«Судья, прокурор, тергеуші, анықтаушы дəлелдемелерді қаралған дəлелдемелердің негізделген өздерінің ішкі сенімі бойынша бағалайды, бұл орайда заң мен ар-ожданды басшылыққа алады». Құқықтық сана — кұқық жасау, қабылдау қажеттілігін анықтайтын, талап ететін негізгі көрсеткіштердің бірі, əлеуметтік барометрі. Себебі қоғамның дамуы барысында нормативтік- құқықтық кесімдер ескіреді, қоғамдық реттеуге дəрменсіздік танытады. Даму — соның айғағы. Жаңа заң қабылдау немесе оған өзгерістер енгізу қажеттілігі туындайды. Осы кезеңде құқықтык сананың рөлі өте зор болады. Сана идея ұсынады, оның қызметі реттеуді қажет ететін қоғамдық қатынастың құқық нормасында бекітеді. Бұл үзіліссіз дами беретін үрдіс, қозғалыс.
Қоғамның дамуы тіке жол сияқты дамудан алда. Адам саналары əр түрлі, дара сипаттарға ие болғандықтан, қоғамдық қатынастар да қайшылықтар мен қақтығыстарға толы. Мемлекет құқықтық жүйе арқылы сол қақтығыстарды бір қалыпқа келтіріп, тиімді реттеу мақсатын көздейді. Бірақ ондай нəтижеге жету мақсаты əркашан бола бермейді. Оның негізін себептерінің бірі құқықтық санасында формацияға ұшырауы болып табылады. Оның мынандай түрлері бар: Құқықтық нигилизм (латын сөзі піһіі — еш нəрсе емес) — қоғамда қабылданған, мойындалған құқықтық құндылықтарды, қағидалар мен заңнаманың мүмкіндіктерін жоққа шығару, сенімсіздік таныту арқылы биліктің заңсыздығы мен бассыздығына көз жұмып қарау. Құқықтық нигилизм жалпы қоғамдық нигилизмнің кұрамының бөлігі болып саналады. Саяси-құқықтық ой- пікірдің тарихында нигилизм əлеуметтік прогресс пен азаматтың даму заңдылықтарын жоққа шығарып, əсіресе Батыс Еуропаның, Америка демократиясының құндылықтарын мойындамаушылық танытқан əлі де баршылық. Мысалы, Ресейде славянофилдер орыс халқына Конституция, тіпті құқық мүлдем қажетсіз деп санады. Бұл ағымның ірі өкілдерінің бірі И.С.Аксаков: «Батысқа қараңдаршы. Халықтары менменшілдікке ниет білдіруге еліктеп кетті, үкіметтік жетілу мүмкіндігіне сенді, республикаларды жасап тастады, конституцияларды құрды жəне рақымшылдықсызға ұрынды, əр минут сайын күйреуге дайын».
Ал, анархизм ілімінің ірі өкілдерінің бірі М.А.Бакунин мемлекеттің болуына, оның басқару, билік жүргізу арқылы азаматты қорғау, топтастыру функцияларына нигилистік көзқарас танытты. Белгілі ғалым С.Ф.Ударцевтың тұжырымдары бойынша: «Бакунинше, мемлекет — зорлықшыл, қылмыскер, ол, оның пікірінше, құқықтық сынардан айырылған. Осы мағынада ол құқықтық мемлекет теориясына жат. Оған мемлекет өзінің мəнісі жағынан — құқықтық емес институт».
Құқықтық нигилизм орыстың ұлы жазушысы, ойшылы Л.Н.Толстойда да жиі кездеседі. Мысалы, ол өзінің көптеген шығармаларында құқық пен мемлекетке сенімсіздікпен қараған, жоюға шығаруды көп пайдаланған. «Студентке құқық туралы хат» деген еңбегінде құқықты «жексұрын алдаушы» деп бағаласа, заң ғылымын саяси экономиядан да асқан өтірікші деген пікір білдірген.
Құқықтық нигилизмнің ең негізгі себептерінің бірі мемлекеттегі үш билік саласында əділетсіздіктің жəне коррупция кең қанат жаюы болып табылады. Соттың шығарған əділетсіз үкімі (мысалы, бір тауық ұрлаған адамды бір жыл мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаласа, түйені түгімен жұтқан адамды бір жылға соттау). Атқарушы биліктегі коррупция (қызметке шара беру арқылы орналасу жəне т.б.) халықтың заңдылыққа деген сенімсіздігін арттыра түседі, құқықтың мүмкіндіктерін жоққа шығарады. Сайлау барысында халықтың дауыс беруден саналы түрде бастартуы да құқықтық нигилизмнің көрінісі.