Дүниежүзілік шаруашылықтың салалық құрамы: өндіруші және өңдеуші және қызмет салалары
Экономиканың үш секторлы моделі экономиканың үш саласынан тұрады деген теория 1935 жылы Алан Фишер, Колин Кларк және Жан Шорасти зерттеулерінен кейін қалыптасты.
Бұл модель 1935-1949 жж осы ғалымдарының зерттеулері негізінде әзірленген.
1-ші секторы: шикізат, ауыл шаруашылығы, тау-кен өнеркәсібі, балық және орман кәсібі.
2- ші секторы: Өнеркәсіптік өндіріс және құрылыс
3- ші секторы: қызметтер, білім беру және туризм
Ауыл шаруашылығы- ел экономикасының дәстүрлік саласы.
Өнеркәсіптен үш айырмашылығы бар:
Ауыл шаруашылығында жер- негізгі зат әрі еңбек құралы болып саналады. Сондықтан жерді дұрыс пайдалану, құнарлылығын сақтау – қоғамның міндеті.
Ауыл шаруашылығы- экономиканың маусымдық саласы.
Ауыл шаруашылық өндірісіне табиғи жағдайлар қатты әсер етеді
Ауыл шаруашылығының қандай салалардан тұратынын білесіздер.
Егін шаруашылығы
Мал шаруашылығы төрт түлік мал өсірумен қатар, шошқа, құс, марал, аң, ара шаруашылығы, жібек құрт өсіру мен балық шаруашылығын біріктіреді.
Ауыл шаруашылық өнімдерін өндіріп қоюдың өзі жеткіліксіз. Ауыл шаруашылығы саласының өнімдері өңдеуші өнеркәсіптің шикізаттары болып табылады. Оны сақтап, сапалы түрде өңделгеннен кейін халыққа уақытында жеткізу керек. Ауыл шаруашылығы бұл мәселелерді басқа салалардың көмегінсіз шеше алмайды. Сондықтан оның қажеттілігін қамтамасыз ететін, өнімдерін өңдейтін өнеркәсіп өндірістері мен ауылшаруашылық арасында тікелей байланыс қалыптасқан немесе агроөнеркәсіптік кешен (АӨК) пайда болды.
Өнеркәсіп - үлкен масштабтағы қазба байлықтарын өндірумен және табиғи ресурстарды өңдеумен байланысты экономикалық қызмет, материалдық өндіріс саласы.
Яғни, ұлттық экономиканың шикізат, отын, энергия өндірумен, ағаш өнімдерін дайындаумен, өнеркәсіп және ауыл шаруашылық шикізатын өндіріс құрал-жабдығы мен тұтыну заттарына өңдеумен (қайта өңдеумен) айналысатын кәсіпорындарды (зауыттарды, фабрикаларды, кеніштерді, шахталарды, электр стансаларын, т.б.) біріктіретін аса маңызды саласы.
Өндіретін өнімнің, пайдаланатын шикізаттың немесе технологияның ұқсастығына байланысты кәсіпорындар салаларға бірігеді. Барлық салалар 3 топқа бөлінеді. Бірінші топтағы салалар жер қойнауынан шикізат өндірсе, екінші топтағылар оны өңдейді. Электр қуатын, жылу, су , газ таратушы салалар жеке топты құрайды. Өнеркәсіпте негізінен өндірістің құрал жабдықтарын шығаратын ауыр өнеркәсіп салаларын А тобы саласы деп, халық тұтынатын тауарлар өндіретін салалар жеңіл өнеркәсіп салаларын Б тобы саласы деп ажыратады.
Қызмет көрсету — заттық нысан сипатына ие болатын және тұтынылу құны еңбектің заттық өнімінен өзгеше түрде нақты еңбектің пайдалы нәтижесінен көрініс табатын арнайы еңбек өнімі.
Қызмет көрсету материалдық емес(жаттықтырушылардың, заңгерлердің, актерлердің, банк қызметкерлерінің, т.б.) және материалдық қызмет көрсету (тұрмыстық техниканы жөндеу, жеке тапсырыспен киім тігу, т.б.) түрлеріне бөлінеді. Материалдық қызмет көрсету жағдайында материалдық зат өндіріс нәтижесі және тұтыну нысаны болып табылады. Қызмет көрсету мазмұнына қарай жеке адамға үйде қызмет көрсету (аспаздар, үй қызметшілері, т.б.), жаңа бұйымдар жасайтын қызмет көрсету (халықтың жеке тапсырыстары бойынша тұрғын үйлер салу, киім-кешекті не аяқ киімді жеке-дара тапсырыс бойынша тігу, т.б.), бұрын пайдаланылған тауарлардың тұтынылу қасиетін қалпына келтіру (тұрғын үйлерді, тұрмыстық техниканы, т.б. жөндеу), зияткерлік қызмет көрсету (жаттықтырушылық, жарнама, т.б.), білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет аясындағы қызмет көрсету, көлік, пошта телекоммуникация көрсететін қызмет, банктер мен сақтандыру қоғамдарының қызмет көрсетуі, сауықтыру мекемелерінің, қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарының қызмет көрсетуі түрлеріне жіктеледі. Бұл саланы экономиканың 3 – ші саласы ретінде қарастырады. Қоғамдық өндіріс жүйесіндегі қызмет көрсету аясының үлесі елдің экономикалық дамуы деңгейінің өзіндік көрсеткіші болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |