Бунақденелілер класының отрядтары ішіндегі орман және ауылшаруашылығы өсімдіктерінің зиянкестері. Адам ауруын тасмалдаушылар. Ауру тасмалдаушылармен күрес
Сабақтың тақырыбы:Бунақденелілер класының отрядтары ішіндегі орман және ауылшаруашылығы өсімдіктерінің зиянкестері. Адам ауруын тасмалдаушылар. Ауру тасмалдаушылармен күрес.
Сабақтың мақсаты :
Білімділік: Бунақденелілер класына жататын жәндіктердің орман жәнеауылшаруашылығы өсімдіктерінің зиянкестері және адам ауруынтасмалдаушылар.Оларға қарсы күрес жүргізу әдістері туралы білімдіқамтамасыз ету, ғылыми көзқарасын қалыптастыру, жетілдіру.
Тәрбиелік: Жүйелі түрде жұмыс істеуге, өз ойын дәл, тиянақты айта білуге,өз бетімен білім алуға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: Ақпараттық оқыту , сұрақ-жауап, топтық жұмыс, ойындар.
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, мультимедия, электрондық оқулық, кестелер.
Сабақтың барысы :
1. Ұйымдастыру кезеңі .
2. Үй тапсырмасын сұрау.
3. Жаңа сабақ
4. Ойын сұрақтарына жуап беру
5. Сабақты қорытындылау.
6.Бекіту
7.Үйге тапсырма
8. Бағалау
Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылардың сабаққа қатысуын, оқу құралдарын түгелдеу.
Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
- Сәлеметсіздер ме?
- Бүгінгі сабаққа деген көңіл – күйлерің қалай?
-Қазір топқа бөлінеміз.
Оқушылар 3 топқа бөлінеді.
І - Топ қоңыздар.
ІІ - Топ Инеліктер.
ІІІ - Топ Көбелектер
Үй тапсырмасын тексеру.
3 топтан үш оқушы бағалау рейтингісіне баға қойып отырады. 3 топтан 1 оқушыдан шығып суретке қарап дамудың қай түрі екендігін тауып, сызбанұсқасын кескіндеп беру.
1-топ. Тура даму (Жұмыртқа → имаго)
2-Топ. Шала түрленіп даму (Жұмыртқа → дернәсіл → имаго)
3-топ. Толық түрленіп даму (Жұмыртқа →дернәсіл → қуыршақ →имаго)
Әр топтан бір оқушы шығып интерактивті тақтадағы шегірткенің суретін таңдай отырып сұрақтарға жауап береді. Білім минутының сұрақтары төмендегіше.
1. Турақанаттылар отрядын баяанда.
2. Теңқанаттылар және қандалалар отрядын баяанда .
3. Инеліктер отрядын баяанда.
4. Қабыршаққанаттылар отрядын баяанда.
5. Қатқылқанаттылар мен қосқанаттылар отрядын баяанда.
6. Жарғаққанаттылар отрядын баяанда.
Жаңа сабақ.
Бунақденелілер класының отрядтарның өкілдері ішіндегі орман және ауылшаруашылығы өсімдіктерінің зиянкестері. Бунақденелер – адам ауруларын тасымалдаушылар және оларға қарсы күрес шаралары туралы түсінік беріледі.
Азиялық шегіртке ауыл шаруашылығына өте қауіпті зиянкес жәндік. Шегірткелердің үйірлі және саяқ түрлері болады. Үйірлі шегірткелер дернәсілдердің тығыз топтасуынан –жаушоғыл,ересектерінің жинақталуынан үйір түзеді. Жаушоғыл түзетін қанатсыз дернәсілдер жаяушегіртке деп аталады.
Бит үйде тіршілік ететін ірі денелі қара тарақан мен шағын денелі қоңыр тарақандар азық – түліті бүлдіріп қана қоймайды, адамға қауіпті ауруларды да таратады.
Саяақ шегірткеге өте ұқсас. Қазақстанда шыбар саяақ көгілдір саяақ дегн түрі кездеседі.Ауылшаруашылық дақылдарын , шабындықты және жайылымды бүлдіреді.
Бұзаубас қысқалау, қуатты жалпақ алдыңғы аяағы арқылы жерден ін қазып, сонда тіршілік етеді. Бау дақылдарына келетін зияны көп: өсімдіктердің тамырын қырқып, тамыржемістерін бүлдіреді.
Үйде тіршілік ететін ірі денелі қара тарақан мен шағын денелі қоңыр тарақандар азық - түліті бүлдіріп қана қоймайды, адамға қауіпті ауруларды да таратады.
Шытырлақ қоңыздар топырақта және шіріген ағаш түбірінде тіршілік ете жүріп , астыққа үлкен зиян келтіреді, дернәсілдері астық тұқымдас өсімдіктіңтамырын кеміріп , түсімін кемітуге душар етеді.
Бізтұмсық өніп келе жатқан қызылшаны жеп құртса, дернәсілдері топырақта жатып, қызылшаның тамырын кеміреді
Картоптың аса қауіпті зиянкесі – клорад қоңызы Солтүстік Америкадан бізге жерсініп, картоптың жапырағын бүлдіреді.
лмажегінің қанатын жайғандағы мөлшері – 30 -46 мм. Бұл қорегін түнде аулайтын – көбелек. Алма жемісжегінің жұлдызқұрты алманың жұмсағын жеп, бүлдіреді.
Бүргелердің кейбіреуінде көзі болмайды. Ауыз мүшесі қиып-шаншып – соруға бейімделген.Сүтқоректілер мен құстардың паразиттері. Ересек бүрге қанмен қоректенеді. Бүрге дернәсілі еденнің қуыстарында , қоқыс ішінде тіршілік етіп , шіріген органикалық заттармен қоректенеді. Бүргелер адам мен жауарлаға әртүрлі аурулар таратады.
Маса аталығы өсімдік шірнесі және шырынымен, ал аналығы адам және жануар қанымен қоректенетін, ауызы шаншып соруғабейімделген бунақденелі жәндік. Безгек ауруын тарататын түрі бар.
Кәдімгі бөлмеде жүретін қара шыбын тұмсықшасына , аяғындағы түктерге көпт еген аурулардың қөздырушыларын жабыстырып , таратады.
Қансорғыш ұсақ ( 2 – 4 мм) бунақденелердің бірі – шіркей. Бұл өте мазасыз келеді , адамның көзіне, ауызына, құлағына кіріп, тынышын кетіреді. Кейбір түрлері адамға және ауыл шаруашылық малдарына ауру жұқтырады.
Үй жиһаздарын, әр түрлі өсімдіктердің жапырағын кеміріп, дернәсілдері зиян келтіретін ұсақ көбелектер қаракүйе деп аталады. Үй жиһаздарын бүлдіретін олардың дернәсілдері . Бөлмеде болатын күйелер жүн матаға, кілемге, т.б. жерлерге жұмыртқалап, дернәсілдері жүн матаны жеп, бүлдіреді. Азық – түлікті бүлдіретін де күйекөбелектер бар.
ІV. Сұрақ – жауап. Сәйкестігін табу.
І – топ
Ауыл шаруашылық дақылдарының зиянкестері. (Шегірткелер)
Жерден ін қазып тіршілік етеді. Тамырды және тамыржемістерін бүлдіреді. (Бұзаубастар)
Азық – түлікті бүлдіріп , адамға түрлі ауруларды таратады. ( Тарақандар )
Бөртпе сүзек және оба ауруын таратады. (Биттер )
ІІ – топ
Орамжапырақтарда мекендеп , тамырына, қауданына зиян келтіреді. (Бітелер)
Дәнді сорып (бидай) астық түсіміне зиян кетіреді. (Қасақы жалпайма)
Топырақта және шіріген ағаш түбінде тіршілік етеді және астыққа үлкен зиян келтіреді. ( Қоңыздар)
Өте мазасыз келеді, тынышын кетіреді. Кейбір түрлері адамға және малдарға ауру жұқтырады.
(Шіркей)
Үй жиһаздарына зиян келтіреді. (Қаракүйе)
Көптеген аурулардың қоздырушыларын жабыстырып, таратады. (Шыбын)
V. Қорытынды. "Теңізден жедел хат " 3 топқа дайындалған биологиялық диктант.
І - топ
……………………… …… Бұл әдіс бунақденелі зиянкестерді басқа жәндік немесе жануарларға жегізу арқылы жоюға негізделеді. Қанқызы ызылдақ қоңыз тәрізді ……………………….. - ……………… жәндіктер. Олар әдейі қолда өсіріліп, …………. ………………. қаптап кеткен егістікке жіберіледі, сөйтіп бір бунақдене …………… бунақденені құртады.
ІІ – топ
Ежелден келе жатқан ескі әдіс, ……………. ……. …….......................... жинап, жою арқылы жүзеге асырылады. Дербес жібеккөбелек , сақиналы жібек көбелек, ақкөбелектерді жою үшін олрдың көп …………………….. орнын анықтап , жинақталған ………………… құртып жіберуге болады. Кейде теріп алып жояды , сондай – ақ терең …………… пайдалануға да болады.
ІІІ – топ
……………………….. зиянкес бунақденелерге химиялық заттарды пайдалану. Улағыш дәрілер …………….. деп аталады. Инсектицидтер қолдану тәсіліне қарай …….. ………………. әсер ететін және ………….. әсер ететін улы заттарға бөлінеді.
Бекіту кезеңі:
№7 Зертханалық жұмыс
Тақырыбы: Бау және бақша зиянкестерінің жинақтамасын зерттеп қарау. Зиянды бунақденелілерді зерттеп білу.
Үйге тапсырма: Бунақденелілер класының отрядтары ішіндегі орман және ауылшаруашылығы өсімдіктерінің зиянкестері. Адам ауруын тасмалдаушылар. Ауру тасмалдаушылармен күрес. Тақырыбында реферат жазу.
V. Бағалау. 3-топ жетекшілерінің бағалаған бағалау рейтингісі бойынша және өзімнің қойған бағаларыммен қосып, оқушыларды бағаладым.