Дәріс №4. Білім берудің интернет порталдары
Жоспары:
Интернет портал
Ақпараттану деңгейлері
Портал түсінігі, оның құрылымы
Ақпараттық-білім беру ресурстары
Лекцияның мақсаты: Интернет портал түсінігімен танысу, оның құрамын қарастыру, ақпараттық-білім беру ресурстардын тараушаларымен танысу
Заманның жаңа даму сатысында білім беру жүйесі қоғамның жаңа экономикалық саясат, әлеуметтік және интеллектуалдық деңгейіне сай келуі тиіс. Осыған орай білімнің мақсаты, мазмұны және оны оқыту тәсілдері қайта қаралып, оқу жүйесін реттеу, ұйымдастыру мәселелері зерттеліп, өз шешімін табуды қажет етеді.
Жаңа адамды тәрбиелеу мен оқытуда жоғары оқу орнының алатын орны ерекше.Оның қызметі үнемі дамуда. Жаңа заман талаптарына сәйкес жоғары оқу орнының дамуы көптеген қоғамдық-әлеуметтік мәселелерді шешуді қамтамасыз етуі керек.
Жоғары оқу орныны бұл білім беру қызметтерін ұсынып, ғылыми зерттеулер жүргізіп және де мамандардың біліктілігін арттыруын қамтамасыз ететін оқу-ғылыми кешен. Жоғары оқу орнының дамуының негізгі ресурсі ақпарат және ол ортақ стратегиялық мақсат пен мүдделерге қол жеткізуге бағыт-бағдар беріп отырады.
Оқу процесін ұйымдастыруда және жоғары оқу орнын басқаруда ақпараттық технологиялардың алатын орны ерекше.
Ақпараттық технология ақпаратты алу, жинау, өңдеу, тарату және ақпарат құралдарын жетілдіру туралы білім, әдіс, амал-тәсілдердің жиынтығы.
Ақпараттық технология – белгілі бір объектінің, үрдістің немесе құбылыстың жай-жапсары туралы ақпарат алу үшін мәлімет жинаудың, өңдеудің және таратудың құралдары мен әдістерін пайдалану үрдісі.[2]
Ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы жоғары оқу орнының құзырында бар және глобальды компьютерлік желілерде орналасқан ақпараттық ресурстарды алуға, оқу процесі барысында әрбір студенттің үлгірімін қадағалап отыруға мүмкіндік туады.
Жоғары білім беруді ақпараттандыру дегеніміз – жоғары оқу орындарындағы оқыту, ғылыми-зерттеу мен тәрбиелеу ісінің психологиялық-педагогикалық мақсаттарын жүзеге асыру бағытында замануи жаңа ақпараттық технологияларды жасау және пайдалану жұмыстарының теориясымен, тәжірибесімен қамтамасыз ету.
Қазіргі кезде жоғары білім берудің ақпараттану деңгейлері:
1)Көптеген жоғары оқу орнының материалдық-техникалық базалары бай, Internet желісіне қосылуға мүмкіндік туғызатын талшықты-оптикалық байланыс тізбектері жүргізілген және ақпараттық-білім беру және әдістемелік ресурстарын пайдалану мүмкіндіктері бар.
2) Жоғары оқу орынындағы мамандар өз саласының шеберлері ғана емес, сонымен қатар ақпараттық технологиялар, оқыту әдістемесі саласынан да білікті маман болып келеді.
3) Жоғары оқу орынындағы оқу қызметін ұйымдастырудың өзіндік ерекшеліктері бар. Білім беруді ұйымдастыру барысында жоғары оқу орнының құрылымының күрделілігін, оқу процесі мен ғылыми зерттеулердің байланысын, жоғары оқу орны құрылымының тармақталуы ескерілген.
Ақпараттанудың әрі қарай дамуы жергілікті және университеттік ақпараттық-транспорттық желілердің, ақпараттық жүйелердің және білім беру бағдарлама қорларының бірігуі негізінде ақпараттық кеңістікпен тығыз байланыста болатын кешенді мәселелерді шешуін талап етеді. Негізгі проблемалар ретінде төмендегілерді атап өтуге болады:
1) Жоғары оқу орнының бірыңғай ақпараттық кеңістігін жасау, яғни барлық әкімшілік-шаруашылық қызметтерді, кітапханаларды, оқу бөлімшелерін компьютерлендіру, жергілікті, ауқымды және халықаралық желілерге қостыру.
2) Жоғары оқу орнының құрылымдық бөлімшелерін басқарудың жинақталған автоматтандырылған жүйесін жасау.
3)Студенттердің өздігінен білім алуына мүмкіндік беретін жаңа ақпараттық технологиялар негізінде арнайы және әмбебап оқу-әдістемелік кешендер жасау.
Қазіргі таңда жоғарыда аталған мәселелердің тиімді шешімі ретінде порталды технологияны қарастырғанымыз жөн. Порталды технология деп отырғанымыз бірыңғай ақпараттық кеңістік дамуы мен ақпараттық ресурстарды ұйымдастыруды қамтамасыз ететін құрал.
Портал-бұл шапшаң қатынау қасиетіне ие желілік телекоммуникациялық торап болып табылады. Алғашқы ақпараттық порталдар 1994-1995 ж.ж. шыға бастады, бұған себепші болған Интернет желісіндегі коммерциялық сайттардың пайда болуы болды. (мысалы Yahoo, AltaVista, Lycos және т.б.). Телекоммуникациялық технологиялардың дамуымен мұндай жобалардың қоғамдағы ролі де өсті. «Портал» термині негізінен 1998 жылы корпоративті ақпараттық портал жөнінде баяндама жасаған Merrill Lynch компаниясымен тікелей байланысты. Ол баяндамада ішкі және сыртқы желілерде орналасқан Web-браузер көмегімен ақпараттарға қатынауды қамтамасыз ететін қолданбалы программалар дестесі қарастырылған болатын.[3]
Қазіргі кездегі интернет-порталдар - бұл күрделі желілік ақпаратты-технологиялық кешен болып табылады және де олар анықтамалық, аналитикалық, коммуникациялық, білімдік және басқа да ақпараттық қызметтер атқаруға бағытталған.
Портал дамуының түрлі жолдары бар. Көптеген қазіргі кезде әлемге әйгілі мегапорталдар, мысалға Yahoo, Lycos және т.б. алғашқысында жай ғана іздеу тетігі болып құрылды, бырақ уақыт өткен сайын қолданушыларға ақпараттарды құрылымды түрде жеткізу мүмкіндігіне ие болып қосымша қызмет, яғни электрондық пошта және т.б. қызметтерді жүзеге асыратын болды. Қазіргі кезде мега-порталдармен электронды медиа-компаниялар тығыз байланыста. Соның нәтижесінде мегапорталдар дәстүрлі медиа- ақпараттарды жеткізуші бір арна болып есептеледі.[4]
Портал құрылымы төмендегі тараулардан құрылады:
- Мекемелер;
- Ақпараттық-білім беру ресурстары;
- Нормативті-құқықтық ақпарат;
- Статистика;
- Іс-шаралар, конкурстар, гранттар;
- Жаңалықтар;
- Сілтемелер;
- ЖОО-ны жайлы жалпы мәліметтер;
- ЖОО-ң бөлімдері;
- Электрондық кітапхана;
- Ғылым;
- Білім беру;
- Қатынас;
- А дан Я-ға;
- Сайт картасы.
Мекеме тарауы келесі тараушалардан тұруы қажет:
1) Білім беру мекемелері.Бұл тарауда түрлі білім беру деңгейлеріндегі, яғни мектепке дейінгі, бастауыш, орта, жоғары және қосымша оқу мекемелері жайлы мағлұматтар көрсетіледі. Әрбір мекеме жайлы олардың реквизиттері, орналасқан орны, білім беру қызметтері, қабылдау және оқыту шарттары берілуі тиіс.
2) Білім беруді басқаруды ұйымдастыру.
3) Басқа да ұйымдар.Бұл тарауда білім беру қызметтері мен кітапхана, мұражай, түрлі білім беру орталықтарының, Интернет, тестілеу орталықтарының ақпараттық ресурстарына қатынауға қамтамасыз ететін мекемелер мен жергілікті инфрақұрылым элементтері, яғни телекоммуникациялық компаниялар, ақпараттық технологиялар орталықтары, провайдерлер болып табылатын мекемелер де орналастырылады.
Ақпараттық-білім беру ресурстары келесі тараушалардан тұруы қажет:
- Пәннің оқу-әдістемелік кешені;
- Электронды кітапхана;
- Білім беру сайты;
- Электрондық курстарды жасаудың бағдарламалық құралдары.
Пәннің оқу-әдістемелік кешені тарауы ең маңызды және ең қажетті болып есептеледі. Нақты пән бойынша оқу-әдістемелік кешен құрамы мен құрылысы Жоғары оқу орнында ғылыми-әдістемелік кеңеспен бекітіледі. Порталдағы пәннің оқу-әдістемелік кешені оқу процесін ұйымдастырудағы автоматтандырылған ақпараттық жүйе негізінде жасалады.
Оқу-әдістемелік кешеннің негізгі құрамы:
- Пәннің жұмыс бағдарламасы;
- Пән бойынша оқу құралдары;
- Видео материалдар;
- Аудиоматериалдар;
- Ғылыми мақалалар, анықтамалар, сөздіктер, энциклопедиялар және де қосымша материалдар;
- Қорытынды бақылау материалдары.
Нормативті-құқықтық ақпараттар тарауы түрлі нормативті құжаттар, яғни бұйрық, жарлық, қаулы, актілерден және т.б.құралуы қажет.
Статистика тарауында білім беру жүйесінің жалпы статистикалық, яғни оқу мекемелерінің саны мен құрамы, оқытушылар, білім алушылар және т.б. жайлы мәліметтер берілуі тиіс.
Іс-шаралар, конкурстар, гранттар тарауында ғылыми және білім беру іс-шаралар, конкурстар және бөлінген грант жөнінде ақпараттар орналасуы қажет.
Жаңалықтар тарауында портал құрылымы, сервистері және ақпараттық толықтырылуы және жоғары оқу орнындағы елеулі өзгерістер жайлы толық мағлұматтар беріледі.
Сілтемелер тарауында білім беру тақырыптарының ішкі интернет - ресурстарына сілтемелер каталогын алуға болады.
Жоғары оқу орныны жайлы жалпы мәліметтер тарауы.
- Жоғары оқу орнының орналасуы (жалпы мекен-жайы);
- Жоғары оқу орнының реквизиттері;
- Тарихы (оқу орнының қысқаша шығу тарихы, негізгі тарихи фактілер, ректорат және т.б. жайлы мәліметтер);
- Статистика (факультет, мамандықтар саны, оқу-әдістемелік материалдармен қамтылуы және т.б.);
Интернетке қосылған кезде, жасөспірім өзі тіпті күдік келтірмейтін тұтас бірқатар қауіптермен кездесетінін түсіну қажет. Сонымен бірге, балалар интернеттің қаупін көрмейтінін жəне оны пайдалану қауіптерін сезбейтінін есте сақтау қажет. Себебі балада əлі айыру белгілері қалыптаспаған, балаға бəрі де қызықты. Сондықтан ата-аналар мен педагогтар алдымен ақпараттық қауіпсіздік бастамаларына өздері үйренуі, содан кейін оған өз балаларын үйретуі қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |