Реферат тақырыбы: Қайта өрлеу мәдениетінің алыптары. М. Буонаротти., Р. Санти., Леонардо да Винчи. Жазған: Сапаров А. И. Тексерген: Сламбекова Г. М



бет1/5
Дата20.11.2023
өлшемі7,48 Mb.
#192265
түріРеферат
  1   2   3   4   5
Байланысты:
РЕФЕРАТ Мадениеттану[1]



РЕФЕРАТ
тақырыбы: Қайта өрлеу мәдениетінің алыптары. М.Буонаротти., Р.Санти., Леонардо да Винчи.

Жазған: Сапаров А. И.


Тексерген: Сламбекова Г. М.

13.10.2023.

ЖОСПАР

Кіріспе………………………………………………………………………...2

Леонардо да Винчи………………………………………………………….3

Микеланджело Буон…………………………………………………………9

Рафаэль Санти……………………………………………………………….14

Қолданылған әдебиет………………………………………………………..21


КІРІСПЕ

Рим империясы құлағаннан кейін бірнеше жүз жылдарға созылған орта ғасыр дәуірі орнады. Ол кезде шіркеу тек жеке адамдарға ғана емес, мемлекеттерге де өктемдік етті. Өнер де шіркеуге бағынып, құдайға мақтау, марафат айтумен шектелуге мәжбүр болды.


Ғасырлар өткен сайын, ол дәстүр өзгере берді. Қалалар тез өсіп, қолөнері мен сауда-саттық жедел қарқынмен дами бастады. Алыс елдерге саяхаттар мен географиялық жаңалықтар дәуірі туды. Теңізде жүзушілер ұзақ та қатерлі сапарларынан таңғажайып елдер жайында қызық-қызық хиқаялар айтып оралатынды шығарды. Адамдар төңірегіндегі нәрселерге байыптап назар аудара бастады. Сүйтіп, ғылымның атқарар қызметі өсті.
XIV ғасыр Италиядағы Қайта өрлеу дәуірінің басы болды (Кейінірек, XV ғасырдың орта тұсынан, бұл құбылыс Европаның басқа елдеріне де кең етек жая бастады.)
Бұл өзі бүкіл елді, бүкіл халықты жаңаша жігерлендірген ғылым мен өнердің ерекше көркейіп өскен кезеңіне айналды.
Ежелгі дүние өнеріне деген ықылас та күшейді. Римнің қираған қалаларының қалдықтарын қазып зерттеу гректер мен римдіктердің қолынан шыққан талай-талай тамаша туындыларды қайтадан жарыққа шығарды. Ежелгі дүние тәңірлері мен қаһармандарының әсем бейнелері Қайта өрлеу тұсының шеберлерін тек тамсандырып қана қоймай, тың шығармашылық ізденістерге шабыттандырды. Олар да ежелгі дүние суреткерлеріне тән адам сұлулығына, адам рухының ұлылығына ерекше табынды. Олар өз шығармаларына орта ғасырдың тақуа пірәдарларын емес, өмірге құштар, бақытқа құштар өршіл жігерлі жандарды кейіпкер етті.
Суреткерлер өз шығармаларын діни сюжеттерге құрғанмен, ондағы бейнеленіп отырған көрініс өмірдің өз шындығына көбірек ұқсап тұратын еді.
Ол дәуірде Италияда талай-талай тамаша суретшілер өмір сүрді, бірақ солардың арасында ең ұлы, ең данышпан үшеуінің атын кімде-кім білуге тиісті. Олар - Леонардо да Винчи, Рафаэль Санти және Микеланджело Буонарроти.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет