Доғалы протезді дайындаудың Клиникалық кезеңдері: 1) Науқасты тексеру, диагноз қою, рациональды конструкция таңдау, жоғарғы және төменгі жақтардан толық анатомиялық қалып алу, мед. құжатты толтыру. Көрсеткіштер: Кеннеди бойынша тіс қатарларының кластары 4-9 тістен жоқ, бекітілген тістесу, шайнау тиімділігінің 25% және одан да төмендеу.
2) Орталық окклюзияны анықтау және бекіту. Диагностикалық мүсінде параллелометрия жүргізіп, доғалы протез қаңқасының суретін мүсінге сызу.
3) Доғалы протездің қаңқасын ауыз қуысында орнатып тексеру.
4) Доғалы протездің балауызды конструкциясының тексерілуі.
5) Дайын протезді тапсыру.
Әрбір алынбалы протездің өз құрылымдық ерекшеліктері бар, ол ақаудың орналасуына және көлеміне , сақталынған тістер санына , олардың қатты тіндерінің , пародонттың жағдайна ,протез орнын жауып жатқан шырышты қабат жағдайына , альвеолярлық өсінддінің сақталуына , қатты таңдайдың жетілу деңгейіне және басқа да анатомиялық ерекшеліктерге сәйкес анықталады. Құрылымдық бөліктерінің әр түрлілігіне қарамастан алмалы протездің барлық түрлерінде қайталанытын бөліктері анықталады. Оған ұстап тұратын элементтерді ұстап тұратын базистен басқа доғалы протезде тағы бір доға және олардың тармақтары болады.
Доғалы протезді жасаудан алдымен протездің құрылғысын жоспарлау жүргізіледі.
1) Протезді кіргізу және шығару жолдарын анықтау.
2) Тірек тістерде шолу сызығының анағұрлым ыңғайлы орналасуын және соған сәйкес кламмер орнын табу үшін мүсінде белгі қою.
3) Доғаның және протездің басқа элементерінің таңдайда және төменгі жақтың альвеолярлық өсіндісіндегі орнын анықтау. Мұның барлығы тұтасымен алғанда мүсін енді жасалатын доғалы протез қаңқасының сызбасын жасауға мүмкіндік береді. Ақырында доғалы протез ершігінің шекарасын анықтайды, ал егер протездеу пластиналы протезбен жүргізілсе , онда оның базисінің шекарасын және кламмерлерді де анықтайды.
Доғалы протезді дайындаудың лабораториялық кезеңдері. 1) Супер және медициналық гипстен екі жұмыс мүсін дайындау: медицин.алық гипстен көмекші мүсін, медициналық гипстен жаалған мүсін окклюзиялық бөлікпен бірге балауыз негіз дайындау.
2) Дублирлеуге мүсінді супергипстен дайындау. Отқа төзімді мүсін алу. Каркас суретін отқа төзімді мүсінге ауыстыру. Отқа төзімді мүсінге доғалы протез дайындау каркасын балауызбен мүсіндеу. Құю жүйесін дайындау, каркасыты құю, өңдеу жылтырату, мүсінге орнату технологиялық сапасын бағалау.
3) Мүсінді окклюдаторға гипстеу, жасанды тістерді орнату.
4) Протездің балауыз конструкциясын соңғы рет мүсіндеу, балауызды пластмассаға ауыстыру, өңдеу, тегістеу және жылтырату.
Доғалы протедің қаңқасын дайындау үшін жұмысшы және көмекші мүсін дайындауымыз керек. Бұл мүсіндер екі түрлі гипстен, ал көмекші мүсінен кәдімгі медициналық гипстен дайындаймыз. Супергипсті тұз қоспай араластырады. Кішкене бөлігін қалыптық шығыңқы бөліктеріне қояды. Қалыпты реина ыдыстық жиегіне ұра отырып шұңқыр жерлеріне гипстен толтырады. Бұл тіс ұяшығына гипстің жақсы кіруін және ауа көпіршіктерінің түзілуімен қамтамасыз етеді. Мүсінде тіс қатары, тіс аралық қуыс, альвеола өсіндісі, уздечка, жоғарғы жақ қатты таңдай рельефі және төменгі жақ тіс асты кеңістік анық қайтиаланады. Мүсін негізгі 1,5-2 см-ден кем болмауы керек.