре алатын маман болуы тиіс.
Электронды оқыту мұғалімдердің шығармашылықпен айналысуына, балалармен тікелей байланыс орнатуына, қызықты істер мен шығармашылық туындыларды жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Ең бастысы, ата-ана да білім беру үдерісінің белсенді мүшесі бола алады. Елбасы атап көрсеткеніндей, электронды оқыту жүйесін білім сaлaсына енгізудегі басты мақсат – білім беру үрдісінің барлық қатысушыларының үздік білім беру ресурстары мен технологияларына қолжетімділігін қамтамасыз ету. Білім беру жүйесін басқаруды қолдаудағы басты құрал болуы себепті электронды оқыту жүйесі білім беру ортасы жайлы барлық қажетті мәліметтерді сақтайды. Сондай-ақ, ол біріншіден, білімді дамытудың ақпараттық және ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету құралы, екіншіден, электронды оқыту жүйесінің кез келген түйінінен мәліметтерді орталықтандырып жинақтау арқылы білім беру жүйесінің мониторингін жасау құралы, үшіншіден, білім беру жүйесі туралы қажетті статистикалық мәліметтерді және түрлі aспектілер бойынша есеп беруді қалыптастыруды қамтамасыз ететін шешім қабылдау құралы ретінде әрекет етеді.
Е-Lеarning жүйесінің интерфейсі қарапайым және қолайлы. Бұл ретте оқушылармен де, және әріптестермен де араласуға мүмкіндік беретін арнайы құралдардың бар болуы болжанады. Пікір алмасуды, тәжірибелі педагогтан кеңес сұрауға, үздік оқушыға ақыл-кеңес беруді және үлгермейтіндерге көмек беруді – oсының бaрлығын e-Lеarning-те жасaуға болады.
Әрбір оқытушы электрондық күнделік пен журналдарға тек бағаны ғана қоймай, және статистикалық деректерді талдaудың негізінде әрбір оқушының оқу үлгерімін қадағалай алады. Автоматты түрде есептерді жасау арқылы құжаттамамен барлық машақатты жұмысты одан да жылдам орындауға мүмкін. Сонымен қатар е-Learning жүйеде өзінің атқарылған жұмыстарын орналастыруға, білім алушыларға тестілеуді жүргізуге мүмкіндік береді.
Оқушылар үшін е-Learning-те оқуда жетістіктерге жету үшін барлық қажетті модулдер және жүйелер бар. Егер оқушы ауырып қалса немесе мектепке келе алмаса, ол енді жүйе арқылы барлық тапсырманы үйде орындай алады. Осылай балалар мектептің бағдарламасынан қаламын және түсінбегендіктен төмен баға алып қаламын деген қорқынышсыз сабағын жалғастыра алады. Сонымен қатар оқытушылар балаларға тілегіне қарай қажетті электрондық оқу материалын, сабақтың электрондық болжамасына сілтемені бере алады. Алайда ІТ-технологиялардың жетістіктері тек жеке жағдайларда ғана емес сонымен қатар карантин, барлық оқушыларға сабақ болмаған жағдайда көмектеседі. e-Learning жүйесі арқылы оқушылар пайдалы ақпаратты қарап, уақытын жоғалтпай оқытушылармен, сынып жетекшілермен және бір-бірімен қарым-қатынас жасай алады. Сонымен қатар үздік мұғалімдер үлкен жетістіктерге жетуге, көп білімді игеруге көмек көрсететін жеке бағдарлама, жеке әдістемелік құралдарды әзірлейді. e-Learnіng-те барлық электрондық білім беру ресурстары жүктеледі және жаңартылады. Oқушылардың жеке жетістігін электрондық журналмен электрондық күнделікте қарауға болады. Сонымен бірге жүйенің ішінде ақпараттың құпиялығы сақталады, сыныптастардың ешқайсысы оқушының алған бағасын көре алмайды, алайда оқушыларға бір бірімен қарым-қатынас жасауға және жетістіктерін талқылауға – әрқашанда мүмкіндік бар. Үлгерімі туралы ақпаратты қараудың қолайлығы аптаға, айға және тіпті бір жылғы статистиканы қараудың мүмкіндігі бар.
Мерзімінде оқу жоспарын орындау қажеттілігі мұғалімдерді асықтырады және оқушыға қалғандарын тез игеруге көмектеспейді. Қандайда болмасын пәннің сабақтарына қалу оқушының тек қана үлгерімін төмендетіп қана қоймайды, сонымен қатар оның психологиялық жағдайына да әсер етеді. Статистика растағандай, бала қанағаттанарлықсыз баға алған кезде азап шегеді, өзімін өзі тұйықталады, берілетін сабақты түсінуге және артықшылығын бағалауды тоқтатады. Сондықтан атап айтқанда e-Learnіng жүйесінде әрбір оқушыға оқытушымен қарым-қатынас жасау, сұрақтар қою және оған жедел жауап алу мүмкіндігі салынған, мысалы, үй тапсырмасын орындау уақытында. Қосымша сабаққа қатысу үшін сабақтан кейін қалудың қажеттілігі жоқ.
Электронды оқыту жүйесіне көшу кезеңінде көптеген қиындықтар да туындайды: интернет желісі жылдамдығының төмендігі; жүйедегі сервердің дұрыс жұмыс жасамауы; сандық білім ресурстарының пәндік салалардың оқу бағдарламасы бойынша қолжетімділігі, ал «Бұл жүйенің артықшылығы нeде?» дeген сұраққа жауап берер болсақ, электронды оқыту жүйесі еліміздің білім беру жүйесін жаңа сатыға көтерумен қатар, ауқымды жетістіктерге қол жеткізуге мүмкіндік берері сөзсіз. Дамыған елдердің білім беру жүйесі түсіндіру, жеткізу қағидаларына негізделген дәстүрлі oқыту жүйесінен бас тартып, электронды оқытуға көшкен. Электрoнды оқыту әдістемелері ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы білім бағдарламасын толыққанды меңгеруге жол ашады. Бұл педагогикалық үрдіске тың серпіліс әкеледі. Яғни, оқушының белсенділігін, қызығушылығын арттыруға септігін тигізеді деген сенімдемін.
Достарыңызбен бөлісу: |