Қазақстанда құқықтық сананы жақсарту бағыттары


Құқықтық инфантилизм — латын сөзі —



бет3/7
Дата13.06.2022
өлшемі165,75 Kb.
#146466
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
нигилизм

Құқықтық инфантилизм — латын сөзі — іпапіеіез ~ балалық, жетілмеген) — құқықтық білімнің, ақпараттың жетіспегендігінен қалыптасып, жеке адамның сезімі бойынша құқық құқығында көптеген түсінбеушіліктерді туғызуы мүмкін. Адам білмейтін нəрсені «білемін» деп, заңсыз əрекеттерге барады.
Нигилизм туралы білетін болып көрінуі, соның салдарынан құқықтық сананың бұрмалануы. Мұндай сана индивидтегі жалған жолға бұрып, оның мінез-құқықтық идеализм — құкықтық қоғамдық қатынастарды реттеудегі рөл мен мүмкіндіктерін асырып бағалау. Негізінде сананың негізгі идеясы — халықтың «əділетті заңға» сенуінен туындауы. «Жақсы заңдардың» мүмкіндігінің мол екендігіне үлкен үміт арту. Заңның мүмкіндігі өте зор, бірақ адам санасы одан да пəрменді. Сондықтан қоғамдық қатынастардың барлық санасын құқық нормасымен реттеу, қалыпқа салу мүмкін емес. Тиімді реттеу үшін əлеуметтік тəжірибе мен халық психологиясын жетік, ғылыми деңгейде танып, меңгеру қажет. Құқықтық-қоғамдық қатынастардың арнайы бір сатыдағы қажеттілігі.
Құқықтық демагогия — сапалы түрде алдау, жалған мəліметтер тарату мен өтірік уəде беру арқылы халықты, əлеуметтік топтарды қоғамдағы құқықтық ақиқатты өз мақсаттарына жету үшін бұрмалап көрсету жəне насихаттау. Мысалы, халықты жалған ақпарат арқылы сайлауда дауыс бермеуге, сот үкімін «əділетсіз» деп аштық жариялауға шақыру жəне т.б. əрекеттерге бару. Құқықтық демагогия, баспасөз, мегафон құқық арқылы іс жүзіне асады [2].
Қоғамды, мемлекетті дамытуда, оның құқығын нығайтуда қуатты құралдың бірі — еңбекші бұқара. Сондықтан заң жобаларын талқылауға, құқықтық нормалардың дұрыс қолдануына, мүлтіксіз орындалуын бақылауға олар белсене қатысады. Құқықтық сананы заңды мінез-құлық деп те атайды. Бұл құқық нормаларының нұсқауларына сəйкес келетін жеке тұлғаның сана-сезімі. Осы сана-сезім арқылы заң орындалады, жүзеге асырылады. Егер адамдардың мінез-құлықтары құқық нормаларының талаптарына сəйкес келсе, онда құқықтық тəртіп нығаяды.
Құқықтық сана-сезім арқылы қоғам басқарылады, оның өмірі қалыпты жағдайда жүргізіледі, азаматтардың құқықтары мен бостандықтары жүзеге асырылады. Мұны азаматтардың көбі түсінеді, сондықтан құқықтық қатынастардың басым көпшілігі заңды мінез-құлық негізінде құрылады. Азаматтар құкықтың талабын белсенділікпен немесе енжарлықпен орындайды. Соған сəйкес сана- сезім екіге бөлінеді: белсенді заңды мінез-құлық жəне бəсең (енжар) заңды мінез-құлық. Белсенді заңды мінез-кұлық — лауазымды тұлғалардың азаматтардың өз бастамасы мен белгілі мақсатқа бейімделген заңды əрекеттері. Бұл мінез-құлықтың түрлері сан алуан. Ол субъектілердің өз міндеттерін адал ниетпен, сапалы атқарып, азаматтардың өздеріне жүктелген міндеттерін қалтықсыз сапалы түрде орындауы, сонымен қатар құқықтарын жүзеге асыра отырып мемлекеттің, қоғамдық ұйымдардың жұмысына белсене қатысып əлінше көмектесу, заңдардың жобаларын талқылауда бет көрсетіп, өз пікірін ортаға салу — міне, құқықтық белсенділікке осындай əрекеттер жатады.
Енжар занды сана-сезімнің көрінісі де сан алуан. Азамат өзіне жүктелген міндеттерді салақтықпен орындайды, нормативтік актілерді жүзеге асыруға енжарлықпен, немқұрайлықпен қарайды. Мұндай мінез-құлық екі тарапта да ұтылыста болады. Мысалы, шартты қатынаста субъектілердің екеуі де немесе біреуі міндеттерін дұрыс орындамаса, екі жағы да ұтылыста болады, зиян шегеді. Мұндай енжар мінез-құлық басым болса, мемлекетке де зиян келеді.
Қоғамның экономикалық, əлеуметтік, мəдениеттік дамуы жақсы деңгейде болса, адамдардың сана-сезімі де сол дəрежеде болады. Осыған сəйкес қоғамның құқығы да жақсы дамып, қатынастарды жақсы реттеп-басқарып отырады.

Егерде қоғамның экономикалық, əлеуметтік дамуы дағдарысқа ұшыраса, онда сана-сезімнің сапасы төмендеп, құқықтық нигилизм, немқұрайдылық етек жая бастайды. Қылмыстың саны күрт өседі, қоғамдағы заңдылық пен құқықтық тəртіп нашарлайды. Оның себептері:

  • азаматтардың көпшілігінде демократиялық мəдениеттің жоқтығы;

  • қоғамда əкімшілік-əміршілік жүйенің ұзақ уақыт өмір сүруі;

  • ескі мемлекеттің ыдырауы, жаңа жүйенің толық қалыптаса қоймауы;

  • қоғамның экономикалық-əлеуметтік деңгейінің нашарлауы.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет