XIII ғасырда саяси жағдай тек Ұлы Далада ғана емес, сондай-ақ бүкіл Еуразияда толығымен өзгерді. Ол моңғол басқыншылығы және Шыңғыс хан империясының пайда болуына байланысты еді.
Моңғолдар - түркілерге туыстас халық. Олар I мыңжылдықтың ортасында Ұлы Даланың шығысында көшіп-қонып жүрді. Ұйғыр қағандығы құлағаннан кейін Моңғолия аумағына қоныс аударды. Сол тұста онда татар тайпасы өмір сүрді. Бұл этноним моңғолдарға берілді: моңғол тайпалары Қытай дереккөздерінде көбінесе татарлар немесе моңғол-татарлар деп аталды; Русьте моңғолдарды татарлардеп атады; ескі еуропалық карталарда Орталық Азияны-Татария (Тартария) деп аталады.