Оқушылардың бастауыш буыннан орта буынға көшкен кезеңін бейімделу кезеңі дейміз. Жылдан жылға оқушылардың бастауыш сыныптан орта буынға бейімделу кезеңі өзекті мәселе болып туындайды. Оқушылар мектепке, мұғалім талабына, сыныптастарына үйренсе де, бейімделу мәселесі бар. Олар қайтадан жаңа әлеуметтік жағдайға үйренеді, жаңа сынып жетекшісі, пән мұғалімдері, жаңа пән. Оқу жағдайының өзгеруін ғана емес, сонымен бірге 10-11 жастағы балалардың жас ерекшеліктерін және қажеттіліктерін де есепке алу өте маңызды. Сол себепті де, оқушылардың дезадаптациялық жағдайларын анықтау мақсатында диагностика бағдарламасы жасалынды. Диагностика бағдарламасының мақсаты: 5-ші сынып оқушыларына орта мектепте оқуға бейімделуіне психологиялық-педагогикалық көмек көрсету. Оқу мотивациясының тұрақтылығын қалыптастыру
Балаларда жағымды «Мен» концепциясын, өз-өзін сенімді ұстау дағдысын қалыптастыру және үрей, қорқыныш сезімдерін төмендету.
Өздігінен қабылдау, өздігінен ашылу және басқаларды қабылдау негізінде - басқа адамдармен қарым-қатынас жасаудағдыларын қалыптастыру