жарамдылығын белгілі қасиеттермен және көрсеткіштер арқылы анықтау.
Сапа менеджменті жүйесі (СМЖ) – бұл мекемеде сапа саласындағы мақсаттар мен саясатты қалыптастыру және сол мақсаттарға жету үшін жасалған жүйе. СМЖ басқа жүйе секілді өзінің міндетімен, құрылымымен, элементтер құрамымен және өзара байланысымен сипатталады.
Сапа саласындағы саясат – жүйенің негізгі құжаты.
Ол СМЖ-ның қалыптасуын және қызметінің мақсатын, сонымен қатар қойылған мақсаттарға жету бойынша жоғары басшылықтың міндеттерін белгілейді
СМЖ келесі элементтерден тұрады: ұйым, процестер, құжаттар, ресурстар
ИСО анықтамаларына сәйкес ұйым – жауапкершілігі, өкілеттілігі және өзара қарым-қатынас бөліп таратылған қажетті құралдар мен қызметкерлер тобы.
Процесс – «кірісті» «шығысқа» айналдыратын, қызметтің өзара байланысқан және өзара әрекеттесетін элементтер жиынтығы. Сонымен қатар процестің «кірісі» әдетте басқа процестің «шығысы» болып табылады. СМЖ-да процедура ұғымының мағынасы маңызды.
Процедура – қызмет немесе процесті іске асырудың белгіленген амалы. Сөйтіп, процедура деп, бір жағынан, процесті (немесе процестердің жиынтығы), ал, екінші жағынан, процесті орындаудың дұрыс амалын қалыптастыруын айтады.
Құжат – тиісті тасымалдаушыда орналастырылған ақпарат (маңызды деректер).
СМЖ-ның ресурстары – сапа менеджментін қамтамасыз ететін ресурс (адами,уақытша, материалдық және т.б.).
Ұйымда СМЖ-ны әзірлеу үшін не қажет?
қызметтің негізгі процестерін сәйкестендіру;
процестердің өзара әрекеттесуін және ретін белгілеу;
жұмыс және процестерді бақылау тиімділігін қамтамасыз ету үшін қажетті әдістер мен критерийлерді анықтау;
процестерді бақылау және жұмысты жүргізу үшін қажетті ақпаратпен және ресурстармен қамтамасыз ету;
процесті бақылау, өлшеу және анализ жасау;
жоспарланған нәтижелерге қол жеткізу және процестерді үнемі жақсарту үшін қажетті шараларды қабылдау.