Емдік дене шыныктыру (едш)



Дата07.02.2022
өлшемі14,23 Kb.
#91788
Байланысты:
Документ (1)


Емдік дене шыныктыру (ЕДШ), емдеу және қалыпқа келтіру мақсатындағы сақтандыру денешынықтыруының құралдар кешенін пайдалану жолымен емдеу әдісі ретінде ауруханалар, емханалар, шипажайлар, жүйесінде кеңінен қолданылады. ЕДШ-ын оташылдық, дәрі-дәрмекпен емдеу секілді негізгі әдістердің қосымша емдеу шаралары есебінде қарас- тыру керек, ол медициналық қалыпқа келтіру әдістерінің бәрі болып табылады. ЕДШ-ның негізгі құралдары - практикалық медицинада бұрыннан белгілі дене жаттығулары. Яғни, б.д.д. ертедегі Қытай медицинасында тыныс алу жаттығуларына басты назар аударылған медицина- лык гимнастикасы қолданылған және жазба деректері бізге жетіп отыр. Ежелгі Грекияда Гиппократ жаттығуларды олардың сауықтыру және қалыпқа келтіру маңызын атап көрсете отырып физиологиялық процестерді жеделдетудің қүралы деп есептеді. Римдік дәрігер Гален семіргенде, жалпы әлсіздікте, буындардың қозғалысы бүзылғанда спорттың белгілі бір түрлерімен шұғылдануды және гимнастиканы ұсынды. "Дәрігерлік ғылымның қағидаларында" Ибн Сина денсаулықты сақтау үшін дене жаттығуларымен шүғылданудың маңыздылығын атап көрсетті. Меркурали өзінің "Гимнастикалық өнер" ғақлиясында (1959) емдеу гимнастикасы саласындағы ежелгі және орта гасырлық авторлардың зерттеулерін талдап, жинақтады. ТИССО "Медициналық және хирургиялық гим¬настика" деген кітабында (1780) дене жаттыгуларына үлкен маңыз беріп, "Қозгалыс әр-түрлі дәрмектің орнын жиі алмастыра алады, бірақ бірде-бір дәрі қозғалысты алмастыра алмайды" деген қағиданы ұсынды. Түрліше аурулар мен жарақаттарда ЕДШ-ның әдістерін қолданудың тиімділігі, ол адамның физиологиясы үшін табиғи және ең қо- лайлы болатындығымен түсіндіріледі. ЕДШ әдістерінің ма- ңызды ерекшелігі - науқастың өзінің емдеу-қалыпқа келтіру процесінө белсенді түрде қатысуы сондықтанда ЕДШ құралдарын белгілегенде дәрігер оның дене белсенділігінің дәрежесін дәл анықтауы тиіс. ЕДШ-да ағзаның негізгі биологиялық қызметі қимыл-қозғалыс кең қолданылады, дене жаттыгула- ры қимылдың ұйымдастырылған түрі есебінде пайдаланылады. Науқастарды емдеуді ұйымдастыруда қимыл-қозғалыспен тыныштық жағдайда болу бір- біріне қарама-қайшы келмей, бір-бірін толықтырып отырады. ЕДШ-на тән әдіс - науқасты дене жаттығуларының көмегімен жаттықтыру, ол жалпы және ар¬найы жаттығу деп бөлінеді. ЕДШ-ның негізгі қүралдары - дене жаттығулары, олар гимнастикалық, спорттық-қолданбалы (жүру, жүгіру, жузу, есу, шаңғымен жүру және т.б.), қозғалыс және спорттық ойындарға бөлі- неді. Сондай-ақ ЕДШ-да еңбек ету сипатындағы жаттығуларда пайдаланылады. Дене жаттығуларымен шұғылданғанда күн, ауа, су секілді табиғи факторларды пайдалану олардың тиімділігін арттырады және шыны- ғуға жәрдемдеседі. ЕДШ-ды қолданудың түрлері емдік гимнастика, таңертеңгілік гимнастика, мөлшерленген жүріс пен се- руендеу, терренкур, қатал мөл- шерленген түрдегі спорт жаттығуларымен шұғылдану, ойындар. ЕДШ-тың әрқайсысында жоға- рыда көрсетілген қагидалар - жалпы және арнайы жаттыгуды үйлестіру керек. Емдік гимнастика ЕДШ-ның негізгі түрі. Ем¬деу гимнастикасының жаттығулары сүйек бұлшық еттер және тыныс алу жүйесі үшін деп екі топқа бөлінеді. ЕДШ-да кинозогифтератия деп аталатын судағы дене жаттығулары ерекше орын алады. Мөлшерленген серуендер, таза ауада жүру науқастың жүйке психикалық аясына ерек¬ше жағымды әсер етеді.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет