Бөкетов Х. Тау жотасының алыптары / Хамзабай Бөкетов // Орталық Қазақстан. 2000. 29 наурыз.



Дата08.06.2018
өлшемі71 Kb.
#41772
Бөкетов Х.

Тау жотасының алыптары / Хамзабай Бөкетов // Орталық Қазақстан.-2000.-29 наурыз. - (Е.А.Бөкетовтың туғанына – 75 жыл)

"Лицом к лицу лица не увидать,

большое видится на расстоянии"

С.Есенин.


Евней Арыстанұлы Бөкетов. Бұл есiмдi Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев ұлттық мақтанышымызға айналған ғалымдар мен жазушылар хақында айтқанда ұлы Сәтбаев атымен қатар қойды.

Сiбiрлiктер Бөкетовты қарапайым халықтан, шаруа отбасынан шығып, металлугия мен публицистика, химия мен театр, энергетика мен проза сынды бiр-бiрiмен қабыспайтын салаларды қатар меңгерген, зерттеушiлiк және суреткерлiк биiгiне жеткен қазақтың Ломоносовы санайды.

Оның дүниеден қөшкен уақыты алыстаган сайын қысқа ғана ғұмырындағы қызметi барлық қырымен айқындала түскендей. Иә, ол бар болғаны 58 жасында дүниеден өттi. Қайтыс болғаннан соң мұрағатымен айналысып, есте қалғандарды жаңгыртуға кiрiскен алғашқы уақытта ағамның өмiрi мен қызметiн ғұлама адамдармен салыстыру артықтау көрiнетiн. Соңғы уақыттың бедерiнде Қ.И.Сәтбаевтың 100 жылдығына орай шыгарылған кiтаптарды оқып, академиктiң жүрiп өткен өмiр жолымен мұқият танысқаннан кейiн ағайдың ол кiсiге көп жағынан ұқсас екенiн түйсiндiм. Тек олардың қызмет ауқымы ғана әр түрлi.

Сыртқы келбетi жағынан еқеуi де бiр-бiрiне ұқсас, ұзын бойлы, бастары үлкен, ер тұлғалы, келбеттi, кең маңдайлы. Олар кез келген ортада ерекше көзге түсiп, бiр көргеннен сырт бейнелерi есте қалады.

Едәуiр айырмашылық олардың дүниеге келген уақыты мен өскен ортасында ғана. Қаныш Имантайұлы Евней Арыстанұлынан 26 жыл бұрын сол кезеңде дәулеттi саналатын отбасында ержетсе, ал Евней Арыстанұлы 1925 жылдың 23 наурызында шала сауатты шаруа отбасында өмiрге келдi. Бiрақ Кеңес өкiметi оның жоғары бiлiм алып, ұлы адамдар деңгейiне жетуiне мүмкiндiк бердi.

Екеуi де ауыл мектебiнен сауат ашып, еңбек жолдарын 16 жастарында ауылдағы мектептерде мұғалiм болып бастады. Сәтбаев аз ғана уақыт өзiнiң туған жерiнде халық соты болып iстесе, сондай кезiнде Бөкетов өз ауданында аудандық комсомол комитетiнде қызмет атқарды.

Семей мұгалiмдер семинариясында Сәтбаев оқу орнының қоғамдық жұмыстарына белсене ат салысып, көркемөнерпаздар ұжымын ұйымдастырушылардың бiрi болады. М.Әуезов, Ж.Аймауытовтың пьесаларында ойнайды. Домбырамен, мандолинмен ән айтатын өнерi болған. Сол кезеңнен бастап газет-журналдарға өзектi тақырыптарда мақалалармен очерктер жазған. Бөкетов та дәл осындай шағында оқып жүрген мектебiнде белсендi болады. Мектептің қабырға газетiне редакторлық жасап, түрлi үйiрмелер ұйымдастырып, А.Пушкиннiң "Тас мейман" атты драмасын қазақшаға аударады. Дон Гуан пьесасындағы басты рольде ойнайды. В.Маяковский, А.Пушкин, М.Лермонтов секiлдi классиктердiң әдеби туындыларын екi тiлде оқиды.

Бiркатар классиктердi отандастары Евней Арыстанұлының аудармасы арқылы танығанын бiрге оқыған И.Белетченко, К.Сенкiбаев, Е.Корпич секiлдi достары айтады.

Жастық шақтарында екеуi де ел басына түскен қиын кезеңдердi — бiрi алгашқы әлемдiк және азаматтық соғысты, екiншiсi Ұлы Отан соғысын бастан кешiрдi.

Қаныш Имантайұлы 22 жасында Баянауылға емделуге келген болашақ ұстазы М.А.Усовтың қеңесiмен бiлiм қуып Томск қаласына келедi. Сiбiр технологиялық институты кен факультетiнiң геологиялық бөлiмiне түседi. Сондай кезiнде Бөкетов те Алматыға келiп, кен-металлургия институтының металлургия факультетiне қабылданады. Екеуi де 26 жасында жоғары бiлiм алып, техникалық мамандыққа ие болады. Бiрiншiсi — геолог, екiншiсi — металлург.

Институтты бiтiрген соң Қаныш Имантайұлының лабораториясы бетегелi дала, Сары-арканың ұсақ шоқылары мен таулары болды. Ол алдына пайдалы қазбалар қыртысын тауып, оларды халық игiлiгiне айналдыруды мақсат етiп қояды. Шексiз қиындықтарды жеңе отырып бұл ойлағанына да жетедi. Үлкен Жезқазғанның шаңырақ қөтеруi соның бiр дәлелi. Осынау бiрегей обьектiнiң маңызы жөнiнде кезiнде көптеген ғылыми еңбектер жазылғандықтан, ол туралы әңгiмелеудi артық санаймын. Ал Евней институтты бiтiрген соң ғылыми-зерттеу iсiне қабiлеттi, бейiмдi жас ретiнде аспирантураға қалдырылады. Үш жарым жыл iшiнде түстi және бағалы металдар саласында техникалық ғылымдар кандидаты деген ғылыми атақ алады. Бұдан соң өз кафедрасында оқытушылыққа бекiтiледi. Төрт жылдан соң оны мұнда директордың оқу жұмыстары жөнiндегi орынбасарлығына тагайындайды. Осы жылдар iшiнде Бөкетов Сәтбаев iздеп тапқан шикiзаттарды өңдеумен айналысатын инженер кадрларды дайындайды.

Дәл осы шағында Қаныш Имантайұлы да бастаған iсiн жалгастыра алатын геолог кадрларын, iзбасарларын әзiрлейдi. Олардың арасынан өзiнiң үмiтi мен сенiмiн ақтаған ғалымдар аз шыққан жоқ. Солардың бiразы мемлекеттiк марапатқа ие болды.

Дала жағдайында 15 жыл жұмыс iстеп, Жезқазған-Ұлытау жерлерiнiң қазба байлығын ашқаннан қейiн 1941 жылы Сәтбаев үлкен ғылымға ауысады. Ол алғашында КСРО Ғылым Академиясының Казақстандағы филиалының Президиумы төрағасының орынбасары, онан соң төрағасы болады. Сонымен қатар осы уақытта геология ғылымдары институтын ұйымдастырып, басқарады. 1942 жылы яғни, 43 жасқа жақындағанда жарияланған ғылыми еңбектерiнiң көлемi ескерiлiп, оған қорғамаса да геология-минералогия ғылымдарының докторы деген ғылыми атақ және "Қазақ ССР-нiң Жезқазған ауданындағы кен орындары" деген ғылыми еңбегi үшiн КСРО-ның Мемлекеттiк сыйлығы берiледi.

Қазақ ССР Ғылым Академиясына ол құрылған 1946 жылдан бастап 15жыл президент болады.

1960 жылы жас кандидат Е.А.Бөкетов аты аңызға айналған ғалым Қ.И.Сәтбаевпен кездеседi. Осыдан соң Евней Арыстанұлы Сәтбаевтың ұсынысымен Ғалым Академиясына ауысып, үлкен ғылыммен айналыса бастайды. Бұдан соң Евней Арыстанұлы Қазақ ССР Ғылым Академиясының Қарағандыдағы химия-металлургия институтының директоры болып тағайындалады. Евней бұл жерде ғалым және iскер ұйымдастырушы ретiндегi өзiнiң қабiлетiн жан-жақты көрсеттi.

Жаңадан ғана дүниеге келген институт қабырғасында ол пiкiрлес серiктерi мен шәкiрттерiнiң көмегi арқасында кең ауқымды зерттеулердi жүзеге асырады. Сол кезеңдегi институттың жұмысын Евней Бөкетовтың шәкiртi, бүгiнде техника ғылымдарының докторы, профессор В.П.Малышев "Поступью комондора и пророка" атты кiтабында былайша суреттейдi: "1960 жылы институтқа директор болып Алматыдан келген Евней Арыстанұлы әр тектi ғылыми жұмыстарды қолға алып, ұйымдастырғаннан кейiн геология, кен, көмiр байыту, металлургия және химия бөлiмдерiн ашты. Өзiнiң қызметiн Е.Арыстанұлы институттың онсыз да әр түрлi ғылыми мамандары номенклатурасын кеңейтiп, яғни түстi, сирек және шашыранды металдар лабораториясын ұйымдастырып, оның орнына кейбiрiн жауып, қайшылықты шешiмдермен бастады".

Өйткенi, түстi металлугия тек Балқаш кен-байыту комбинатына ғана тиесiлi болып, Жезқазған ендi ғана қалыптасып қеле жатқан едi.

Жаңа лабораторияға Евней Арыстанұлының өзi басшылық жасап, онда бiрден молибден, вольфрам, селен және теллурдi зерттеудi қолға алып, өзiнiң Қазақ кен-металлургия институтында бастаған ғылыми iзденiсiн дамытты.

Бұл зерттеулер тез алга жылжып, 60 жылдардың алғашқы жартысында солардың негiзiнде екi тақырып бекiтiлдi: бiрi — түстi металлургия түйiршiктi материалдарының шахталық күйдiрмесi, екiншiсi — халькогендер мен халькогенидтер қатысумен болатын автоклавтық гидрохимиялық процестер. Бiрiншi тақырып бойынша институт тұңғыш рет КСРО-ның авторлық куәлiгiн алып, ол 1965 жылы алгаш рет өндiрiске енгiзiлдi.

Осы жұмысы үшiн Балқаш кен-байыту комбинатында мыс концентратын кешендi өндеу технологиясын игерушiлердiң бiрi ретiнде Евней Арыстанұлы 1969 жылы КСРО-ның Мемлекеттiк сыйлығына ие болды.

Түстi металлургия жөнiндегi екi базалық тақырып оның докторлық жұмысының негiзiн құрады. Ол бұл ғылыми атақты ғылымның осы саласы үшiн жас саналатын 42 жасында қорғады. Бұдан соң институттың химия жәңе халькогендер мен халькогенидтер технологиясы бойынша нақты ғылыми бағыты белгiлi болды. Бүгiнгi таңда да зерттеу орны осы бағытпен жұмыс iстеуде.

Мiне, осы жерде ғылым алыптарының қызметi өзара сабактасады. Яғни, Қаныш Имантайұлы бар бiлiмiн пайдалы шикiзаттарды iздеп, табуға бағыттаса, Евней Арыстанұлы оларды кешендi түрде өңдеп, өнiмдер алуды мақсат еттi.

Химия-металлургия институтының рений шығару жөнiндегi зерттеуi бiрiншi рет шетелдiк патент алды. Қазiргi таңда ол институт жұмыстарында тиiмдi игерiлуде. Шахталық күйдiру пештерi 1969 жылы Жезқазған және Балқаш кен-байыту комбинаттарында iске қосылды.

ХМИ-дiң (1960-1970) жылдары директоры бола жүрiп, тек түстi металлургия және химиямен емес, қара металлургиямен, органикалық химиямен шұғылданады. Евней Арыстанұлы өмiрiнiң бiраз жылын арнаған химия және халькогендер мен халькогенидтер мәселесiн белгiлi дәрежеде ұлы Сәтбаевтың металогендiк болжам карталарын жасап, құру жөнiндегi әлемдiк тәжiрибеде баламасы жоқ геологиядағы тың әрi дербес бағыт ретiнде бағаланған жұмысымен салыстыруға болады. Бұл еңбегi үшiн Қаныш Имантайұлы бастаған авторлар тобы 1958 жылы Лениндiк сыйлықты иелендi.

ХМИ-дiң "Химия және халькогендер мен халькогенидтер технологиясы" да әлемдiк маңызға ие бола бастады. Мәселен, 1970 жылы Евней Арыстанұлының басшылығымен Қарағандыда бiрiншi рет бұкiлодақтық қонференция болып, оған Совет Одағындағы химия ғылымының бiр қатар алыптары қатысты. Конференцияда олар 259 баяндама мен хабарлама жасады. Сонымен қатар мұндай бас қосуларды өткiзудiң қажеттiгi және пайдалылыгы аталып, оны төрт жылда бiр рет өткiзу жөнiнде шешiм қабылданды.

Алғашқы уақытта ол 1978-1982 жылдары Евней Арыстанұлының, одан соң оның шәкiртi, академик 3.Молдахметовтiң жетекшiлiгiмен екi рет өтедi. Ал соңғысы Бөкетовтың 70 жылдық мерейтойына сәйкес келiп, бұл мәжiлiстi бес жылда бiр рет Бөкетовтың туған күнiнде өткiзу жөнiнде шешiм қабылданады. Кезектi конференция биыл наурыз айында өтуге тиiс болатын. Өкiнiшке орай, ХМИ-дiң кедейлiгi салдарынан оны ұйымдастыру мүмкiн болмады.

Екi алыптың ұлан-ғайыр еңбегiнiң нәтижесi ТМД көлемiндегi халық шаруашылығының ең басты салаларында өз бейнесiн тапты. Сәтбаевтың барлық ғылыми қызметiнiң iшiнде шоқтығы биiгi минералдық-шикiзаттық ресурстарды iздеп табу болса, Бөкетовтың кендi қалдықсыз өңдеу жолындағы еңбегi ерекше. Олардың бәрiн газеттiң шағын мақаласында қамту мүмкiн емес. Оларды зерттеу келер буынның жұмысы. Ширек ғасырлық айырмашылығы бар уақыттың әр қезеңiнде еңбек еткен олар бiр уақытта жұмыс iстесе қайтер едi деген ой келедi. Атомның аттас зарядтары секiлдi бiр-бiрiнен ажырап кетер ме екен? Әлде олар өте ақылды адам болғандықтан халықты рухани, материалдық, интеллектуальдық байыту жолында бiрiгiп, бұдан да көп iс тындырар ма едi?

Басында бiраз айтылып кеткендей, есейген шақтарында екеуi де өзектi мақалалар жазуға бет бұрды. Қаныштың "Обаған" атты көлемдi әңгiмесi 1923 жылдың желтоқсанында "Қазақ тiлi" газетiнде жарияланды. Екiншi еңбегi — "Ер Едiге" атты повесi 1927 жылы жарық көрдi. Студент кезiнде ол орта мектептерге арналған қазақ тiлiндегi алгебра оқулығын жазды. Өкiнiшке орай, ол күнi бүгiнге дейiн жарық көрген жоқ. Xалық ауыз әдебиетi хақында материалдар жинап, зерттеу жүргiздi. Өзiнiң бiр еңбегiнде Қ.Сәтбаев "Қазақ ғалымдары жеткен жерiнде әсте тоқтамайды. Алда республиканың сан жетпейтiн көп түрлi табиғи ресурстарын зерттеп, тиiмдi пайдалануға, қазақ халқының рухани бай-мәдениетiн дамытуға байланысты шешiлмеген мiндет көп", — деп жазды. Е.А.Бөкетовтың аспирант болған кезде жарияланған материалдары жоқ. Оның белгiлi себептерi бар. Кен-металлургия институты қабырғасында Қазақ ССР Ғылым Академиясының академигi, профессор В.Д.Понамаревтiң жетекшiлiгiмен зерттеген тақырыбы жабық, аса құпия мәселе болды. Бұл жылдары оның бойында түрлi әдеби тақырыптарда шығарма жазуға деген құлшыныс болды. Сонымен қатар Евней орысшадан қазақшаға аударма жасаумен айналысты. 1951-52 жылдары ол И.Василенконың "Артемка" атты шығармасын аударды. 1952 жылы оның "Казахстанская правда" газетiне Н.В.Гогольдiң кiтабына жасалған аударма жөнiнде жазған рецензиясы шықты. 1953 жылы мерзiмдiк басылым беттерiнде "Әдебиет және өнер" журналы беттерiндегi сын мен библиография", "В.В.Маяковский шығармаларының қазақ тiлiндегi аудармасы'' және тағы басқа мақалалары жарық көрдi. Республиканың көптеген драма театрлары қойған Маяковскийдiн "Клоп" атты пьессасын тәржiмалады. Болғар классигi И.Вазовтың "Подиг" атты романын, Э.3оляның "Мақалалары мен әңгiмелерiн" аударды. Бұдан әрi Бөкетов поэзиялық шығармаларды аударуға көшедi. Д.Флетчердiң "Испанский священник", С.Есениннi» "А»»а С»еги»а" атты поэмаларын, тағы басқа өлендерiн аударды. 1962-1969 жылдары аралығында әдебиеттегi шығармашылықты тоқтатады. Өзi айтқандай, бұл iсте тың, жаңа ешнәрсе жасай алмады.

1969 жылы облыстық "Орталық Қазақстан" газетi беттерiнде оның Сәтбаевтың 70 жылдығына арналған мақаласы жарияланды. Жетi-сегiз жыл бойы әдеби тақырыпта ешнәрсе жазбай кеткендiгiн қызықтағандарға ол: "Жазу жұмысынан басқа да жұмыспен айналысуға мүмкiндiгi бар адам — бақытты адам" дейтiн. Оны» жазған дұниелерi "Советский писатель" сияқты салиқалы басылымдардан орын алды. Бiр кезде оның редақция алқасының мүшесi де болды.

Тiрi қезiнде "Түйе үстiндегi адам" (1972), "Шығармашылық қырлары" (1977) атты шағын кiтаптары жарық көрдi. Әдеби еңбеқтерiнiң жинақтары үшiн 1971 жылы КСРО Жазушылар одағының мүшелiгiне қабылданды. Ғылым әлемiнде ол 1970 жылы Қазақ ССР Ғылым Академиясына корреспондент-мүше болса, 1975 жылы академигi болды. 1976 жылы Еңбек Қызыл Ту орденiмен наградталды.

Оның бiрқатар еңбектерi сол кездегi биiк лауазымды шенеунiктердiң кедергi болуымен жарыққа шықпады. Олардың iшiнде "Досқа алты хат", "Жас Қаныш" атты көлемдi еңбектерi бар. Мұрағатына зерттеу жасағанда әдеби шығармашылығының бес томдығы жиналып, баспаға дайындалды. Толық көлемiнде шығару қаржы тапшылығынан мүмкiн болмай тұр. Көпшiлiгi бөлек брошюра болып, азғантай көлем, тиражбен жарық көрдi. Бiразы биыл баспа бетiн көруге тиiс.

Екi алып өмiрiнiң тағы бiр ұқсастығы, олардың 60 жасқа келгенде дұшпандардың терiс пиғылына ұрынуы. Сәтбаевты олар дала феодалдарын мадақтап "Ер Едiге" атты повесть жазды деп айыптады. Байдың ұлы, жас кезiнде ұлттық ұйымдар қатарында болған деп қiнәлап, Ғылыми Академия президенттiгiнен аластатады. Кейiн республикалық басшылық ауысқаннан соң өз қызметiне оралады. Бiрақ зардабы Сәтбаевтың көкейiнде мәңгi қалып қойды. Бұл жөнiнде М.Сәрсекеев "Қудаланған Сәтбаев" атты еңбек жазды.

Дәл осылай "Жарқын тағдыр уақыты" атты очеркi үшiн Бөкетов те қудаланады. 1980 жылы ҚарМУ-дың ректорлығынан босатылып, БАҚ-тарда мақалалар жариялау, кiтап бастыру құқығы құпия түрде шектеледi. Бұл қысым оның денсаулығына қатты әсер еттi.

Кейiнгiлерге Сәтбаев бүгiнде өз атындағы "Қазақмыс" корпорациясын, бiрнеше ғылыми-зерттеу институттары өсiп-өнген Қазақ ССР Ғылым Академиясын қалдырды.



Ал Бөкетов артына бiрнеше зерттеу лабораториялары бар ХМИ-ды қалдырды. Және оның атындағы ҚарМу республикадағы бiрегей оқу орындары қатарында қеледi.

Өзiнiң очерктерiнiң бірiнде Евней Арыстанұлы: "Казақтың бiрiншi академигi Қаныш Имантайұлы мен оның серiктерiнiң тағдыры ертегiдей ғажап. Олар қазақ ғылымы аспанындағы тұрақты шоқ жұлдыз болды. Сол шоқ жұлдыздың iшiнде Қаныш Имантайұлы iзбасарларының iстерiнде, ашқан жаңалықтарында мәңгiлiк жарқырап тұратын дара тұлга. Қаныш Имантайұлының өмiрi халық үшiн ерлiк пен батылдықтың, еңбек сүйгiштiк пен мақсаткерлiктiң ұлы үлгiсi" деп жазды. Осы сүйiспеншiлiкке толы сөздердi оның авторына арнап айтудың менiңше, еш артықтығы жоқ.
Каталог: download -> DBases -> E A Buketov -> Files
Files -> Амантаев, Ө. Жарты ғасырда жаһан жаңа / Ө. Амантаев // Орталық Қазақстан. 2013. 21 мамыр (№79-80).
Files -> Каренов Р. Өмірі де, өзі де өнеге еді / Р. Каренов // Орталық Қазақстан. 2005. 3 наурыз
Files -> Куандыкова Д.Қ. Е. А. Букетов прозасындағы бейне жасау шеберлігі/Д.Қ. Қуандықова //Қазақст. Респ. Ұлттық Ғылым акад хабарлары, Тіл, Әдебиет сер.=Известия нан рк сер филолог. – 2006. №5. – 16-19 б
Files -> Көбеев Е. Қазақтың біртуар азаматы / Е. Көбеев // Орталық Қазақстан. 2005. 19 наурыз
Files -> Жойқынбектегі, Қ. Айнымас серік / Қ. Жойқынбектегі // Орталық Қазақстан. 2014. 5 шілде
Files -> Салықов К. Евней Бөкетов дарынды аудармашы / К. Салықов // Орталық Қазақстан. 2005. 19 наурыз
Files -> Оразалықызы, Г. Тұғырлы тұлға / Гүлсім Оразалықызы // Ақиқат. 2006.№11-12. 98-105 б


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет