Дәріс Конфликт жайлы көзқарастарға тарихи шолу



бет1/28
Дата26.10.2023
өлшемі375,5 Kb.
#188300
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28
Байланысты:
Лекция 15-16ж.«Психологиялық-педагогикалық конфликтология негіздері» (1)
Ашық сабақ, Матрица мүдделі тарап

Дәріс 1. Конфликт жайлы көзқарастарға тарихи шолу.


Жоспар:

  1. Конфликт жайлы ерте кезеңдегі көзқарастар.

  2. Тарих шеңберінде Жаңа дәуірдегі конфликт жайлы ойлар (XVIII-XIX ғғ).

  3. Қазіргі тұжырымдамалар.

Дәріс мазмұны:
1. Конфликт жайлы ерте кезеңдегі көзқарастар.
Конфликттер адамдардың бір-бірімен қарым-қатынас жасауында пайда болады, сондықтан олар адаммен бірге жасап келеді. Техникалық ғылымдардан бастап, әлеуметтік-философиялық ғылымдарда да конфликт зерттеу нысанасы болып келеді. Конфликттер сонау антикалық заманнан бері Анаксимандр, Гераклит сияқты орта ғасырдағы Фома Аквинский, қайта өрлеу дәуіріндегі Т.Мора, э. Роттердамский, Ф.Рабле, Ф.Бэкон, жаңа ғасырда И.Кант, Г.Гегель сияқты ойшылдарды қызықтырды. Тіршілік үшін әрекет механизмін қоғамға енгізе отырып, Л.Гумплович Дарвиннің табиғи таңдау идеясын дамытты. Соның негізінде социалдарвинизмнің негізін қалаушы болды. Ол әлеуметтік конфликттер табиғаты жайында келесі ойларын атап көрсетті:

  • конфликттер тарихи дамудың бейнесі болып табылады;

  • қоғамның билеушілер мен бағынушыларға бөлінуі мәңгілік құбылыс;

  • конфликттер қоғамның бірлігіне жәрдемдеседі. Кең ауқымда бірлестіктердің пайда болуына әсер етеді.

неміс әлеуметанушысы Георг Зиммель ғылымға “конфликт социологиясы” терминін енгізген бірінші ғалым. Оның негізгі ойлары:

  • топ ішіндегі келіспеушілік күшейген сайын, топ аралық конфликттер жиілеген сайын топ арасындағы шекараның жойылу мүмкіндігі бәсеңдейді;

  • конфликттер шиеленіскен сайын, топ қақтығысы бәсеңдеген сайын, конфликтті топтың деспоттың орталыққа бағыну мүмкіндігі артады;

  • конфликт шиеленісе түскен сайын, жанжалдасушы топтардың ішкі бірлігі арта түседі;

  • конфликттер бәсеңдеген сайын, әлеуметтік бірлік функционалдық өзара бағынушылыққа бағытталған сайын конфликттің әлеуметтік бірілік үшін интегративті салдары болуы мүмкін;

  • конфликттер жиілеген сайын және олар бәсеңдеген сайын бағынушы топтар мүшелері жауласудан арылып, олар өз тағдырларының қожасы екендіктерін сезініп, жүйе интеграциясын қолдайды.

  • конфликттер жиілеп, бәсеңдеген сайын конфликттерді реттеу нормалары құрылуы мүмкін.

  • әр түрлі дәрежеде билеуші топтар арасындағы конфликттер бәсеңдеген сайын және уақыты ұзарған сайын, олар өздерінің билікке деген көзқарастарын өзгертуі мүмкін.

К.Маркс шиеленіскен кластық күрес жағдайында конфликттер ажырамас бөлігі болып табылады дейді.
ХХ ғасырда конфликт мәселесі социал-дарвинизм психоанализ, когнитивизм, математикалық модельдеу, ғылыми басқару, әкімшілік басқару, адамзат қарым-қатынасы шеңберінде ғана зерттеледі.
Конфликтология конфликттердің пайда болуын, дамуын, шешуін зерттейтін ғылым ретінде танылады. Конфликтология конфликттердің басталуы мен аяқталуы жайындағы кейбір бағыттарын қарастыратын көптеген теориялардан дамуын табады.
Конфликтологияның зерттеу нысанына конфликттің барлық түрі жатады, конфликтология құралын конфликтке әкеп соқтыратын топтың немесе тұлғаның әрекеті жатады.
Конфликттерді зерттей келе ғалымдар қоғам өмірінде конфликттер жағымды рөл атқарады деген шешімге келді. Қазіргі уақыттағы конфликт теориясының бастамасы бірқатар социолог ғалымдардың зерттеулері жасады. Солардың ішіндегі танымалы – Г.Зиммель, конфликттің функционалдық теориясының авторы ХХ ғасырдың 60 жылдар ортасында неміс оқымыстысы Р.Дарендорф, соңынан “қоғамның конфликттік моделі” атанған әлеуметтік конфликт теориясын айтып өтті. Конфликтті әлеуметтік қарым-қатынастың қалпы ретінде қарауды Л.Козер, К.Болдинг, Дж.Бернард және басқалар өз жұмыстарында жүргізді. Л.Козер жағымды-функционалдық конфликт теориясын ұсынды. В.В.Дружинин, Д.С.Конторов математикалық аппарат қолдану арқылы конфликттің бірыңғай теориясын құру әрекетін жасады. Бүгінгі күнде конфликттерді зерттеу жан-жақты, әскери іс, философия, социология, психология, құқықтану, педагогика, математика, тарих сияқты ғылымдар жеттетіктерін пайдалана отырып жүргізіледі.
Бүгінгі таңда конфликтологияның дамуының бірнеше бағыттары қалыптасты: философиялық-әлеуметтік (макродеңгейде конфликттердің даму тенденцияларын қамтитын), әлеуметтік-ұйымдық (ұйымдардағы, ұжымдардағы конфликттердің себептері мен дамуын зерттейтін) және жекетұлғалық – психологиялық (жеке тұлғаның мінезін және психофизикалық ерекшеліктерін зерттейтін).
Әлеуметтік – ұйымдастырушылық бағыт басқару әдістерімен тығыз байланысады: әрекетті басқару, ұйымдастырушылық әрекетті, персонал әрекетін басқару және т.б.
Конфликтология негізінен конфликт жағдайында іс-әрекеттің өзгеруін зерттегенмен, бұл бағыттардың ортақ белгісі болып қарастыру нысаны болып табылады. Конфликтология сипаттамасы оның жеке тұлға мен топтардың қатынастары жүйесіндегі қарама-қайшылықтардың қалыптасуы және даму себептеріне көп көңіл бөлуінде және оның конфликтке ұласуы, туындаған конфликттердің алдын-алу және шешу жолдарын зерттейді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет