Дәріс Дефектология ғылымының зерттелу тарихы Мақсаты



бет1/2
Дата12.10.2023
өлшемі21,04 Kb.
#184859
  1   2
Байланысты:
Лекция-1695889505408


Дәріс 1. Дефектология ғылымының зерттелу тарихы
Мақсаты: Студенттерге дефектология ғылымының зерттелу тарихы жайында толық мағұлмат беру
Жоспар:

  1. Зерде бұзылысының зерттелу тарихы

  2. Психикалық дамуы тежелуінің зерттелу тарихы

  3. Есту бұзылуының зерттелу тарихы

  4. Көру бұзылуының зерттелу тарихы

  5. Сөйлеу бұзылуының зерттелу тарихы

  6. Қимыл-қозғалыс бұзылуының зерттелу тарихы

  7. Ерік саласы бұзылуының зерттелу тарихы

  8. Мінез-құлық бұзылуының зерттелу тарихы

  9. Күрделі кемістіктердің зерттелу тарихы

Кілт сөздер: зерде бұзылысы, ерік саласы бұзылуы, дисгармониялық даму, аутизм, патология
ХVІІІ ғасырдан басталады. Бұл саланың ғылым ретінде қалыптасуы Ж.Итар, Ж.Эскироль, Ж.Демор, Э.Крепелин, Э.Сеген, В.К.Кащенко, Л.С.Выготский, А.Р.Лурия, А.Н.Граборов, М.Монтессори т.б. есімдерімен байланысты. Қазақстандағы дефектология саласын зерттеуші ғалымдар ретінде Ж.Ы.Намазбаеваны, Р.А. Сүлейменованы, Қ.Қ. Омірбекованы, К.Б. Бектаеваны, З.А. Мовкебаеваны т.б. атауға болады.

  1. Зерде бұзылысының зерттелу тарихы

«ХVІІІ ғасырдан бастап, Ж.Эскироль, Э.Сеген, Ф.Гальтон, А.Бине, Э. Крепелин, Дж. Кэттел сияқты психиатрлар, зерде бұзылуын зерттеуге кірісті. Ғалымдардың алға қойған негізгі мәселесі, интеллектуалды кемістіктің жан ауруларымен, психикалық науқастармен байланысын анықтау, бұл бұзылулардың тереңдігін ажырату болды. ХІХ ғасырдың ортасында, көптеген Еуропа елдерінде жалпыға міндетті білім беру ісі енгізілгенде интеллектуалды жетіспеушілік мәселесінің мектеп бағдарламасын меңгеруге кедергі жасауы, дәрігерлердің, педагогтардың, кейін психологтардың назарын өзіне аударды. Жан ауруы жоқ, бірақ бағдарламаны меңгере алмайтын балаларды топтап оқытатын көмекші мектептердің, сыныптардың ашыла бастауы, осы кезеңдерге сәйкес келеді. Кеңес дәуірі кезіндегі ғылымда, олигофренияны жан ауруынан жеке алып қарастыру кейін, ХХ ғасырда басталды, әрі медицинада ғана емес (И.П.Кащенко, Г.И.Россолимо) 20 жылдары пайда болған дефектология ғылымында Л.С.Выготский арқылы кеңінен зерттеу қолға алынды. Ол дәрігерлер, психофизиологтар, психологтар мен педагогтардың еңбектерін бір арнаға бағыттады. К.Д.Ушинский өз еңбектерінде мектеп оқушыларының арасында, жүйкелік-психикалық ерекшеліктердің салдарынан оқуда үлгермейтін балалардың кездесетіндігі туралы ескертеді. Педагогтар мен психологтар мұндай үлгермеушіліктің себебін анықтауға үлкен мән береді. Коп жағдайда, бұл зерде бұзылысымен түсіндіріледі, балалар көмекші мектептерге жіберіледі. Ресейде көмекші мектептер 1908-1910 жж. ашыла бастады. ХІХ ғасырдың ортасында, дәрігерлер зерде бұзылысы бар балаларды психиатриялық аурухананың басқа пациенттерінен болек қарастыра бастады. Оларды тәрбиелеу мен оқытуға тырысудың нәтижесінде олардың психикалық әрекетінің ерекшеліктері туралы мағлұматтар жинақталды. 1929 ж. Мәскеуде балалар үйлері мен арнайы мектептердің ғылыми-практикалық институтының ашылуы, аса маңызды оқиға болып саналды. Ондағы арнайы психологиялық зертханаларда талантты жас ғалымдар еңбек етті, олардың ішінде арнайы психология мен арнайы педагогиканың дамуына елеулі үлес қосқан Л.С.Выготский болды. Л.С.Выготский маңызды теориялық ережелерді тұжырымдайды:
- адам психикасы құрылымының жүйелілігі, яғни бір жүйедегі буынның бұзылуы, барлық жүйенің қызметін озгертетіндігі туралы;
- бала дамуының өзекті және жақын даму аймағы туралы;
- қалыпты және дамуы ауытқыған балалардың дамуындағы факторлардың бірдейлігі туралы;
- ауытқыған дамудағы бірінші және екінші кемістік туралы, дамуы ауытқыған балалармен жүргізілетін коррекциялық педагогикалық жұмыстар туралы;
- баланың психикалық жоғары қызметтерінің дамуындағы ұжымның фактор ретінде қарастырылуы туралы;
- зерде бұзылысы зият пен аффект қатынасының өзгерісі туралы;
- дамуы ауытқыған балаға ерте коррекциялық– педагогикалық ықпал жасаудың маңызы туралы.

  1. Психикалық дамуы тежелуінің зерттелу тарихы

«Психикалық дамудағы аздаған ауытқулар мәселесі, шетелдік және отандық ғылымда, тек ХХ ғасырдың ортасында пайда болды. Бұл кезде ғылым мен техниканың түрлі салаларында, қарқынды даму болды, жалпы білім беретін мектептердің бағдарламалары күрделене түсіп, коптеген балаларға оқу қиындай бастады. Педагогтар мен психологтар мұндай үлгермеушілік себептерін, өте маңызды деп санап, талдау жасады. Коп жағдайда, бұл мәселе зерде бұзылысы деп қарастырылып, үлгермеуші оқушылар комекші мектептерге орналастырылды. Жалпы білім беретін мектептердегі бағдарламаны меңгере алмаған балаларды клиникалық тексеруден откізгенде, зерде бұзылысы балаларға тән өзгеше ерекшеліктер байқалмаған.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет