Дәріс №10. Сигналдарды бейнелеудің сандық формасы



бет1/5
Дата13.12.2021
өлшемі35,84 Kb.
#125495
  1   2   3   4   5
Байланысты:
АЖ сенімділігі-10
Нупирова А.М. Механика және молекулалық физика бөлімдері бойынша лаборатиялық практикум 2, Суйыктар механикасы-1 8 лек Ф-22-1

Дәріс №10. Сигналдарды бейнелеудің сандық формасы.

  1. Сигнал мен арнаның ақпараттық сипаттамасы

  2. Байланыс арнасы мен хабар көздерінің статистикалық қасиеттерін келістіру

  3. Деректерді беретін торап


1. Сигнал мен арнаның ақпараттық сипаттамасы

Нақты байланыс арнасы, қандай да бір дабылдарды беру мүмкіндігіне қатысты болатын, белгілі бір физикалық параметрлерге ие болады. Үзіліссіз арнаның оның тағайындалуына байланыссыз үш негізгі параметрлермен: дабылды беру үшін берілетін уақытпен Тk дабылды өткізу жолағының енімен Fk жəне арнада кедергіден ұйғарымды дабылдың артып кетуімен Нk сипаттауға болады. Нk-ның артып кетуі арнадағы ең үлкен ұйғарымды дабылдың Ритax кедергілер деңгейінің Pξ (логарифмдік масштабты) айырмасымен сипатталады. Сымдық арналар үшін ар- тып кету, негізінен, арғы жағына өтетін кернеу жəне түйіспелік кедергілер деңгейімен, радиоарналар үшін тиісті қашықтықтарда дабылды анықтау мүмкіндіктерімен анықталады.

Байланыс арнасының атап көрсетілген негізгі параметрлерінің көбейтіндісін арнаның көлемі (сыйымдылығы) деп атау жəне Vk-мен белгілеу қабылданған:

Vk = TkFkHk.

Берілген физикалық сипаттамалармен арна бойынша дабыл- ды беру мүмкіндіктерін бағалау кезінде де дабылдың үш негізгі параметрлерін қарастырумен шектеледі: оның ұзақтығы Тс, спектрдің ені Fc жəне кедергіден артып кетуі Нс, сонымен бірге



Hс = log иξ),

мұндағы, Ри - берілетін дабылдың орташа қуаты; Рξ - арнадағы кедергілердің орташа қуаты.



Нс артып кетуі хабарлағыштың мүмкіндіктерімен жəне берудің алыстығымен байланысты болады. Нс неғұрлым үлкен болса, қате қабылдау ықтималдығы соғұрлым аздау. Берілетін арнаның Vc көлемі (сыйымдылық) ұғымы арна көлеміне ұқсас енгізіледі:

Vс = TcFcHc.

Дабыл көлемі сияқты, арна көлемі, Т, F, Н тиісті координаттары- мен үш өлшемді кеңістікте берілуі мүмкін (48-сурет).

Аталған арна бойынша дабылды бұрмаламай берудің принципті мүмкіндіктерінің қажетті шарты мына арақатынасты орындау болып саналады.

Vc≤Vk

Сонымен қатар, ақпарат берудің жеткілікті жағдайын қамтамасыз ету үшін түрлендіру қажет болуы мүмкін, атап айтқанда:

Тс £ Тk, Fc £ Fk, Нс £ Нk

Дабыл көлемі координаттары

Арна, дабыл беруге жататын спектрдің тəжірибелік еніне қарағанда кішірек өткізу жолағына ие болған кезде, соңғыны дабылдың ұзақтығын ұлғайту есебінен кішірейтуге болады. Мұнда дабыл көлемі өзгеріссіз сақталады.

Егер, керісінше, кең жолақты арна дабыл ұзақтығынан аз- дау уақытқа берілетін болса, онда келісу дабыл спектрін кеңейту есебінен жүзеге асырылады.

Арнада дабылдың артып кетуінің төменгі ұйғарымды деңгейі кезінде түрлендіру, ақпаратта беруді бір мезгілде көп қайтара қайталау жолымен оның ұзақтығын ұлғайта отырып берілетін дабылдың артып кету деңгейін төмендету жолымен жүзеге асыры- лады. Сондай-ақ, түрлендірудің өзге де түрлері болуы мүмкін.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет