Бронхоэктаздық ауру
Анықтамасы:
Бронхоэктаз ауруы – көптеген бронхтардың жергілікті кеңеюімен және іріңді эндобронхитпен көрінетін патология. Өкпе паренхиамсында пневмосклероз дамиды.
Этиологиясы:
Гендер кемістігі (шеміршек, бір салалы бұлшықет тінінің өкпе бөлігінің немесе сегментінің гипоплазиясы).
Иммундық‚ ферменттік жүйенің туа немесе жүре біткен кемістіктері (аглобулинемия‚ ІgA‚ ІgG‚ 1-антитрипсин тапшылығы‚ муковисцидоз‚ бронхтар амилоидозы).
Бронхтардың ұзақ және қатты жөтелмен жүретін аурулары (көкжөтел‚ созылмалы бронхит‚ зиянды кәсіптік ықпалдар, бөгде денемен обтурациясы).
Патогенезі:
Бронхоэктаз ауруының дамуында басты роль атқаратын ықпалдар:
бронхтар қабырғаларының осалдығы (туа немесе жүре біткен);
бронх ішілік қысымның биіктеуі.
Бронхішілік қысым жөтел кезінде жоғарылайды, бронхтардың осал сегменттері керіліп‚ созылады, осылайша жүре-бара бронхоэктаздар туындайды.
Осы дертке бейім адамдарда‚ бронхоэктаздар балалық шақтан қалыптаса бастайды (көкжөтел‚ пневмония‚ гриптік бронхит‚ қызылша‚ т.б).
Бронхтардың кеңіген сегменттерінің тонусы мен дренаждық функциясы жойылып‚ кілегейдің іркілуіне септігін тигізеді. Жиналған кілегей іріңдейді және іркілген жерін қабындырады‚ деструкциялық процесті туғызады. Осының салдарынан интоксикация болады.
Жіктелуі:
І. Аурудың түрлері:
а) жеңіл (бронхиттік);
ә) ауырлау;
б) ауыр;
в) құрғақ қанағыш.
ІІ. Эктазияның түрі (бронхография бойынша):
а) цилиндрлік;
ә) қапшық тәрізді;
б) ұршық тәрізді;
в) аралас.
ІІІ. Бір немесе екі жақты.
ІV. Орналасу сегменттері (белгілеу қажет).
V. Аурудың барысы:
а) бір қалыпты (үдеусіз);
ә) үдемелі‚ егер өршулері жиі және ұзаққа созылса.
VІ. Асқынулары:
а) өкпенің және өкпе-жүрек жетіспеушілігі;
ә) амилоидоз;
б) өкпе эмфиземасы және жайылма пневмосклероз;
в) қан кету‚ т.б.
VІІ. Ілеспелі аурулар (синусит‚ тонзиллит).
Клиникасы:
Анамнезінде респираторлық аурулармен жиі ауыратындығы
Субфебрильді температура
Жөтел
Ауыз толтыра іріңді қақырық
Кейде қан аралас қақырық
Іріңді қақырық
Әлсіздік
Бас ауру
Тәбеті төмендеу
Жүдеу
Ұйқысының бұзылуы
Диагностикасы:
Ең алдымен, шағымдары бойынша анамнез жинап, содан соң жалпы қарап тексеру жүргіземіз, одан кейін лабораториялық және аспаптық зерттеулер жүргіземіз. Осы зерттеулер нәтижелеріне қарай диагноз қоя аламыз.
Шағымдары:
Науқастар жиі жөтелге, таңертеңгі уақыттағы иісі сасық қақырықтың мол түсуіне шағымданады. Қосымша науқастарда температура жоғарылауы, бас ауруы, жалпы әлсіздікке шағымданып келіп жатады.
Қарап тексеру кезінде:
Аурудың бастапқы кезеңінде айқын белгілері байқалмайды. Жүре бара терісі сұрланады, қол ұштарында «сағат әйнегі», «дабыл таяқшалары» белгілері байқалады. Науқас жүдейді, анемия белгілері байқалады. Кеудесінің ауырсынуы байқалады. Бұл ауру негізінен көбіне балалар жиі ауыратындықтан, көбіне балалар жиі ауырады, сондықтан үлкен адамдарда бұл ауру көбіне басқа аурулардың негізінде дамиды. Диагноз қоярда науқастың анамнезіне баса назар аудару қажет.
Перкуссия:
Перкуссия кезінде перкуссиялық дыбыстың қысқаруы ателектаздық бронхоэктаз жағдайында зақымдалған бөліктің үстінде анықталады. Негізінен бұл ауруда перкуссиялық белгілер сирек анықталады. Ол перкуссиялық дыбыстың қысқаруымен жүреді.
Аускультация:
Аускультация көп ақпарат береді. Зақымдалған бөлікке сәйкес әдетте ылғалды, әр түрлі калибрлі, кейде тіпті көпіршіктік сырылдар естіледі. Шектелген үрдісс кезінде сырылдар қақырық түскеннен кейін жоғалады. Аускультацмя да зақымдалған аймақтың үстінен әлсіз тыныс немесе оның бронхиалды түрі естіледі. Аускультациялық зерттеуді бірнеше рет, әсіресе таңертең бірден ұйқыдан тұрған кезде жүргізеді.
Лабоарториялық зерттеулер:
Жалпы қан анализінде:
Нейтрофильдік лейкоцитоз, ЭТЖ жоғарылауы, кейін темір тапшылықты анемия белгілері пайда болуы мүмкін.
Қақырық анализі
Аспаптық зерттеулер:
Спирометрия: қатты өзгеріс болмайды: сирек Тиффно индексі төмендеуі, ӨТС шамасыздығы байқалады.
Эндоскопиялық диагностика трахеобронхиалдық ағаштың шырышты қабатының визуалдық көрінісін бағалауға негізделеді. Бронхит үрдістің сипатына байланысты шырышты немесе іріңді болуы мүмкін. Қалыптасқан бронхоэктаздар кезінде, тіпті ремиссия сатысында да, зақымдалған аймақтың бронхтарында іріңді қақырық анықталады. Катаралдық бронхит кезінде, бөлінді шырышты сипатқа ие. Бронхоэктазия кезінде зақымдалған аймаққа сәйкес іріңді немесе катаралдық-іріңдік бронхит анықталады.
Рентгенологиялық әдістер ішінде ең ақпараттысы бронхография. Бронхография бронхоэктаздың бар-жоғын, оның сипатын (цилиндрлі немесе қап тәрізді түрін), зақымдалу көлемін және өкпенің сау бөлігінің жағдайын бағалауға қажетті нақты мәліметтер береді.
Ангиопневмография зақымдалу аймағында қан айналымының кедейленуін көрсетеді.
Рентгенодиагностика бронхография, радиоизотопты зерттеу әдістерінен құралады, ангиография шектеулі көрсеткіштермен, әсіресе өкпелік гипертензияға күдіктенгенде қолданылады.
Шолу рентгенографияда бронх-тамыр суретінің күшеюін, инфильтрация, фиброз, эмфизема, ателектазды анықтайды. Алайда рентгенограммада өзгерістердің, болмауы бронхоэктаздың бар, әсіресе жергілікті (локалды) түрін теріске шығармайды.
Емі:
Антибактериялық ем.
Антибиотиктердің орнына диоксидинді‚ нитрофуран туындыларын – фурациллинді‚ фурагинді және табиғи антисептиктерді (хлорфиллипті) эндобронхиальді әдіспен қолданады. Эндобронхиальді әдіспен қатар антибиотиктерді парентеральді (бұлшықетке‚ вена ішіне) енгізген тиімді.
Дезинтоксикациялық емі:
Қарсы көрсетпелер болмаса‚ тәулігіне 2-3 л сұйықтық ішкізеді: таңқурай қосқан шайды‚ шырынды‚ түрлі сусындарды.
Венаға натрий хлоридінің изотониялық ерітіндісін‚ глюкозаның 5% ерітіндісін тамшылатып салады.
Иммуномодуляциялық ем:
Осы мақсатпен левамизол‚ диуцифон‚ тималин‚ т-активинді‚ адаптогендерді қолданады.
Белок пен витаминдерге бай тағамдарды пайдаланған жөн.
Альбумин деңгейі төмен болса – альбумин ерітіндісін‚ нативті плазманы‚ интралипидті және осы тәрізді басқа эмульсияларды венаға тамшылатады.
Жоғарғы тыныс жолдарын санациялау:
Науқастың ауыз қуысы инфекциясын (кариесті тістерін‚ созылмалы тонзиллитін‚ фарингитін‚ мұрын қуысының ауруларын) тиімді емдеу керек. Осы шаралардан бронхоэктаз ауруының өршуі сирейді және организмнің жалпы реактивтілігі күшейеді.
ТЕСТ жауабы:
1-нұсқа
1. 3
6. 5
2 . 4
7. 1
3. 3
8. 3
4. 1
9. 4
5.3
10. 2
РЕНТГЕНОГРАММА қорытындысы:
1.Рентген бронхограмма- екі жақты бронхоэктаз.
2.Бронхограмма- оң жақ өкпенің төменгі бөлімінің бронхоэктаз ауруы.
3.Компьютерлік томография- қалталанған бронхоэктаз.
ҚАҚЫРЫҚ АНАЛИЗІ:
6 Анализ.
• Количество 50 мл
• Цвет Белый
• Характер Слизистый
• Консистенция Стекловидная
• Микроскопия
• Эпителий 4-6 в поле зрения
• Эозинофилы 10-15 в поле зрения
• Спирали Куршмана +
• Кристаллы Шарко-Лейдена ++
Қорытынды: Какырык анализін макроскопиялық зерттеу барысында аз мөлшерлі ақ түсті шырышты қақырық бөлінді. Және консистенциясы шынытәрізді. Микроскоппен көру кезінде көру алаңында эпителий және 10-15 эозинофилдер көрініс берді және Шарко - Лейден кристалдары мен Куршман спиралдары табылды. Осыған сүйене отырып, біз бұл науқасымызға бронх демікпесі диагнозын қоямыз. Яғни, пациентте - БРОНХ ДЕМІКПЕСІ.
Достарыңызбен бөлісу: |