Дебаттың өту тәртібі Қ айырлы күн, құрметті оқушылар, ұстаздар, пікірсайысымыздың қонақтары!



Дата30.03.2023
өлшемі41,82 Kb.
#173301
Байланысты:
Разработка по проведению дебата на тему « Үштілділік-заман талабы жақтау және даттау»


Дебаттың өту тәртібі
Қ айырлы күн, құрметті оқушылар, ұстаздар, пікірсайысымыздың қонақтары!


Ынталандыру кезеңі
(Залға қара жәшік әкелінеді.Оны ортаға қойып, ішінде не жатқанын табу үшін көрермендер желетейтін сұрақтар қояды. Ал жүргізуші жауаптарына «Иә» немесе «Жоқ» деп жауап қайтарады.
Мыс.Ішінде қатты зат па?Ол оқу құралы ма? Егер де таба алмай жатса,жүргізуші өз жағынан көрермендерге көмек береді. Қара жәшіктің ішінде бүгінгі біздің пікірсайысымыздың тақырыбымен байланысты зат жатыр.Ол Қазақ-ағылшын-орыс сөздігі.


Пікірсайысымыздың тақырыбы:
« Үштілділік-заман талабы: жақтау және даттау»
Пікірсайыстың мақсаты: қатысушылар жиналған қауымға өздерінің көзқарастарының шынайы екендігіне көз жеткізу.
Үштілділік -заман талабы.mp4
Міндеттері:

  • талқыланатын мәселелер шеңберіндегі аталған тақырыпты талқылау;

  • статистикамен, мысалдармен және фактілермен көзқарастарын білдіру;

  • жұртшылықты эмоционалдық элементтермен және шығармашылық көзқараспен қаныққан дайындалған және ақпараттандыратын сөздерді көрсету;

  • кездесетін мәселелерге шешім шығару;

  • қарсыластардың көзқарастарын жоққа шығару және дәлелдеудің нақты жолын ашу;

  • қойылған сұрақтарға жауапты өздеріне тиімді етіп арнасын құру.

Дебат ( Пікірсайыс)– бұл зияткерлік ойын, әр топта үш адамнан екі топ қатысады және әділқазылар алқасын сайлап аламыз.Дебат командасының мүддесін қорғайтын ойыншылар спикерлер деп аталады. Әр спикер өзінің белгілі міндеттерін қатаң орындайды, оларға сөз сөйлеуге нақты уақыт беріледі. Сонымен бірге, ойынға қатысатын командалар өздерінің міндеттерін орындайды: бір команда жақтаушы жақты ұсынады және оның спикердері Ж1, Ж2, Ж3 деп белгіленеді. Екінші команда даттаушы жақты ұсынады, оның спикерлері сәйкесінше, Д1, Д2, Д3 деп белгіленеді. Әр спикер белгілі тәртіппен нөмір ретін сақтай отыра, шығып өз сөзін сөйлейді. Ойын соңынан көрермендеріміздің дауыс беруге қатысып, қорытындысын шығарамыз.


Жапон ғалымы Секи Такаһарудың: «Адамдар пікірі – қоғам дамуының қуат көзі. Әр пікір айтылған сайын сан мың жаңа идеялар туады»,-деген екен.
Кіріспе бөлім:
Тіл – адамдардың қарым –қатынас жасауының басты құралы.қазіргі ай сайын алға қадам басып, күн сайын жаңарып, тез қарқынмен дамып бара жатқан өзгерістерге толы өмірге ойдағыдай сәйкесуі үшін қос тілді болып қана қалмай, сонымен қатар көп тілді болуы басты қажеттілікке айналуда. Бұл іс әр азаматтың өзіне де, өзгеге де тиімді. Сондықтан қазіргі қоғамда көп тілді меңгеру кез келген адамды жарқын болашаққа бастайтын жол іспеттес. Кезінде халқымыздың «Жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі білім біл» деген аталы сөзі дәл бүгінгі дамыған дәуірімізге сәйкес айтылғандай. 
Жақтаушы жақ және даттаушы спикерлері өз кейстері бойынша ойларын ортаға салады.
Негізгі бөлім:
Қорытынды бөлім:
Иә, «үштілділік» саясатын қайта қарау қажет деген пікірлер жиі қылаң беріп жүргені жасырын емес. Десек те Елбасының: «Қазақ тілі үш тілдің біреуі болып қалмайды. Үш тілдің біріншісі, негізгісі, бастысы, маңыздысы бола береді»- деп ескерткенін тағы бір қайталап қойсақ артық болмас. Ақпараттық техниканың дамыған заманында тілді үйрену қиындық тудырмайды, қайта көп тіл білгеннің ешбір зияны жоқ.
Біз әлемдік аренаға шығу үшін ағылшын тілін жетік меңгерген мәңгілік Елге айналумыз керек.Бұл жолда біз ұтпасақ, ұтылмаймыз. Өз тілің бірлік үшін,өзге тіл тірлік үшін керек екенін ұмытпайық. Сондықтан «Ана тілің ـ арың бұл, ұятың боп тұр бетте. Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді қүрметте» деп, ақын Қадыр Мырза-Әли ағамыз айтқандай, әуелі өз ана тілімізді қүрметтеп, оны ардақтап, аялап үйренейік те, өзге тілдің бәрін білуге барынша құлшыныс жасайық. Өз тіліміз өзегіміз, халықтық қасиетімізді айғақтайтын алтын тұғырымыз болсын.
Жаса_Қазақстан!_Қа___.mp4
Көк_тудың_желбірегені_-__Ибраг___.mp4

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет