Əйелдердің кұқықтық санасы — əйел заты ағзаның биологиялық процестерінің ерекшеліктеріне байланысты қалыптасатын сана нормасы. Оның өзіне тəн ерекшеліктері бар, психологиялық əдебиеттерде көп жазылған.
Сонымен, құқықтық сананың сапасын жақсартып, қоғамдағы оның маңызын көтеруге зор үлес қосатын құқықтық психология мен құқықтық идеология. Бұл психология мен идеологияны теңестірсек, идеология басым болады. Өйткені психология адамдардың санасында заңдарға олардың қолданылуына байланысты туған тек əсерлерін, көңіл-күйін, сезімдерін ғана көрсетеді. Ал идеологияның қоғамға əсерінің шеңбері де, кеңістігі де өте кең, маңызы да анағұрлым жоғары. Идеология құқық жөніндегі пікірлер мен көзқарастарды белгілі бір жүйеге келтіріп, ғылыми негізде дəлелдеп кызмет атқарады.
Мұндай тұрақты қалыптасқан демократиялық, мəдени, əлеуметтік, құқыктық идеология əр мемлекетке өте қажет. Онсыз қоғам сапалы, жақсы дами алмайды. Мұның аты — ұлттық немесе мемлекеттік идеологияның жоқтығы. Идеология дегеніміз — мемлекеттің жүрегі. Жүрегінде өзіне тəн қасиет жоқ адамның дара тұлға еместігі кімге құпия? Өзіндік идеологиялық бағыт-бағдары, ұлттық бітімі жоқ мемлекет ше? Ол кімге қажет? Əрине, бізге қажеті жоқ. Бірақ сырттағы біреулерге ол ұнайды. Өйткені мұндай мемлекетті бостандықта ұстау оңай [4].
Тəуелсіз жас мемлекеттің іргесін анықтауға байланысты тұжырымның бірі ілімдік жағынан қорытылуға тиіс. Ондай ұлттық идеологияның негіздері бізде жоқ емес. Тек оны нақтылай, дəлелдей түсу керек. Ғылым дəрежесіне қарай бейімдеу қажет. Құқықтық қоғамы бар мемлекет кұрамыз, оған керегі жалпы адамзаттық идея деп тұрсақ та, Қазақстанның өзіне лайық идеологиясы болуын ешкім жоққа шығармас.
Қорыта айтсақ, құқықтық идеологияны жаңғырту, озық өркениет жетістігін қабылдау, мəдениет пен өркениетті ұштастыру, ұлттық тұлға тəрбиелеу, мемлекетімізде қаржы-қаражат, заң, өндіріс, өндіргіш күш, білім беру, денсаулық сақтау мен бұқаралық акпараттың үйлесімін тауып үндестіретін құрал — мемлекеттік, ұлттық, құқықтық идеяны қалыптастыру.
Бұл жерде ескеретін мəселе, Кеңестік дəуірде заң ғылымын марксизм теориясына сəйкес түсініп, ғылыми зерттеулерді, құқықтық мамандарды дайындауды осы бағытта жүргізіп келдік. Дүниежүзілік заң ғылымымен байланысымыз жоқтың қасы болды. Олардың мемлекет жəне құқық теориясының жаңалықтары мен жетістіктерін біз қолданбадық, пайдаланбадық. Сөйтіп, Кеңестік заң ғылымы біржақты дамып, көп кемшіліктерге əкеп соқты.