Дене тәрбиесінің қағидалары



бет1/4
Дата27.11.2022
өлшемі305,6 Kb.
#160068
  1   2   3   4
Байланысты:
Дене тәрбиесінің қағидалары дәріс
РЯ Тема 5 (В1)

Дене тәрбиесінің қағидалары
Дене тәрбиесінің арнайы қағидалары, дене тәрбиесіндегі тәрбиелеу мен білім берудің жалпы кағидалары, дене тәрбиесіндегі жалпы әлеуметтік қағидалары мен оларды анықтайтын заңдылықтарымен таныстыру
Дене тәрбиесінің арнайы қағидалары
Дене тәрбиесіндегі тәрбиелеу мен білім берудің жалпы кағидалары
Дене тәрбиесіндегі жалпы әлеуметтік қағидалар
Қағидаларды анықтайтын заңдылықтарымен таныстыру
Дене шынықтыру тәрбиесі - бұл, балаларда қимыл белсенділігінің қажеттілігі қанағаттандырылуын қамтамасыз ететін және оның дамуына, дене шынықтырудың, спорттың, ойындардың, табиғи факторлардың әр түрлі әдістері мен түрлерінің әсері арқылы мүмкіндік беретін үрдіс.
Дене шынықтыру тәрбиесінің мақсаты балалар мен жасөспірімдердің денсаулығын сақтау мен нығайту және олардың оңтайлы дамуын қамтамасыз ету болып табылады.
Сауықтыру міндеттері; денсаулықты нығайту, денені жан- жақты дамыту, ағзаны шынықтыру, адамдардың шығармашылық ұзақ өмірін қамтамасыз ету.
Тәрбиелеу міндеттері: ақыл-ой, адамгершілік, эстетикалық және еңбек тәрбиесіне ықпал ету.
Білім беру міндеттері: қозғалыс дағдылары мен іскерлікті қалыптастыру, дене қасиеттерін (жылдамдық, ептілік, икемділік, күш, төзімділік т. б.) қалыптастыру, арнаулы білімді меңгеру, ұйымдастырушылық қабілеттерді бойға сіңіру.
Дене тәрбиесінің аталып көрсетілген мақсатына сәйкес мына төмендегідей міндеттерді шешу қарастырылады:
Қағида – бастапқы негіз, қандай да бір теория ілімінің даму заңдылығы. Қозғалыс шеберлігі мен дағдысын қалыптастыру, дене қасиеттерін тәрбиелеу жалпы заңдылықтарға бағынады, ол әдістемеде қағидалар деп аталады. Қағидаларда жазылмаған, бірақ орындалуы керек заңдылықтар деп айтуға да болады. Қағидаларды білу, оларды тәжірибеде қолдану дене тәрбиесі үрдісін жетілдіреді.
жаттығуды жетілдіруде сатылап өсу қағидасы
Дене тәрбиесінің қағидалары
үздіксіз кағидасы, сабақтардың циклдық құрылу қағидасы
Арнайы қағидалар
Жалпы кағидалар
Жалпы әлеуметтік қағидалары
демалыспен жүктеменің жүйелі түрде ауысып отыру қағидасы
жүктемелердің динамикасына бейімделу қағидасы
дене тәрбиесі бағыттарының жас ерекшеліктерге сәйкес даму қағидасы
белсенділік және саналылық қағидасы
көрнекілік қағидасы
жеке қағидасы
деңгейлік қағидасы
жеке тұлғаны жан-жақты дамыту қағидасы
сауықтыруға бағытталған қағида
қолданбалы қағида
дене тәрбиесінің еңбек
әскери іс-әрекеттерімен байланыс
Адамның жан-жақты үйлесімді даму қағидасы екі бағытқа бөлінеді:
Дене тәрбиесі тәрбиенің басқа түрлерімен тығыз байланыста болып, жастарды өнегелі тәрбиеге баулиды, зейінділік, еңбексүйгіштік қасиеттерін қалыптастырады, адамның көркемдік-әсемдік танымына әсер етеді.
Дене тәрбиесінің әртүрлілігі. Дене күшін жан-жақты дамытуға арналған жаттығулар дене тәрбиесі үрдісі кезінде спортшылардың қимыл шеберлігін, дағдысын жетік игеруіне көмектесуі керек.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет