Б.М.Жарылғапова Cауат ашу кезеңінде жазу дағдыларын тілді дамыту жұмыстары арқылы қалыптастыру Зерттеу мақсаты:
Бастауыш сыныптарында тіл дамыту жұмыстары арқылы жазу дағдыларын қалыптастыру, сауаттылыққа үйрету әдістерін жинақтау, талдау және тиімді түрлерін негіздеу. Зерттеу жұмысының міндеттері:
бастауыш сыныптарда жүргізілетін жазу сабақтарының мақсатын, қойылатын талаптарын зерделеп, сауат ашу кезеңінде жүргізілетін әдіс-тәсілдерді, жұмыс түрлерін көрсету;
оқушыларды сауатты жазуға үйретудің әдістемелік жолдарын, жұмыс түрлерін мысалдарын көрсетіп, оқушылардың грамматика мен емле бойынша білімдерін бағалау және жіберген қателермен жұмыс істеудің практикалық жолдарын баяндау;
үлгілі сабақ жоспары негізінде тәжірибелік сынақ жүргізу.
Зерттеудің ғылыми болжамы - егер, бастауыш сыныпта сауат ашу кезеңдерінде тіл дамыту әдістемесін түрлендіре отырып, жүйелі және тиімді қолданса, онда әліппенің 3 кезеңінде бағдарламаға сай оқушылардың жазу дағдысын өз деңгейінде қалыптастыруға болады.