Барлық оқушылар: Ньютонның ІІІ заңымен танысады
Басым бөлігі: Ньютонның ІІІ заңын пайдаланып сапалық және сандық есептерді шығара алады
Кейбір оқушылар: Ньютонның заңдарын ажырата алады, өмірмен байланыстырып мысал келтіре алады.
Сабақтың барысы
Сабақтың кезеңі/ уақыт
Педагогтің әрекеті
Оқушының әрекеті
Бағалау
Ресурстар
Сабақтың басы 10 минут
Оқушылардың сабаққа қатысуын түгендеу, назарларын сабаққа аудару, сабақ мақсатын тапсырма арқылы оқушылармен анықтау.. Өткен тақырып бойынша қайсысы шын, қайсысы жалған екенін анықтап, жазыңыздар. (1 тапсырма) 1.Ньютонның ІІ заңына бағынатын жүйе инерциалдық санақ жүйесі деп аталады
2. Үстелдің бетінде тұрған шарды қолмен түртіп жібергенде шар инерциалдық санақ жүйесінде болмайды
3. Қозғалмай тұрған автомашинаға үйкеліс күші әрекет етпейді
4.Динамика тарауы қарастырады қозғалысты сипаттайтын физикалық шамаларды.
5. Инерция құбылысы дененің жылдамдығын сақтау құбылысы
6. Галилео Галилей тәжірибелерінің қорытындысы Ньютон заңдарында көрініс табады.
7.Егер денеге күш түсірсек дене бірқалыпты қозғалады
8. Ньтонның ІІ заңы динамиканың негізгі теңдеуі деп аталады.
9. Пойыз тоқтағандағы ішіндегі жолаушының бағыты артқа қарай бағытталады.
10. Автобус кенеттен үдеу алып жүргендегі жолаушының қозғалысы алға бағытталады
Оқушылар
1 –тапсырманы орындайды
Ұпай
Қима қағаз
Сабақтың ортасы 25 минут
Дәптерді ашып, бүгінгі күн мен сабақ тақырыбын жазыныздар: «Ньютонның үшінші заңы»
Сілтемеге өтіп, велосипедтің неліктен артқа жүрмей, алға жүретінін осы Ньютонның заңын қолдану арқылы түсінетін боласыздар.
- Теориялық материал
Оқулықты ашындар: Физика, 9 сынып 92 бет оқып танысып келесі сұрақтарға жауап жазамыз, (2 тапсырма) →Ньютонның үшінші заңы қалай тұжырымдалады және қандай формуламен өрнектеледі?
→Ішкі күштер деп қандай күшерді айтады.
→Барлық инерциялық санақ жүйелерінде қандай шамалар өзгермейді, ал қайсылары санақ жүйесіне тәуелді?
Есепті шығар. (3 тапсырма) 1. 90 Н күш денеге 1,2 м/с2 үдеу береді. Осы денеге қандай күш 3 м/с2 үдеу бере алады?
2. Массасы 4 кг дене қандай да бір күштің әсерінен 2 м/с2 үдеу алады. Массасы 8 кг денеге дәл осындай күшпен әсер еткенде, ол қандай үдеу алады?
3.Массасы 2 кг дене белгілі күштің әсерінен 0,75 м/с2 үдеу алады. Осындай күштің әсерінен массасы 5 кг дене қандай үдеу алады?
Рефлекция
Кері байланыс бутерброды
-Бүгін сабақ маған ұнады, себебі мен....................... үйрендім.
-Маған........................................................қиын болып көрінді.
-Мен енді ......................................................... үйренгім келеді