Дәріс Тақырыбы: Өлшеудің жалпы сұрақтары



бет1/5
Дата06.02.2022
өлшемі25,1 Kb.
#80011
  1   2   3   4   5
Байланысты:
1-2 дәріс Датчиктер


№ 1 дәріс.


Физикалық мәндер. Физикалық мәндердің бірлігі. Өлшеудің жіктеу. Өлшеудің нақтылығы.
Дәріс 1.
Тақырыбы: Өлшеудің жалпы сұрақтары.
Жоспары: 1. Физикалық мәндер. Физикалық мәндердің бірлігі.
2. Өлшеудің жіктеу.
3. Физикалық мәндердің бірлігі жүйесі.
4. Өлшеудің сипаттамалар және турлері.
Қазiргi кəсіпорындардың бақылау – өлшеу жабдықтарымен жарақтанғандығы, оның қолданылу тиiмдiлiгi əртүрлi өнеркəсiп салаларының даму деңгейлерiн анықтайды. Радиотехника, электротехника, электроника сияқты экономика салаларында өлшеу – барлық еңбек шығынының 50%-ын құрайды. Технологиялық циклдердің күрделенуі, үлкен өлшемді параметрлер мен физикалық шамаларды бір мезгілде анықтау қажеттігін тудырды. Өйткені, өлшеу құралдары мен жүйесінің дəлдік жəне тез əрекеттілігінің ұлғаюы, динамикалық өлшеудің рөлі өсті. Кəсіпорындарда автоматты бақылау жүйесінің негізі нормативтік метрологиялық сипаттағы техникалық құэралдар – өлшеу түрлендіргіштері (датчиктер) болып саналады.
Өлшеу – салыстыру бірлікте алынған кейбір мәнді ереже арқылы физикалық мәнімен салыстыру процесі.
Физикалық шаманың мәнін арнайы техникалық тәсілдердің (өлшеу аспаптары және өлшемдер) көметімен тәжірибелі жолмен табуды өлшеу деп атайды. Электр өлшеу арқылы барлық электр және магнит (ток, кернеу, қуат, электр энергия, токтың жиілігі, заттардың магнит қасиеттерді және т.с.с) шамалар белгіленеді. Танымал өлшеулердің бірліктері тиісті болу (бірыңғайлармен).
Физикалық мәні (ФМ) – сапалық мағынада көптеген физикалық заттардың өзіне тән қасиет, бірақ сандық мағынада әрбір затқа дербес. Мысалы, ток 5 Амперге тең, мұнда 5 – токтың сандық мәні, токтың бірлігі Ампер арқылы көрсетілген. Бірлікті әріп арқылы белгілеу бойынша екі түрі берілген: халықаралық (латынша немесе грекше алфавит арқылы) және қазақша (қазақ әліппесінің әріптерін қолдану). Белгілеудің екі түрін бір басылымда қатар колдануға болмайды. Ақырғы цифрмен сандық белгінің арасында ашық жер қалдыру керек (5А; 1,0С). Мұның ішінде шығару ретінде қатардан жоғары таңба ретіндегі белгі (1020’30’’). Шекті ауытқуы мәндердің сандық мағынасы жақша ішіне алынады (100,0±0,1)H.
Бірліктердің белгілеріне және олардың мәндеріне физикалық мәніне немесе затқа көрсетуші әріптерді (сөздерді) қосуға болмайды. Мысалы, метр бойы (м.б) орнына ұзындық бойы, ал шартты отынның тоннасы (ш.о.т) орнына – отынның қоспасы (шартты).
Егер туынды бірліктің аталуы бірліктердің көбейтіндісі болса, онда олардың аталуы сызықша арқылы жазылады.
Егер туынды бірліктің аталуы осы бірліктердің қатынасы болса «келетін» сөз қолданады (Вт/м – метрге келетін ватт, Ф/м – метрге келетін фарада).
Өлшеудің логарифмдік бірліктері. Радиотехникада және байланыс техникада дабылдың жиегін өлшеу кезінде логарифмдік бірліктер қолданылады. Тізбектің кейбір нүктесіндегі қуаттың, кернеудің және токтың мәндерін логарифмдік бірліктерге келтіру үшін телеграф және телефон жөніндегі халықаралық кеңесші комитеті (ТТХКК) Санаудың негізі ретінде S=1 мВА (активтік қуатты P=1мВт) таңдап алған. Бұл қуат логарифмдік бірліктерде 1 мүлде 1 ноль 1 жиекке сәйкес деп алынған.
Қуаттың басқа мүлде жиектері децибелл (дБ) арқылы былайша белгіленеді:
P=10lg(Sx),
X - өлшенетін қуаттың нүктесі; S - өлшеніп жатқан тізбек бөлшегіндегі толық қуат (мВА);
Электр өлшеутәсілдер ретінде, негізінде қайта қалпына келтірілетін бұйымдар.
Өлшеу дегеніміз физикалық шаманы (Х) оның өлшем бірлігімен (М) салыстыру барысында N саны пайда болатын процесс. Өлшеу нәтижесі өзінің теңдеуімен өрнектеледі:
Х= N М
мұндағы: N-өлшем бірліксіз сан;
Х және М - өлшемдері бірдей шамалар.
Өлшем – мөлшері белгілі физикалық шаманы сақтауға, ұдайы өндіруге, тапсыруға раналған өлшеу тәсілі (индуктивтік орамшы, дабылдарды өлшегіш генератор және т.б) физикалық шаманың мөлшерін ұдайы өндіруге мүмкіншілігінен тәуелдігі бойынша олар эндесті (орамшы, өлшеу тас) және көп эндесті (орамшылар, өлшеу тастардың жиынтығы).
Өлшемдердің орнын өздерінің тағайындау бойынша стандарттық үлгілер (СҮ) орындайды. Өлшеу тәсілдері және қасиеттері мен құрамы аттестация кезінде белгіленген зат (метериал) түрінде қолданады.
Стандарттық үлгілер құрамды СҮ-лерге және қасиетті СҮ-лерге бөлінеді. Олардың негізгі метролониялық сипеттамасы ретінде белгіленген терістікпен аттестатталатын сипаттаманың мәні. Дәлдік ережемен қолдау салаға тәуелді өлшемдер үлгілі және жұмысшы эталондарға бөлінеді.
Эталон деп - өлшеудің өлшемді бірліктерді сақтауға, үдайы өндіруге және тапсыруға арналған, белгілі жағдайда бекітілген өлшем тәсілді айтады. Бұлардың ішінде ең жоғары дәлдікпен өлшеу бірлігін ұдайы өндіретн мемлекеттік (біріншілік) эталондар бар. Бұдан дәлдігі кіші бағынышты (екіншілік) эталондар бар. Физикалық шамалардың ұлттық эталондарынан басқа халықаралық эталондар бар. Олар Севр қаласында (Франция) орналасқан халықаралық мөлшер және салмақ бюросында (ХМСБ) сақталады.
Өлшеу құрал өлшеу тәсілдердегі өлшеу мәліметтерді жайлы түрде алуға арналған.
Өлшеу өзгерткіш (ӨӨ) – тапсыруға ыңғайлы түрде өлшеу ақпаратты алу үшін және кейінгі сақтауға өзгертуге, бірақ, адамға тікелей қабылдауға берілмейтін арналған өлшеу тәсіл.ӨӨ - әл түрлі күрделі өлшеу және бақылау жүйелердің құрама бөлігі. ӨӨ-ке қойылатын негізгі мақсат – дәлдік ақпаратты шығынсыз тапсыруы. Өлшеніп жатқан шаманы қабылдайтын ӨӨ біріншілік деп аталады. Мысалы, температураны (жылулықты) өлшеуге арналған термоэлектрлік аспатың ішіндегі – терможұп.
Өлшеу жүйелері - өлшеу ақпараттың дабылдарын сақтауға, тапсыруға, өңдеуге және басқару үшін пайдалануға ыңғайлы түрде жасап шығаруға арналған. Олардың негізгі мақсаты - өлшеу процесін автоматтандыру және автоматтық бақылау мен реттеуге лшеу нәтижелерін пайдалану.
Оларға әр түрлі заттың мөлшерін дәл белгілеу үшін қолданатын сынақтар және көмекші жабдықтар жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет