245
Отарбаева Әзина Байболатқызы,
Қазақстан Республикасы ІІМ Алматы академиясы PhD докторанты,
заң ғылымының магистрі, полиция майоры
ДЕНСАУЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЛМЫСТАРДЫ САРАЛАУДАҒЫ
ДЕНСАУЛЫҚҚА ЗИЯН КЕЛТІРУ ТҮСІНІГІНДЕГІ МӘСЕЛЕЛЕР
Қазақстан
Республикасының Президенті
Н.Ә.Назарбаевтың 2014 жылғы 17 қаңтардағы
«Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір
болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауында
«Сот жүйесі іс жүзінде ашық және қолжетімді,
қарапайым және барлық дауды тез шеше
алатындай болуға тиіс. Барлық құқық қорғау
жүйесі жұмысының сапасын арттыру қажет.»
– деп атап өтіп, ондағысы сот өндірісіндегі
шешімі табылмай
созылмалы болған істердің
орын алып отырғандығына бағытталғандықпен
түсіндіріледі [1]. Сонымен бірге осы істердің
созбалаңға салынуы заң нормаларының әлі
де болса бір қалыптылығы мен бір мағыналы
болмауындағымен байланысты деуге болады.
Заң нормаларындағы нақтылықтың жоқтығы өз
кезегінде қылмыстық істердің сот өндірісінде
немесе сотқа дейінгі өндірістерде өзінің тиісті
мақсаттарына жете алмауына алып келуде десек
артық болмас.
Қазақстан Республикасы Конституциясының
12-бабының 2-бөлігінде
адам құқықтары
мен бостандықтары
әркiмге тумысынан
жазылғандығы және олардың абсолюттi болып
танылатындығы, олардан ешкiмнің айыра
алмайтындығы, заңдар мен өзге де нормативтiк
құқықтық актiлердiң мазмұны мен қолданылуы
осыған қарай анықталатындығы анықталып
келесідей қарастырылған: «Адам құқықтары
мен бостандықтары әркiмге тумысынан
жазылған, олар абсолюттi деп танылады,
олардан ешкiм айыра алмайды, заңдар мен өзге
де нормативтiк құқықтық актiлердiң мазмұны
мен қолданылуы осыған қарай анықталады»»
[2]. Осы атлаған еліміздің негзгі заңы болып
саналатын
Қазақстан
Республикасының
Конституциясында қарастырылып бекітілген
және олардың қамтамасыз етілуіне кепілдік
берілген адам құқықтары
барлық нормативтік
құқықтық актілерде өз орнын алады деуге бола
бермес. Еліміздің конституциясымен белгіденіп,
бекітілген адам құқықтарының бірі ретінде адам
денсаулығы танылатындығы сөзсіз. Сонда да
болса, осы адам денсаулығының қылмыстық іс-
әрекеттер салдарынан бұзылуының алдын алуға
кепіл болатын Қазақстан Республикасының
Қылмыстық заңы болып саналады. Қазақстан
Республикасының
Қылмыстық
кодексінің
талаптарына сай, адам денсаулығына зиян келтіру
қылмыстық жауаптылыққа алып келетіндігі
денсаулыққа келтірілген барлық зиянға қатысты
емес тек қана денсаулыққа онша ауыр емес немесе
денсаулыққа ауыр зиян келтірген жағдайда ғана
жауаптылық қарастырылған. Бұл қылмыстар өз
кезегінде денсаулыққа қарсы қылмыстар болып
саналады.
А.Н. Ағыбаев «Денсаулыққа қарсы қылмыс-
тардың қоғамға қауіптілігі – бұл қылмыстарды
жасаған кезде,
бір адам екінші бір адамның
денсаулығына қасақана немесе абайсызда
зиян келтіреді, яғни кінәлі қоғамға қауіпті іс-
әрекеттерді жасай отырып, адам өмірі үшін ең
қымбатты болып табылатын адам денсаулығына
заңсыз түрде қол сұғады.»[3, Б.33]. А.Н. Ағыбаев
атап өткендей денсаулыққа қарсы қылмыстар өз
кезегінде қоғам үшін қауіпті болып қала береді.
Сондықтан, ол қылмыстық заңмен қорғалуыға
жатып, қылмыстық заңда өз орнын алуы тиіс.
Е. Алауханов «Денсаулыққа
қарсы қылмыс
дегеніміз – заңға қайшы әрекет арқылы басқа
адамның денсаулығын зақымдау, дененің
анатомиялық бүтіндігін бұзу не қандай да
мүшенің немесе жалпы ағзаның жұмысын
қалыптан шығару» деген өзінің түсінігін
береді [4, Б.39 ]. Е.
Алауханов атап отырған
денсаулыққа қарсы қылмастарға денсаулыққа
келтірілетін барлық зиян қамтылған. Сонда да
болса, қылмсыстық заң тек денсаулыққа орташа