Дәріс Тақырып Психологияның дербес ғылым ретінде қалыптасуы мен дамуы. Мақсаты



Дата26.03.2020
өлшемі46 Kb.
#60758
Байланысты:
11 дәріс

дәріс

Тақырып Психологияның дербес ғылым ретінде қалыптасуы мен дамуы.

Мақсаты: Психологияның дербес ғылым ретінде қалыптасуы мен дамуы жөнінде білім беру.

Дәрістің мазмұны

  1. Психологияның жеке ғылымға бөлінуінің табиғи‑ғылыми алғышарттары.

  2. Г.Гельмгольцтің ілімі.

  3. Э.Вебер, Г.Фехнер зерттеулері.

Ғасырлар бойы психологияның негізі болып философия саналды. ХІХғ. ортасында Психология өзінің «туған үйін» тастап, жеке ғылым саласы болып шығуына және басқада позитивті ғылымдар өзара байланысқа түсуіне деген құқығын қалайды. Өзінің тәуелсіз, жеке ғылым болуға деген «сертификатын» ол біріншіден математика, ал екіншіден эксперименттен табады.

Математика және эксперимент саласындағы негізгі фактылық материалдарды алғаш біріктіріп оны психофизика деп атаған неміс ғалымы Г.Т.Фехнер(1801-1887). Неміс физигі, психолог, философ, Лейпциг университетінің профессоры. Ол материалды және рухани құбылыстардың арасындағы қатынас проблемасын зерттеген. Кейіннен ол бұл мәселені математикалық әдістерді қолдану арқылы эксперименталды зерттеуге кірісті. Оның зерттеулеріндегі басты мәселе «алғаш әсер еткен тітіркендіргіштер көлеміне орай түйсіктердің арасындағы айырмашылықтар қандай деген?» болды. Ол әсер етуші тітіркендіргіштердің әртүрлі модальдылығына орай түйсіктердің өзгеруін зерттеумен айналыса отырып, өзіне дейінгі осы тәрізді экперименттерді Э.Вебер жасағанымен танысты. Олардың зерттеулерінің нәтижесінде «түйсік табалдырығы» деген түсінік пайда болады, яғни түйсіктердің өзгеруіне әсер ететін тітіркендіргіштердің көлемі дегенді білдіреді. Түйсіктердің өзгеруіне сәл ғана әсер етуші тітіркендіргіштерді «түйсіктің минималды табалдырығы» деп атаған. Осыдан соң мынадай заңдылық пайда болды: «түйсіктің қарқындылғы арифмитикалық прогреспен өсуі үшін, оның стимулын арттыратын көлем геометриялық негізде өсуі керек». Бұл кейіннен Вебер‑Фехнер заңдылығы деп аталды.



Бұл бағыттағы зерттеулер психофизика деп аталды, өйткені бұл бағытта психикалық жағдайдың физикалық әсерлерге байланысы қандай деген проблемаларды эксперименталды зерттеумен анықталды. Фехнердің «Основы психофизики» деген еңбегі психологияның жеке эксперименталды ғылым ретінде қалыптасуына ықпал етті. Психофизика саласымен қатар Фехнер экперименталды эстетиканың негізін салушы болды. Ол дәл қандай обьектілер адамда жағымды қабылдауды, ал қандай обьектілер «әдемілік түйсігін» туғызбайды дегенді ойлап, тұрмыс жағдайындағы әртүрлі заттардың түйсікке әсер етуін қарастырып, олардың жағымды эстетикалық сезімді тудыратын бағытына көңіл бөлді. Кейіннен Фехнердің бұл жұмыстары психодиагностика саласындағы кейбір психологиялық пролемаларды (адамдардың әртүрлі жеке эмоционалдық жағдайлары т.б.) шешуге көмектесті. Фехнердің психофизика саласындағы осындай зерттеулері психологияға қатаң математикалық өлшеулердің енуіне ықпал етті.

Франц Дондерс (1818-1889) Голландық физиолог. Психикалық процестердің ағымдық жылдамдығын эксперименталды зерттеумен айналысқан. Ол Гельмгольц зерттеулерінен бұрын жүйке жүйесі бойынша импульстердің жүру жылдамдығын ашқан болатын. Сонымен қатар, ол субьектінің обьектілерді қабылдау кезіндегі реакцияларының жылдамдығында өлшеуге баса назар аударған еді. Осындай зерттеулерінің негізінде психикалық процестерді де физиологиялық процестер сияқты өлшеуге болады деген қорытынды жасалды. Соның негізінде психикалық процестер қызметі нерв жүйесінде жүзеге асады деп саналды. Кейіннен, И.М.Сеченов бас миы қызметінің тұтастылығын қажет ететін процесс ретінде, реакция уақытын зерттеуге бас бұра отырып, былай деді – «психикалық әрекет барлық табиғи құбылыстар сияқты уақыт пен кеңістікте болады».

Герман Людвиг Гельмгольц (1821-1894) – психологияның жеке ғылым ретінде қалыптасуына негіз болған басты ғалымдардың бірі. Оның жан‑жақты дарындылығы табиғат туралы көптеген ғылымдардың соның ішінде психиканың табиғаты туралы ғылымының негізін қалады. Ол «энергияның сақталу» заңдылығын ашты. Оның айтуынша: «біз барлығымыз КҮННІҢ баласымыз, не болмаса тірі ағзамыз, бұл физика ғылымы тұрғысынан – энергияның құрылуын ғана түсіндіретін жүйе» деді. Сезімдерді зерттеумен айналыса отырып, Гельмгольц оларды түсіндіру үшін энергетикалық емес, анатомиялық бастау принципіне сүйенді. Соңғы принцип бойынша ол түстерді түйсіну концепциясын жасады.
Тақырып Психологияның дербес ғылым ретінде қалыптасуы мен дамуы.

Мақсаты: Тақырып жөнінде білім беру.

Дәрістің мазмұны

  1. В.Вундттың ғылымның дамуындағы еңбегі мен ролі.

  2. Э.Пфлюгер, И.Мюллер т.б. ғылыми теориялары мен зерттеулері.

Вильгельм Вундт (1832-1920) – неміс психологы, физиолог, философ. Тюбингендегі медициналық факультетті бітірген соң Берлинде И.Мюллермен бірге жұмыс жасап жүріп, Гельмгольцтің ассистенті ретінде қызмет атқарады. Лейпцигте философия профессоры болып, Вундт осында әлемдегі бірінші эксперименталды лабораторияны ашады (1879), кейіннен ол институтқа айналады. Физиологиямен айналыса жүріп Вундт психологияны жеке ғылым ретінде дамытатын бағдарламаны жасауға және физиология мен философиядан тәуелсіз етуге кіріседі. Өзінің бірінші «Материалы к теории чувственного восприятия» (1862) деген кітабындағы сезім мүшелері мен қозғалыс әрекетінің фактілеріне сүйене отырып, Вундт эксперименталды психологияны құру идеясын жасап, оның жоспарына «Лекциях о душе человека и животных» мәселесі де енеді. Жоспарға зерттеудің екі бағыты кірді: а) субьектінің өз сезімдерін, түйсіктерін, елестерін бақылау экспериментінің көмегімен сананың жекелігіне талдау жасау; б) «халықтар психологиясын», яғни тіл мәдениетінің, мифтердің, салт‑дәстүрлерінің психологиялық аспектілерін зерттеу.

Осы ойына бағыттала отырып, Вундт алғашқыда психологияны «тікелей тәжірибе негізделген» ғылым деп анықтап, субьектінің санасын зерттеуден бастады. Ол мұны физиологиялық психология деп атады, өйткені субьектінің зерттелген жағдайы көбінесе физиология саласында өңделген арнайы эксперименталды процедуралар арқылы жүргізілді.

Өзінің зерттеулерінде Вундт басқа да жаңа екі бағыттағы білім бөлімдеріндегі жетістіктерді пайдаланды: а) психофизика саласы және б) тәжірибе жасау жолымен стимулдарға субьектінің реакциясы уақытын анықтау арқылы. Осы бағыттарды байланыстыра отырып, Вундт зерттеу обьектісі –адам болып табылатын эксперименттер негізінде (бұрын тек жануарларға жүргізілетін) психологияны жеке ғылым ретінде дамытып шығаруға болады дегенді көрсетеді. Зерттеулері негізінде алынған нәтижелері оның «Основы физиологической психологии» (1873-1874) деген тұңғыш ғылыми кітабында көрсетіледі. Осыдан кейін Вундтты эксперименталды психологияның «АТАСЫ» деп атап кетті.

Вундт бойынша психология ғылымының міндеттері, басқа ғылымдардағы сияқты: а) талдау жолы арқылы сананың алғашқы элементтерін бөліп алу; б) олардың арасында байланыс сипатын құру; в) осы байланыстрадың заңдылықтарын табу. Сананың элементтеріне сезім де жатады (эмоционалды жағдай). Вундттың болжамына сәйкес, әрбір сезім үш өлшемге ие: а) қанағаттану‑қанағаттанбау; б) күштену‑босаңсу, в) қызбалық‑сабырлылық. Қарапайым сезімдер психикалық элементтер тәрізді өзінің сапасы мен қарқыны бойынша кедергі жсауы мүмкін, бірақ оның әрбіреуі осы үш аспектінің барлығында да сипатталуы мүмкін. Бұл болжам көптеген эксперименталдық жұмыстардың негізін дәлелдеді.

Психологияны жеке ғылым ретінде дамыта отырып, Вундт ғылымның жеке заңдылықтары бар екенін және оның зерттейтін құбылыстары ерекше «психикалық себептілікке» бағынышты екендігін дәлелдеді. Осы қорытындысын қолдау үшін ол «энергияның сақталу» заңына сүйенді. Психикалық құбылыстардың болмысын түсіндіретін жеке заңдылықтар болады. Осы заңдылықтарға Вундт мыналарды жатқызады:

‑ психикалық қатынас заңдылығы (жағдайдың элементтердің ішкі өзара қарым‑қатынасына байланыстылығы, мысалы, әуен жеке дбыстық тон қатынасының негізінде пайда болады)

‑ контраст заңдылығы (қарама‑қайшылық байланысты күшейтеді)

‑ мақсаттың гетерогендік заңдылығы (әрекетті орындау кезінде алғашқы мақсатқа сәйкес қарастырылмаған әрекет жасалып, ол мотивке әсер етуі мүмкін)

Вундтың теориялық ілімдері кейіннен сыншылдардың қаруы ретінде болып, ХІХғ. аяғында көптеген психологтар оны терістейді. Ол «сананы психологияның пәні ретінде қарастыра отырып, субьектінің өзі ғана ішкі әлемі туралы интроспекция арқылы хабарлай алады деген еді. Сол арқылы субьективті әдістің бар күшін тұжырымдап отырды. Вундт бойынша ғылымның міндеті осы әдісті қолдау бойынша арнайы эксперименталды құралдарды қолдану деп білді. Алайда сананың сыртқы факторларға тәуеділігі, психиканың бас миы қызметімен байланысы, жеке адамның психикалық өмірінің әлеуметтік қатынастар әлеміне кірігуі – ғылыми анализ сферасынан шеттетілді»

Сонымен қатар, Вундт тұжырымы бойынша адамзат болмысының алғашқы абсолютті күші болып – ерік табылады. Ерікті сана құрылымындағы басты элемент дей отырып, Вундт волюнтаризм бағытында болды. Интроспекционизм вундттық жүйені ерекшелеп отырғанымен, оны көптеген психологтар тарапынан сынға ұшыратты. Бұл әдісті кеңінен қолдану психика туралы білімді байытып, психологияның ғылыми дәрежесін тұрақтандырғанымен, Вундттың теориялық бағыты тығырыққа тіреледі.

Кейіннен эспериментті артқа қалдырып, Вундт философиямен және әртүрлі халықтардың мәдениетінің психикалық аспектілерін зерттеу бағдарламасын құрумен айналысуға бет бұрады. Ол 10 томдық «Психология народов» деп аталатын және этнография, тіл тарихы, антропологиясы туралы материалдарының көлемділігімен ерекшеленетін еңбегін жазады. Оның еңбекқорлығына таңданған басқа зерттеушілер 68 жыл ішінде Вундт 53 735 бетті жазып шығарған дейді.

Вундт іліміне сәйкес, эксперименталды зерттеуге тек қарапайым психикалық процестер (түйсік, қарапайым сезімдер) жатады. Ал психикалық өмірдің күрделі формаларын зерттеу үшін эксперимент жарамсыз деп есептеді. Вундтың бұл тұжырымы кейіннен психолоиядағы басқа да жағдайлармен дамытылды. Бірақ Вундттың осы заманғы шәкірттері ойлау, ерік секілді күрделі психикалық процестерді де эксперимент талдауына жатады дегенді дәлелдеді.

Вундттың көп жылдық зерттеулерінен кейін психологияны жеке ғылым саласы деп атауға болады. Ол тарихта алғаш рет осы ғылымның өте үлкен, маңызды мектебінің негізін салушы ретінде қалады. Осы мектептен білім алған әртүрлі елдің жас зерттеушілері, кейіннен өз лабораториялары мен орталықтарын ашып, онда психология ғылымына қатысты жаңа білім салалары мен принциптері туралы идеяларын таратқан.

Психологияның теориялық мәселелері бойынша дискуссиялар, эксперименталды әдістерді қолдану болашақтағы пайдасы, психологияның пәнін түсіну және т.б. көптеген проблемалар концепциялар мен бағыттардың шығуына әсер етіп, психологияны жаңа ғылыми мәселелермен байыта түсті.

Эксперименталды психология саласындағы практика мен Вундттың ұсынған теориялық бағдарламасы арасында келліссіздік пайда болады. Сондықтан да, егерде Вундттың ғылыми‑ұйымдастырушылық іс‑әрекеті психологияны басқа ғылымдардан бөлек жеке пән ретінде қалыптастыруға себеп болса, онда өзі бірнеше рет түзеткен бағдарламалық‑теориялық құрылымы, уақыт өте сайын сынақтарға шыдамады.

Алайда, тәжірибе психологиялық білімдердің ғылымилық критерийлерін түбегейлі өзгертті. Обьективтілік, қайталаушылық, тексерілгендік психологиялық факттердің сенімділік критерийі болып қалды.

Психологиялық жұмыстардың орталығы болып әртүрлі елдерде пайда болған арнайы лабораториялар табылды. Алғашқыда көзге түскен неміс университеттері болды. Онымен қатарлас, қарқынды зерттеулер Ресей, АҚШ‑та жүргізіліп жатты. Ал, ондан төмендері – Франция, Аглия, Италия және скадинавиялық елдерде жүргізілді. Нақты ғылыми‑зерттеушілік практикада жас ғылымды толық эксперименталды жұмыстармен қаруландыру бағыты насихатталып отырды.

Атап көрсеткендей, ХІХғ. ортасында ғылым өмірінде революциялық жағдайлар болады. Солардың ішіндегі ең бастылары Дарвиннің эволюциялық ілімімен және физика‑химия мектебіндегі жетістіктерімен байланысты болды. Егер, Германия әлемге өмірдің физикалық‑химиялық негіздері туралы ілімді жасап берсе, Англия‑эволюция заңдылығын, Франция‑ағзаның ішкі ортасының тұрақтылығы туралы, ал, Ресей‑мінез‑құлық туралы ғылымның негізін салып берді. Физиология мен психологиядан бөлек осы жаңа ғылымның негізін салушылар ресей ғалымдары – И.М.Сеченов, И.П.Павлов, В.М.Бехтерев, А.А.Ухтомский болды. Олардың өз мектептері, өз шәкірттері болды және әлемдік ғылым саласына қосқан тамаша еңбектері жалпы қолдауға ие болды.

Психологияның жеке ғылым саласы ретінде шығуы көптеген эксперименталды зерттеулердің дамуымен байланысты. Барлық елдерде эксперименталды және қолданбалы зерттеулер бойынша психолгиялық лабораториялар мен институттар ашылды. 1880 ж. қарай жоғары психикалық функциялардың қызметіне байланысты зерттеулер жүгізіле бастады. Бұл зерттеулердің негізін салушылар: Г.Эббингауз, Г.Мюллер және олардың ізбасарларлары болды.

Вюрцбург мектебінің психологтары ХХғ. алғашқы он жылдығында ойлау және ерік мәселесіне байланысты зерттеулерін бастаған болатын. Кейін басқа эксперименталды зерттеулер медицина, педагогика және өндіріс салаларындағы тәжірибелермен байланысып, психологияның қолданбалы салалары пайда болады.

Психологиядағы эксперименттің кеңінен дамуы жаратылыстану ғылымының әсері мен үлгісі бойынша болған еді. Бірақ бұл зерттеулерде адам материалдық әлемдегі заттардан әсер алатын обьективтілік ретінде қарастырылды.

Әр елде эксперименталды зерттеулердің дамуы әртүрлі болды. Соның ішінде Германияда эксперименттің дамуы өте жоғары болды. Мұнда күрделі психикалық процестер – ес, ойлау, ерік және т.б. зерттеулер жүргізілді. Әртүрлі практикалық жұмыстармен өзара байланыса түсуі психологияның алдына жаңа міндеттер қойып, қолданбалы психологияның дамуына әкелді.

Осы сала бойынша белгілі ғалымдардың еңбектерін атауға болады. Олар: Г.Эббингауз ес процесін зерттеп, жеке психологиялық экспериментінің негізінде естің заңдарын ашты. Ол ес процесіне байланысты екі зерттеу әдісін ұсынды: жаттау әдісі мен сақтау әдісі. Сонымен қатар, ес процесін зерттеген ғалым Г.Э.Мюллер болды. Ол өз зерттеуіне байланысты 3 томдық «К анализу памяти и представлений» атты еңбегі шығады. Мюллердің зерттеуінде ес процесіне байланысты ұқсас ассоциациялар әдісі шығады.

Ойлау процесіне байланысты эксперименталды зерттеу жұмыстары Вюрцбург мектебінде орындалған болатын. Мектептің негізін салушы О.Кюльпе ойлауға қатысты жаңа зерттеулерді жүргізген болатын. «Жүйелі эксперименталды өзін‑өзі бақылау» әдісін ұсынды.

Эдуард Пфлюгер (1829-1910) – неміс физиологы. Ол «сенсорлық фукнция» түсінігін енгізді. Өз зерттеуерінде ол алдыңғы ми қабығы жоқ бақаға экперимент жүргізеді. Онда бақаны стол бетіне қойғанда ол өз әрекетіне сәйкес жүреді, ал суға салғанда жүзеді, яғни өзгерген жағдайға байланысты қимылдар жасап отырған. Оны Пфлюгер былай түсіндіреді: «бақада сенсорлық функция бар, яғни ол оған өзгерген орта жағдайына ішкі сигналдар негізінде әрекетінің алмасуына мүмкіндік береді» деді. Кейінне оның тәжірибесі И.М.Сеченов сынды физиологпен дәлелденіп, оның примитивті психика (сенсорлық фукнция) мен сана‑сезім арасындағы айырмашылықты дәлелдегенін көрсетті.

Лондон мектебінің негізін салушы Ч.Э.Спирмен (1863‑1945). Ол математикалық өңдеу әдісін жасады. «Интеллектуалдылықтың екі факторлары» теориясын шығарады. Эксперимент көрсеткендей сол бір сыналушы әртүрлі интеллектуалдық тест кезінде ұқсас жауаптарды береді, яғни осы тесттер бойынша әртүрі тапсырмалар байланысқа түседі.



А.Бине (1857‑1911) Францияда эксперименталды психологияның негізін салды. «Жеке ерекшеліктер» психологиясының дамытты. Ол ойлау процесін зерттеу бойынша атақты болған. Сонымен қатар, қиял ес, балалардың интеллектуалдық дамуын да зерттеген. 1896ж. Бине жеке тұлғаны зертеу үшін бірнеше тесттердің жинаған жасайды. Бұл зерттеулерінің нәтижесін «Изменения личности» деген еңбегін жазады. Осы жылы В.Анримен бірігіп «Индивидуальная психология» деген кітабы шығады.

Кейін оның атағын шығарған тағы бір еңбегі «Инттеллектуалдық дамудың метрикалық мектебі» деген дәрігер Т.Симонмен өңдеген жобасы болды. Бұл жобаның мақсаты‑ қалыпты мектептерден ақыл‑ойында кемшлігі бар балаларды іріктеу және бір текті класстарды білімі емес, қабілеттері бойынша таңдау болды. Соған байланысты бірініші варианттағы мәселеге орай 1905ж. мектеп ашылады. Онда Бине өмірінің соңғы уақытына дейін жұмыс жасаған. Бине тестісінің негізінде 9‑12 жас аралығындағы балалар да зерттелеген.


Тақырып Психологияның дербес ғылым болып даму жолындағы қалыптасқан ғылыми лабораториялар.

Мақсаты: Тақырып жөнінде білім беру.

Дәрістіңмазмұны

  1. Германияда пайда болған ғылыми зерттеу орталықтарының негізі.

  2. Францияда қалыптасқан зерттеу орталықтарының жұмысы.

Психологияның қалыптасып, дамуы, ғылыми‑теориялық негізінің құрылуы әртүрлі елде бірдей болған жоқ. Бірақта ортақ прогрессивті мәселе ол психологияны нақты да сенімді ғылымдар саласына енгізу болды. Психологияны жаңарту және дамыту бағытындағы әлемдегі жетекші инициатор болған елдер – Германия, Ресей, АҚШ, Франция және Англия.

Германия – 1879ж. бұл елде әлемдегі алғаш психологиялық лабоаторияның ашылуы, психология жеке және эксперименталды білім саласы ретінде танытуы. Неміс психологиясының реформаторы болып В.Вундт табылды. Жаңа эксперименталды ғылымының пайда болуы ғылым әлемінде терең резонансты көрсетті. В.Вундттың Лейпцигте құрған психологиялық лабораториясы неміс және басқа шетелдегі көптеген ғалымдардың назарын аударта бастайды. Таныстық және оқу үшін оның лабораториясына АҚШ, Франция, Англиядағы психологияның жаңа бағытындағы энтуазиасттар келе бастайды.

Сол кезеңде лейпциг лабораториясының ғылыми‑зерттеушілік және оқу іс‑әрекеті тез шешіліп дами түскен болатын. Жұмыс ұжымының өсуі байланысты эксперименталдық зерттеу жұмыстарының шеңбері кеңейе түсті және оны жариялау мақсатында арнайы журналды қажет етті. Вундттың инициативасы бойынша 1883ж. мұндай ғылыми журнал «Философиялық мектеп» деген атпен шығарыла бастайды. Ал, 1903ж. ол «Психологиялық мектеп» деп өзгереді. Зерттеу жұмыстарының қарқынды жүруі 1889ж. Вундт лабораториясының институтқа айналуына әкелді.

Алғашында лейпциг лабораториясында физикалық және физиологиялық құрал-жабдықтар қолданылып жүрді, ал кейіннен тек таза психологиялық проблемаларды шешетін арнайы аппараттарды дайындау сұрағы туды. Осы мақсатта Вундттың және оның шәкірттерінің жұмысы негізінде өте құнды құрал-жабдықтардың қатары құрастырылп шықты. Психологиялық аппараттарды өндірумен арнайы Вундт басшылығымен 1887ж. құрылған «Э.Циммерман» фирмасы жұмыс жасады.

ХХғ. басына дейін институтқа айналған вундттық лаборатория осы дәуірдегі басқа ұйымдардың ішінде басты орынды алды. Ол ұзақ уақыт бойына Германияның ішінде және басқа шет елдерде құрылған психологиялық лабораториялар үшін үлгі болып келді. 1832ж. Германияның өзінде жаңа лабораториялар Геттингте (Г.Мюллер), Берлинде (Г.Эббингауз), Фрейбургте (Г.Мюнстербург), Боннада (Г.Липпс) пайда болды. Кішкене психологиялық кабинеттер Гейдельбергте, Страсбургте, Галледе құрылды. Кейіннен Вюрцбургте (О.Кюльпе), Франкфуртте (Ф.Шуманн) лабораториялар ашылады. 1890ж. Г.Эббингауз және А.Кеннинг «Журнал психологии и физиологии органов чувств» атты жаңа журналдың негізін қалайды. 1903ж. бастап Э.Мейманның басшылығымен тағыда бір «Архив общей психологии» атты ғылыми журнал шығады.

Дегенменде Германияда алғаш рет психологиядағы эксперименталды бағыттың ашылуы болғанмен, бірақ ол әлемдік эксперименталды психологияның тағдырларын байланыстырған әлемдегі бір ғана ел болмады. Сол заманда психологиялық лаборатриялар Ресейде, АҚШ-та, Францияда, Англияда бір уақытта ашылып жатты.

Франция – елдегі эксперименталды психологияның негізделуі алдымен Т.Рибо, Ж.Пиаже, а.бине сында ғалымдардың есімімен тығыз байланысты. Т.Рибоның Францияда эксперименталды лабораторияны құрудағы ролі, ресейдегі И.М.Сеченов, германиядағы В.Вундт секілді ғалымдардың еңбектерімен бірдей болды. Т.Рибоның өзі экспериментатор болмасада, ол эксперименталды психологияның дамуын жақтағандардың бірі болды. Рибоның айтуынша: «Экспериментсіз – психологияны түсіне алмаймыз, ал психология жоқ жерде, тек құр, жалғасы жоқ мистика орын алады» деген.

Өз принциптері бойынша Т.Рибо Сорбонда 1889ж. бірінші психологиялық лабораторияны құрады. Оны А.Бониге басқаруға береді. Ал, 1895ж. оны А.Бине басқарады. Екінші психологиялық лаборатория Францияда 1896ж. А.Бурдонның басқаруымен Реннеде ашылады. 1906ж. Монпеьеде үшінші лаборатория, 1921ж. А.Пьеронның басқаруымен Парижде психология Институты құрылады. Негізгі ғылыми журналдар Т.Рибо редакциялығымен 1876ж. «Обозрение философии», А.Бине редакц. «Психологический ежегодник», 1904ж. П.Жане мен Ж.Дюма ұсынған «Журнал нормальной и поталогической психологии» деп аталды. 1901ж. Француз психологиялық қоғамы құрылады.

Қорыта айтқанда ХХғ, басына қарай әлемде 45‑50 эксперименталды лаборатория, кабинеттер құрылған. Онда көптеген ғылыми зерттеулер жүргізіліп, арнайы ғылыми журналдарда, баспаларда жарияланып отырған. Психологияның даму тарихында болған елеулі оқиғаның бірі ол Халықаралық психологиялық конгрестер еді. Оның бірі 1889ж. Парижде болады. Оның көрнекті төрағасы болып орыс ғалымы И.М.Сеченов тағайындалды.
Тақырып Психологияның дербес ғылым болып даму жолындағы қалыптасқан ғылыми лабораториялар.

Мақсаты: Психологияның дербес ғылым болып даму жолындағы қалыптасқан ғылыми лабораториялар жөнінде білім беру.

Дәрістің мазмұны


  1. АҚШ та ашылған ғылыми лабораториялардың ерекшелігі.

  2. Ресейде дамыған ғылыми зерттеу орталықталықтарының жұмыс бағыттары мен өкілдері.

АҚШ – бұл елдегі эксперименталды психологияның пайда болуы мен құрылуы Европа елдеріндегі ғалымдардың тәжірибесі, идеяларымен өзара байланыс жасауына орай туындады. Бастапқыда американдық эксперименталды психология екі бағыт шеңберінде дамып отырды. Олардың бірі Э.Титченер арқылы Америкаға жетіп отырған құрылымдық психология болса, екіншісі негізін салушылар В.Джемс, Д.Дьюи, Д.Энжелл және т.б. болған функционалдық психология болды. Э.Титченердің мектебі вундттық интроспективтік психологияның белгілерін насихаттауды мақсат қылса, ал, функционалдық психология Г.Спенсердің, Ч.Дарвиннің, Г.Лейбництің, Х.Вольфтің идеяларын таратуды көздеген болатын. Сондықтанда, американдық эксперименталды психологияның жетекші теориялық принциптері европалық және философиялық психологияның идеяларын өз ішінде қамтыған болатын.

Психологияны эксперименталды ғылымға айналдыру тәжірибесіне- лабораториялар мен ғылыми-зерттеушілік жұмыстарды ұйымдастыру және де Америка мен Германиядағы кейбір ғылыми мәселелерді қосуда көзделді. Германиядағы лейпциг лабораториясының тәжірибелік жұмыстарын байқап көру үшін Американдық эксперименталды психологияның негізін салушылар: Ст.Холл, Д.Кэттел, Д.Энжелл, Е.Скрипчер ұзақ уақытта арнайы жолсапарлар жасап отырды.

Америкаға келген бірінші психологтардың бірі ретінде Э.Титченерді, Г.Мюнстенбергті атауға болады. Кейіннен олардың қатарына К.Левин, Мак-Дауголл және т.б. қосылды.

АҚШ-тағы эксперименталды психологияның құрылуына елеулі үлес қосқандардың бірі Ст.Холл болды. Ол бірінші болып америкада эксперименталды психологияны ашты. Ол 1883ж. Балтимордағы Д.Гоппкинс ат. университетте ашылады. 1888ж. Ворчестерге келіп Ст.Холл онда, Кларкс университетінде Э.Санфорд бақарған екінші эксперименталды психологияны ашады. Ст.Холл есімімен байланысты көптеген ғылыми журналдар «Американский журнал психологии»(1877), «Педагогический семинар»(1891), «Журнал прикладной психологии»(1915) жарық көрді. Ст.Холл 1892ж. құрылған Американдық психологиялық ассоциацияның инициаторы, ұйымдастырушысы және бірінші президенті болды.

Ашылған бірінші психологиялық лабораториядан соң елдегі басқа университеттерде де осы тәрізді лабораториялар қатары құрыла бастайды. 1887ж. Пенсилвань және Йованск университеттерінде де Д.Кеттел мен Д.Пэтрик лабораториялар ұйымдастырады. 1888ж. Д.Ястров Висконсинск университетінде де ашылады. Сонымен қатар, Д.Болдуин негізін қалаған екі психологиялық лаборатория Торонто(1891) және Принстонда (1893) ашылады. 1891ж. Колумбийск университетінде психологиялық лаборатория құрылады. Ондағы ғылыми зерттеулерді ұйымдастырушы Д.Кеттел болды. В.Джемстің оқу кабинетінің базасы негізінде 1892ж. Гарвардта (Г.Мюнстенберг) лаборатория ашылады. Сол жылдары Йеле де (Е.Скрипчер) және Корнеле де (Э.Титченер) психологиялық лабораториялар ашылған болатын. Ірі университеттер қатары мен бірге психологиялық лабораториялар жеті колледжде ашылды. ХІХғ. аяғына қарай Америкада жалпы есеппен 27 психологиялық лабораториялар мен кабинеттер бар екені анықталды.

1894ж. Д.Кеттел және Д.Болдуин төмендегідей белгілі журналдарды шығара бастайды: «Психологическое обозрение», «Психологические монографии», «Психологический индекс», «Психологический бюллетень»(1904).



Англия – бұл елде Америка, Германия, Ресейге қарағанда эксперименталды лаборатория ны құру соншалықты белсенді және жоғары ұйымдастырушылық деңгейде болмады. Англиядағы бірінші психологиялық лаборатория 1897ж. Кембриджде ашылды. Оның басшылары алдымен Р.Риверс, ал кейін С.Майер (1912) болды. Келесі лаборатория 1897ж. Лондондағы университет жанындағы колледжде ашылады. Оның негізін салған Дж.Салли болды. 1900ж. бастап Англияда ұзақ уақытқа дейін басқа психологиялық лабораториялар болған жоқ. Тек, 1903ж. ғана астананың Корольдық колледжінде үшінші кішкене психологиялық лаборатория ашылған болатын. Оның негізін салған С.Майер. Үш жылдан соң (1906) В.Смит Эдинбургте лаборатория ашылады. Сол қалада 1912ж. эксперименталды педагогика саласы бойынша лаборатория ұйымдастырылады. 1910ж. дейін лабораториялар Манчестер мен Глазго қаласында пайда болады. 20‑30ж.ж. Англияда институттар қалыптасады: 1922ж. Лондонда Ұлттық Өндірістік психология институты (С.Майер), 1936ж. Оксфордта Эксперименталды психология институты (В.Браун).

Психологиялық лабораториялармен қатар, Англияда ғылыми психологиялық ассоциациялар пайда болады. Психология бойынша шығатын ғылыми баспалар ішінен 1875ж. А.Бэн негізін салған әлемдегі бірінші «Душа» деп аталатын журнал болды. Сонымен қатар, 1904ж. Р.Риверс, С.Майер, Д.Уорд редакторлық еткен «Британский журнал психолгии» деген баспа болды.



Ресей - жоғарыда айтылғандай ресей эксперименталды психологияның негізін салушылардың бірі И.М.Сеченов болды. Оның идеялары алдыңғы қатарлы дәрігер-невропатологтар және психиатрлармен қабылданып отырды. Тек осылардың күшімен ғана физиологиялық негізде психологияны парктикалық жағынан қайта құру жүзеге асқан болатын.

Ресейдегі бірінші психологиялық лаборатория 1886ж. Қазан қаласындағы жан-күйзелісі мен жүйке бұзылысы ауруларына шалдыққан клиникада В.М.Бехтеревтің басшылығымен ашылады. Онда біраз эксперименталды-психологиялық жұмыстар жүргізіліп, көптеген аппараттар мен құралдар қайтадан жиналып, құрылады. 1893ж. Қазанда В.М.Бехтерев «Неврологический вестник» деген ғылыми журналдың негізін қалайды, онда анатомиялық-физиологиялық зерттеулермен қатар психофизиологиялық эксперименталды жұмыстарда жарияланып отырды.

В.М.Бехтеревтің Петербургке келуімен байланысты 1894ж. әскери-медициналық академияда екінші психологиялық лабораторияны құрады. Онда көп мөлшерде сезімталдықтың (тері, көру, есту, кинестетикалық, вибрациялық, ауырлықты сезіну) түрлеріне байланысты эксперименталды зерттеулер жүргізілді. Осы зерттеулер үшін құнды аппараттар: трихоэстезиометр, болемер, бароэстезиометр, миоэстезиометр, акузометр, сейсмометр және т.б. құрастырылған болатын. Материалдар В.М.Бехтеревтің басшылығымен 1896ж. шағарылған «Обозрение психиатрии, неврологии и экспериментальной психологии» атты арнайы журналда жарияланды. Кейіннен В.М.Бехтерев Психоневрологиялық институттың(1907), Петербургтегі «бас миы мен психикалық іс-әрекетті зерттеу Институтының» (1918) құрылуына инициатор болған. ХІХғ.аяғы мен ХХғ.басында Ресейде эксперименталды патопсихология бойынша өте үлкен жетістіктер Бехтерев пен оның шәкірттері арасындағы ғылыми және ұйымдастырушылық іс-әрекетінің байланысы негізінде болып отыр.

ХІХғ. 80ж. эксперименталды-психологиялық лабораториялар Харьков пен Юрьевте ашылады. Харьковтағы лабораторияның негізін қалаушы белгілі орыс психиатры П.И.Ковалевский болды. Ол сонымен қатар, Ресейдегі «Архив психиатрии, нейрологии и судебной психопоталогии» (1883) атты бірінші психиатрлық журналдың негізін қалаушы. Онда өз лабораториясында жүргізген эксперименталды зерттеулердің материалдары басылып отырды. Э.Крепелин басшылығымен ашылған Юрьев лабораториясын 1891ж. бастап В.Ф.Чиж басқарды. Бұл лаборатория эксприменталды жұмыстарының саны мен проблемасының ауқымдылығына байланысты Вундт лабораториясынан кейінгі екінші орынды алды(В.Ф.Чиждің бағалауы бойынша).

1895ж.Москвада белгілі орыс психиатры С.С.Корсаковтың басшылығымен лаборатория ашылады. Бұл лабораторияны басқару оның жақын серіктесі А.А.Токарскийге беріледі. Москва лобаториясында түйсік, ес, қабылдау, реакциялар уақытын зерттеу бойынша бірнеше жұмыс сериялары орындалады. Осы зерттеулердің нәтижелері «Записки лаборатории» деп аталатын ғылыми хабаршы журанылында жарияланып отырды.

Москва және ресей психологиясы үшін өте елеулі оқиға болып 1912ж. бірінші Г.И.Челпанов басқарған Психология Институтының ашылуы болды.

И.А.Сикорскийдің басшылығымен Киевте психологиялық лаборатория ұйымдастырылады. Онда ақыл-ой жұмысының қабілеті мен адамның «шаршау күйіне» арнайы психологиялық зерттеулер жүргізіліп, олардың нәтижелері И.А.Сикорский 1895ж. құрған «Вопросы невро-психической медицины» атты журналда жарияланып отырды.

Тағы да бір психологиялық лаборатория 1892ж. Одессадағы Новороссийск университетіндегі филология факультеті жанынан профессор, психолог Н.Н.Лангенің басшылығымен ашылады. Ол қабылдау және зейін процестерін зерттеумен айналысқан. 1901ж. психологиялық лабораториялардың жалпы саны А.П.Нечаевтің баланы дамыту және оқыту мен тәрбиелеу проблемаларымен айналысатын лабораториясын есептегенде 8- ге жетеді. Ресей эксперименталды психологиясы тарихындағы елеулі оқиғалардың бірі ол 1891ж. Орыс эксперименталды психологиялық қоғамының құрылуы болды.


Тақырып ХІХ‑ХХ ғ.ғ.шеберіндегі теориялық тұжырымдамалар.

Мақсаты: Тақырыпжөнінде білім беру.

Дәрістің мазмұны

  1. Э.Б.Титченердің құрылымдық психологиясы.

  2. К.Штумпф, В.Джеймстің функционализмдік психологиясы.

Құрылымдық психология бағыты ‑ Вундт психологиясы бағытының басты «мұрагері» немесе тікелей оның мектебімен байланысты мектептің бірі болды. Құрылымдық психология бағытының өкілдері өздерін бұл мектептің негізгі лидерлеріміз деп санады және олардың ойынша психологияның басты міндеті сана құрылымын эксперименталды зерттеу деп білді. Құрылымдық ұғымы – олардың элементтері мен байланыстары деп түсіндірілді, сондықтан да мектептің бар күші психиканың бастапқы бөліктерін (санамен байланысты) анықтап, оларды құрылымдық негіздеу тәсілін жасау бағытында болды. Осындай идеяның, бағыттың негізін салған Вундт еді. Алайда, кейіннен Вундттың мектебі мен бағдарламасы құрдымға кетіп, оның мектебінде білім мен тәжірибе алған шәкірттері, ғалымдар бас тартады. Бірақ, бір ғана ағылшын шәкірті Эдвард Титченер бұл болған жайтқа қарамастан Вундттың идеясы мен ғылыми жетістіктеріне сеніп, тек Вундт ғана психологияны нағыз ғылымға айналдыра алады деді.

Оксфордта философияны оқып бітірген Э.Титченер (1867-1922) төрт жыл бойына физиология пәнінің оқытушысы болып қызмет атқарған. 90ж. Англияда ол эксперименталды психологиямен айнылыса алмаған соң Лейцигке кетеді. Вундттың қасында екі жыл болып, ол өз еліндегі психология ғылымының «пионері» болуға ұмтылғанмен, бұл ойы жүзеге аспады. Сол себепті Титченер АҚШ‑қа кетеді. Онда 1893ж. Корнельск университетінде жұмыс атқарады. Осында 35жыл жұмыс жасап, Лейпциг лабораториясынан бар игерген, жинақтаған тәжірибесі мен білімін өзінің шәкірттерімен бөлісіп, бағдарламаны құрудың негізін салуға тырысты. Титченер «Экспериментальная психология» (1901-1905) еңбегін жариялайды, бұл оны атақты психологтар дәуірінің қатарына жетікізген болатын.

Титченер бойынша психологияның алдында «не?», «қалай?», «не үшін?» деп аталатын үш сұрақ бар.

Бірінші сұрақтың жауабы – бұл аналитикалық қатардағы міндеттерді шешу: зерттелетін пән қандай элементтерден құралғандығын анықтауды талап етеді. Осы элементтер қалай комбинацияланатындығын қарастыра отырып, ғылым ситездік міндетті шешеді. Психология қатысты бұл мәселе ‑ сананың қарапайым элементтері анықтап, олардың байланысындағы реттілікті ашу (мыс., тон немесе түстер контрастының өзара байланыс заңы).

Титченердің айтуынша «не үшін?» деген сұраққа психолог психикалық процестермен параллельді термин нерв жүйесі процестерімен түсіндіре отырып жауап береді деді.

Титченер сана өз құбылыстарынан тыс жасырынған, өзіндік құрылым мен материалдан тұрады. Бұл материяда элементтердің үш категориясы ажыратылды: түйсік (сапасы, қарқындылығы, нақтылығымен сипатталатын қарапайым процесс ретінде), бейне, сезім. Бұл үш элементке қатысты, байланысты қарсы пікірлердің бірінде қабалдамады. Вюрцбург мектебі сананың сезімдік бірліктеріне қатысты тағы да бір сезімнен тыс, бейнелерден еркін, тәуелсіз бірлік – «таза ой» қосылу керек дегенде Титченер ол көзқарасты қабылдамай, өзінің «мағынаның контекстік теориясын» қарсы қояды.

Қандай да бір обьекті туралы пікірлер, ойлар Титченер бойынша сезімтал элменттердің жиынтығынан құрылады. Кейін олардың белгілі бір бөлігі санадан шығып, тек негізгілері қалуыда мүмкін. Егер сыналушылар қандй да бір интеллектуалды тапсырмаларды шешуде сүйеніш болатын, мағынаның сезімталдық‑бейнелік құрамын саналы ұғынбайтын болса, онда ол жеткілікті түрде интроспекция әдісіне жаттықпағандығынан болады.

Осылайша Титченер интроспекцияның эсперимент, математикамен байланысы болатынан және ақырында психологияны жаратылыстану ғылымдарының стандартына жақындатынынан үмітін үзген жоқ. Дегенменде, Титченердің өмір бойғы зерттеулерінің нәтижелері мен мектебі біртіндеп құлдырай бастады. Тарихшы Р.Уотсонның пайымдауынша «соңғы 15жыл ішінде титченер лабораториясының жұмысы мен оның зерттеулері көлемі мен ғылымилығы жағынан еш нәтижелер бермеді». Титченер мектебінің құлдырауының себебін психологияның дамуындағы обьективті жағдайдардан іздеу қажет. 30‑жылд. оның тәрбиелеген көп шәкірттері белсенді түрде жұмыстанып жатқанымен, ешкім құрылымдық психология бағдарламасы бойынша зерттеулер жасаған жоқ.

Титченер өз кезегінде психологияның зерттеушілік аппаратына қатысты келесі идеяларын ұсынған:


  • Құрылымдық психологияның пәні болып – табиғаты қарапайым, талдау жүйесіне жатпайтын сана құрылымдары тыбылады.

  • Құрылымдық психологияның мақсаты болып – сана құрылымдарының эелементтерін зерттеу және олардың құрылымдық, комбинациялық ерекшеліктерін құру.

  • Психологияның ғылым ретінде келесі міндеттері болады: жан‑рухани күйді қарапайым бөліктерге бөлу; осы бөліктерді біріктіретін заңдылықты табу; осы заңдылықтарды физиологиямен өзара байланыстыру.

  • Зерттеу әдісі болып – интроспекция болуы керек.

Батыс европалық вариантта Функционализм бағытының негізін салған неміс психологы Карл Штумпф(1848-1936) болды. Ол Прага, Галль және Мюнхендегі университеттерде философия кафедасының профессоры болып қызмет атқарды. 1894ж. ол Берлин университетінде жұмыс жасап, психологиялық лабораторияны ұйымдастырды. Оның пайымдауынша: «психологияның зерттеу пәні психологиялық функиялар немесе актлер (қабылдаушылық, түсінушілік, қажет етушілік)» деп санаған. Ал, психологияның жеке зерттеу пәні Штумпф бойынша функциялар (немесе актлер). Яғни, субьекті өз актлері (немесе әрекеті) арқылы қоршаған дүниені танып, ондағы құбылыстарды ажырата алады. Функциялар арасынан Штумпф екі категорияны бөледі: интеллектуалды және эмотивті (немесе аффективті). Эмотивті функциялар қарама‑қайшы жұптардан тұрады: қуаныш және өкініш, ниет және бас тарту, ұмтылыс және қашу.

Бала кезінен музыкамен айналысқан Штумпф өзінің көптеген эксперименталды зерттеулерінде музыкалық тондарды қабылдауды зерттеуге назар салған. Осы мәселеге қатысты ауқымды жұмысының нәтижелері екі томдық «Психология тонов» атты еңбегінде жарияланған.

Штумпф музыканы мәдениет феномені ретінде қарастырды. Ол фонограммалар архивін жасап, онда әртүрлі халықтардың өзіне тән қарапайым музыкаларының 10мыңнан астам фонографикалық жазбаларын салды.

Ол балалар психологиясы бойынша зерттеулерге қатысып, неміс «Балалар психологиясының қоғамын» ұйымдастырды. Сонымен қатар, өзінің шәкірті В.Келердің Африкаға жасаған саяхатына бірге қосылып барып, онда адам тектес маймылдарды зерттеу жұмыстарына араласқан болатын. Оның атақты психолог болған басқада көптеген шәкірттері бар.

Штумпф және Бретаноның функционализмдік бағыты АҚШ‑та үлкен даңққа ие болып, жетекші психологиялық оқулардың бірі болған. Оның бағдарламасы құрылымдық психологияға қарсы болып, жеке адам психикалық функцияларының бірізділігі негізінде өзгермелі ортаға қалай бейімделеді деген міндетті қойды.

АҚШ‑та функционализмнің дамуы Вильям Джемс (1842-1910) есімімен тығыз байланысты. Ол Гарвард университетін бітіріп, медициналық және көркем‑өнер саласы бойынша білім алып шыққан. Оның психологиялық жұмыстарында тек тұтас көзқарастардың жүйесі ғана емес, сонымен қатар, қазіргі заман психологиясындағы түрлі бағыттардың негізі – бихевиоризмнен бастап, гуманисттік психологияға дейінгі мәселелер кірістірілген. Джемс психологияны Америкадағы ең бір атақты ғылымдардың бірі жасады. Ол Гарвард университетінде психология ғылымының бірінші профессоры, бірінші психологиялық лабораторияның негізін салушы (1875) және Американдық психология ассоциациясының президенті (1894-1895) болды.

Джемс көптеген проблемалармен айналысты – бас миын, танымдық процестер және эмоцияны зерттеуден бастап, тұлға мәселесінзерттеуге дейін. Негізгі зерттеу сұрақтарының бірі болып ‑ сана табылды. Джемс «сана ағымы», яғни сыртқы қолайсыздық пен кей жағдайдағы бейсана психикалық процестердің ықпалына қарамастан адам санасы үзіліссіз жұмыс жасайды деген идеясының негізін салушы. Сананың күнделікті бөлінушілігіне қарамастан адам ойының үзіліссіздігі «өзіндік индентификация» мүмкіндігін көрсетеді. Сондықтан да, адам ұйқыдан оянғанда «ол өзінің өзі екендігін білу үшін айнаға қараудың қажеті жоқ екендігін» лезде саналы ұғынады. Осы мысалы арқылы Джемс адам ойының тек үзіліссіз жүріп жататындығын ғана айтып қоймай, сананың динамизмі мен өзгермелілігін де ескертті. Джемс Гераклиттің «алғашқы құбылыстар қатысты адам санасы мен ойы әруақытта өзгереді» деген пікірін жалғастыра отырып, бір мәселеге қатысты адам ойының өзі екі жақты болуы мүмкін. Сана функциясы тек үзіліссіз және өзгермелі ғана емес, ол селективтілік, таңдамалылық, қабылдау және терістеу (қабылдамау), бір заттарды таңдау немесе оның белгілі бір параметрлерін жоққа шығару сияқты қызметті атқарады. Джемстің көзқарасы бойынша сананың жұмыс жасау заңдылығы психологияның басты міндетін құрады. Дәл осы сұрақ немесе мәселе төңірегінде Джемстің функционализм мектебі мен Титченердің құрылымдық мектебі арасында қайшылықтар болған еді. Титченерге қарағанда, жемс үшін басты мәселе болып сана элементтері емес, оның динамикалық тұтастығын көрсететін ағымы табылды. Сол себептен ол «ананың құрылымы емес, оның өзін, қызметін зерттеу керек» деп есептеді.

Сана қызметін зерттеу негізінде ол екі негізгі детерминантын ашады – зейін және әдеттер. Адамдардың белсенділіктері туралы айта келіп, ғалым психика – тек адамның практикалық іс-әрекетіне көмектесіп ғана қоймай, әлеуметтік бейімделуін жақсартып, кез-келген іс-әрекеттегі табыстылығына, сәтті болуына деген мүмкіндіктерін арттырады дейді. Джемстің көптеген көзқарастары функционализмнің философиялық теориясымен байланысты болған соң, ол қолданбалы психология саласына көп көңіл бөліп, оның теориялық психологиядан маңызыдылығы кем еместігін айтады. Әсіресе, психологияның педагогикамен байланысына ерекше назар аударды. Ол тіпті педагогтар үшін арнайы «Беседы с учителями о психологии» атты еңбегін жазып, онда тәрбиелеу мен өзін-өзі тәрбиелеу мүмкіндіктерінің жоғары болуы, балаларда дұрыс әдеттердің қалыптасуына әсер етеді дегенді дәлелдейді. Сонымен қатар Джемс тұлға проблемасына қатысты да көптеген мәселелерді талдап, зерттеген. Тұлға құрылымында ол - өзін-өзі бағалау (өзіне көңілі толу және толмау) мәселесіне талдау жасаған. Ол өзін-өзі сыйлаудың формуласын ұсынды: Өзін-өзі сыйлау (самоуважение) = табыс (успех)/ (притязания)

Джемс ең танымал «эмоция теориясын» өңдеп шығарды (дат психологы К.Лангемен бірге). Бұл теория эмоция мен физиологиялық өзгерістердің арасындағы байланысты көрсетеді. Джемстің айтуынша «біз жылаймыз, өйткені қайғырамыз, біреуді ұрамыз, өйткені ашулымыз, алаңдаймыз, өйткені қорқамыз», яғни біздің ағзамыздағы физиологиялық өзгерістер біріншіден эмоциямызға қатысты екендігін дәлелдеді. Джемс-Лангенің бұл теориялары кейіннен үлкен атаққа ие болады.

Джемс өз өмірінде психологияның медицина мен философиядан бөлек жеке ғылым саласы болып дамуына үлкен үлес қосты. Алайда ол қандай да бір психологиялық мектептің немесе жүйенің негізін қалаушы емес, бірақ Джемс тек психологиялық ғылымының дамуына ғана емес, философия мен педагогиканың дамуына да зор еңбек сіңірген ірі тұлғалы ғалымдардың бірі болып қала береді.


Тақырып Ресейдегі эксперименталды психологияның дамуы.

Мақсаты: Ресейдегі эксперименталды психологияның дамуы туралы білім беру.

Дәрістіңмазмұны

  1. Ресейдегі экперименталды психологияны дамытудағы алғашқы қадамдар

  2. Г.И.Челпанов, Н.Н.Ланге зерттеулері.

Ресейдегі психология ғылымының табысты болуы, даму жолындағы үлкен жетістіктер ғылымға эксперименттің енгізілуімен байланысты. Жас ғалымдар эксперимент әдісін толықтай меңгеруге тырысты. Осы мақсатта психология ғылымымен айналысқан ресейдің жас ғалымдары Германияға кетеді. Эксперимент арнайы лабораторияларды ұйымдастыруды талап етті. Психолог Н.Н.Ланге Новороссийск университ. лабораторияны ашады. Ал, Москва университ. лабораториялық жұмыстарды А.А.Токарский, Юрьвте‑В.В.Чиж, Харьковте‑Л.И.Ковалевский, Қазанда‑Б.М.Бехтерев (психиатриялық клиникада) жүргізген болатын.

Г.И.Челпанов (1862‑1936) Москвада бірінші болып эксперименталды психология мәселелерімен айналысатын С.И.Щукин ат. Институтты ашады. Жұмыс жағдайлары мен құрал жабдықтары басқа шетелдік елдерден кем түспейтін зерттеушілік және оқу бөлімдері құрылады (1914ж.). Бойында ұйымдастырушылық және педагогикалық таланты бар Челпанов психология саласы бойынша жұмыстанатын болашақ ғалымдарды эксперименталды әдістерге оқыту мен үйретуден жалықпай, көп еңбек сіңірген.

Институт жұмыстарының жағымды жағы болып Челпанов басшылығымен жүргізілген зерттеулердің жоғары эксперименталды мәдени деңгейі табылады. Осы институттың жас ғалымдары шеңберінен кеңестік заманда жұмыс жасаған атақты К.Н.Корнилов, Н.А.Рыбников, Б.Н.Северный, В.Н.Экземплярский, А.А.Смирнов, Н.И.Жинкин және т.б. психологтар шыққан.

Экспериментті ұйымдастырған кезде Челпанов бақылау әдісін, эксперименттің бір түрі ретінде қатар жүруін жақтамады және бұл ойынан еш тайынбаған. Оның ойынша «егер осындай жағдай орын алатын болса, онда психология басқа ғылымдардан тек субьективті әдістері арқылы ерекшеленіп отыратын еді» дейді. 1917ж. институт жанынан Г.И.Челпанов пен Г.Г.Шпеттің редакциялығы бойынша«Психологическое обозрение» атты басылым щығады. Алғашқы басылымы Г.И.Челпановтың «Об аналитическом методе в психологии» деген мақаласымен ашылды.

Н.Н.Ланге (1858-1921) ‑Одессадағы Новороссийск университетінің профессоры мүлде басқа бағытты ұстанды. Ол сол кезде Челпановтың басты оппоненті болған еді.

Ол Петербург унивеситетінде білім алып, Владиславлевтің шәкірті болған. Франция мен Германиядағы тәжірибесінен кейін ол Новороссийск университетінің профессоры атанады, онда өміріні соңына дейін жұмыс жасаған. Лангенің ең ірі, бірінші психологиялық жұмысы ‑"Элементы воли" (1980) деп аталды. Ол эксперименталды психология кабинетін ұйымдастырып, психологияны обьективті ғылым ретінде дамыту және оқу пәні ретінде жүргізу мақсатында көп жұмыс жасады. Лангенің соңғы көлемді, қорытынды жұмысы ‑"Психология" (1914) деп аталды. Ғылыми жұмыспен қатар, ол қоғамдық жұмыстарменде айналысты, әсіресі жалпы білім беру принциптерін қорғай отырып, мектептердің қызметін ұйымдастыру арқылы ондағы балалардың ғылыми қызығушылықтарын және өз бетінше ойлау алу біліктерін тудыру мақсатында еңбекке үйрету мен оқыту принциптерін жүзеге асыруға тырысты.

Зерттеудің обьективті әдістерін өңдей отырып, Ланге зейін актісін зерттеп, «зейіннің моторлық теориясының» авторы болады. Бұл теория «зейіннің тербелуі» туралы түсіндіреді, яғни екі жақты бейне дегенді білдіреді (мысалы, бір суреттің біресе баспалдақ, біресе түсіңкі қабырға сияқты көрінуі), бұл процесс көз қимылдарының қозғалысы арқылы анықталады. Лангенің бұл теориясы оны Батыста үлкен атаққа жеткізді.

Лангенің жұмыстары кеңестік психологиядағы эксперименталды әдістерді тұжырымдау бағытындағы күрестің басын ашуға себеп болды. Сонымен қатар, Ланге психиканың қалыптасу және даму эволюциясының стадияларын бөліп, адамның психикасының даму сатысы әлеуметтік‑мәдени болмыспен байланысты дегенді айтады. Және де адамның психикасының жануарлар психикасынан айырмашылығы, адам қоғамындағы мәдениеттің ұрпақтан ұрпаққа жетіп отыруы «ұқсау және оқыту» арқылы жүзеге асады, яғни әлеуметтік тұрғыда ізін жалғастырушылық жолымен болады. Лангенің жазуы бойынша «адамдық рухани тұлғаның 99% ті тарих пен қоғамдық жағдайдың өнімі болып табылады». Осы айтылған мәселемен байланысты шешу рольді тіл(сөйлеу) атқарады: «Тіл өзінің сөздік және грамматикалық қоры арқылы адамның тұтас ақыл‑ойлық өмірін қалыптастырып, оның санасына, өзіне дейінгі ұрпақта қалыптасып, дамыған сол категориялар мен формаларды да енгізеді». Осылайша Лангенің көптеген жұмыстары ресей эксперименталды психологиясының ірі жетістіктерге жету жолындағы құнды істерінің бірі болды.

ХІХғ.ортасында ғылым өмірінде революциялық жағдайлар көп болған еді. Солардың ішіндегі ең ірі триумф Дарвиннің эволюциялық ілімі болатын. Егер Геранияда ‑ өмірдің физикалық‑химиялық негізі туралы ілімі, ал Англияда – эволюция заңы, Францияда – ағзаның ішкі ортасының тұрақтылығы туралы ілімі қарастырылса, Ресейде – мінез‑құлық туралы ілімінің негізі қаланған еді. Бұл ғылымның негізін салушылар: И.М.Сеченов, И.П.Павлов, В.М.Бехтерев, А.А.Ухтомский. Олардың өз мектептері мен шәкірттері болды.

Ресейде пайда болған осы ғылымның әсері негізінде АҚШ‑та бихевиоризм бағыты пайда болады. Алайда, мінез‑құлық мәселесінің Ресей мен АҚШ‑та қарастырылуы әлеуметтік‑мәдени жағынан ерекше болды.



Адам ойының бүкіл тарихи ағымында және адам болмысының құпиясын шешуде: жан және тән, ми және сана деген диада құрылған болатын. Мінез‑құлық туралы ғылымның пайда болуы триаданы: ағза/мінез‑құлық/сана(психика) құрады.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет