Дүниетану. №1 Тақырыбы: Айнала дүниедегі денелер,құбылыстар. Мақсаты



бет1/6
Дата27.12.2016
өлшемі1,21 Mb.
#6298
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6
Дүниетану.

1



Тақырыбы:Айнала дүниедегі денелер,құбылыстар.

Мақсаты: 1.Айналадағы дүниелер туралы түсініктерді кеңейте түсу,аспан денелерін

олардың қасиетін білу.

2.Адам мен қоршаған дүниенің байланысын анықтап,ой-пікірін еркін

жеткізе білуге машықтандыру.

3.Оқушыларды қоршаған дүниені қорғай білуге тәрбиелеу.

Сабақ типі: аралас

Әдісі: түсіндіру,сұрақ-жауап

Көрнекілігі: суреттер

Сабақтың барысы.

1.Ұйымдастыру кезеңі:

Cабаққа дайындықтарын тексеру.



2.Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:

Дүниетану пәні туралы кіріспе әңгіме жүргізу. “Дүниетану”атты оқулық сендерді

өздерің күнделікті көріп,араласып жүрген табиғатпен және адамдар қоғамымен

таныстырады.Сендер мұнда дүниедегі заттар,құбылыстар,жануарлар және өсімдіктер

әлемімен кездесесіңдер.

Дүниетануға бағытталған сапарларың сәтті болсын,жас достар!



3.Білімді тексеру кезеңі:

1. Сұрақтарға жауап алу.

2. Қорытындылау.

4.Мақсатын қою кезеңі:

Тақырыбын,мақсатын хабарлау.”Айнала дүниедегі денелер,құбылыстар” .



5.Жаңа материалды түсіндіру кезеңі:

-Балалар,табиғат деген сөзге нені жатқызамыз?

\өз ойларын әңгімелету.\

Табиғат деп:аспан,ай,күн,жұлдыз,тау,тас,өзен,көл,өсімдік,\ағаш,бұта,шөп\,

аң,құс,адамды айтамыз.

-Мәтінді мәнерлеп оқу,талдау.

-Табиғаттың тірі денелері-өсімдік,жануар,адам.

-Табиғаттың өлі денелері-қалғандары.

-Табиғат құбылыстары-жел,боран,жауын-шашын,қардың еруі,судың тасуы.

-Жасанды денелер-адам қолымен жасалғандар.

-Жасанды құбылыстар-пешке от жағу,электр шамын жағу.

3.Сергіту сәті



6.Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі:

1.Оқушыларға оқыту.іштей,дауыстап-тізбектей.

2. Сұрақтарға жауап алу.

3. Теріп оқыту.



7.Бекіту кезеңі:Дәптермен жұмыс.

Қорытындылау

8.Үйге тапсырма беру кезеңі:

1.Мәтінді оқу,мазмұндау. 9.Бағалау.



Дүниетану.

2



Тақырыбы:Күндіз.

Мақсаты: 1.Күн сәулесінің маңызы туралы мағлұмат беру.

2.Оқушыларды табиғат тамашаларын бақылай білуге,ой-пікірін еркін

жеткізе білуге машықтандыру.

3.Оқушыларды өз уақытын үнемдей білуге тәрбиелеу.



Сабақ типі: аралас

Әдісі: түсіндіру,сұрақ-жауап

Көрнекілігі: суреттер

Сабақтың барысы.

1.Ұйымдастыру кезеңі:

Cабаққа дайындықтарын тексеру.



2.Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:

Айнала дүниедегі денелер,құбылыстар”мәтінін оқыту,мазмұндау.



3.Білімді тексеру кезеңі:

1. Сұрақтарға жауап алу.

2. Қорытындылау.

4.Мақсатын қою кезеңі:

Тақырыбын,мақсатын хабарлау.”Күндіз” .



5.Жаңа материалды түсіндіру кезеңі:

-Мәтінді мәнерлеп оқу,талдау.

-Күн қай сағатта шығады?

-Күн қай сағатта батады?

-Күннің батардағы көрінісі жайлы әңгімеле.

-Күннің шыққан кездегі көрінісі жайлы әңгімеле.

3.Сергіту сәті

6.Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі:

1.Оқушыларға оқыту.іштей,дауыстап-тізбектей.

2. Сұрақтарға жауап алу.

-Күн сәулесінің өсімдік тіршілігі үшін маңызы қандай?

-Суреттер бойынша еркін әңгіме құрастыр.

3. Теріп оқыту.



7.Бекіту кезеңі:Дәптермен жұмыс.Тәжірибе жаса:

Өгейшөптің бірнеше талын құмыраға отырғыз да,оның қалай өсетінін

күнделікті жазып,бақыла.

Қорытындылау

8.Үйге тапсырма беру кезеңі:

1.Мәтінді оқу,мазмұндау.

9.Бағалау.
Дүниетану.

3



Тақырыбы: Түн.Түн тынысы.

Мақсаты: 1.Түн.Түн тынысы туралы оқушыларға мағлұмат беру.

2.Сурет бойынша еркін әңгіме құрай білуге,суретке ат қоюға

дағдыландыру.

3.Түн мен күндізгі тіршілікті ажырата білуге тәрбиелеу.



Сабақ типі: аралас

Әдісі: әңгімелеу,түсіндіру.

Көрнекілігі: күн,түн суреттері

Сабақтың барысы.

1.Ұйымдастыру кезеңі:

Cабаққа дайындықтарын тексеру.



2.Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:

-Сурет бойынша әңгіме құру.

-Күн сәулесінің өсімдік тіршілігі үшін маңызы туралы әңгімелеу.

3.Жаңа материалды түсіндіру. “Түн.Түн тынысы.”

-Сурет бойынша әңгімелеу.

-Суретке ат қой.

-Түнгі көріністі күндізгімен салыстыру.

-Жылы,ашық айлы түнді бақылау.

-Түн мезгіліндегі көңіл-күй туралы әңгімелеу.

Өлең.

Желсіз түнде жарық ай,



Сәулесі түнде дірілдеп.

Ауылдың сырты терең сай,

Тасыған өзен гүрілдеп.

\ Абай\


-Осы өлең арқылы түнгі сәуле туралы түсінгендерін әңгімелету.

-Өз жеріңде түнгі табиғат көрінісінен байқағандарыңды айт.

4.Сергіту сәті.

5.Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі:

1.Оқушыларға оқыту.іштей,дауыстап-тізбектей.

2.Сұрақтарға жауап алу.

3. Теріп оқыту.



6.Дәптермен жұмыс:

1.Түнгі көрініс суретін салу.

2.Ай мен жұлдыздар суретін салу,олар жайлы әңгімелеу.

Қорытындылау.



7.Үйге тапсырма беру кезеңі:

1.Оқу,мазмұндау.

8.Бағалау

Дүниетану.

4



Тақырыбы:Айналадағы дүниемен танысу.

Мақсаты: 1.Айналадағы дүние денелерін танып білу туралы мағлұмат беру.

2.Оқушылардың айналадан қандай ғажайып құбылысты байқағанын сұрау,

ой-пікірін еркін жеткізе білуге машықтандыру.

3.Оқушыларды табиғат құбылыстарын бақылай білуге тәрбиелеу.



Сабақ типі: аралас

Әдісі: түсіндіру,сұрақ-жауап

Көрнекілігі: суреттер

Сабақтың барысы.

1.Ұйымдастыру кезеңі:

Cабаққа дайындықтарын тексеру.



2.Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:

“Түн.Түн тынысы ”мәтінін оқыту,мазмұндау.



3.Білімді тексеру кезеңі:

1. Сұрақтарға жауап алу.

2. Қорытындылау.

4.Мақсатын қою кезеңі:

Тақырыбын,мақсатын хабарлау.”Айналадағы дүниемен танысу”.



5.Жаңа материалды түсіндіру кезеңі: Кіріспе:

Адамдар тек табиғат аясында ғана емес,қоғам ішінде өмір сүреді.Олар бірлесіп еңбек етеді,үй тұрғызады,балаларды тәрбиелейді,қарт адамдарға болысады.

-Мәтінді мәнерлеп оқу,талдау.

-Атаның балаларға не үйретіп отырғаны туралы әңгіме құрастыр.

-Сен айналаңнан қандай ғажайып құбылысты байқадың?

\табиғаттан,мектептен,үйіңнен т.б.\?

-Айналадағы дүние денелерін қалай танып білуге болады екен?

3.Сергіту сәті



6.Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі:

1.Оқушыларға оқыту.іштей,дауыстап-тізбектей.

2. Сұрақтарға жауап алу.

3. Теріп оқыту.



7.Бекіту кезеңі:Дәптермен жұмыс. Есте сақта!

Айналадағы дүние сені қоршаған дүниелердің барлығы болып есептеледі.

Олар сені қоршаған табиғат,адамдар және еңбек заттары.

Қорытындылау

8.Үйге тапсырма беру кезеңі:

1.Мәтінді оқу,мазмұндау.

9.Бағалау.

Дүниетану.

5



Тақырыбы:Табиғаттан үйрене біл.

Мақсаты: 1.Табиғаттағы табиғи құбылыстардан үйренген істер туралы мағлұмат

беру.


2.Оқушылардың табиғаттан не үйренгендері туралы сұрау,ой-пікірін еркін

жеткізе білуге машықтандыру.

3.Оқушыларды табиғат құбылыстарының сырын түсіне білуге тәрбиелеу.

Сабақ типі: аралас

Әдісі: түсіндіру,сұрақ-жауап

Көрнекілігі: суреттер
Сабақтың барысы.

1.Ұйымдастыру кезеңі:

Cабаққа дайындықтарын тексеру.



2.Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:

Айналадағы дүниемен танысу”мәтінін оқыту,мазмұндау.



3.Білімді тексеру кезеңі:

1. Сұрақтарға жауап алу.

2. Қорытындылау.

4.Мақсатын қою кезеңі:

Тақырыбын,мақсатын хабарлау.”Табиғаттан үйрене біл” .



5.Жаңа материалды түсіндіру кезеңі:

Адам өзіне қажетті көптеген заттарды,техниканы жасауды табиғаттан үйренеді.

Яғни көп нәрсені табиғатты бақылау арқылы білген.

1)Жаңбыр жауғанына қарап,егістікті қолдан жауындатып суаруды ойлап тапты.

2)Құстың ұшу ерекшелігіне қарап ұшақ жасауды үйренді.

3)Балықтарға қарап,сүңгуір қайық жасады.

4)Бунақденелілерге қарап поезд жасады.

5)Инелікке қарап тікұшақты жасды.

Мәтінді мәнерлеп оқу,талдау.

-Адамның табиғаттағы табиғи құбылыстардан не үйренгендерін әңгімелету.

Сурет бойынша жұмыс жүргізу.

-Суреттегі техникалардың қайсысы қандай жануардың іс-әрекетінен туындаған?

-Өзің табиғаттан не үйрендің?

-Табиғат заттарына ұқсайтын адам жасаған тағы қандай заттарды білесің?

3.Сергіту сәті

6.Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі:

1.Оқушыларға оқыту.іштей,дауыстап-тізбектей.

2. Сұрақтарға жауап алу.

3. Теріп оқыту.



7.Бекіту кезеңі:Дәптермен жұмыс.

Қорытындылау

8.Үйге тапсырма беру кезеңі:

1.Мәтінді оқу,мазмұндау. 9.Бағалау.



Дүниетану.

49



Тақырыбы:Адам дегеніміз мен және басқалар.

Мақсаты: 1.Адамдар бір-бірімен еңбек арқылы байланысатыны туралы мағлұмат

беру.


2.Мамандық түрлерімен таныстыру,ой-пікірін еркін жеткізе білуге

машықтандыру.

3.Оқушыларды әр мамандық иесін сыйлай білуге тәрбиелеу.

Сабақ типі: аралас

Әдісі: түсіндіру,сұрақ-жауап

Көрнекілігі: суреттер

Сабақтың барысы.

1.Ұйымдастыру кезеңі:

Cабаққа дайындықтарын тексеру.



2.Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:

Құстардың жазғы тіршілігі”мәтінін оқыту,мазмұндау.



3.Білімді тексеру кезеңі:

1. Сұрақтарға жауап алу.

2. Қорытындылау.

4.Мақсатын қою кезеңі:

Тақырыбын,мақсатын хабарлау.”Адам дегеніміз мен және басқалар” .



5.Жаңа материалды түсіндіру кезеңі: Кіріспе әңгіме жүргізу.

Адам-ақыл-ойдың иесі.Кез-келген адам ақыл-оймен ізденіп дүниені таниды.

Мол білім алып,өзі және елі үшін еңбек етеді.

Мәтінді мәнерлеп оқу,талдау.

-Диқан еңбегі жайында әңгімеле.

-Шопан еңбегі жайында әңгімеле.

-Ғарышкер еңбегі жайында әңгімеле.

-Жүргізушілер еңбегі жайында әңгімеле.

-Мұғалім еңбегі жайында әңгімеле.

3.Сергіту сәті



6. Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі:

1.Оқушыларға оқыту.іштей,дауыстап-тізбектей.

2. Сұрақтарға жауап алу.

3. Теріп оқыту.



7.Бекіту кезеңі:Дәптермен жұмыс.

Өзің білетін маман иелері жайында шағын әңгіме жаз.

Қорытындылау.

8.Үйге тапсырма беру кезеңі:

1.Мәтінді оқу,мазмұндау.

Ұстаз еңбегі жайында әңгіме жаз.

9.Бағалау.

Дүниетану.

50



Тақырыбы:Адамның сезім мүшелері.Көз.

Мақсаты: 1.Адамның айналадағы дүниемен байланысының жүзеге асуындағы,яғни

оны бағдарлаудағы сезім мүшелерінің маңызын,рөлін айқындау.

2.Көз-көру мүшесі ұғымын түсіндіру,ой-пікірін еркін жеткізе білуге

машықтандыру.

3.Сезім мүшелерін күте білуге тәрбиелеу.

Сабақ типі: аралас

Әдісі: түсіндіру,сұрақ-жауап

Көрнекілігі: суреттер

Сабақтың барысы.

1.Ұйымдастыру кезеңі:

Cабаққа дайындықтарын тексеру.



2.Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:

“Адам дегеніміз мен және басқалар”мәтінін оқыту,мазмұндау.



3.Білімді тексеру кезеңі:

1. Сұрақтарға жауап алу. Ұстаз еңбегі жайында жазған әңгімелерін оқыту.

2. Қорытындылау.

4.Мақсатын қою кезеңі:

Тақырыбын,мақсатын хабарлау.”Адамның сезім мүшелері.Көз” .



5.Жаңа материалды түсіндіру кезеңі:

Жұмбақ:


Көреді бәрін өзгенің,

Көре алмайды өздерін. \көз\.

Көз-көру мүшесі.”Қараймын,көремін”ұғымының өзі, іс жүзінде сынау,денелерді

танып-білудегі көздің мүмкіндіктерін анықтауды білдіреді.

Мәтінді мәнерлеп оқу,талдау.

3.Сергіту сәті



6.Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі:

1.Оқушыларға оқыту.іштей,дауыстап-тізбектей.

2. Сұрақтарға жауап алу.

-Өз маңайыңдағы заттарға қарап,олардың көлемін анықта(үлкен,кіші,биік,аласа),

өзара салыстыр.

-Заттардың пішіні туралы айт.

-Суреттер бойынша не түсінгеніңді әңгімеле.

-”Көз-адамның айнасы”дегенді қалай түсінесің?

3. Теріп оқыту.

7.Бекіту кезеңі:Дәптермен жұмыс.

Қорытындылау. Есте сақта! Көзіңді қолмен уқалама.

Үшкір заттан сақтан.

8.Үйге тапсырма беру кезеңі:

1.Мәтінді оқу,мазмұндау.Көз суретін салу.

9.Бағалау.




Дүниетану.
Тақырыбы:Құлақ.

Мақсаты: 1.Адамның айналадағы дүниені танып білуіндегі,бағдарлауындағы есту

мүшесінің рөлі,маңызы туралы мағлұмат беру.

2.Құлақ-есту мүшесі екені жайлы түсінік беру,ой-пікірін еркін жеткізе

білуге машықтандыру.

3.Тазалық сақтап,үнемі таза жүре білуге тәрбиелеу.

Сабақ типі: аралас

Әдісі: түсіндіру,сұрақ-жауап

Көрнекілігі: суреттер

Сабақтың барысы.

1.Ұйымдастыру кезеңі:

Cабаққа дайындықтарын тексеру.



2.Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:

“Адамның сезім мүшелері.Көз.”мәтінін оқыту,мазмұндау.



3.Білімді тексеру кезеңі:

1. Сұрақтарға жауап алу.

2. Қорытындылау.

4.Мақсатын қою кезеңі:

Тақырыбын,мақсатын хабарлау.”Құлақ” .



5.Жаңа материалды түсіндіру кезеңі:

Сурет бойынша мәтін құрастыру.

а)Құлақ-есту мүшесі.

ә)Құлақ құрылысымен танысу.

б)Құлаққа жағымды,жағымсыз дыбыстардың әсері туралы әңгімелеу.

в)Дұрыс тыңдауды үйрен.

Мәтінді мәнерлеп оқу,талдау.

Мақалдар:

1)Ақпа құлаққа айтсаң ағып кетеді,құйма құлаққа айтсаң құйып алады.

2)Бір құлағынан кіріп,екінші құлағынан шығып кетеді.

\бұл тыңдамайтын оқушы туралы\.

3.Сергіту сәті



6. Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі:

1.Оқушыларға оқыту.іштей,дауыстап-тізбектей.

2. Сұрақтарға жауап алу.

-Суреттерде бейнеленген жануарлардың дауыстарын қалай атайтынын айт.

-Өзің қандай жануардың дауысын сала аласың?

-Құлақты күту ережесін әңгімеле.

3. Теріп оқыту.

7.Бекіту кезеңі:Дәптермен жұмыс. Қорытындылау. Есте сақта!

Құлақты қаламмен,шырпымен,үшкір,қатты заттармен тазалауға болмайды.

8.Үйге тапсырма беру кезеңі:

1.Мәтінді оқу,мазмұндау.Құлақ суретін салу.

9.Бағалау.

Дүниетану.

Тақырыбы:Мұрын.Тіл.Тері.

Мақсаты: 1.Адамның айналадағы дүниені танып білуіндегі,бағдарлауындағы иіс

сезу,сөйлеу мүшесінің рөлі,маңызы туралы мағлұмат беру.

2.Мұрын-иіс сезу,тіл-сөйлеу,тері-сезу мүшесі екені жайлы түсінік беру,ой-

пікірін еркін жеткізе білуге машықтандыру.

3.Тазалық сақтап,үнемі таза жүре білуге тәрбиелеу.

Сабақ типі: аралас

Әдісі: түсіндіру,сұрақ-жауап

Көрнекілігі: суреттер

Сабақтың барысы.

1.Ұйымдастыру кезеңі:

Cабаққа дайындықтарын тексеру.



2.Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:

“Құлақ”мәтінін оқыту,мазмұндау.



3.Білімді тексеру кезеңі:

1. Сұрақтарға жауап алу.

2. Қорытындылау.

4.Мақсатын қою кезеңі:

Тақырыбын,мақсатын хабарлау.”Мұрын.Тіл.Тері” .



5.Жаңа материалды түсіндіру кезеңі:

Жұмбақ шешу.

1)Үнемі аузыңда тұрады,бірақ жұта алмайсың. \тіл\.

2)Екі жарықтың ортасында бір жалғыз. \мұрын\.

Сурет бойынша мәтін құрастыру.

Тіл тазалығы туралы әңгімелеу.

Заттың ыстық,суық,ашты,тәтті,қатты,жұмсақ екенін тіл арқылы сезуге болады.

Мәтінді мәнерлеп оқу,талдау.

3.Сергіту сәті

6. Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі:

1.Оқушыларға оқыту.іштей,дауыстап-тізбектей.

2. Сұрақтарға жауап алу.

-Суретке қарап, гүлдің иісі қыз балаға қалай әсер еткенін байқа.

-Ащы,тәтті заттарды ата.

-Жылу мен суықты біз қандай сезім мүшелері арқылы ажыратамыз?

3. Теріп оқыту.

7.Бекіту кезеңі:Дәптермен жұмыс.

Қорытындылау. Есте сақта!

Мұрныңды күте біл.Ол үшін таза орамалды пайдалан.

Өзің білмейтін және лас заттарды ауызға салуға болмайды.

8.Үйге тапсырма беру кезеңі:

1.Мәтінді оқу,мазмұндау.Мұрын суретін салу.Өлеңді жаттау.

9.Бағалау.

Дүниетану.

6



Тақырыбы:Ауа райы.

Мақсаты: 1.Ауа райы оны болжау туралы түсіндіру,мәтіннің мазмұнын аша білуге

үйрету.


2.Оқушыларды өздігінен жұмыс жасай білуге,ауа райын сипаттай білуге

үйрету,болжауға,еркін сөйлеуге дағдыландыру.

3.Табиғат өзгерістері,ауа райының өзгеруіне қарай киіне білуге тәрбиелеу.

Сабақ типі: аралас

Әдісі: әңгімелеу,түсіндіру.

Көрнекілігі: сюжетті суреттер,термометр.

Сабақтың барысы.

1.Ұйымдастыру кезеңі:

Cабаққа дайындықтарын тексеру.



2.Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:

Сурет бойынша әңгіме құру.



3.Жаңа материалды түсіндіру кезеңі:

Оқушылармен жыл мезгілінің өзгеруіне байланысты,табиғатта да өзгерістер

болатынын әңгімелеу.

Оқулық бойынша жұмыс жүргізу.

-Сурет бойынша әңгімелеу.

-Суретке ат қой.

-0 – салқын -20 – суық

+20 – жылы +30 - ыстық

- Термометр-ауаның температурасын өлшейтін құрал туралы әңгімелеу.

-Сынап- ауа-райын көрсететін қызыл түс.

Күн жылынса 0-ден жоғары,күн суытса О-ден төмен 0-градусты білдіреді.

4.Сергіту сәті.

5.Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі:

1.Оқушыларға оқыту.іштей,дауыстап-тізбектей.

2.Сұрақтарға жауап алу.

3. Теріп оқыту.



6.Дәптермен жұмыс:

1.О-ашық аспан -аспан ала бұлтты

-аспан тұтас бұлтты -жаңбыр

-тұман -мұз қатады

-қалың мұз -қар

Суық болса алдына -20, -30, -37

Жылы болса алдына +20,+35, +41

2.Өздік жұмысы.Өзіңе ұнайтын ауа райының суретін салу.

Қорытындылау.

7.Үйге тапсырма беру кезеңі:

1.Оқу,мазмұндау.

2.Бағалау

Дүниетану.

Тақырыбы:Тұстарды бағдарлау. .

Мақсаты: 1.Тұстарды бағдарлай білуді,шартты белгілермен белгілеуді үйрету

туралы оқушыларға мағлұмат беру.

2.Айналадағы дүниеде төрт тұс барын үйрете отырып, оларды ажырата

білуге дағдыландыру.

3.Оқушыларды ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Сабақ типі: аралас

Әдісі: әңгімелеу,түсіндіру.

Көрнекілігі: тұстар белгілері суреттері.

Сабақтың барысы.

1.Ұйымдастыру кезеңі:

Cабаққа дайындықтарын тексеру.



2.Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:

Сурет бойынша әңгіме құру.

Мәтінді әңгімелеу.

3.Жаңа материалды түсіндіру кезеңі:

Сурет бойынша әңгімелеу.

Ауа-райының шартты белгілерін тақтаға жазып көрсету.

... ... ...

-\шартты белгімен жазу\.

... ... ...

-Қар жауып тұр.Аспан тұтас бұлтты.Температура -10-градус суық.

... ... ...

-Күн ашық,+30-градус ыстық,оңтүстіктен жел соғып тұр.

... ... ...

-Солтүстіктен жел,күн бұлтты,жаңбыр жауады,+10-градус жылы болады.

4.Сергіту сәті.



5.Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі:

1.Оқушыларға оқыту.іштей,дауыстап-тізбектей.

2.Сұрақтарға жауап алу.

3. Теріп оқыту.



6.Дәптермен жұмыс:

1.О, С, Ш, Б, т.б. суретін салу.

2.Оқушыларға тал түсте арқасын беріп тұрып,О,С,Ш,Б ажырата білуді үйрету.

Қорытындылау.



7.Үйге тапсырма беру кезеңі:

1.Оқу,мазмұндау.

8.Бағалау
Дүниетану.
Тақырыбы:Жыл мезгілдері. Күз

Мақсаты: 1.Жыл мезгілдері туралы оқушыларға мағлұмат беру.

2.Әр мезгілдің өзіне тән белгілерін атай білу,ауа-райын шартты

белгілермен жаза білуге машықтандыру.

3.Ауа-райының өзгеруіне қарай киінуіне тәрбиелеу.



Сабақ типі: аралас

Әдісі: әңгімелеу,түсіндіру.

Көрнекілігі: жыл мезгілдері суреттері.

Сабақтың барысы.

1.Ұйымдастыру кезеңі:

Cабаққа дайындықтарын тексеру.



2.Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:

Сурет бойынша әңгіме құру.

Тұстарды көрсете білулерін қайталау.

3.Жаңа материалды түсіндіру кезеңі:

Сурет бойынша әңгімелеу. Суретке ат қой.

Күз

Жыл мезгілдеріндегі өлі табиғатта болатын өзгерістер өсімдіктерге де әсер етеді.



Күз – жеміс ағаштарының толысып пісіп, тұқым шашатын мезгілі.

Шөптер сарғайып, қурайды. Өсімдіктердің жер астындағы мүшелері (пиязшық, тамырт.б.) өзгеріссіз сақталып қалады.

Күз айы екі кезеңге бөлінеді:

1. Алғашқы үсік басталғаннан соңғы жапырақ түскенге дейінгі аралық.

2. Соңғы жапырақ түскеннен қыстың басталуына дейінгі аралық.

5.Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі:

1.Оқушыларға оқыту. Іштей, дауыстап-тізбектей.

2.Сұрақтарға жауап алу.

3. Теріп оқыту.



6.Дәптермен жұмыс:

1.Күз- Қыс- Көктем- Жаз-

\шартты белгі бойынша сөйлеуді үйрету\,суретін салу.

Қорытындылау.



7.Үйге тапсырма беру кезеңі:

1.Оқу,мазмұндау.

8.Бағалау.

Дүниетану.
Тақырыбы:Өсімдік топтары.

Мақсаты: 1.Өсімдік топтарын ажырата білуді үйрету.

2.Өсімдік топтары жайында білу,олардың бір-бірінен айырмашылығын

түсіндіру.

3.Өсімдіктерді күтіп-баптап,адам өміріне қандай пайдасы барын түсіндіру,

Оларды қорғай білуге тәрбиелеу.

Сабақ типі: аралас

Әдісі: әңгімелеу,түсіндіру.

Көрнекілігі: ағаш,бұта,шөптер суреттері.

Сабақтың барысы.

1.Ұйымдастыру кезеңі:

Cабаққа дайындықтарын тексеру.



2.Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:

Сурет бойынша әңгіме құру.

Жыл мезгілдерін еске түсіру:\күз,қыс,жаз,көктем\.

3.Жаңа материалды түсіндіру кезеңі:

Сурет бойынша әңгімелеу. Суретке ат қой.

-Жаңа тақырып:Өсімдік топтары.

-Өсімдік топтары туралы әңгімелеу.

-Біздің жерде қандай өсімдіктер бар?

-Суда өсіп тұрған өсімдіктерді көрдің бе?

-Өсімдіктер қай жерде кездеседі?

Орман байлығы.

Үйеңкі,қайың,қарағай,самырсын,емен,қарағай.

Өседі бәрі аралас,бақшада өскен баладай.

Қаулап өскен ағаштар,жеміс-жидек сайда да,

Хош иіске елітіп,тынып қалған айнала.

Қамқоршы болшы орманға,орманды бәрің қорғаңдар!

4.Сергіту сәті.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет