Дәріс Есептеуіш техниканың даму тарихы,қазіргі заманғы компьтерлердің даму кезеңдері



бет1/4
Дата19.12.2021
өлшемі179 Kb.
#103270
  1   2   3   4
Байланысты:
лекция 1 комп.арх.
тест, f60c1de349c494, f60c1de349c494

1 Дәріс


1.1 Есептеуіш техниканың даму тарихы,қазіргі заманғы компьтерлердің даму кезеңдері
Көпшілік мақұлдаған топтастыруды қолданып, есептеуіш техниканың дамуын келесі кезеңдерге бөлуге болады:


  1. Қол – б.э. дейінгі елуінші мыңжылдықдан бастап;

  2. Механикалық – XVII ғасырдың ортасынан бастап;

  3. Электромеханикалық – XIX ғасырдың 90-шы жылдарынан бастап;

  4. Электрондық – XX ғасырдың 40-шы жылдарынан бастап.

Адам баласы есептеу үшін саусақтарын қолданудан бастап көптеген есептеу әдістерімен қатар көмекші құралдарды қолдануды талап еткен . Сондықтан да көптеген есептегіш құралдар ойлап табылды . Шотландия математигі Джон Непер көп таңбалы сандарды бір таңбалы сандарға көбейту амалын орындайтын есептеу құралын ойлап тапқан . Осы құрал " Непер таяқшасы " деп аталады. Сонымен қатар есептеу машинасын жасау идеясы кезінде атақты неміс ғалымы Г. В. Лейбницті қатты толғандырады . Ол 1670 жылы арифметикалық құралдың алғашқы эскизін жасады. Лейбництің арифметикалық машинасы арифметикалық төрт амалды орындайтны дүние жүзіндегі бірінші болып саналады . 1874 жылы орыс инженері В. Т. Однер арифмометр ойлап тапқан . Академик П. Л. Чебышев 1878 жылы сандарды автоматты түрде қосуға арналған " қосушы " машина ойлап құрастырды .

Чарлз Бэббидж 13 маусымда 1823 ж санақ машинасын ойлап тапқаны үшін Астрономиялық қоғам оған Алтын медаль берді. Ада Августа Лавлейс математикаға деген талпыныс өте ерте оянды. Чарлз Бэббидж оның жұмыс істеу қабілеттерін жоғары бағалады. Ада Августа Лавлейсті тұңғыш программист деп атауға болады, өйткені оның кейбір терминдерін қазіргі программистер әлі күнге дейін қолданады.

Адамның қызметінсіз есептеу жұмысын автоматты түрде орындайтын тетікті алғашқылардың бірі болып ағылшын математигі және экономисі Чарлз Бэббидж ұсынған болатын . 1830-1833 ж Бэббидждің санақ машинасын шығаруда көп еңбек етіп 1834 ж маусым айында жұмысын аяқтады. 1849-1852 ж аналитикалық есеп машинасын құрастырады.

Аналитикалық машинаның келесідей құрама бөліктері болған:

1. сандарды сақтау үшін "қойма" (қазіргі терминалогиямен "жинақтаушы" , немесе "есте сақталатын жабдық'')

2. "дирмен"(мельница) - сандарға арифметикалық әрекет өндірісі үшін (арифметикалық жабдық)

3. машиналар операцияларының бірінің артынан бірі нақты басқаратын контор.

4. берілген мәліметтерді енгізуге және шығару құралдары.

Генерал- майор Генри Провост Бэббидж (1824-1918 ж) отставкаға шықаннан кейін әкесінің жұмысын аяқтады. 1888 ж 12 қазанда Генри Бэббидж Британ ассоциация мүшелерінің жиналысында аналитикалық машинаның дамығанын баяндады. 1906 ж Генри Бэббидж аналитикалық машинаның кейбір бөлшектерін өзгертіп қайта құрастырды және Р. В. Мунро фирмасының көмегімен дайындап шығарды.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет