«Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік» 1 жүргізуші: Армысыздар құрметті ұстаздар, оқушылар және қадірменді қонақтар! Бүгінгі Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына арналған «Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік»



бет1/4
Дата19.01.2022
өлшемі0,69 Mb.
#129477
  1   2   3   4
Байланысты:
16 тәуелсіздік сценарий
8 КЛАСС СОЧ

Тақырыбы: «Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік»

1 - жүргізуші:
Армысыздар құрметті ұстаздар, оқушылар және қадірменді қонақтар! Бүгінгі Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына арналған «Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік» атты тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!
2 - жүргізуші
Тәуелсіздік - ең басты құндылығымыз. 30 жыл ішінде тәуелсіз Қазақ елін қалыптастырып, нарықтың қиын өткелінен аман өткізіп келеміз. Осы кезеңде Қазақстанды дүние дидарындағы ең мықты мемлекеттер танитындай, сыйлайтындай деңгейге жеткізген тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтай көреген саясаткердің ерен еңбегін дәл бүгін және әрқшанда айтып өтеміз.
Тәуелсіздік күні еліміздің барлық азаматтары үшін орны ерекше мереке деп білеміз, себебі, осынау жүрекжарды қуанышқа толы күнді ата - бабаларымыз ғасырлар бойы армандап, күтумен өтті.
Әнұран орындалады.
1 - жүргізуші:
Армандарды жақындатып тым алыс,
Біздің жаққа жеткен екен жылы ағыс.
Егемендік - ел бақыты, ертеңі,
О, халайық! Құтты болсын қуаныш!
2 - жүргізуші:
Кең байтақ, көз жетпейтін жерім менің,
Таулы орман, жасыл жайлау көлім менің.
Бүгінде бар әлемге даңқың жетті,
Тәуелсіз Қазақстан – елім менің.
1 - жүргізуші:
Құттықтау сөз кезегі ___________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
2-жүргізуші:

Домбырам, жүрегіммен үндес едің,

Сенімен сырласымдай тілдесемін.

Бабамнан қалған мұрам, сен болмасаң,

Өнердің не екенін білмес едім, - әсерлі кешіміздің шымылдығын қазақтың қасиетті қара домбырасынан төгілген құдіретті күйге беруді жөн көріп отырмыз. Ендеше, орталарыңызда Бердалы Аян, Батыр Асқат, Төлеген Нұрхан оқушыларыңыздың орындауында «Секіртпе» күйін қарсы алыңыздар.

1 – жүргізуші:
Қадірлі қауым, тарихтың ойлы - қырлы белестерінде халықтың жүрегінде сақталып, жадында жатталып қалатын, қоғамдық дамуға айрықша әсер етіп, ұлттық сана сезімге қозғау салатын аса маңызды оқиғалар болады. Қазақ халқы үшін осындай оқиғалардың бірі – 1986 жылғы желтоқсан оқиғасы.
2 – жүргізуші: Иә, күллі әлемді дүр сілкінткен 1986 жылғы Алматыдағы желтоқсан оқиғасы Қазақ топырағына ұлттық санасы, намысы жетелеген жаңа, әрі қайсар буынның келгенін әйгіледі. 1986 жылы 17 - желтоқсанда Алматы қаласында мыңдаған қазақ жастары наразылық білдіріп, «Тәуелсіздік керек, қазақ халқының өз көсемі сайлансын» деген ұранмен шеруге шықты.
1 – жүргізуші: Жастарға желтоқсанның ызғарлы күнінде зәбір көрсетілді. Көптеген жастар түрмеге қамалды. Өз елінің тәуелсіздігін талап етіп, шеруге шыққан жастарға: «Бұзақылар», «ұлтшылдар», «нашақорлар» деген кінә тағылды. 1986 жылы 19 - желтоқсан күні Қазақстанды басқарып келген Дінмұхаммед Қонаевтың орнына Қазақстанға ешқандай қатысы жоқ Генадий Колбинді қойған еді. Қонаевтың орнынан алып тасталу себебін білгісі келген қазақ жастары, оқу орындарының студенттері алаңға шықты. Ширек ғасыр Қазақстанды басқарған ел ағасының өз орнына қайта келуін талап етті.

2 – жүргізуші: Қазақ халқын дүние жүзіне танытқан бұл оқиғаның алғашқы құрбандары – Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова, Жансая Сабитова, Сәбира Мұхамеджанова, Ербол Сыпатаев және тәуелсіздігіміздің жолында қаза тапқан аға-әпкелерімізді 1 минут еске алып, олардың рухтарына тағзым ету біздің парызымыз.
(1 минут үнсіздік).



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет