Дќрiстi жзЋргiзу жоспары



бет1/3
Дата30.10.2022
өлшемі271 Kb.
#155703
түріСабақ
  1   2   3
Байланысты:
1 тақырып
2 тақырып

Сабақ жоспары

Н 3-9.09-2022
1 баспа 02.02.2022






М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті
Қаратау тау-кен технологиялық колледжі
САБАҚ ЖОСПАРЫ
1 бөлім.Заттардың бөлшектері
Атомның құрамы мен құрылысы

(сабақ тақырыбы)


Модуль /пән атауы: Химия
Педагог: Байбазарова Эльвира Адилбековна дайындады
2022 жылғы «____» _______
1.Жалпы мәліметтер
Курс: 1
Оқу жылы: 2022-2023
Топ:_______________________________________________________________
Сабақ түрі: дәріс
2. Мақсаты, міндеттері: 1.Атом құрылысы жайындағы заманауи көзқарастардың және зат пен атом бөлшектерінің маңызды сипаттамасын білу.
3. Оқу-жаттығу процесінде білім алушылар меңгеретін нәтижелер және кәсіби
дағдылар тізбесі. Оқу сабақтары барысында білім алушылар игеретін кәсіби біліктіліктердің тізбесі: Д.И.Менделеевтің периодтық кестесі. Оқулықтан 2 кестені қолдану. Электрондық оқулық.
4. Қажетті ресурстар
4.1 Оқу-әдістемелік құрал-жабдықтар, анықтамалық әдебиеттер

  1. М.Қ.Оспанова. Химия,

  2. Қ.С.Аухадиева Химияның негізгі ұғымдары,

4.2 Техникалық құралдар, материалдар Компьпютер, интернет желісі,слайдтар.
Сабақтың барысы:

  1. Кіріспе. Химия пәні.

  2. Атом-молекулалық ілім. Химияның негізгі түсініктері.

  3. Заттардың жіктелуі.

  4. Валенттілік. Химиялық формулалар. Химиялық реакциялардың теңдеулері.

  5. Негізгі стехиометриялық заңдар.

  6. Газ заңдары.

  7. Эквивалент. Эквивалент заңы.

Химия материяны зерттейтін жаратылыстану ғылымдарына жатады. Бізді қоршап тұрған және біздің санамыздан тыс өз бетінше өмір сүретін дүние – толып жатқан заттар мен құбылыстар материяға жатады. Материя – объективті шындықты бейнелейтін философиялық категория, ол біздің сезім мүшелерімізге әсер етіп сезім тудырады, бейнеленеді. Материя объективті шындық ретінде з а т және ө р і с түрінде өмір сүреді. Зат дегеніміз – белгілі химиялық құрамы бар, тиісті физикалық және химиялық қасиеттермен сипатталатын материяның жеке бір түрі.Сондықтан зат – тыныштық күйде өзіне тән массасы болатын материалдық бөлшек. Мысалы, су, азот қышқылы, оттек, темір, күміс заттарға жатады. Материалдық орта – физикалық өріске – электрлік, магниттік, электро-магниттік, гравитациялық өрістер, ішкі ядролық күштер жатады. Зат пен өріс өзара байланысты және белгілі бір жағдайда бір-біріне ауысып отырады.
Материя үздіксіз қозғалыста болады. Материя қозғалысының формалары алуан түрлі, олар өзара байланысты және белгілі бір жағдайларда бір-біріне айналып отырады. Мысалы, химиялық энергия электр энергиясына, электр энергиясы жылу энергиясына, жылу энергиясы механикалық энергияға т.с.с. айналады. Материя қозғалысының бір-біріне айналуы кезінде – табиғаттың негізгі заңы – материя мен оның қозғалысының мәңгілігі сақталады. Материяның қай түрі және қандай қозғалысы болмасын жоқтан пайда болмайды және жоққа айналмайды.
Химия пәні
Химия пәні материя қозғалысының химиялық формасын зерттейді. Химиялық реакциялар барысында молекулалар құрамындағы бөлшектердің қосылуы, айрылуы, алмасуы, орын басуы нәтижесінде бастапқы заттардың сапасы өзгеріп жаңа сапалы заттар түзіледі және олардың қасиеттері де басқаша болады. Химия дегеніміз – заттардың құрамын, құрылысын, олардың бір түрден екінші түрге айналуын және осы айналу кезінде байқалатын құбылыстарды зерттейтін ғылым.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет