БӨЖ
Тақырыбы: Циклдық операторларды қолдану
Орындаған: Кәрібай А
Қабылдаған: Кожабекова П
Тобы: ИП-18-8к1
Цикл – белгілі бір әрекеттер тізбегінің бірнеше рет қайталанып орындалуы.
Қайталау процессін жүзеге асыратын циклдік операторлардың түрі:
Арифметикалық цикл – For
Шартын алдын ала тексеретін цикл – While
Шартты соңынан тексеретін цикл – Repeat
Егер шартын алдын – ала тексеретін циклдегі операторды неше рет қайталау керек екендігі белгісіз болып, оның тек қайталану шарты берілсе, онда While, Repeat операторлары пайдаланылады. Ал For операторы қайталану саны алдын – ала белгілі болған кезде қолданылады.
For операторы
Бұл оператор параметрлі цикл деп аталады, өйткені қайталану саны функция аргументі сияқты циклдің параметрі атқаратын басқару айнымалысы арқылы беріледі. Параметр өзінің алғашқы мәнін соңғы мәніне дейін бірлік қадаммен өзгерту барысында циклге кіретін бір немесе бірнеше операторды қайталап орындауды атқарады. Есептеу циклінің операторы For өзіне тән ыңғайлы конструкцияны қамтиды. Берілген санның өлшеміне сәйкес бірқатар іс – әрекеттерді орындауға мүмкіндік береді. Оның синтаксисі:
For(<санағыш_инициализациясы>; <шарт>; <есептеуіштің_өзгеруі>)
<Оператор>
Мұнда For – кілттік сөз; <санағыш_инициализациясы> - санағыш цикліне алғашқы мәнді меншіктеу; <шарт> - өрнек шарты есептеуіштің_өзгеруі циклінің орындалу санын анықтаушы; <есептеуіштің_өзгеруі> - өрнек, әрбір итерациядан кейінгі цикл есептеуішінің өзгеруі; <Оператор> - цикл денесі.
Цикл басталмас бұрын алдын – ала қандай да бір мән беріледі, одан соң шарттың ақиқаттылығы тексеріледі: егер шарт ақиқат болса, санағыш өз мәнін өзгертіп, цикл денесі орындалады; егер жалған болса, оператор өз жұмысын аяқтайды. Көп жағдайда бір ғана санағыш қойылады, бірақ бірнеше санағышты қолдану мүмкіндігі For циклінің өте пайдалы ерекшелігі болып табылады.
While операторы
While операторы итерациялар саны алдын – ала белгісіз болған жағдайда қолданылады. Оператордың 2 түрі бар: постфиксті, префиксті.
Префиксті түрдегі синтаксисі:
While (<Шарт>)
<цикл денесі>
Мұнда < While > - кілттік сөз, <өрнек> - өрнектің типі, <цикл денесі> - операторлар немесе блок операторлары.
Постфиксті түрі:
do
<цикл денесі>
While (<шарт>)
Сонымен префиксті түрде бірінші шарттың ақиқат екендігі тексеріледі, содан кейін барып цикл денесі орындалады. Ал постфиксті түрде алдымен өрнек орындалып, цикл денесі, сонан соң барып шарт тексеріледі. Егер шарт ақиқат болса, цикл денесі жаңадан орындалады. Префиксті түрде цикл бір мәрте де орындалмауы мүмкін, ал егер постфиксті де жалған болса да, яғни шарт бір мәрте болса да орындалады. Тексерілуші шарт цикл денесінде өзгеруі тиіс, ал кері жағдайда цикл ешқашан бітпеуі мүмкін. Яғни шексіз циклге өтіп кетеді.
Достарыңызбен бөлісу: |