Әлеуметтік гуманитарлық пәндер кафедрасы



Дата08.11.2022
өлшемі87,18 Kb.
#156974
Байланысты:
әлеуметтану эссе



Әлеуметтік гуманитарлық пәндер кафедрасы

ЭССЕ

Тақырыбы: Қазіргі қоғамды түсінудегі әлеуметтанудың рөлі

Орындаған: Мырзатаев Р.С
Тобы: ЖМҚА-06-21
Қабылдаған:

Шымкент 2022


Әлеуметтану адамдар мен топтардың өзара әрекетке түсуін, сондай-ақ өзара әрекетке түсуді түзетін мінез-құлық ережелерін зерттейді. Бүл орайда, өзара әрекетке түсу үлгілеріне баса назар аударылады - бүл үлгілер қалай дамиды, оларды қалай қолдануға болады және қалай өзгереді деген сұрақтар қарастырылады. Әлеуметтану қоғамдық ғылымдардың бірі ретінде саясаттану, экономика, психология және антропология сияқты ғылымдармен тығыз байланысты. Осы салалардың бәрі адамның әлеуметтік мінезқұлқын және белгілі бір дәрежеде қоғамды зерттейді. Бұдан басқа, бұл салалар жаңа білімді қалыптастырудың ең жақсы тәсілі ретінде ғылыми әдіске назар аударады. Ғылымның бұл саласы дәлелдемелерді жүйелі түрде сараптауға негізделген эмпирикалық зерттеулерге сүйенеді, яғни қандай да бір тұжырым жасамай тұрып зерттеушілердің дәлелдерінің объективті түрде бағалануын күтеді. Қоғамдық ғылымдарды журналистикадан және адамды зерттейтін басқа салалардан ерекшелендіретін нақ осы эмпирикалық көзқарас. Әлеуметтанудағы ең негізгі ұгымдардың бірі - әлеуметтік қүрылым. Әлеуметтік қүрылым - белгілі бір қоғамды құрайтын топтық қарым-қатынастардың қайталанып келіп отыратын үлгілері. Ол тек мінез-құлық сияқты жекелеген проблемаларды ғана емес, білім алуды, неке құруды қалай ұйымдастыру керектігі сияқты кеңірек контекстегі проблемаларды да қамтиды.


Әлеуметтік қиял деп жеке адамның проблемасын түсінуді, кең әлеуметтік құрылымдарды, аз дегенде ішінара (Миллс 1959,15) түсінуді көрсететін қабілетті айтамыз. Ч. Райт Миллстің пікірінше, әлеуметтік қиял дегеніміз - жеке бастағы қиындықтарды (мысалы, кедейлік, ажырасу немесе сеиімнің жоғалуы), аса маңызды қоғамдық проблема, жалпыға ортақ проблема деп түсіну. Миллстің айтуынша, көп нәрсені біз толықтай бақылай алмаймыз, көптеген құбылыстар қоғамның түзілуінен келіп шығады да бізден тыс жүзеге асып жатады. Мысалы, Миллс былай деп жазады: 100 мыңға жуық түрғыны бар қалада тек бір адам ғана жұмыссыз болса, бүл – оның жеке басына қатысты жайт, солай бола тұра көмектесу үшін сол адамның мінез-құлқын, оның дағдыларын және мүмкіндіктерін қарастырамыз. Бірақ 50 миллион адамнан тұратын елде 15 миллион адам жұмыссыз болса, бұл - ортақ (қоғамдық) проблема, бірақ оны жеке тұлғаның мүмкіндіктері аясында шеше алмаймыз. Мүмкіндіктердіц құрылымы бұл жерде іске аспайды. Проблема дұрыс қойылуы үшін және ықтимал шешімдер ауқымды болуы үшін тек жеке басқа қатысты жайттар мен жеке түлғалардың жағдайын емес, қоғамның экономикалық және саяси институтгарын қарастыру талап етіледі. Әлеуметтік қиял - адам өмірінде кездесетін қиындықтарға басқаша қараудың және шешудің жаңа тәсілін ұсынады. Әлеуметтік қиял «адамда таңдаудың ешқандай мүмкіндігі жоқ», немесе «олардың ешқандай жауапкершілігі жоқ» дегенді білдірмейді. Тіпті құлдар да сылбыр жұмыс істеп, қожайынын сыртынан мазақтайды немесе өзіне-өзі қол жұмсай алады. Бұл да - таңдау. Дегенмен әлеуметтік қиял әлеуметтік күштердің әсерін адамның жеке таңдауымен бірге қарастырудың маңызын көрсетеді.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет