Дәрістер жинағы Құрастырған фармакология


Dichlothiasidum - дихлотиазид (Б



бет177/343
Дата16.03.2022
өлшемі1,22 Mb.
#136025
1   ...   173   174   175   176   177   178   179   180   ...   343
Байланысты:
Д рістер жина ы растыр ан фармакология
1 Дерматит, Документ Microsoft Word, Құрамында-жүрек-қан-тамырларына-әсер-ететін-және-Р-витаминді-белсенділік-көрсететін-флавоноидтары-бар-кейбір-дәрілік-өсімдіктер, Қан-құю-топтары-және-резус-факторы.Қан-құю-ережелері, karnegi deil dos tabu zhne adamdarga ykpal etu oneri, №7лекцияФ
Dichlothiasidum - дихлотиазид): 0,025 және 0,1 таб. таңертең ас алдында белгіленеді. Әсері 1-2 сағ. басталып, 10-12 сағ. созылады. 3-4 күн үзілістен кейін 3-5-7 күндік ем тағайындалады. Карбоангидраза тежеуші әсеріне байланысты гидрокарбонаттың да реабсорбциясын төмендетеді. Калий иондарының секрециясы жоғарылайды.Магний иондарының экскрециясы бүзылады. Осы қүбылыстар несеппен натрий, хлор, калий, магний иондарының және гидрокарбонаттардың ағзадан шығуына алып келеді.
Клопамид және оксодолин әсері ұзақ, циклометиазид дихпотиазидке қарағанда белсенділігі жоғары. Индапамид қан тамырларды кеңейтіп, гипертониялық ауруларда қолданылады. Антиагреганттық әсері бар.
ІІ. «Шумақты» диуретиктер: фуросемид (лазикс), этакрин кышқылы (урегит), торасемид (унат), буфенокс (буметанид), пиретанид (ареликс). Бұл препараттар ацидоз бен алкалозда күшті әсер ететін несеп айдайтын дәрілер. Олар Генле шумағының жоғарғы бөлік аумағында натрий, хлор және судың реабсорбциясын (қайта сіңірілуін) тежейді.
Қолданнуы: ми, өкпе ісінуінде; гипертониялық ауруларда және гипертониялық кризде; жедел улануда; жіті және созылмалы бүйрек қызметінің жеткіліксіздігінде; эклампсияда.
Жанама әсері: диспепсия, гипокалиемия, гипомагниемия, гипохлоремиялық алкалоз, гипотензия, бас айналу, әлсіздік, аллергиялық реакциялар және есту қабілетінің бұзылуы байқалады.
Бауыр комасында, гипокалиемия, бүйрек қызметінің жеткіліксіздігінің терминальды кезеңінде, несеп шығаружолдарының механикалық бітелуінде және жүктіліктің бірінші жартысында қолдануға болмайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   173   174   175   176   177   178   179   180   ...   343




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет