Әдеби шығарманы талдау принциптері



Дата17.03.2023
өлшемі32,19 Kb.
#172805
Байланысты:
Әдеби шығармашылық 3
Инклюзивті білім беру БӨЖ1, Әдеби шығармашылық 5, Сценарий

«Семей қаласындағы Шәкәрім атындағы университет» КеАҚ

Тақырыбы: Әдеби шығарманы талдау принциптері.
Орындаған:Тайжанова Аяулым
Тексерген: Қабышев Талғат 

Семей 2022


Әдеби шығарманы талдау принциптері.

Талдау, оның ішінде әдеби талдау дегеніміз не? «Талдау» сөзінің ең алғашқы терминологиялық мағынасы – зат пен құбылысты аңғарып танып-білу жолдарының бір көрінісі. Көркем шығарманы зерттеп біле отырып, ол қалай және қандай амал-тәсілмен жазылса да, оның көркемдік тұтастығын әрқашан ой-санамызда берік ұстауға тиіспіз. Көркем шығарманың кез келген ең шағын деталін, оның кез келген құрамдас бөлігін қарастыра аламыз. Әдеби талдау өзінің нағыз, дұрыс мағынасында – әдеби шығарманы кез келген бөліктер мен бөлшектерге бөлу емес, тек осылай талдау шығарманы терең түсініп білуге көмектеседі. Суреткер ойы шығармада ешқашан анық көрінбейді, тереңде «жасырынып жатады». Шығармаға талдау жасай отырып, біз оқушыны суреткердің оймақсатын ашуға бағыттап үйретуіміз керек. Талдау үстінде ғана танылатын үлкенді-кішілі жаңалықтар әрқашан тұтастықпен байланысты болуы тиіс. Сонда ғана әдеби талдау нәтижелі болады. Талдау кезінде суреткер үшін, талданатын шығарма үшін айрықша мәнді тұстарына назар аудару керек. Яғни, көркем тұтастық аясында көркем бөлікке көз жібереміз. Мұндай жағдайда көркем бөлік – талдаудың алғашқы материалы, ал көркем тұтастық – оның соңғы нәтижесі болады. Кейде барлық көркемдік құрылым (мысалы, шығарманың жазылу тарихы) үшін жалпы маңызы бар ірі құбылыс маңында талдау жасау іске асырылады. Шығарманы терең меңгеруге негізделген кез келген жағдайдағы талдаудың дұрыс қолданылған амал-тәсілдері көркемдік тұтастыққа алып келетіні сөзсіз. Кез келген талдау өзінің алдына көркем туындының қөрінбей жасырын тұрған жақтарына болжай түсуді мақсат етіп қойған жағдайда ғана ол проблемалық сипатқа ие болады. Әдебиет пәні шәкіртті өнер туындысын тануға үйретеді, оны ой көзімен пайымдау үшін қажетті біліммен қатар, дағды қалыптастырады. Бұл орайда шығарманы үстірт оқумен шектелмей, ондағы кейіпкер тағдырына ортақтасып, мазмұн мен түп бірлігін, көркемдік деңгейін, сөз астарын, түрлі деталь қызметін, мәнін аңғара білуге тиіс. Осыдан келіп шығармамен жұмыс істеуде әдеби талдауды жетік меңгерудің керектігі туындайды. Оқушының көркем шығарманы қызыға оқуы жазушының стиліне, шеберлігіне тікелей байланысты. Ондағы сомдалған кейіпкерлерге өзіндік баға беруге машықтандыру, жазушының ұстанған бағытын, шығарманың идеясын, көркемдік деңгейін танып-біліп, салыстыра отырып және таңдай алатын талғампаздыққа жетелеу, дағдыландыру көркем туындымен жұмыс істеудің басты міндеттері болып табылады. Оқылған шығарманы мазмұн мен пішін бірлігінде талдау – өзекті мәселе. Ол үшін эстетикалық талдау әдістерін – проблеманы талдау, тақырыптық талдау, образ бойынша талдау әдістерін шығарманың жанрлық, көркемдік ерекшелігіне орай қолданған жөн. Көркем шығарманы оқыту адам өмірі, оның өмір сүріп отырған ортасы, заман ағымы, тіпті табиғи мекенжайымен тығыз байланысты десек, осының бәрін оқушы санасына жеткізе білу – сыншы Белинский айтқандай «Ақын образбен сөйлейді, ол шындыққа сай дәлелдемей, көзге елестетеді» деген қағиданы жүзеге асыру деген сөз. Демек, кейіпкер тұлғасы – кез келген өнерде негізгі буын, ең негізгі түп-тамыр. Әдеби шығарманы үйретуде оқушылардың қоршаған орта туралы түсінігін қалыптастыру, қоршаған ортаның әлеуметтік мәселелерін алып көрсетуде жеке кейіпкерлер тұлғасын таныта білу әдебиетші-ұстаздың басты міндеті екені белгілі. Осы орайда көркем шығарманың бүкіл композициялық құрылымы мен идеялық түйінін ашуда сюжеттік желі ерекше орын алатынын, ол тағы да көркем бейнеге келіп тірелетінін есте ұстау керек. Талданатын көркем туындының мазмұны таныс болуы керек. Б. Сланов «Кейіпкер бейнесін талдау» /А., 1990/ атты кітабында көркем бейнені талдауда мұғалімдерге төмендегідей тәсілдерді ұсынады:
1. Кейіпкер портреті, іс-әрекеті, оның ішкі психологиясы жайлы автордың өз ойын білдіреді.
2. Көркем бейнеге тән ерекшеліктерді өзге кейіпкерлерді сөйлету жолымен көрсетеді.
3. Әдеби бейне /кейіпкер сөзін/, ішкі толғаныстарын, ой-пікірін /монологін/ келтіріп танытады.
4. Қаһармандар табиғатын оларды бір-біріне қарама-қарсы қою әдісімен / диалог, әңгімелестіру, т.б/көрсете алуына қарай әдеби кейіпкер характерін танытуы. Авторлық мақсат шығарма мақсатына байланысты түпкі нысанаға жетелейді. Кейіпкер портреті шығарма ішінде бір ғана оқиғамен ашыла салмайды. Автор айтып отырған «өзге кейіпкер» – шығармадағы басты тұлғаны ашуға себепші болатын образдар. Кез келген шығармада кейіпкер монологі не өзіндік толғанысы, іс-әрекеті оның көркем бейнесін ашатыны анық. Көркем шығармадағы кейіпкерлердің іріліұсақты әрекеті, толғанысы, өмірге көзқарасы, қоршаған дүниені қиялдауы, басқалармен қарым-қатынасы, ой-пікірі, тіпті сөз сөйлеуі – олардың бәрі де (кейіпкерлердің) бейнесін ашатын негізгі детальдар. Кейіпкерлер жүйесін қарастыру үшін романнан іріктеліп алынтын үзінділер, дәлелдеулер дұрыс таңдалғаны жөн. Мәтінге жүгіну, көркем шығарманың өзіне терең үңілу – ой мен логикалық-психологиялық жағынан қолдануға тиіс кейіпкер тұлғасын ерекшелейтін детальдарын нақты таба білу деген сөз. Шығарма талдауда жазушының тіл шеберлігін зерттей отырудың мәні зор. Шығарма тілін жазушы тілі және кейіпкерлер (персонаждар) тілі деп бөлуге болады. Көркем туындының бүкіл өн бойы осы тілден, тілді құрайтын сөздерден туады. Сондықтан тілдің мәні, атқаратын қызметі зор. Көркем шығармадағы кейіпкерлердің орнын, ой-мақсатын оның сөйлесу тілі арқылы айқындауға болады. Тілдік ерешеліктерді талдауда жазушының жекелеген сөз қолданыстары мен сөйлемдер контексіне, түрлі бейнелегіш тәсілдері мен автордың өзіне тән мәнеріне назар аударылуы тиіс. Көркем шығармадан алынатын цитата, үзінділер жазушы жасаған көркем бейнелердің ішкі жан-дүниесін, тұлғасын, образ жасау үшін романдағы алатын орнын айқындауға сөзсіз көмегін тигізуі шарт. Әр образға талдау жасау, баға беру үстінде оқушы кейіпкер бейнесін оның өскен ортасымен, қоғамдық сипатқа сай, сол дәуірмен байланыста айтып бере білуі қажет. Әр шығарма өзінің мазмұны мен формасы жағынан әр басқа болатыны сияқты, оны талдау да алуан түрлі тәсілді талап етеді. Талдауды бірыңғай сызбаға (схемаға) құруға болмайды. Алайда көркем шығарманы талдау барысында айтылар ойды негізгі мәселелердің төңірегінен өрбітіп отыратын жүйелілік қажет.1 Қазақ әдебиетінің классикалық туындысы «Абай жолы» эпопеясын алайық. Көркем шығармадағы сюжет пен композициядан бастап, әрбір деталь, көркемдік тәсіл белгілі бір ойға, мақсатқа негізделеді. «Абай жолына» назар аударайық. Мысалы, бірінші кітаптың басталуы мен аяқталуына көз салайық. Жазушы осы екі сәтте де пейзажды психологиялық қалыпты аңғарту үшін қолданып тұр. «Жазықсыз сары биік, көкшіл қоныс, ақ көделі әдемі өлке мұнарланады. Барлық айналадағы кең дүниеге, әсіресе мына өзі сахара, өлке белдеріне соншалық бір туысқандық ыстық сезіммен, кешіріммен де қарайды. Үзілмей, қатаймай бір қалыппен желпіп соққан әдемі салқын қоңыр жел қандай рахат!? Осы желмен құлпыра, толқып, су бетіндегі жыбыр қағып шалқып жатқан алкүрең көде мен селеу далалары... дала емес – теңіздері қандай!? Сол даладан көз алмай, үнсіз телміріп, ұзақ-ұзақ қарайды» /М. Әуезов. А. 1979/. Жазушы алуан түсті гүлге оранған жасыл дала, кең дүние көрінісін, жас Абайдың албырт көңіліне, ауылдан кеткен сәттен әлі өзгермеген мөлдір сезіміне, кіршіксіз түсінігіне орайластыра суреттеген. Ал осы бірінші кітаптың соңғы бетінде: «Абайдың Ақшоқыға соға кететін жұмысы бар-ды. Ордадан шығып солай қисая жүрді. Жол жоқ. Бірақ қар жұқа болатын. Ербол екеуі сар желіп отырып, Есембайды бауырлап кеп Тақырбұлақ тұсындағы жолға түсті. Бір шақта, қаладағы оқудан қайтып келе жатып, ауылды аңсап, асығып шапқан көк жазығы осы еді. Қазірде аппақ суық қар басқан. Алыстағы жоталар мен айналадағы өлкелер де панасыз, жүдеу. Айықпас ауыр мұңға батқан. Бір күнде Абай көңіліне панасыз, кемтар көрінетін бар сахарасының, бар халқының күйі де осы реңдес. 7 Бір кезде нанғыш, таза бала жүрегі, барлық рахат, бақыт осы қырда, ауылда деп алас ұрған болса, қазір Абай қайта жортып келеді» (407-бет). Есембай, Тақырбұлақ аталатын бір жердің екі түрлі суреті, көрінісі, екі түрлі әсері көз алдымызға келеді. Бір ғана Абайдың екі түрлі сезімін, өміріндегі екі түрлі психологиялық сәтін көреміз. Кітаптың басында оқудан қайтқан жас Абай көгілдір әлем көмкерген шалқар дүние, шуақты көктем құшағында келе жатыр еді. Кітаптың соңында ауылынан қалаға қайта аттанған Абай ызғарлы жел қуырып, суық сорған жүдеу далада бара жатады. Абай өмірінің үлкен кезеңін салыстыра отырып, психологиялық құбылу, сана мен өмір өзгерісін табиғат әлемімен астастыра бейнелейді1. Прозалық шығармаларды талдау үлгісі Әдебиет пәні – өнер пәні десек, сол әдебиетті таныта білу үшін оның теориясын жете меңгерте білуіміз қажет. Әдеби көркем шығарманың идеялық мазмұнын игеру үшін сол шығарманың сюжеттік компоненттерін түсіну керек. Бұл үшін шығарманы меңгертуде оның мазмұнына, оқиға кезеңдеріне байланысты сұраулар қою мен тақырыптарға бөлдірудің үлкен маңызы бар. Сондықтан оқытылатын шығарманы бөлімдерге бөліп, оларға тақырыптар қою жұмыстары жүргізілгені дұрыс. М. Әуезовтің «Көксерек» әңгімесін өткенде оқушыларға шығарманы бөлімдерге бөліп, әр бөлімге мазмұны бойынша тақырыптар қою ұсынылады. Мысалы, “Кім кінәлі?” деген тақырып бойынша талдау жұмысын проблемалық сұрақ қою арқылы жүргізген өте тиімді. 1. Көксерек Құрмаштан гөрі ақ қасқырмен неге тез бауырласты? 2. Қасқырлардың іс-әрекеті мен адамдардың іс-әрекетінде ұқсастық бар ма? Қайсысы қаталырақ? 3. Құрмаштың өліміне кім кінәлі? 4. Қасқырларды қолға үйретуге бола ма? Ұсынылған тақырып атауларынан әр бөлімдегі мазмұнды дәл беретін қысқа біреуін таңдау оқушыларға тапсырылады. Осы жұмыстардан соң оқушыларға тақырып туралы түсінік беріледі. «Тақырып деп нені айтамыз?» деген сұрауға оқушылардың жауаптарын тыңдағаннан кейін, оны көркем шығармадан мысалдар келтіру арқылы тереңдету қажет. Әр шығарманы өткенде шығармалардағы кездесетін эпитет, теңеу, метафора, т.б. туралы әдеби теориялық білімдерін тереңдетіп отырған орынды. Сол сияқты көркем шығармадағы әдеби кейіпкер, диалог, кейіптеу ұғымдарының басты белгілерін ажырата алатын дәрежеде меңгертуіміз керек. Біз көркем шығарманы оқығанда оның кейіпкерлерімен танысамыз. Жазушы сол кейіпкерлерді оқырмандар ойша елестетіп көз алдына келтіре алатындай етіп суреттеуге тырысады, ол үшін жазушы шығарма кейіпкерлерінің пішінін, жүзін, тұрпатын, киімін, қимыл-қозғалысын суреттейді. Міне, осы әдебиетте портрет деп аталады. Оқушылардың ұғымына жеңіл болу үшін портрет дегеніміз жазушы кейіпкерлерінің сөзбен салынған суреті деп түсіндіреміз. Б. Майлин «Шұғаның белгісінде» Шұғаның портретін былай берген. «...Аққұба, талдырмаш, көзі қап-қара, осы, үріп ауызға салғандай еді». Бұл Шұғаның өзгермейтін, қимылсыз кескіні. Автор портретті бір жерде ғана емес, шығарманың өн бойында біртіндеп жасауы мүмкін екендігі, сөйтіп портрет оқырман қаһарманның сырт пішінін көруге, бастан кешірген сезімін, мінез ерекшелігін түсінуіне көмектесетінін оқушының жете түсінгені дұрыс. Мысалы, Б. Майлин «Шұғаның белгісі» хикаятында Күлзипаны «Орта бойлы, қара сұрлау, тік қабақ, сұстаныңқырап тұратын адам еді» деп кескіндей отырып, оның салқындығын сездіргендей. «Қара сұр, тік қабақ, сұсты» қыз келбетінен қатігез, рақымсыздық лебі ескендей. Теориялық түсінікті сабақты тиянақтау мақсатында қолданған жөн. Сонымен қатар, бір әңгіменің бойындағы теориялық ұғымдарды мысалдар арқылы оқушының санасына сіңіре білу қажет. Мысалы: Мінездеу: «Өзі ұзындау, өзі бейғамдау Әбди деген бір жолдасымыз ауырып қашып кете алмай қалып еді, қуалай жанына шыбыртқыны шып-шып еткізді. Қамшыдан 8 қайқалақтаған Әбдидің арық қабырғасы ыржың-ыржың етіп, екі қолымен арқасын уқалап, «ағатайлаған» дауысы тым ащы шықты». Жанама мінездеу: «Байғұс қара өгіз, көзіне шыбын үймелеп, аузынан сілекейі шұбырып, митың-митың аяңдап келеді. Екі доңғалақты қазақ арба дағдылы ойбайын салып о да келеді». Салыстырмалы мінездеу: «Жантық керенаулық қылып, жаңбырға тидіріп, жастай жинап жүрмеңдер! Өзім көрмей шошаққа тартпаңдар... Өйтсеңдер, өкпелемеңдер! – дейді. - Осы ит-ақ түбімізге жетер, - деп жігіттер өзара күңкілдеседі. Эпитет: «Қоңыр құйқалы, құнарлы шиыр. Адырсыз, жотасыз, жазық алаң, керілген кең тақта». Пейзаж: «Жылауық күз емес, гуілдеген желді күз еді. Түндік біткен шаңырақта сабалап, қараша үйлер тозығы жеткендігін айтып, зар қағып сықыр-сықыр етеді. Бұрқырап түсе бастаған күзгі сары ала жапырақ ауыл қотанында жындай ойнақтайды. Кейіптей дамыту: «Қырман басы ұлы дүбір той. Гүр, гүр, гүр! Гүрілдеген сайын маңдайдан шыққан ащы тер қызыл маржан болып қапшыққа құйылады. Бұл бұрқыраған еңбек күйі аспанға өрлейді. Жер мен аспан қосыла билейді».
2 Шығарманы талдағанда ерекше мән беретін тұстар:
• Шығарма құрылымына
• Стильге
• Сөйлем құрылымына Композиция мен сюжет Көркем шығарманы оқығанда онда баяндалатын оқиғалардың бір жүйеде бірбірімен байланысты суреттелетінін оқушы түсіне білуі керек. Олар шығармадағы барлық оқиғалар бір-бірімен тығыз байланысты және бір оқиғадан кейін екінші оқиға туындап отыратындығын шығарманы оқи отыра сезінуі қажет. Шығармада сөз етіліп отырған оқиға желісі әр алуан іс-әрекеттен құрылады. Қандай шығарманы оқыса да оқушы оның композициялық құрылымын талдай білгені дұрыс. Ғ. Мүсіреповтың «Ер ана» әңгімесінен мысалдар келтіруге болады. «Ер ана» әңгімесінде ең алдымен астаң-кестеңі шыққан, әр тұсын өрт шалған қалың орманның, сау тамтығы қалмаған өлікке толы қысқы даланың суреті беріледі. Әрбір оқиғаның болатын жерін, оқиғаға қатысушыларды және оқиғаға байланысты басқа да жағдайларды суреттеу шығарманың экспозициясы деп аталады. Шығарманың экспозициясы, әдетте, жазушы баяндайын деп отырған оқиғаның сипатына қарай беріледі. Мысалы, «Ер ана» әңгімесінің экспозициясы – соғыс зардабынан жантүршігерлік жағдайға келген табиғат көрінісі. Көркем шығармада баяндалатын оқиғалардың бастауын және олардың бір-бірімен сабақтасып отыруын байланыс деп атайды. Оқушыларға ұғымды болу үшін оқылып отырған шығарманы мынадай сызбаны толтыру арқылы меңгертуге болады.3 Бөлімі Сюжеті Композициясы І Қарт ананың Лиданы қаладан әкетуі жөніндегі байламы. Орман жақты бағдарлап қайтуы, партизандарға жолығуы Байланысы ІІ Қаладағы аса қасиетті ескерткіштің қирауы. Қалаға жау әскерлерінің келіп қалуы. Қарт ананың орманға қашып шығуға үлгере алмауы Оқиғалардың шиеленісуі ІІІ Мектепке келген неміс офицерлері қарт ананы Лидамен бірге түн ішінде аязды далаға қуып шығуы. Өзегі өртенген қарт ананың ендігі ойы қайткендед де кек алуға тіреледі Оқиғаның шарықтау шегі ІҮ Кек қалай алынды! Наталья мектепке қалай бұрылғанда бір ғана гүрс етіп, мектеп үйі аспанға ұшты Оқиғаның шешімі Көркем әдебиет шығармасының құрылысын композиция дейді. Ал оқиға желісін, оның дамуын сюжет дейді. Жазушы шығарманы қызықты, тартымды ету үшін оның 9 құрылысын-композициясын әр түрлі етіп құрады. Кейде шығарма оқиғасы тіпті шешімнің өзінен де басталып кетуі мүмкін. Мұндай жағдайда жазушы оқиғаның байланысын шегіністен бастайды. Повестің көркемдік ерекшелігін таныту дегеніміз оның ішкі заңдылығын ашу, сюжеттік жағдаяттарын талдау, жазушының стилі мен тіл көркемдігін, образ жасау шеберлігін ашу, оларды дәлелдерлік шығармадан үзінділер оқыту, оқушы еңбегін шығармашылық дәрежеге көтеру деген сөз. Сонымен қатар оқушылар әңгіме мен повестің айырмашылығын білуі қажет. Оқушылар әңгіме көлемі қысқа, нақты эпизодтық сюжетке құрылған, көркем қара сөзбен жазылатын шығарма екенін, әңгіменің басталуы, дамуы, шарықтауы, шешімі болатынын білгенімен оны повестен ажырата алмауы мүмкін. Сондықтан повесть пен әңгіменің айырмашылығын салыстыра отырып түсіндірген дұрыс. Повесте кейіпкерлердің бірнеше эпизодтық ісәрекеттері, өмір шындығының маңызды бір кезеңі суреттелетіндігін, сюжет желісінің күрделілігін, кейіпкерлердің көбірек болатынын оқушы санасына сіңіре білу керек.4 Мысалы, М. Әуезовтің «Көксерек» әңгімесін өткен кезде туындының композициялық құрылысына талдау жасата отырып, оқушы повесть пен әңгіменің ерекшелігін өзі түсініп, ажырата білуіне мүмкіндік туғызу қажет. Оқиғаның басталуы – Қараадыр қасқырлар мекені. Тағылар тірлігі. Байланысы – Адамдар шабуылы. Бөлтіріктер тағдыры. Қаталдық. Дамуы – Бөлтіріктің Көксерек атануы. Оның адамдардан көрген жәбірі. Шарықтау шегі – Көксерек және Құрмаш. Баланың таза көңілі, мейірімі. Шиеленісуі – Көксеректің ауылдан кетуі. Ұяластарымен тез табысуы. Тағылардың тағылық істері. Шешімі – Құрмаштың қазасы. Көксеректің жазасын тартуы. Әже зары деп айтуға болады. Әдебиет сабағындағы ең басты – құрал көркем мәтіннің (текст) өзі. Сондықтан көркем мәтінді эмоциялық тұрғыдан әрі саналы түрде игеруді бірінші кезектегі мәселе деп қараған жөн. Шығарма тексін оқу, оның идеялық мазмұны мен көркемдік ерекшелігін түсінудің ең басты сатысы болып табылады. Шығарманы оқып үйренудің әдісі оның жанрлық сипаты мен көркемдік ерекшелігіне және көлеміне де байланысты болады. Ал шығарманың композициясы, тілі, табиғи суреттемелері сол туындының идеялық мазмұнын ашатын құралдары ретінде қаралады. Әдебиет теориясын білу арқылы оқушы жазушылардың өз шығармаларында шебер көрсеткен өмір суреті мен адам образын жасау құралдарымен танысады. Ол құрал – ең алдымен сөз екенін біледі. Әрбір ұстаз жаңа технология арқылы белсенді оқыту тәсілдерін тиімді пайдаланып, сабақта қолданып отырса әдебиет пәнінен сапалы білім берілетіні ақиқат. Сол әдістің негізгілерінің бірі – көркем шығарманы оқығанда талдау жұмысын жүргізіп оқыту. Себебі шығарманы танып, меңгермей әдебиетті түсіну мүмкін емес. Мысалы, Б. Майлиннің «Шұғаның белгісін» оқу кезінде оқушыларды хикаяттың композициялық құрылымын түсіне, талдай отырып оқуға бағыттаса, әр оқушы талдау арқылы шығарманың толық сюжетін, композициялық құрылымын меңгере алады. Сыныпты топқа бөле отырып, әр топқа шығарманың композициялық құрылымын анықтауға арналған тапсырма берген дұрыс. Сол тапсырмалар арқылы оқушылар шығарманың композициялық құрылымына төмендегідей талдау жасайды. Оқиғаның басталуы: Әсем пейзаж. Обашық. «Тарғыл өгіз сойған» «Шұғаның белгісі» қалай атанады? Дамуы: «Сықырлауықтан сығалаған сұлу сезім». Әбдірахманды Шұғаның тұңғыш көруі. Өрбуі: Адамдар тағдырына негізделген. «Махаббаттың маздаған отына су шашу» Шиеленісуі: Екеуінің махаббаты. Шарықтау шегі: Ауру Шұға. Шешімі: Шұға десе Шұға еді-ау! Үзілген үміт. 10 Мәтіндік талдауға арналған құралдар Тақырып, проблематика, жанрсыз ешқандай көркем туынды жоқ. Солар – шығармаға ұйытқы, шығарманың стильдік элементтерінің қазығы, өзегі. Соның ішіндегі ең бастысы – шығарма проблематикасы. Проблематика – тек форманы ғана емес, форманы тудырушы жанрды да айқындайды. Идеясын жүзеге асыру үшін жазушы соған лайық жанр іздейді. Автор оқырманды қызықтыру және әсер ету үшін жазады. Алдымен автордың мәтінді құрастыруда қандай кезеңдерден өтетіндігіне тоқталып кетейік. Көркем шығарманы құрастыру процесі Автор мәтін құрастырудағы мақсаты жазба жұмысына сай келетін жанрды (роман, өлең, пьеса) таңдайды автор өз оқырманының талғамына сай мәтін құрастыру формасын ойлай бастайды және ізденеді. ол форма/көлемді таңдауға мүмкіндік береді (14 жолды өлең, 100 беттік шығарманы) көркемдік шешімдерге әкеледі үн, тіл, грамматика/синтакс (сөйлемдердің құрылу жолы), кейіпкер, оқиға, құрылым/ композиция Осы процесс арқылы көркем шығарманы құрастырады. Бұл процестің көп аспектілері бір уақытта жүзеге асып жатады. Алайда бұл процесті қадам-қадаммен бөліп қарастыру арқылы жазушы сөзбен-сөзді, сөйлемменсөйлемді байланыстыра отырып, мәтін құрастырады және көлемді шығарма құрастыруда көптеген стратегияларды қолданады. Үн және көзқарас Барлық авторлар үшін ең басты нәрсе – оқырман немесе аудиториямен қарымқатынас орнату. Бұл сырт қарағанда оңай боп көрінгенімен, өте қиын. Автор өз үнін, тұлғалық ерекшелігін шығарма арқылы көрсетуді мақсат етеді және оны оқу барысында түсінуге болады. Таныс емес мәтіннен үнді анықтау жолы төмендегідей: Өзіңе сұрақ қой. Сөйлеп тұрған кім? Қандай пікір тұрғысынан сөйлеп тұр? Бұл үн қалай жасалған? Не мақсатпен? Бұл сұрақтарға жауап беру арқылы мәтіннің қандай мағына беретінін түсінуге болады. Жалпы айтқанда, жазушылар мәтінге үн қосу арқылы белгілі бір нәрселерді ерекше көзқараспен ұсынады. Кей жағдайда олар «мен» сөзін қолданып отырады. Бұл бірінші жақтан әңгімелеу деп аталады. Яғни, автор оқиға туралы, одан кейін не болатыны туралы біледі. Бірінші жақтан әңгімелеу Егер жазушы оқырманмен «мен» сөзі арқылы сөйлессе, бұл жерде автордың мақсаты оқырманды әлемге автор көзімен, шектелген көзқарасымен қарату, оның тәжірибесі, қарым-қатынасы және құндылықтары арқылы сезіну. Яғни автор оқырманға өзі ұсынғысы келген тұлғалық ерекшелігін үн арқылы көрсетеді. Алғашында ол оқиғаны қайтадан айтып бергендей болып көрінуі мүмкін, алайда әңгімелеуші оны көркемдеп жеткізеді. 11 Бұл жердегі нақты нәрсе автор мен кейіпкерді шатастырмау, тіпті автобиографиялық әңгіме жазып отырғанның өзінде авторлар өздері туралы оқиғаны көркем шығарма ретінде ұсынады. Кейіпкер үні автор үні емес, автордың сомдап отырған бейнесінің үні. Шығарма автор өмірімен байланысты болмауы мүмкін. Шығармаларда және өлеңдерде ақын-жазушылар үнін бірінші жақтан кейіпкер атынан жазады және көп жағдайда шынайы өмірмен байланысты болмайды. Бұған қоса авторлар бірінші жақтан сөйлеушілерді белгісіз тұлға қылып суреттейді, кейіпкер автордың өңдеген шындығын жеткізеді және фактілер туралы ешнәрсе білмейді. Әңгімелеуші үні автобиографиялық әңгімені айтып береді, сондықтан көп жағдайда күнделік, хатта көбірек сезім басым болады. Бірінші жақтан әңгімелеудің екінші бір аспектісі өзінің басынан өткен оқиғаны кейіпкер атынан қайта шолу жасау. Бұл жерде анықталатын жағдай оқиғаның шынайылығын анықтау және өткенге шолу жасау қалай көрініс тапқандығын табу. Үшінші жақтан әңгімелеу Үшінші жақтан жазылған мәтіндер бірінші жақтан жазылған мәтіндерге қарағанда анағұрлым обьективті. Автор көрінбейді, ол оқиға ішіне жасырынған. Алайда оқырманға әсері дәл барлығындай. Авторды толықтай түсіну үшін оның қолданған белгілі бір сөзіне анализ жасап, талқылау керек. Үшінші жақтан жазу кейіпкер ойын, сезімін түсінуге мүмкіндік береді. Әдеби мәтіндер стилі мен тілі Автор үні мен көзқарасы арқылы оқырманмен қарым-қатынас орнатады. Автор таңдау жасайды, мәтінді оқитын аудитория және сол аудиторияға байланысты стиль мен тілді таңдайды. Әдеби шығарманың тілін оқытуда «сөз» нақты термин емес. Сонымен қатар, қолданған автор сөздігі немесе сөз мағынасының өзгеруіне сай лексикалық терминдерді қолдана аламыз. Төмендегі тізімді қолдана отырып, автор таңдап қолданған сөздерге талдау жасауға болады: Жалпы есімдер Белгілі бір сала сөздері Көркемдегіш құралдар Ресми сөздер Күрделі сөздер (көп буынды немесе өзге тіл сөздері) Бағалау Ауызекі Аналитикалық Қарапайым Архаизм Жаңа сөздер Стандартты / стандарттыемес Автор сөз, грамматика, синтаксисті таңдағанда төмендегілерге назар аударады: Үн Тон (сарказм, ирония) Көңіл-күй Атмосфера Кейіпкер Стильге (register) байланысты сөз таңдаған кезде автор сөз деңгейі мен сөйлем деңгейіне назар аударады. Ресми/ресми Көркем бейнелі/ фактілі Қарапайым/ күрделі 12 Әдеби/ метафорикалық Жалпы/нақтыланған Жаңа/архаизм Кейіпкер Ең басында айтылғандай, бірінші жақтан сөйлеуші кейіпкерді сомдаған кезде автор оқиғаны сипаттаушыға көбірек мән береді, кейіпкер сөйлеуші пікірімен ғана сомдалады. Ал үшінші жақтан жазғанда кейіпкерді сипаттауға көп мүмкіндік беріледі. Автор:
• Тарихы мен кейіпкер туралы мәлімет
• Физикалық сипаттама
• Кейіпкер туралы автордың көрсеткен жасырын ойлары
• Кейіпкер мен ассоциация беретін символдар, суреттер (бейнелер)
• Кейіпкер ойы, сөзі және оның жазылуы Сонымен қатар оқырман төмендегілерді негізге ала отырып баға береді:
• Кейіпкер туралы ойлары/сөздері;
• Кейіпкердің өзгелермен қарым- қатынасы;
• Кейіпкер не істеді/ кейіпкер қалай өзгерді. Диалог және сөйлеу Әңгімелерде шынайы өмірде болатын сөйлесу процесін қолданады, алайда оның барлығын: кідіріс, қайталаулар, т.б. жазу барысында қолдану қиын. Сол себепті авторлар диалогты қолдануда төмендегілерге баса назар аударады:
• Кейіпкерді көрсету
• Сюжетін дамыту
• Белгілі бір қарым-қатынас не жағдай туралы ақпарат беру
• Жақсы құрылған диалог кейіпкерді түсінуге мүмкіндік береді. Атмосфера және контекст Жазушы оқиғаны жазған кезде кейіпкерден емес, белгілі бір көңіл-күй не атмосферамен бастайды. Автор оқиғаның белгілі бір жағдаяты, орнымен бастауы мүмкін. Кез келген әдеби шығармада (проза, поэзия) ауа райына, табиғатқа назар аударады. Автор ауа райын кейіпкердің көңіл-күйін көрсету үшін қолданады. Автор мақсатын түсіну үшін кейіпкерлер іс-әрекетіне зерттеу керек. Сыртқы конфликт Ішкі конфликт Жеке тұлғалар арасындағы конфликт Кейіпкерлер арасындағы идеялар конфликтісі Топтар арасындағы конфликт Кейіпкерлер арасындағы құндылықтар конфликтісі Белгілі бір оқиға немесе жағдайдан туындаған конфликт Кейіпкер эмоциясы арасындағы конфликтісі Қорытындылай келе, драма мен поэзияны оқыған кезде төмендегілерге назар аудару керек.
• Автор үні • Әңгімелеуші үні мен көзқарас
• Сөз, сөйлем және оның әсері, шақтарды қолдануда тілдік ерекшелігіне назар аудару • Көркемдегіш құралдар (метафора, эпитет)
• Кейіпкерді таныстыру
• Атмосфера мен оқиғаны жазу мақсаты мен таныстыруы
• Әңгімелеу құрылымы
• Мәтінге жауап беру, мағына мен форманы ажырату және интерпретациялау • Әр түрлі стратегияларды қолдана отырып, мәтінді талдау 13
• Мәтін мағынасын жасауда тіл, стиль, форманың қалай жұмыс жасайтындығын анықтау
• Мәтін ішіндегі детальдар арқылы автор тақырыбы мен мақсатын анықтау.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет