Қазақстанда құқықтық сананы жақсарту бағыттары



бет5/7
Дата13.06.2022
өлшемі165,75 Kb.
#146466
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
нигилизм

Дербес құқықтық сана — жеке адамның ішкі сезімінен туындайтын құқыққа жəне оның қағидаларына деген көзқарастары мен қатынастары.
Топтық (корпоративтік) құқықтық сана — қоғамдық қатынастарға түскен субъектілердің қызметтері мен мүдделеріне байланысты қалыптасқан сана. Бұл сана адамдардың мамандықтарына байланысты қалыптасады, мысалы, мұғалімдер, фермерлер, бір партияның мүшелері, қозғалыстар жəне т.б. ұжым біріктірген адамдардың топтары.
Қоғамдық құқықтық сана — белгілі бір мемлекетте немесе жалпы қоғамда бастапқылық дəрежеде бүкіл социум мүшелері мойындаған сананың түрі, қоғамдық-құқықтық сана өз дəрежесінде билікті тұрактылықта қамтамасыз етуі мүмкін. Сонымен қатар адамдардың сана наразылығы бақылаудан шығып, қақтығыстар мен шиеленістерді қалыптастыруы əбден мүмкін. Қоғамдық құқық сананың тұрақтылықта болуы көп жағдайда мемлекеттегі материалдық жағдайларға тікелей байланысты.
Жасөспірімдердің құқықтық санасы — жас ерекшеліктеріне, кəмелетке толмағандығына байланысты, өзіндік ерекшеліктері бар сана. Бұл сана жасөспірімнің организмі қалыптасып, жетілу кезеңіндегі ерекшеліктерден туындайды. Құқықтық тəрбие барысында осы өлшемдер міндетті түрде ескеріледі.
Студенттердің құқықтық, санасы — жоғарғы білім алу барысында қалыптасатын сана. Бұл сананың өзіне тəн мынандай ерекшеліктері бар:
а) болашақта құқықтық белсенділікті қалыптастырудың іргетасы қаланады, азаматтық ұстаным жəне патриотизм рухы қалыптасады;
ə) саяси процестерге тартылып, сана болмысы шыңдалады. Бұл көрініс негізінде ірі қалаларда (Алматы, Астана) білім алу барысында іс жүзіне асырылады;
б) құқықтық сана білім алу сапасының төмен деңгейіне, сауатсыздығына байланысты маргиналдық (шетте қалу) деңгейінде қалып қоюы мүмкін. Бұл сана формасын ұялаған субъектілер, Американың социологі Р.Парлатовтың айтуынша, мазасыз, агрессияшіл, өзін ғана құрметтеуші, сезімтал, жасқаншак, эгоцентристік қасиет мінездерімен сипатталады.
Отбасылық құқықтық сана — негізінде отбасы, ошақ қасында некелік қатынастардан туындайтын жəне бір жанұяның дəстүрлік салт-санасымен қалыптасады. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің», «Əке көрген оқ жанар, шеше көрген тон пішер», «Əкеге қарап ұлы өседі, шешеге қарап қыз өседі», «Бала тəрбиесі — бесіктен», «Мейірімділікті анадан үйрен, əділдікті данадан үйрен» жəне т.б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет