Қазақстанда құқықтық сананы жақсарту бағыттары



бет1/7
Дата13.06.2022
өлшемі165,75 Kb.
#146466
  1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
нигилизм


  1. ақалалар

  2. Құқық

Қазақстанда құқықтық сананы жақсарту бағыттары
Құқықтық сана құқық қолданумен тікелей байланыста жəне арақатынастары өте тығыз. Құқық қолданатын мемлекеттік орган, лауазымды тұлға құқықтық сана деңгейін пайдалана отырып, өз құзыры шеңберінде арнайы нормативтік-құқықтық кесімдер, шешімдер, үкімдер, бұйрықтар шығарады. Бірақ құқықтық сананың негізгі идеялары қоғамдық қатынастарды реттейтін нормаларда бекітілген, жарияланған. Сонымен қатар құқық салаларында көрсетілген қағидалар құқықтық сананың негізгі талаптары болып саналады. Мысалы, Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексінің 16-бабы: «Судья істе бар дəлелдемелерді олардың жиынтығымен əділ, жан-жақты жəне толық қарауға негізделген өзінің ішкі сенімі бойынша бағалайды, бұл орайда ол заң мен ар-ұятты басшылыққа алады». Бұл норма судьяны істі «жан-жақты», «толық» қарауға міндеттеп тұр жəне заң судьяға дəлелдемелерді «өзінің ішкі сенімі бойынша» бағалауға, бұл күрделі жағдайда тек «заң мен ар-ұятты басшылыққа алуды» міндеттеп тұр. Құқық қолдану барысында да, яғни əділ шешім қабылдау үшін, судья заңға бағынып, ар-ұяттың негізінде шешім шығару тиістігі көрсетілген. Ал, əділеттілік əрқашан жоғары, кəсіби дəрежедегі құқықтық сананың қалыптасуын талап етеді [1].
Сонымен қатар құқықтық сана құқықтың өзіне де тікелей əсер етеді. Оның мұндай қасиеттері саналық əсер, келесі көріністерден байқалады.

Құқықтық сана құқық нормаларының орындалуын тікелей қамтамасыз етеді. Құқықтық сана неғұрлым жоғары болған сайын, соғұрлым құқық бұзушылықтың динамикасы төмен.
Қоғамда азаматтардың құқықтары міндеттерімен тікелей байланысты. Құқықтар мен бостандықтарды бір-бірінен ешуақытта бөліп қарауға болмайды. Құқықтық сана əрқашан азаматтардың конституциялық міндеттерін бұлжытпай орындауды талап етеді. Мысалы, Қазакстан Республикасының əрбір азамат Конституцияны сақтауға, салық төлеуге, отанды жəне табиғатты қорғауға міндетті. Сондықтан барлық жағынан алып қарағанда, құқықтық сана заңдылықты нығайтудың берік кепілі ретінде танылады.
Құқықтық сана құқық нормаларының мəнін, мазмұнын түсінуге мүмкіндік береді. Құқық қолданатын субъект құқықтық сана мүмкіндігін пайдалана отырып, құқық нормасын мəнін ұғынады, содан кейін ғана оның, мазмұнын түсіндіру, қолдану құқына ие болады. Мысалы, тергеуші, судья нақтылы іс бойынша жасалған қылмысты дəлелдемелер арқылы анықтап, қылмыстық кодекстің нормасын қолданады. Бұл күрделі жəне асқан жауапкершілікті талап ететін əрекет болғандықтан, құқықтық сананың іс бойынша жиналған дəлелдемелерді бағалаудағы рөл өте зор. Сондықтан Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 25-бабы мынандай норманы бекітеді:


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет