Қазіргі өтпелі кезеңде Қазақстан Республикасының алдында тұрған мүдде-мақсаттар өте көп. Солардың бірі — халқымыздың құқықтық сауаттылығын көтеру, оның негізгі бағыттары:
елімізде құқықтық тəрбие жұмысын жақсарту. Бəрі іске қоғам болып кірісу;
тəрбие жұмысын барлық бағытта жандандыруға көңіл бөлу; инабаттылық, парасаттылық, патриоттық, тəртіпшілік, еңбекшілдік, діни т.б. бағыттарда;
халықтың рухани сана-сезімін, білімін жақсарту;
мемлекеттің заң шығару, құқықтық нормаларды орындау жұмысын жақсарту;
мемлекет аппараттарындағы қызметкерлердің мамандық сапасын көтеру;
заңдылыққа, құқықтық тəртіпке қатаң бақылау жүргізу [3].
Осы көрсетілген бағыттар арқылы құқықтық тəрбиені жақсарту тек аппараттың ғана жұмысы емес. Бұл күрделі жəне өте өзекті іске қоғамдағы барлық бірлестіктер, одақтар, ұжымдар, саяси ағымдар мен ұйымдар белсенді түрде қатысулары керек.
Құқықтық тəрбиені жақсарту үшін қоғамның экономикалық, əлеуметтік жағдайын жақсарту, демократияны, бостандықты, теңдікті дамыту керек, сонда ғана іс нəтижелі болады.
Құқықтық сана — Қазақстан Республикасы азаматтарының жүзеге асырылып жүрген заңдарға, оларды қолдануға азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына жəне қалауына, құқыққа, басқа да құқықтық құбылыстарға құқықтық сезімдерінің, əсерлігінің, көзқарастарының, пікірлерінің, бағаларының жүйесі.
Философияда қоғамдық сана — қоғамдық болмыстан туындайтын идеялар мен көзқарастардың материалдық қатынастардың жемісі. Сонымен қатар сана болмысының қалыптасуына үлкен ықпалын тигізіп, оны дамытуға үлесін қосады. Ал қоғамдық сана құрамы жағынан алып карағанда көптеген түрлерге бөлінеді: саяси, көркем, теориялык, кəдімгі, эстетикалық, діни, этикалық жəне т.б. Құқықтық сана қоғамдық сананың бір түрі, бөлігі болып саналады. Басқа саналардың түрлеріне қарағанда құқықтық сананың өзіне ғана тəн ерекшеліктері бар.
Құқықтық сана мемлекетте қалыптасқан құқықтық жүйе əділ сот қызметтерінің айнасы болып табылады. Құқықтық реттеу барысында адамдар құқықтың əділеттілігін немесе оны қолдану барысындағы заңсыздық пен бассыздықтан туындайтын əрекеттер мен көріністерді ой-өріс, сана арқылы ой елегінен өткізіп, баға береді. Соның нəтижесінде индивидтердің мемлекеттегі əділеттілікке деген көзқарастары қалыптасады.
Құқықтық сана қоғам тапқа бөлініп, мемлекет пен құқық пайда болғанда қалыптасады жəне əр түрлі мағындағы қасиеттерге ие болады. Мысалы, құл иеленуші мемлекетінде құл иеленушілердің құқықтық саналары негізінде «құлдарды қанау», «басып жаншу», «баю» сияқты ұғымдармен уланған болса, керісінше, құлдардың құқықтық санасының негізгі өзегі — азаттық, теңдік, бостандық. (Мысалы, б.ғ. дейінгі I ғасырдағы Римдегі Спартак, б.ғ. дейінгі I–II ғасырлардағы Қытайдағы «Сары тартқандар» жəне «Қызыл кастар» көтерілістері жəне т.б. сондай қарулы көтерілістер.) Таптық қоғамда сана да таптық сипат алады.
Құқықтық сана саяси мазмұнға, сипатқа ие болады. Мемлекеттегі саяси процестер мен бағыттар əрқашанда құқықтық санаға өзінің əсерін тигізеді. Заңның өзі қоғамда жүргізіліп отырған саясатка тəуелді. Мысалы, сталинизм кезінде саясат тоталитарлық жүйені жəне жеке адамның басына табынушылықты мемлекеттік дəрежеде нығайту болса, қоғамдык құқықтық сана сол саясаттың тікелей əсерінен халықтың құқықтық санасына «халык жауы» ұғымын жаппай қабылдатты, заңды екенін сіңірді. Фашизм де сондай сананы қалыптастырды.
Құқықтық сана қоғамның қондырмасынан орын тебеді, оның құрамындағы саяси, көркем, эстетикалық, теориялық, кəдімгі, діни, этикалық, саналардың түрлерімен тығыз байланыста қалыптасады жəне дамиды. Бірақ бір сананың түрі құқықтық санаға мол əсер етуі мүмкін. Мұндай жағдайда индивидтің құқықтық санасы не прогрессивтік, не регрессивтік, не конформистік, не ниглистік жəне инфантильдік қасиеттер мен мінез-құлықты қабылдауы мүмкін. Сана адамдардың өзара іс-əрекеттерінің нəтижесінде өмірге келіп, дамып, ескіріп, жаңарып жатады. Бұл объективтік өте күрделі процесс, сан алуан бағытқа, жүйеге бөлініп коғамның сана-сезімін топтастырып қалыптастырады. Оның негізгі нысандары: саяси, моральдық, ұлттық, эстетикалық, діни, құқықтық т.б. сана-сезімдер. Бұлар бір-бірімен тығыз байланыста дамып отырады.
Мемлекет жəне құқық теориясы қоғамдағы сана-сезімнің объективтік даму процесіне сəйкес құқық саналығының маңызын дамытып, нығайтып отырады. Құқықтық сана-сезімнің мазмұны төрт жүйедегі қарым-қатынастарды қамтиды: қоғамдағы нормативтік актілердің даму, жаңару, орындалу, қорғау процесін, оған халықтың сана-сезімінің əсерін, көзқарасын, іс-əрекетін біріктіреді.
Құқықтық сана-сезімнің негізгі функциялары: бірінші — халықтың құқықтық білімін арттыру; екінші — сана-сезімді дұрыс дамыту үшін тəжірибелік жұмысты жақсарту; үшінші — қоғамдағы қатынастарды реттеуді, басқаруды жақсарту үшін адамдардың сана-сезімін көтеру. Құқықтық сана- сезім — нормативтік актілердің негізгі, қоғамдағы қатынастарды дұрыс реттеуші, басқарушы күш. Ол құқықтық нормалардың дұрыс дамуына, дұрыс орындалуына жəне оның болашағын дұрыс болжауға өте зор əсер етеді. Құқықтық сана-сезімнің ерекшеліктері:
құқықтық сана-сезім қоғамдағы тек нормативтік актілер мен құбылыстарды, қатынастарды бейнелейді. Ол жаңа нормалардың қабылдану жəне олардың процесін қамтиды. Саяси, моральдық, ұлттық т.б. көзқарастар құқықтық сана-сезімге əсер етіп, құқықтық нормалардың дұрыс дамуына, орындалуына ықпал етеді;
қоғамның даму процесін, құбылыстарын сана-сезім құқықтық тұрғыдан сезініп, сол позициядан қорытынды тұжырымдар жасап, баға береді, мысалы: құқықтық қатынас, құқықтық жауапкершілік, құқықтық тəртіп т.б.
Сонымен, қоғамдағы құқықты дамыту үшін, заңдылықты, тəртіпті қатаң сақтау үшін құқықтық сана-сезімнің маңызы өте зор. Бұл сана-сезімді қоғам көлемінде дамыту керек, əсіресе заңгерлердің, органда қызмет атқаратын азаматтардың білімі, тəжірибесін, сана-сезімін көтеруді қажет етеді. Сонда ғана қоғамда заңдылық, құқықтық тəртіп болады.
Халықтың, əсіресе заңгерлердің белсенділігі үш түрлі, үш деңгейде болады: біріншісі — құқықтың субъектілері өзара қатынасты тек дұрыс басқарып, жаңалыққа ұмтылмау — сылбыр, енжар деңгейі; екіншісі — эвристикалык деңгей — құқықтың субъектілерінің жаңалыққа талпынып, мəселені шешудің жолдарын табу; үшіншісі — интеллектуалдық деңгей — жаңалықты ашуда үзілістің болмау, жоғары дəрежеде белсенділікті көрсету. Белсенділіктің соңғы екі түрі құқықтық сана-сезімнің дамуына өте зор əсер етеді.
Құқықтық сананың мазмұны əр таптың, қоғамның экономикалық, саяси, мəдени өмірінде алатын орнына байланысты. Құқықтық сана халықтың саяси жəне құқықтық жауапкершілігін арттырады, өздерінің заңдарда көрсетілген құқығы мен міндеттерін адал орындап отыруына, мемлекет жəне еңбек тəртібін қатаң сақтауға зор үлес қосады.
Қоғамдық сана-сезімнің басқа нысандарына қарағанда құқықтық сана адамдардың ой-өрісіне, рухани ойлану процесіне өте зор əсер етеді. Себебі құқықтық қатынаста адамдар нормативтік актілерді бұлжытпай орындаулары керек, екі жақты құқық пен міндет бар, дұрыс орындалмаса, жауапкершілік бар. Сондықтан құқықтық қатынастардың субъектілеріне түсетін ауыртпашылық айтарлықтай мол.
Еліміздің өтпелі дəуірдегі саяси-əлеуметтік негізі мен болашағы «Қазақстан–2030» стратегиясында нақтылы бағдарланған. Ол республикадағы ұлттардың өзіндік сұраныстарын зерттеуге, олардың дамуына қатысты Қазақстан Республикасы Конституциясының қағидаларын жүзеге асыру жолдарын айқындаған құжат. Бұл орайда мемлекеттік органдардың қызметі əуел бастан халықтар арасындағы мəдени байланыстарды дамытуға, олардың рухани бірігуіне жəне татулығына бағытталғаны маңызды.
Қазіргі нарықтық құбылыстар ауқымы меншікке жаңаша қатынас, кəсіпкерлік, еңбекті жаңаша ұйымдастыру, саяси жүйеге сыпайылық, «құқықтық ойлау», іскерлік, электрондық есептеу шеберлігі, саяси-құқықтық жəне экологиялық мəдениет жəне т.б. қасиеттерді жетілдіруді қажет етеді. Жаңа қоғамдық қатынастар өз зандылықтары арқылы жетіледі. Құқықтық сана субъектілері бойынша бірнеше түрлерге бөлінеді.
Достарыңызбен бөлісу: |